Алғы сөз


Жастар – аса маңызды фактор, әлеуметтік өзгерістердің құралы және қозғаушысы, инновациялық күш. Бүгінгі қоғамдағы өмір – тұрмыс сапасының түрлі деңгейі көп жағдайда еліміздің ергеңгі белсенді экономикалық тұрғындары – бүгінгі жастардың еңбек әлеуетінің мүмкіндіктерін: оның демографиялық, дәрігерлік-биологиялық сипаттамасын, әлеуметтік қамтылу дәрежесін, білім алу деңгейін, кәсіби дайындығын, саяси және азаматтық көзқарасын анықтайды. Осылайша, бюлашақ қоғамдық әлеуетті қандай да бір өлшемдерге жеткізу мен барынша жақсарту сияқты маңызды мәселені шешу бүгінгі жас толқынның сапасын жақсартумен тыгыз байланыста болады.

Ювенология жеткіншіек ұрпақтың қалыптасуы туралы кешенді пәнаралық білімге, оның ішінде биологиялық және әлеуметтік диалектикалық байланысқа негізделген. Ол – барлық тарихи кезеңде де өзекті мәселе. Осындай маңызды және ғылыми негізделгең шешімдерді қажет ететін мәселелердің бірі – келешек ұрпақты әлеумсттендіру, оларға білім, кәсіби дайындық және патриоттық тәрбие беру. Әлеуметтік мәселелерді, оның ішінде ұлттың салауатты үрпағын қалыптастыру жағдайларын шешу үшін көбіне білікті мамандардың көмегі қажет болуы кездейсоқ емес.

Қазақстан Республикасы үшін қандай да болмасын Конвенцияны орындау жөнінде халықаралық кұжатты қабылдау арқылы демократиялық қоғамды дамыту өзгермейтін қағида және ұстаным болып табылады. Қандай да болмасын Конвенцияға қол қойғаннан кейін, қоғамның әлеуметтік жағдайын жаксаргу және азаматтардың қүқығын сақтау мақсатында заң шығарушы және атқарушы жүйеде міндетті түрде өзгеріс болады.

Балалар қүқығын сақтауға қол жеткізу түрғысындағы маңызды бағыттардың бірі – балалардың караусыз қалуының алдын алуға, заңмен қарама-қайшылықтағы балалардың құқығын сақтауға бағытталған нақты шаралардың қабылдануы.