Жоспар
1. Орталық Азия елдеріндегі саяси режимдердің ерекшеліктері
2. Қазақстан Республикасындағы саяси жүйенің қалыптасуы мен дамуы
3. Қазақстан Республикасындағы қоғамдық-саяси өмірінің демократизация-сының негізгі тенденциялары
1. Орталық Азия елдеріндегі саяси режимдердің ерекшеліктері
Парламенттердің статусы мен өкілеттілігі Орталық Азия мемлекеттерінің барлығында әзірше, осы органдарға тиімді түрде президент пен үкіметті бақылауға мүмкіндік бермейді, сондықтан бұл елдердің саяси жүйесі – авторитарлық. Бірақ формалды ел назарындағы саясаткерлердің біреуі де, сонымен қатар орталық-азия мемлекеттерінің лидерлері де демократияға тура қарсы шықпайды. Тарихтан мәлім болғандай, өздерін демократпыз деп диктаторлар да және коммунисттік тоталитаризмның жақтастары да айтты. Бүгін Түркменистанның бұқаралық ақпараттық құралдары да осы елде нақты демократия бар санайды. Орталық Азия елдерінде қабылданған конституция (Қазақстан Республикасында қазір күші барынан басқа) партиялық емес сипаттағы мемлекеттік билігін ұйымдастыруды ескереді. Барлық Орталық Азия елдерінде ешбір парламенттік көпшілік, ешбір парламенттік коалиция үкіметті құрастыру құқығына ие болмаған және де ие емес. Орталық Азия елдерінің демократизациясы бойынша саяси режимдердің жеткілікті күш салыспауының себептері болып келеді:
- одан бос үміттену, жер қойнауындағы байлықтарды (ең алдымен мұнай мен табиғи газ) пайдаланудан түскен түсімдер бұл мемлекеттерде бір қатар шаралар кешенін қоғамдық және мемлекеттік құрылымды реформалау бойынша жүзеге асыруға мүмкіншілік береді;
- орталық – азиаттық мемлекеттеріндегі халықтың кең көшілігін нарықтық бизнеске қатыстыру талпыныстарын көзге елемеу, меншік иелерінің көпшілігін және өзінің параметрлері бойынша орта тапты құру;
- аймақтық лидерлердің саяси қайта жаңаруларға, ең алдымен демократиялық құқықтық мемлекетті қалыптастыру бойынша реформаларға дәйексіздік және жиі анық конъюнктуралық қатынасы;
- демократиялық қоғамға қозғалыс негізі ретінде нақты саяси ұйымдарға емес, жеке саяси лидерлерге бағытталу (мемлекет басшыларына);
- батыс фондтарымен және халықаралық ұйымдарымен ұсынылған, азаматтық қоғам қалыптастыруда көмек көрсетуге және демократиялық саяси өмірдің дамуына бағытталған грант алудың тәжірибесіндегі жеке кемшіліктер
Бірлескен евразиялық эксперт желісі (JEEN, Joint Eurasian Expert Network) 2010 жылы Орталық Азия елдерінің саяси режимдерінің тұрақтылық рейтингісін жарыққа шығарды (1 кесте).
Постсоветтік кеңестігіндегі елдердің саяси режимдерінің тұрақтылық рейтингісімм
Зерттеу парадокстерінің біреуіне келесіні жатқызуға болады: айтылған мемлекеттерінің біреуінде де, эксперттердің бағалауы бойынша, саяси режимдерінің орнықты болуына демократиялық институттарының даму деңгейі әсер етпейді, зерттеу нәтижелерінің талдауында бұл анық байқалуда.
2. Қазақстан Республикасындағы саяси жүйенің қалыптасуы мен дамуы.
1991-1994 жылдары республикадағы саяси жүйенің қалыптасуы мен конституциялық рәсімдеуі болды. Егеменді Қазақстанның бірінші Конституциясы 1993 жылдың қаңтар айында қабылданды. Ескі және жаңа саяси құрылымның арасындағы өзіндік ымыра болды, постсоветтік негізге ғасырлар бойы құрылған батыс демократия моделін енгізу талпыныстарының көрінісі болды, бұл Конституция басынан – ақ қарама-қайшылыққа толы еді.
Референдум өткізу нәтижесінде 1995 жылдың 30 тамызында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды – екінші кезең басталды: 1995-2007 жж., оның барысында бұрынғы конституциялық құрылымның кемшіліктері жойылды, Парламент екі палатадан тұрды, президенттік республикасының моделі қисынға келтірілді, билік тармақтарының арасында өкілеттілікті бөлу мәселесі рационалды шешілді және жүйелік нарықтық қайта өзгертулерге жол ашылды.
Қазақстандағы саяси жүйенің дамуындағы заманауй кезеңі 2007 жылдан басталады, біздің елдің Коституциясына өзгерістер енгізілгенде, ең алдымен, Парламент құрылымында президенттік билік күшейтілді:
1. Ұлттық-мәдени және басқа маңызды қоғам мүдделерін Сенаттағы өкілеттелікті қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып, он бес депутат Республика Президентімен тағайындалады. Сонымен қатар Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халықтарының Ассамблеясы сайлайды, оны да Президент басқарады.
2. Мемлекеттік бюджеттен қоғам бірлестіктерді қаржыландыруға тиым салынбайды және қоғамдық пен мемлекеттік институттарының қосылуына болады, және де Республика Президентіне саяси партия қатарында болуға рұқсат, ол Президентке «Нұр Отан» партиясының басына тұруға және оны билік партиясы ретінде белгілеуге мүмкіндік берді.
3. Қазақстан Республикасының бірінші Президенті шектелмеген билік мерзіміне құқық алады. Қазақстан Республикасының бірінші Президентінің статусы мен өкілеттілігі Республика Конституциясымен және конституция заңымен анықталған.
4. Президенттің заң шығарушы инициативасы заңмен бекітілген. Сонымен бірге Республика Президенті Парламент Палатасының төрағаларымен және Премьер-министрмен кеңескеннен кейін Парламентті немесе Парламент Мәжілісін нақты себепсіз таратып жібере алады.
Сонымен қатар, басқа жағынан, түзетулер, 2007 жылы Коституцияға енгізілген, Парламент позицияларын күшейтті:
1. Парламент депутаттарының саны көбейтілді.
2. Саяси партиялардан сайланған Парламент депутаттары императивтік мандаттармен байлаулы және өз мандаттарынан партиядан шығарылса немесе оның мерзімі аяқталғанда айырылады.
3.Парламент қызметтері көбейтілді.
Дегенмен, бұл өзгерістер республиканың президенттік-парламенттік формаға ауысуын қамтамасыз етті деп жалпы келісуге қиын, олар тек бұл бағытты белгіледі.
Қазақстан басқару формасы бойынша президенттік республика болып қалды, бірақ бұл басқарудың алуан түрлігі мен икемділігінің элементтері, дамыған демократияның конституциялық тәжірибесінде апробациядан өткен, президенттік басқарудың қазақстандық формасы қоғамдағы бір мемлекеттік биліктің бөлінуі мен қызмет етуі ерекше жүйенің логикалық аяқталған түрін табады.
Президенттік институт енді биліктің атқарушы тармағына «енгізілмейді», 1993 ж. Конституциясы бойынша болғандай, бірақ қазақстан халқының мемлекеттік бірлігін бейнелеуге және жүзеге асыруға шақырылған. Президент, елбасы болып қызмет етеді, біріншіден, халық бірлігінің және мемлекеттік билігінің символы мен гаранты болып, екіншіден, мемлекет билігінің барлық тармақтарының келісімді қызмет етуін және Қазақстан халқының алдында оның органдарының жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Осы нормаға сәйкес «тежеулер мен қарама-қарсылықтардың» қалыптасқан механизмін тудырып, басқару жүйесінің қалған элементтері түзеледі.
Бірінші рет қазақстандық конституционализмнің тарихында импичменттің демократиялық институты құралады немесе мемлекет басшысы лауазымнан бас тартады.
Қазақстан үшін мықты президенттік республика уақыты, жуырда пайда болған мемлекет ретінде, өтті. Біздің елге қатысты айтып отырсақ сөз прзиденттік институты туралы болып отырған жоқ, Президент Н. Ә. Назарбаев тұлғасы туралы болып отыр, ол әрқашан президент бола алмайды және бүгінгі күні ол елді басқарудың президенттік-парламенттік формасына ауысуға дайындап жатыр.
Заманауй Қазақстанның саяси жүйесі ауысым кезеңінің күрделі жағдайын бастан кешіріп отыр. Бұл жүйенің барлық негізгі элементтері – мемлекеттілік, саяси партиялар мен саяси жүйе, азаматтық қоғамның негізгі элементтері – әлі де аяққа тұру кезеңінде болғандықтан жиі реформаларға ұшырайды, ол қоғамға ықпал етуін әлсіздендіреді.
3. Қазақстан Республикасындағы қоғамдық-саяси өмірінің демократизациясының негізгі тенденциялары.
Өзінің Қазақстан халқына деген Жолдауында 1998 жылдың 30 қыркүйегінен «О положении в стране и основных направлениях внутренней политики. Демократизация общества, экономическая и политическая реформа в новом столетии» ел Президенті Н. Ә. Назарбаев саяси реформалардың демократизациялану бағдарламасын ұсынды, ол біздің ұлттық тарихымыздың жаңа қадамы болмақ. Қазақстандағы саяси реформалардың өзегін жеті негіз қалайтын демократизация мен саяси либерализацияның элементтері құрайды.
- сайлау үрдісі адал, өкілетті болу керек және кандидаттар мен сайлаушылардың белсенді қатысуын ынталандыру қажет. Көпшілік сайлаушылардың дауыс беруде міндетті қатысуын талап ету алынады. Дауыс берем деп шешкен адамдардың еркі, сонымен өздерінің азаматтық борышын орындаған, дауыс бергілері келмейтіндердің әрекетімен тоқтатылмау керек.
- Саяси жүйедегі партия рөлінің күшейюі. Партиялар – негізгі «құрылыс материалы» одан демократияның ғимараты салынады. Енді 10 орын Парламенттің төменгі палатасынан саяси партияларға беріледі, парламенттік сайлауда жеті пайыздық барьерді өткенде.
- Сенат пен өкілділер палатасын барынша нығайту және тәуелсіздігін қамтамасыз ету. Енді премьер-министр мен үкімет Парламент алдында жауапты.
- Азаматтық қоғам құруда үкіметті емес ұйымдарының рөлін нығайту.
- Тәуелсіз сот демократиялық қоғамның негізі болып келеді. Сот органдарын алалықсыздық, сатылмайтындылық, коррупциямен күресу өзгешелендіру керек.
- Еркінді, цензура астында болмайтын және пресса тәуелсіздігін дүниежүзілік қолдау.
Ақпаратқа журналисттердің еркін қол жеткізуі – Үкіметтің рақымшылдығы емес, қоғамның пікірі алдындағы парыз.
- Қоғамның өркениеттілігі бұл қоғамның әйелге деген қарама-қатынасымен өлшенеді. Көп нәрсені өзгерту қажет: отбасы, әйел мен демографиялық саясат мәселелері бойынша Советтің рөлін көтеру, билік органдарының барлығында әйелдердің өкілділігін көтеру, тұрмыстық зардаппен күресу, әйелдерге жеңілдетілген несиелер беру – бизнесмендерге.
Бұл бағыттар бүгін де приоритетті болып қалды.
Елдің басшылығы саяси жүйені либерализациялау бойынша дәйекті саясат өткізіп жатыр, азаматтық қоғам институттарын нығаюын шамалайды, парламент пен қоғамдық өмірде саяси партиялардың рөлін күшейту, сайлау бойынша заң шығаруды жетілдіру, бұқаралық ақпараттар құралдарының бостандығын қамтамасыз ету. Бұл сұрақтар бойынша Үкімет жанында қоғамдық өмірді демократизациялау және азаматтық қоғам институттарының дамуы бойынша жұмыс істеп жатқан Кеңес үнемі қызмет етуде.
Қазіргі кезеңде форма бойынша да, сипаты бойынша да, жағдай либеральдық-демократиялық саяси жүйенің пайдасына қарай дамып отыр. Бірақ авторитарлық тенденция өмір сүруді жалғастыру да және байқалады. Ол келесіде байқалады:
1. Президент ауысуы тәжірибесінің болмағандығы. Біздің елде президент институты ауысу-сайлау ретінде апробациядан өтпеді, демек, бұл жағдайда пайда болатын мәселелер шешілмеген.
2. Институционалдық жүйелер бөлігінде атқарушы органдарындағы билік өкілдіктің басым болуы. Ел Президенті Әскери Күштердің Бас қолбасшысы болып келеді, Үкіметті, «Нұр Отан» ХДП, Қазақстан халықтарының Ассамблеясын басқарады. Егер Парламент Мәжілсі немесе Парламент Үкіметке сенбеушілік вотумын білдірсе, Президент Үкіметті немесе Парламентті таратуға шешім қабылдайды.
3. Саяси партиялардың қоғамдық өмірдегі үлес салмағы төмен, олардың билікке, қоғамға әлсіз ықпал етуі. Саяси плюрализм бағдарламалардың декларациялығын және саяси партиялардың формальды өмір сүретінін көрсетті. Осыған орай «Нұр Отан» партиясы ҚР Президентінің басқаруымен билік партиясы статусын алды. Қоғамдық бірлестіктерді мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруға тиым салыну бойынша конституциялық норма күшін жойды.
4. Қоғам мен билік арасында әлсіз кері байланыс. Қазақстанның саяси жүйесі бар және қайта пайда болатын халықтың мүдделері мен қажеттіліктеріне әрқашан уақытында және адекватты әрекет етпейді. Азаматтық қоғам дамымаған.
Қазақстандағы саяси модернизацияның болып жатқан үрдісін эндогендік – экзогендік түрге жалпы жатқызуға болады (әлеуметтік-саяси қарым-қатынастардың терең өзгертулерсіз батыс түрдегі өркениеттің кейбір элементтерін алып пайдалану, олар дәстүрлі сипатты сақтайды). Қазақстандық модернизация түрінің ерекшелігі әр түрлі өзіндік және алып пайдаланған институттары мен дәстүрлердің (жарым-жартылай модернизация) нәтижелерін ұқсатумен үйлестіру болып келеді. Азаматтық қоғамның әлсіз болуы және ерекше рөлі, Қазақстанда оны мемлекет ойнайды, қоғам модернизациясы көбінен мемлекет модернизациясымен ауыстырылады – оның әскери қуаты, бюракраттық аппараты, репрессия органдары, экономиканың мемлекеттік секторы және т.б.
Бақылау сұрақтары
1. Орталық Азия елдеріндегі саяси режимдерінің жалпы ерекшеліктерін сипаттаңыз.
2. Орталық Азия елдеріндегі саяси режимдерінің демократизациясы бойынша күш салу тиімділігінің жеткіліксіз болу себептерін атаңыз.
3. Қазақстан Республикасындағы саяси жүйесінің дамуындағы негізгі кезеңдерін атаңыз.
4. Қазақстан демократизациялану тенденциясының бағыттарын атаңыз.
5. Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғам қалыптасуының алдыңғы шарттарын атаңыз.
Талқылауға арналған сұрақтар
1. Сіздің ойыңызша, Неге орталық-азия елдерінің саяси жүйелерінің көпшілігі үшін авторитаризм тән (құбылыстың себеп-салдарын анықтаңыз)?
2. Қазақстан Республикасында «Нұр Отан» партиясы, оны Президент басқарғандықтан және біраз мемлекет қаржыландыратындықтан нақты билеуші сипатқа ие. Біздің елде көп партиялық, екі партиялық және монопартиялық жүйелердің даму мүмкіндік сценариясын дәлелдеңіз.