Тақырып 9. ТОТАЛИТАРИЗМ


Жоспар

1. Тоталитаризмнің ұғымы мен мәні

2. Тоталитаризм теориясы: даму кезеңдері

3. Тоталитарлық жүйе формалары


1. Тоталитаризмнің ұғымы мен мәні

«Тоталитаризм» терминін 1920-ші жылдардың аяғында 30-шы жылдардың басында журналисттер мен саясаткерлер қолдана бастады және оның анықтамасында үнемі ресей немесе германия тәжірибелеріне сілтемелер болатын. Тоталитаризм саяси құрылымдарының басқа формаларынан ерекшеленетіні орталықтандырылған, унификацияланған және бір жақты регламенттелген масштабтары.

Тоталитаризм белгілері болып келеді:

1. Дамыған идеологиялық доктринаның болуы, ол адам болмысының барлық маңызды өмірлік жақтарын қамтиды, бұл қоғамда тұратын, қоғам мүшелерінде туған барлық сұрақтарына жауап беруге тырысады және шамамен бұны барлығы ұстанады. Бұл идеолгия қоғамды ең соңында жетілген жағдайға бағыттайды («коммунизм», «таза нәсілді қоғам», «исламдық халифат»). Басқаша айтсақ, ол өзінде хилиастикалық үндеуді ұстайды, өмір сүріп жатқан қоғамды кесімді қабыл алмауда негізделген және жаңа қоғамды құру үшін әлемді жаулап алуға тырысады. «Дұшпан бейнесі» тоталитарлық идеологияның маңызды компоненті болып шығады, режимге қоғам ішіндегі зиянкестер мен диверсанттар жағынан да және сыртқы дұшпандық қоршаудан төніп тұрған қауіптен қоғамды біріктіруге мүмкіндік береді.

2. Жалғыс көпшілікті партия, әдетте, бір кісі басқарады, харизматикалық лидер және шамамен кішкене бөлікті халықты өзіне қаратқан (10% дейін); партия, оның жетекші тобы берік және барлық ынтасымен идеологияға беріліп, оның кең тарауына көмектесуге дайын; партия, ол иерархиялық, олигархиялық қағидалар бойынша ұйымдастырылған және әдетте, ол бюрократиялық мемлекеттік ұйымның үстінде тұрады немесе онымен толық бірігеді.

3. Террористік полициялық бақылаудың жүйесі, партияны қолдайды және сол уақытта оның үстінен көсем мүдделерін қорғауда оларға бақылау жасауды жүзеге асырады. Ондай жүйе тек режим «жауларына» ғана емес, және де жөнсіз таңдалған халық таптарына қарсы бағытталуы мүмкін, сонымен бірге құпия полиция терроры жүйелі түрде заманауй ғылымын қолданады, әсіресе психологияны.

4. Барлық бұқаралық коммуникация мен ақпараттық құралдары үстінен (пресса, радио, кино) технологиялық шарттасқан және тегіс бәрін қамти алатын оның шын берілген кадрлары мен партия бақылауы.

5. Аналогиялық, технологиялық шарттасқан және тегіс барлық әскери күштер үстінен партия бақылауы.

6. Барлық экономика үстінен ортақтандырылған бақылау және оның бұрынғы тәуелсіз құрылымды бөліктерін бюракратиялық координация арқылы басқару; бұл бақылау, әдетте, сонымен қатар басқа да көптеген қоғамдық ұйымдар мен топтарға таралады.

Институциализация нәтижесі ретінде жоғары айтылған сипаттарда біршама тұрақты құрылым пайда болады, тарихи тіршілікке бейім нақты бір уақыт өлшемінде. Қоғамның әскери-экономикалық салада лидер-елдермен қатынастың үзілуін қысқартуға күші бар екен. Оның үстіне тоталитаризм табысқа жеткен сайын белгіленген нәтижелер әсер ететіндей көрінетін болады.

2. Тоталитаризм теориясы: даму кезеңдері

«Тоталитаризм» терминінің негізін салушы итальян философы – неокантианец Д. Джентиле (1926 ж.) болып келеді. Оның ойынша, мемлекеттің маңызды міндеті ұлттық тағдырды немесе ұлттық арнауды өмірге жүзеге асыру болып келеді, ол үшін оның билігі абсолюттік және барлығын билейтіндей болу керек, яғни тоталитарлық. «Тоталитаризм» терминінің ғылыми концепция статусын 1952 ж. АҚШ-та жиналған саяси симпозиум бекітті, онда ол «жабық және қозғалмайтын социомәдениет пен саяси құрылым, онда әр әрекет – балаларды тәрбиелеумен өндіріске дейін және тауарды үлестіру – бір орталықтан бағытталып бақыланады.» ретінде анықталды. 1920-ші жылдардан 1950-ші жылдарға дейінгі кезең саясат философиясында тоталитаризм теориясы қалыптасуының бірінші кезеңі деп атауға болады.

Екінші кезеңде – 1950-ші – 1970-ші жж. – тоталитаризм теориясының полемикасы елеулі қарқындай түсті. Бұған философтар мен саясаттанушылар К. Фридрих, Зб. Бжезинский, Х. Арендт, Р. Арон, Ф. фон Хайек және т.б. қатыса бастады, олар советтік және нацисттік режимдерді салыстырмалы талдауымен айналысты. Мамандар арасында салыстырмалы саясаттану бойынша ең көп тарату алған тоталитаризм моделі болды, оны 1956 ж. Карл Фридрих пен Збигнев Бжезинский ұсынды. Фридрих пен Бжезинский қысқа абстракті анықтама беруден бас тартып, оның орнына эмпиристтік әдіс қолданды, бұған қатысты тоталитаризм қағидалар жиынтығын құрайды, фашисттік және Сталин кезеңіндегі КСРО режимдері үшін ортақ. Бұл оларға бір қатар анықтайтын белгілерді шығаруға мүмкіндік берді, сонымен бірге тоталитаризм туралы динамикалық даму элементінің түсінігін енгізді, бірақ жүйелі өзгерістердің мүмкіндігі емес. Жаңа трактовкада тоталитаризм әр адамның әрекеті үстінен мемлекеттің толық қаншалықты бақылауын белгілемейді (ол мүлде мүмкін емес), ондай бақылауға соншалықты принципті шектің болмауын көрсетеді.

Хрущев «жылымығының» басталуынан кейін теория маңызды дағдарысқа ұшырады, себебі режимнің іштен әлсіреу үрдісін түсіндіре алмады. Сонымен қатар, сұрақ туындады, КСРО әлі де тоталитарлық режим болып келеді ме немесе анық ауысып жатқан советтік жүйені жеңілген фашисттік режиммен салыстыру орынсыз ба. Модельге тұжырымдау жасау қажеттілігі туындады, ол диктаторлардың билікке келуін және оның келешектегі эволюциясын түсіндіретін еді.

1970-ші жж. КСРО-да әрі қарай режим әлсіреуінің арқасында, «тоталитаризм» терминін советологтар сирек қолдана бастады, бірақ саясеткерлер арасында кең тараған болып қала берді. Джин Киркпатрик өзінің «Диктатура и двойные стандарты» (1978 ж.) эссесінде тоталитарлық режимді авторитарлықтан айыру қажет екендігін айтты. Киркпатрик пікіріне сәйкес, авторитарлық режимдер өзінің жеке бас тіршілігінің мүддесімен әлек, сондықтан тоталитаризмнан ерекшелігі, азаматтық қоғамның кейбір элементтерінің автономдық қызмет етуіне мүмкіншілік береді – шіркеу, сот және пресса. Осыдан қорытынды жасалды, Рейген кезінде «Киркпатрик доктринасы» ретінде белгілі болған, АҚШ-тың сыртқы саясатында авторитарлық режимдерге уақытша қолдау жасауға болады тоталитаризммен күрес үшін және американдық мүддені жылжыту үшін. 1980-ші жылдардың екінші жартысында советтік блоктардағы және КСРО-дағы коммунисттік режимдердің қирауы теорияда дағдарыс туғызды, ол тоталитаризм теориясында үшінші кезеңнің басталуындағы белгісі болды: 1980-ші – қазіргі кезеңге дейін. Пікір, тоталитарлық режимдер өздері радикальдық реформаларды бастауға әрекет ете алмайды деген ой қате болып танылды. Бір қатар мамандардың ойынша, ішкі партиялық фракциялардың болуы мен КСРО-да және социалисттік блок елдерінде Сталин өлімінен кейін диссиденттік қозғалыстың пайда болуы осы режимдерді тоталитарлық ретінде классификациялауынан күдік тудырады. Олардың тұжырымдауы бойынша, тоталитарлық лидердің өлімінен кейін режим әр түрлі саяси топтар мен саяси плюрализм элементтерінің мүдделері арасында даудың болуы мүмкін фазасына кірді. Жалпы тоталитаризм туралы полемика үшінші кезеңде әлсірей бастады, орнын модернизация, демократизация және авторитаризм теорияларына берді.

3. Тоталитарлық жүйелер формалары

Әлемде қашанда бір болған барлық тотаритарлық режимдер арасында кем дегенде негізгі үш түрін атап өтуге болады.

Бірншіден, бұл национал-социализм, ең алдымен Германияда. Екіншіден, коммунизм, ол көбірек тараған және тарихи тұрақты болып шықты. Екеуі тым нақты және көзге түсер мысал – КСРО мен Қытай, бірақ зерттеушілер бұл қатарда Ганадағы Кваме Нкруме режимін және басқа африкандық режимді, Шығыс Еуропада Румыния мен Албанияны, Латын Америкада Кубаны атайды. Үшіншіден, бүл тоталитарлық теократия, ең алдымен революциядан кейінгі Ирандағы Р.Хомейн аятолланың фундаменталисттік режимімен көрсетілген.

Национал-социализм алдынғы шекте мықты антисемитизм компоненті бар ұлтшылдық идеологиясымен ерекшеленеді, нордикалық тазалық, ариец нәсілі мен күш культін уағыздайды. Әрине коммунизм мен теократия үшін ұлттық үстемдік пен алғаш жол салу мотивтері жат болмады, сондай-ақ еврей ұлтына деген жақтырмау сияқты, бірақ ешқайда әлемді еврейден құтылу мәселесі негізгі және идеологиялық приоритетті болып қарстырылған жоқ, еш жерде ол осындай қайсарлы жүйелілікпен және реттілікпен іске асырлмады. Национал-социализм сонымен қатар, басымдық жағынана ұлтшылдық идеологиялы болды, бір ұлттың екінші ұлттан артық идеясын уағыздайтын, ал большевизм ше интернационалисттік сипатпен ерекшеленетін, не болған да формалдылық түрде федеративтік, көпұлтты мемлекетке берілгендікті көрсетеді. Хомейни қозғалысының идеологиясына қатысты, онда оның «исламдық революциясын экспорттау» идеясына талпынысы белгілі, яғни бүкіл әлемге исламды тарату және кәпірлерді жою (мұсылмандарды емес). Тағы бір құрамы және маңызды арнайы бөлігі национал-социалистік доктринаның – оның принципиальды элитаризмы, көпшілікке менсінбеушілікпен қарағанмен шектеледі және елеулі ерекшеленеді, мысалы, коммунисттік популизмнан. Нацизм қоғамды немесе партияны ұйымдастыру қағидасы ретінде кесімді түрде демократияны айыптады және мойындамады, әскери бағынуға сәйкес «төменнен жоғарыға дейін» өзінің ұйымын құруға талпынады. Демократияға идея ретінде осындай менсінбеушілікпен қарау, батысқа типті және құдайсыз, фундаменталисттік ислам үшін тән, әсіресе Хомейни айтуымен және уағызымен ұсынылған. Коммунизм ше онша сәтті емес таптық текпен шыққан тұлғаларға кейбір жеңілдіктер берді, өзінің визит карточкасы ретінде ұран тастайтын «пролетарлық демократия» және «демократиялық орталық», партия ішіндегі өмір құрылмының қағидасы ретінде. Тоталитарлық режимдерге қандай деңгейде өзінің бақылауына экономикалық саланы қойғандығының ерекшеліктерін де байқауға болады және олардың қажеттіліктерімен сәйкес оны қайта жасайды. Коммунизмге, бізге мәлімдей, басқа режимге қарағанда бұл операция айтарлықтай өте сәтті болды. Нацизм, коммунизмге қарғанда, әр түрлі әлеуметтік таптар арасында күнделікті табысты бөлуде жетістіктерге жетпеді – ештеңе «смычки» жетістіктеріне сәйкес қала мен ауыл арасында еріксіз көпшілікті ұжымдасдыру жолы сияқты мұнда болған жоқ. Менеджерлер, меншік иелері және жұмысшылар коммунизм жағдайына қарағанда мүлдем басқа рөл ойнады, ал экономикалық және әлеуметтік-таптық құрылымның өзі қандай да бір фундаментальды өзгеріссіз қалды, осыған орай ондай өзгерістер национал-социалисттердің мақсатына кірмегенін болжауға болады.

Иранға келсек, мұнда да мемлекеттік тәртіп экономика қызметінде маңызды рөл атқарды. Бұл жағынан Хомейни түбегейлі ештеңе өзгерткен жоқ, тек оған шахтан қалған мұраның компонентін күшейтті және ол онсыз да ортақтандырылған экономикалық жүйе еді. Тек бір кездерде болған тоталитарлық режимдердің негізгілері ғана осындай және олардың арасындағы бар ерекшеліктер.


Бақылау сұрақтары

1. «Тоталитаризм» ұғымын ашыңыз.

2. Тоталитаризмнің негізгі белгілерін атаңыз.

3. Тоталитаризм теориясының пайда болудағы негізгі кезеңдерін сипаттаңыз.

4. Тоталитарлық жүйелердің формаларын атаңыз. Оның мазмұны неде?

5. Тоталитарлық жүйелер формаларының айырмашылықтарын белгілеңіз.


Талқылауға арналған сұрақтар

1.Тоталитаризм кезінде екі және одан да көп партиялардың өмір сүруі мүмкін бе? өз көзқарасыңызды дәлелдеңіз.

2.Тоталитаризмнің плюсын белгілеуге бола ма? Бұл сұрақ бойынша Х. Арендт жұмысын оқыңыз.