Жоспар
1. Саяси модернизациялаудың ұғымы мен мәні
2. Модернизациялау теориясы: плюстері мен минустері
3. Постиндустриализм жағдайында модернизацияның өзгешелігі
1. Саяси модернизациялаудың ұғымы мен мәні
Модернизация дәстүрлі қоғамнан (аграрлық, патриархальдық мәдениетпен және қатал бекітілген әлеуметтік иерархиямен) индустриальдыққа көшу үрдісін білдіреді, ірі машина өндірісінде негізділген және заңға сүйену арқылы қоғамдық үрдістерді рациональды басқару. Ол мемлекеттің бұған дайын екенін білдіреді, демек саясаттың сапалы жаңаруы – саяси модернизациялануы. Индустриализация барлығын қозғайтын әлеуметтік және мәдени нәтижелер туғызады – білім беру деңгейін көтеруден бастап гендерлік рөлдің өзгеруіне дейін. Модернизация теориясының шеңберінде ең алдымен екі түрлі қоғам шығады: дәстүрлі және заманауй.
Модернизация теориясына сәйкес (Г.Алмонд, М.Леви, Т.Парсонс, Д.Аптер, С.Хантингтон) дәстүрлі қоғам келесі негізгі белгілермен сипатталады:
- әлеуметтік өмірдің ұйымдастырылуы діни немесе мифологиялық түсінігіне тәуелді;
- дамудың циклдық болуы (үдемелі емес);
- қоғамның ұжымдық сипаты және дербес (жеке) бастаманың байқалмауы;
- артықша метафизикалық құндылыққа бағытталуы инструментальдылыққа емес;
- авторитарлық сипаттағы билік;
- күнделікті қажеттілік үшін өндіру қабілетінің болмауы, бәрі болашақ үшін;
-ерекше психикалық сипаттағы адамдардың басым көпшілік болуы - әрекетсіз тұлға;
-дәстүрдің жаңалықтардан (инновациялардан) басым болуы;
Заманауй (модернизация мағынасында) қоғамның сипаты дәстүрліге тән болатыннан маңызды түрде қарама-қайшы.
Оларға жатады:
- инновацияның дәстүрлілерден басым болуы;
- әлеуметтік өмірдің зиялылық (діни емес) сипаты, үдемелі дамуы, дербестіктің белгіленуі;
-инструментальдық құндылықтарға басым бағытталуы;
- биліктің либеральдық-демократиялық жүйесі;
- күнделікті қажеттілік үшін өндіру қабілетінің болуы, бәрі болашақ үшін;
- белсенді, әрекетті психологиялық сипаттағы адамдардың басым болуы;
Модернизация теориясының орталық тезисі шаруашылықтың өсуі параллельдік ескертулерден құралады, сонымен бірге кейбір деңгейде мәдени, қоғамдық және саяси өмірдегі өзгерістер болжамды болады. Саяси өмірдегі өзгерістер, яғни саяси модернизация нақты салаларда пікір білдіруі мүмкін:
1) әкімшілік-саяси шекараларды кеңейту және реттеу, ұлттық немесе федеративтік мемлекеттерді құру я болмаса нығайту, орталық билікті күшейту, сонымен қатар билік бұтақтарын бөлу.
2) қоғамның тұрақтылығы мен бірлігінің сақталуымен экономикадағы, саясаттағы және әлеуметтік саладағы құрылымдық өзгерістеріне мемлекеттің мүмкіндігі;
3) саяси үрдіске халықтың кең көпшілігін қатыстыру;
4) саяси демократияны немесе тым болмаса популисттік басқаруды құру, билік легитимизациясының әдістерін өзгерту.
«Саяси модернизация» ұғымын әдетте индустриалдық қоғамға және демократиялық саяси құрылымға ауысуды жүзеге асыратын органдарға қатысты қолданады. Бұл жағдайда белгіленетіні, саяси модернизация – бұл батыс демократия шеңберінде қалыптасқан, дәстүрлі қоғамдардың жаңа әлеуметтік рөлдерді және саяси институттарды импорттауы.
Батыс елдерінде бұл үрдіс ұзақ уақытты алды – шамамен ХІХ ғ. бірінші онжылдығынан бастап ХХ ғ. 50-ші жылдарына дейін. Батыс үлгісі бойынша модернизацияны өткізу вестернизация деп атайды. Батыс елдерінің модернизациясы ішкі импульстарының мәжбүрлеуімен өткізілді, себебі либерализм қағидалары да, ғылыми-техникалық жетістіктер де Батыстың мәдени шығармашылығының нәтижесі болып шықты.
Бұған қарағанда модернизация үрдісі батыс емес елдерінде негізінен Батыстың шақыруына жауап ретінде жүзеге асты және олардың модернизациясын шағылысқан немесе екінші мәртелі ретінде қарастыруға болады. Осыған орай осындай модернизация, әдетте, қуып жететін болады, яғни батыс елдері өтіп болған жолмен өтуді болжайды. Дегенмен, кейбір Шығыс елдері модернизация жолына Батыстан кейін түскен оны қуып жете алды, мақсатты қойды, бірақ оған басқа жолмен жетті, қысқалау және ұлттық ерекшелікке жақсырақ сәйкес келетін (Сингапур, Гонконг, Тайвань, Оңтүстік Корея).
2. Модернизациялау теориясы: плюстері мен минустері
Саяси модернизацияның плюстері саяси жүйенің қабілеттілігінің жоғарлауында болады, үдемелі және сәтті әлеуметтік мақсаттарының жаңа үлгідеріне бейімденеді және жаңа институттар түрлерін құрады, ресурстарға бақылау жасауды ғана емес, сонымен қатар үкімет пен халық арасында тиімді диалог үшін каналдарды қамтамасыз етеді. Оларға жататындары мемлекеттің ашықтығы,демократизация, билік легитимациясы, заң үстемділігі.
Бірақ модернизация тәжірибе жүзінде саяси өзгерістер үрдісінің көптеген негативтік нәтижелерін көрсетті, режимнің тұрақты болмауымен, басқару дағдарысымен, даулардың өсуі және саяси зомбылықпен байланысты. Тұтастырақ мұндай көзқарасты Самьюэл Хантингтон өзінің «Политический порядок в меняющихся обществах» кітабында білдірді, онда сәтті әлеуметтік-экономикалық модернизацияның түрткі факторы мемлекеттегі билік институттарының осы үрдістің басқарылуын қамтамасыз ету және жалпы қоғам саясатында және жеке әлеуметтік топтардың бақылаусыз қатысуын минимумға келтіру қабілеттілігі аталды. «Үшінші әлем» елдерінің саяси дамуы модернизация теориясының көптеген ережелерін күмән астына қойды. Оның көмегімен түсіну қиын болды, қалайша экономикалық даму деңгейі бірдей мемлекеттерде мүлдем әр түрлі саяси жүйелер пайда болады, және керісінше неге дамыған және дамымаған елдерде бір саяси тәртіп бекітіледі. Шынында ғалымдар режимнің өзіндік белгілеудің соңынан жүрді («даму диктатурасы»), ол күш пен ресурстардың жинақталу қажеттілігімен саяси биліктің шоғырлануын ақтады. Әр түрлі елдердің индустриальдық қоғамға ауысудың тарихи тәжірибесі куәландырғандай, қоғамның жалпы жүйелік трансформациясы (қазіргі политологиялық терминологияда қабылданғаны – транзит) әсіресе бірінші кезеңдерде саяси институттар саласында терең қозғалыстармен әрқашан бірге жүрмейді. Дәстүрлі немесе дәстүрлі элитадан өскен басшылықтың астында, ескі саяси институттар шеңберінде, «жоғарыдан» әлеуметтік-экономикалық модернизацияның жүзеге асырудағы принципиальдық мүмкіндігін тарих жоққа шығармайды. Жаңа мемлекеттердегі бостандық пен дамудың арасындағы кері тәуелділік формуласы қысқартылған болып шықты, яғни бостандықтың көбебюі дамудың тежелуімен байланысты, ал дамудың әр деңгейдегі сатысы бостандықтан құрбандықты талап етеді. Тағы айтатын жай, модернизация детерминдеулік сипатқа емес ықтималдылық сипатқа ие. Әдетте, экономикалық даму барлық қоғамды болжамды бағытқа ауыстырады, бірақ анық үрдіс және даму жолы ертеректеу мүлдем анықталмаған.
Бүгін саяси модернизация моделінің дайын моделі жоқ, және де режимдердің өздері, тіпті бұрынғы Совет Одағының кеңестігінде де соншалықты ерекшеленеді (мысалы, Литва мен Түркменистан), барлығы үшін бір моделді көзге елестетудің өзі қиын. Бірақ билік режимінің үдемелі түрде бюрократтық аппаратты, саяси және экономикалық қауымдастықтарды бөлу жолында шын мәнінде мемлекетті нығайту бағытына ауыстыратынын күтуге болады, саяси және шаруашылық тәжірибеге сәйкес құқықтық нормаларды формаларды түрге келтіру, билікті реальды бөлу және олардың өзара автономиясын қамтамасыз ету, БАҚ еркіндігін қамтамасыз ету. Бұл жағдайлар модернизацияның көптеген саяси клишелерін қайта ойластыруды, саяси үрдістерді, жаңа мәліметтерді ескере отырып саяси институттар мен технологияларды қайта жүйелендіруді талап ететінін дәлелдейді.
3. Постиндустриализм жағдайында модернизацияның өзгешелігі.
Модернизация теориясының шеңберінде заманауй қоғам ұғымы заманауй хронологиялығына тең емес. Яғни қазіргі кезде өмір сүріп жатқан қоғамның барлығын заманауйға жатқызуға болмайды: кейбіреуінде дәстүрлі белгілер басым болады, басқалары постзаманауй қоғам фазасына көшті. Әлемдегі ең дамыған елдердің бір қатары дамудың жаңа кезеңіне көшті, постиндустриальдық немесе ақпараттық қоғам ретінде анықталады (АҚШ, ЕБ, Жапония, Австралия, Канада). Постиндустриальдық қоғам – бұл қоғам, оның экономикасында ғылыми-техникалық революция нәтижесінде және халық табысының біршама өсуімен приоритет көбінесе тауарларды өндіруден қызмет көрсету өндірісіне ауысты. Өндіріс ресурсы болып ақпарат пен білім табылады. Ғылыми жетістіктер экономиканың басты қозғалыс күші болады.
Модернизация постиндустриальдық қоғамда постмодернизммен ауысады. Постмодернизм тарих пен әлеуметтануда арнайы құбылыс ретінде батыс әлеуметтанушыларымен 1980-ші жж. соңында белгіленді. Постмодернизм түсінігін француз философтар-постструктуралисттер М. Фуко, Ж. Деррида, Ж. Бодрийяр постиндустриальдық өркениетінің тұрғындар менталитетінде «қорқыныш пен зәресін ұшырудың» басым болуы туралы концепцияға сүйене отырып енгізді.
Постиндустриализм кезеңінде қоғам өмірінің дамуында постмодернизм негізгі 4 векторды белгілейді:
1. Агностицизм (ақиқат – бұл лингвистикалық феномен, білім саласы – бұл тілдік ойындар, ақиқат – көпшілік мақұлдаған пікір, ақиқаттың көрінісі емес).
2. Прагматизм (өй өріс критериялары – жетістік, сондықтан жетістікті айту заманауй капиталисттік әлемінде – ол байлық).
3. Эклектизм (ақиқатқа емес жетістікке талпынуда әр түрлі тәсілдер мен әдістерді қолдану және араластыру мүмкіндігі; сонымен, ақиқаттың ең жақсы көрінісі коллаж болады, мұражайлық коллекция).
Анархо-демократизм (ақиқаттың түсініксіздігі кез келген бірлестіктерді, мемлекеттіктерді де еркін ойлайтын тұлға үстінен зорлық – зомбылыққа айналдырады).
Постиндустриализм қоғамдағы саяси ұйымның жаңа динамикалық түрінің өмір сүруіне себепші болды. Ол саяси жүйенің бөліктері мен элементтер арасындағы еркіндіректеу қарым-қатынастармен, саяси өмірді бақылайтын дамыған қоғамдық бақылаумен және әлеуметтік қайта пайда болатын үдемелі әрекет ететін құқықтық, саяси және мәдени механизмдермен сипатталады.
Демократия шынында да модернизация сатысынан постмодернизацияға ауысуына байланысты ықтималдау құбылыс болып келеді. Осы екінші сатыда мүлдем ерекше қайта пайда болу кешені жүзеге асады, ол демократияны бекіту ақиқаттылығын соншалықты өсіреді, соңында одан құтылу үшін тым қымбат төлеуге мәжбүр боласын.
Постмодернизмге көшудің басты белгісі болып келетіні саяси жүйедегі негізгі топтардың үйлесімді синтезі. – «геосаяси негіздер, мәдениеттер, өркениеттер мен ұлттар».
Постиндустриальдық теорияның әлсіздігі, ол бір сатыдан екінші сатыға ауысуын объективтік (тіпті шарасыз) үрдіс ретінде қарастыруы, бірақ бұған қажет қоғамдық жағдайларды аз талдайды, ілеспелі қарама-қайшылықтар, мәдени факторлар және т.б. Постиндустриальдық теория негізінен терминдарды пайдаланады, әлеуметтану мен экономикаға тән, ал модернизация теориясы болса саяси жаңаруды да шамалайды.
Бақылау сұрақтары
1. Модернизацияға және саяси модернизацияға анықтама беріңіз? Олар өзара қалай қатынаста болады?
2. Нақты салаларда саяси модернизацияның қадамдары қандай?
3. Модернизация теориясының плюс пен минустарын белгілеңіз.
4. Саяси модернизация үрдісінің дағдарыстарын сипаттаңыз.
5. Постмодернизмге сипаттама беріңіз.
Талқылауға арналған сұрақтар
1. Модернизация теориясының плюс пен минустары туралы сұрақтарды тағы бір рет қарастырыңыз. Сіз өзіңізді белсенді модернизациялық үрдістердің жақтасы деп санайсыз ба немесе олардың қарсыласысыз ба? Өз көзқарасыңызды дәлелдеңіз.
2. Сіздің ойыңызша, постмодернисттік қоғамға қандай қауіп-қатерлер тән? Сіздің дәлелдемелеріңіз.