Жоспар
1. Демократия және оның тарихи формалары
2. Антикалық демократияның негізгі қағидалары
3. Демократияның классикалық теориясы
1. Демократия және оның тарихи формалары
Өзінің дамуында демократиялық саяси жүйе бірнеше кезеңдерден өтті, демократияның өзіндік санасының және саяси үрдістер жағдайының өзгеруімен белгіленді. Демократия Отаны, әрине, Еуропа болып келеді. Гректік (немесе антикалық, төте, және де полистік – көптеген түрлі терминдар бар) демократия билеушінің төте және тең сайлауына жол береді. Бірақ «Грекияда сайлауда жеңілген қара майға аунатылады және жеңілгендігі ғана үшін полис шегінен қуылады. Бұл әділ болатын, себебі демократия қызметінің тәртібі солай еді». Ондай демократия заманауй демократияға жақын емес, оның ерекшеленетін қасиеті – либерализм, құрмет көрсетуде және оппозицияның құқықғын легитимдік қорғауда байқалады, қазіргі кезде азшылық қатарындағылардың пікірлерін айту мен қорғау құқықтарын (яғни Ежелгі Грекияда полистан қуылатындар), жұмыс істеп жатқан үкіметтің алған бағытынан күдіктену құқығын және альтернативті саясаттың қажеттілігін қорғауда байқалады.
Демократиялық дәстүр, меңгеріп алған ежелгі ұғымдары заңның үстінен қараушылығы, заң алдында азаматтардың тең болатыны, саяси құқықтардың теңдігі, еуропа мәдениетіне кірген ежелгі мұралардың бірі болды, бірақ көпке дейін ерте заманғы антикалық және орта ғасыр монархиялық мемлекеттерімен ұмыт болған. Осыған орай «орта ғасырлық демократия» деген ұғымды қолданбайды. Сонымен қатар орта ғасырда билікке бірге қатысу идеясы сословие өкіл монархия саяси формасының дамуында көрсетілді. Орта ғасырлық парламенттер қазіргі заң шығарушы билік институтарының негізін қалаушылары болды.
Айтарлықтай айқын сол кезеңде заманауй демократия туралы кең мағынада айту мүмкіндігі анықталады, – XVIII соңы – XIX ғ.басы. Еуропа континентінде саяси ауысымның негізгі кезеңі 1789 жылғы Ұлы француз революциясы болды, Солтүстік Америкада – тәуелсіздік үшін күрестің аяқталуы және 1787 ж. АҚШ конституциясының қабылдануы.
Заманауй демократия түпкі негізінде өзін бір жағынан деспотиямен, заңмен шектелмейтін жеке билік режимімен қатынастыра сезінді, озбырлық ретінде қабылданатын, нақты бір мағынада ол көптеген заманауй Еуропа мемлекеттерінің ағартушыларын шығыс монархияларымен біріктірді; басқа жағынан антикалық демократиямен, азаматтық адамгершіліктің үлгісін беретін және демократиялық саяси құрылымның мысалдары бар.
Заң түрінде бекітілген мүмкіндіктердің болуы қоғамды басқаруда қатысатын барлық әлеуметтік топтар үшін, олардың көзқарастарынан, құрамынан, әлеуметтік шығу тегінен байланысты болмайтындығы – заманауй демократия ерекшелігін ашады.
Сонымен заманауй демократия антикалыққа қарағанда өзіне тек билеушіні сайлауды ғана енгізбейді, сонымен бірге саяси оппозиция қоғамды басқаруда қатысады немесе басқарып отырған үкімет курсын ашық түрде сынау гарантиясына ие болады. Заманауй демократиясының либерализмі институциаланған және заң түрінде бекітілген.
2. Антикалық демократияның негізгі қағидалары
Антикалық демократияның табиғатын полистің пайда болуын түсіндірмей ашуға мүмкін емес. Полис дегеніміз мемлекеттік деңгейіне жеткен қауымдық ұйым, жер иеленушілердің тұйық бірлестігі, саяси, азаматтық және діни тұтас бір уақытта. Полисте азаматтың – жауынгердің – меншік иесінің құқығы мен міндеттері бөлінбейтін бір болған. Таптық кезеңіне қарай, тарихшылар әскери демократия деп атайды, азаматтар қатарына ауыр қаруланған жауынгерлер ғана жататын тәртіп өрлеген – бұл қағида ұзақ уақыт бойы үлкен қалалардың саяси өмірінде басым болған. Әр азаматтың қауымдастық меншігінде қатысуға, өзінің қол астындағы жер телімін және ұжымдық иелігіндегі жерді пайдалануға құқығы бар. Телімді пайдаланудағы бостандыққа қарамастан, жер иеленуші оны сата алатын, мұраға қалдыра алады. Жоғарғы жер иеленуші болып азаматтар ұжымы болып қалды- қауымдастық мүшелері. Полистің әлеуметтік құрылымын рулық қатынастар қалыптастырды, оның экономикмлық негізін жерге деген ұжымдық меншіктілік құрады, оны қолданудағы жеке формалармен үйлесілген. Полиста азаматтық қоғам мен мемлекеттің бөлінуі болмаған – индивид азамат болғанда ғана құқықтарға ие болған, саяси бірлестікке жататын; мемлекет азаматтар корпорациясы болып табылады, сырт қауіптерден өзінің құқықтарын қосыла қорғайтын немесе билігін шектес жерлерге таратуға тырысатын.
Азаматтың құқықтары мен міндеттерінің бірлігі және өз ара шарттастығы антикалық демократияда өкілеттілік механизмін және сайланған билік институттарын алдын ала анықтау болмаған. Әр азамат басқаруға құқықты болған және өзі қатысуға міндетті болған. Аристотельдің ойлауынша, мемлекет азаматтар жиынтығы және азамат ұғымының қажетті де жеткілікті атрибуттарын белгілеп, ол келесі нәтижеге келді «азамат ұғымын сөзсіз бәрінен артық сот пен билікте қатысуы арқылы анықтауға мүмкін». Демократиялық даму кезеңінде полис өмірінің реттеушісі болып азаматтар қабылдаған заңдар болды, бірақ заң шығарушының автономдық еркі діни және басқада дәстүрлермен шектеулі болды.
Азаматтардың саяси теңдігіне үлкен қалаларда олардың қатыстық экономикалық теңдігі сәйкес келді, жерді иеленуге құқықты қамтамасыз етті, ол демократияны ішкі бүлік пен бөлінуден, оның охлократияға қайта тууынан қорғады. Өзінің ең жоғарғы гүлдену кезеңінде антикалық демократия орта және шағын жер жеке иеленушілердің демократиясы болды, аристократиямен ұзақ күресте туа бастаған полистің басқару институттарына бақылау жасауға қол жеткізді. Азаматтық қауымдастықтың бірігу негізгі алғы шартының бұзылуы демократиялық бастамалардың әлсіреуін соңынан ертті, заңға деген сыйлаушылық төмендеді, қоғамның деморализациялануы болды. Полистік демократияның институттары жетістікті қызмет етуі мүмкін тек сандық және территориалдық шектелу жағдайында ғана, ішкі аз дифференциалдық әлеуметтік құрылуда, ол әлеуметтік тапқа бөліну үрдісінің ықпалынан антикалық демократияның дағдарысын күні бұрын белгіледі, орта және шағын жер иеленудің құлдырауы, кең территорияға өз биліктерін тарататын мемлекеттердің қосылуы.
3. Демократияның классикалық теориясы
Антикалық ұғымына қайшы, индивид саяси, экономикалық және басқа да құқықтарға ие, қаншалықты толық құқықты азамат болып келеді немесе нақты бір тапқа жатуына байланысты, ал Ағартушылық табиғи, адам құқығын шеттемейтін идеяны жариялады, туғаннан оған тән және өмірге, бостандыққа және меншіктікке деген құқығын енгізген, немесе адам мен құқық Деклорациясында оқылатындай (1791 ж. Франция Конституциясына қабылданған преамбула) бостандыққа, меншіктікке, қауіпсіздікке және қанаушылыққа қарсы тұру құқығы бар.
Табиғи құқық пен адам бостандығы идеясы заманауй либералдық демократияның квинтэссенциясын құрайды.
Табиғи құқықтың идеясын негіздеуге шақыратын классикалық либерализмдегі теориялық конструкция қоғамдық келісім концепциясы болды, оның негіздері 5 дәрісте берілген (Мемлекеттердің пайда болуының негізгі теориялары).
Қоғамдық келісімнің концепциясына сәйкес демократия қағидалары:
1. Бостандық – қоғамның алғашқы негізі. Мемлекеттің мақсаты – құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, азаматтарға табиғи, әркімге туғаннан берілген тартып алынбайтын құқықтарды пайдалануға кепілдік беру.
2. Мемлекет тек сол құқықтарға ғана ие, қоғам оған ұсынған құқықтарға және оның азаматтары бұл құқықтарды мойындаса; егеменді, биліктің жоғарғы көзі болып азаматтар қауымдастығы болып қалады. Азаматтық қоғам мен мемлекеттің бөлектенуі бекіледі. Қоғамдық келісімнің нәтижесінде пайда болады, мемлекет басынан құқықтық мемлекет ретінде ұсынылады; заң алдында құқық билігі, азаматтар теңдігі оның көзге түсетін көріністерін құрайды. Мемлекет әрекетінің мақсат шегі мен шаралары, сенімді легитимді тәсіл таңдауда либерализмде индивидтің құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету талаптармен белгіленеді.
3. Қоғамдық келісімге кірген индивидтер барлық құқықтарды өздерінде сақтайды, соларды қоғау үшін мемлекет құрылады. Осы құқықтар ішінара байланысты және жоғары императивпен өзара шартталған – тұлғаның моральдық автономиясын сақтаумен. Адамгершілік автономия идеясы жаңа кезеңді еуропалық демократиялық дәстүріне тән адам бостандығы туралы түсінігінің негізінде жатыр. Бұл пункте либералдық демократия нық қарсы тұрды антикалық дәстүрдегі азаматтық қауымдастықтың құдайға табынушылығына, ресми салтта қатыспағаны үшін саяси адалсыздық көрсетті және мемлекеттік тәртіптерге қастандық жасады деп қудалады. Тәртіп, оған өзін қарама-қарсы қоятын либералды демократияның түсінігі – абсолютистік мемлекеттің патернализм, зиялы билік, жаңа кезең аралығында индивид үстінен нұсқау, бақылау, басқару қызметтерін алған, олар орта ғасыр қоғамында шіркеуге тиісілі болған.
4. Табиғи құқықтың триадасы өмірге, бостандыққа және меншіктікке деген құқықтан тұрады. Иемдену құқығы мемлекет жағынан негізсіз салым мен тәркілеуден мүлікті қорғауды қамтиды, меншіктіктің барлық түрлерінің теңдігі, меншіктік алудың еркіндігі және оны өз еркімен билеу, сонымен бірге жұмыс күші сияқты түрімен.
Өмірге деген құқық физикалық тіршілікке және жеке қауіпсіздік кепілдігіне қосылмайды, бірақ лайықты өмірге құқықты қосады, әркімнің өз өміріне қожайын болу құқығы, өз еркімен өмірлік мақсаттарын және оған жету жолын таңдайды, ол саяси-құқықтық салада ар бостандығын талап етеді, мемлекет азаматтардың діни және басқа да көзқарастарына қатысты бейтараптылықты сақтайды; бұл құқықтың дамуы сөз, басылым, жиналыс бостандығында іске асырылады.
Бостандыққа деген құқық басқа индивидтердің құқығын бұзбай еркін әрекеттенуде, саяси қатысудағы бостандықта, индивидке немесе қоғам үшін өмірлік маңызды сұрақтардың шешімін қабылдауда ықпал ету құқығында байқалады. Қоғамдық келісім концепциясында, халықты билеу атрибуты демократия ұғымына бостандық пен теңдік қағидаларының қажетті құрамды бөлігі ретінде кіреді.
5. Қоғамдық келісімге кірген әр индивид оның басқа да мүшелерімен тең құқықты сақтайды, себебі тек осындай шартта ғана әділ және мықты келісім жасауға мүмкін еді. Қоғамдық келісім шарттарымен екі түрлі теңдік бекітіледі – заң алдында саяси құқық теңдігі мен азаматтар теңдігі. Азаматтардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету тәсілі және құқықтық мемлекеттің қажетті белгісі либерализм идеологиясында билікті бөлуде болған.
Осы концепцияда табиғи іске асыру табылғаны, либералдық санамен шығарылған мемлекетке деген қатынас; бұндай қатынастың қағидасы – билікті шектеу. Дәстүрлі билікті бөлу ретінде түсініледі: өкілетті (заң шығарушы), атқарушы және сот билігі. Бірақ бұл теорияның негізін салушы француз философы Шарль де Монтескье билікті бөлу теориясы билік тармақтылығының қызметін нормативтік анықтауында онша көрсетпейді, қаншалықты мемлекет құрылымының қағидаларын түсіндіруде, монархия, аристократия (адамдар, айырықша тууымен, байлықпен немесе құрметпен ерекшеленетіндер) және қарапайым халық өкілдерінің жиналысы мүдделерін үйлестіруге мүмкіндік береді және қамтамасыз етеді.
Заманауй мемлекеттерде бұл теорияның дәлелдемесі мемлекет басшысының (монарх, президент, премьер-минстр-патшалық бастама), заң шығарушы жиынның жоғарғы палатасының (аристократиялық бастама) парламенттің төменгі палатасының (демократиялық бастама) өзара әрекеттенулерінде байқалады.
Бақылау сұрақтары
1. Демократияның тарихи формаларын белгіле.
2. Антикалық демократияны сипаттаңыз (полистік).
3. Заманауй либералды демократияның негізгі белгілерін ата.
4. Қоғамдық келісім теориясына сәйкес демократия белгілері қандай?
5. Билікті бөлу теориясын сипаттаңыз, оның мәні неде?
Талқылауға арналған сұрақтар
1.Сіздің ойыңызша, демократия неге Батыста туды Шығыста емес? Дәлелдеме келтіріңіз.
2.Демократия кезінде жоғарғы билік көзі азаматтар қауымы болады, яғни халық. Қазақстан Республикасында халық билікке деген құқығын қалай жүзеге асырады (ҚР Конституциясының 3 б. Назар аударыңыз)?