Жас – бұл адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуы мен даму кезеңі, яғни психикалық функцияларының қалыптасуы, әлеуметтік тәжірибені, білімді, дағдыны, икемділікті меңгерудегі белсенділігінің бір көрсеткіші болып табылады.
Жас тек қана биолгиялық категория емес, ол әлеуметтік те категория болып табылады.
Әр-бір жастық шақ кезеңі белгілі бір қажеттіліктерімен, психикалық әрекеттің өзгешіліктерімен, қайшылықтармен, жақын ортамен жеке тұлғаның өз ара қарым – қатынасының өзгеруінен анықталады.
Ол жастың құрылымдық белгілері, тек күрделі өзгерістерменғана көрінбейді, сонымен қатар ол белгілі бір күш салып күресуімен және әр түрлі қайшылықтармен қосарласып жүреді.
Сотталғандардың жас және жыныс ерекшеліктері жазаны өтеуді ұйымдастырғанда ТМ түрлерін анықтау және оларға тәрбиелік әсер етуді сараптау мақсатында міндетті түрде сотпен есепке алынады.
Жас – бұл тұлғаның психикалық даму сатысы және оның жеке тұлға ретінде қалыптасуы, физиологиялық және психологиялық өзгеруімен заңдылықтардың жиынтығымен сипатталады.
Шетел ғалымы Әльконим жастық кезеңдерді зерттеп бірнеше түрге бөлген :
1. – нәрестелік кезең (0 – 3 жас);
2. – кіші мектепке дейінгі кезең (3 – 5 жас);
3. – мектепке дейінгі кезең (5 -7 жас);
4. – бастауыш мектеп жасы (7 – 11 жас);
5. – жасөспірім шақ (11 – 18 жас);
6. – жастық шақ (18 – 25 жас);
7. – кемеліне келген (26 – 55 жас);
8. – егде (55 – 75 жас);
9. - қарттық шақ (75 жас).
Ғалым Әльконим құқық бұзушы адамдардың жастық шақтарынада зарттеу жүргізіп тоқталып кеткен, мысалы :
14 – 18 жастағылар – жасөспірімдік кезең;
18 – 25 жастағылар – бозбалалық кезең;
25 – 55 жастағылар – кемеліне келген шақ;
55 – 75 жастағылар – егде жас болып бірнеше түрге бөлінеді, осы аталып кеткен жастық кезеңдерді ғалым Әльконим әр жастық кезеңнің арасындағы психо-физиологиялық және әлеуметтік ерекшеліктерге байланысты бөліп көрсеткен.
Жас бұл индивидтің психикалық даму кезеңі, оның тұлға ретінде қалыптасуы, физиологиялық және психологиялық өзгерістің заңдылықтарының жиынтығы болып табылады.
Ер адамдар мен әйел адамдардың ерекшеліктері, тек қана биологиялық айырмашылықтармен ғана анықталмай, сонымен қатар олардың әлеуметтік ролінің сарапталуымен, яғни әр түрлі тәрбие алуына байланысты ерекшеленеді.
Ең маңызды айырмашылық физиологиялық тұрғыдан дамып толуының қарқыны болып табыладыда, әйел адамдардың ана ретінде қалыптасу ерекшелігі құралады.
Қылмыстық жазасын өтеп жүрген сотталғандардың өзгешілігі, оған тән жас ерекшеліктерінің дамуы елеулі аморальдық және қылмыстық ауытқуымен, байқалады және бас бостандығынан айыру жағдайының ықпалымен өзгешеленіп отырады. Қылмыстың белсенділігі мен өзгешілігіне байланысты ең қылмыстық жас 16 - 17 жас аралықтары.
Балалық жас жеке бастың ең қарқынды дамуы мен әлеуметтендірілуі танымдық процестердің, ерік – жігер, мінез - құлықтың ортаға қалыптасуымен, бағыттылықтың белгілі теориялық бөлімдерінің жинағы мен тәжірибені қамти алуымен сипатталады. Осы кезеңде бала жан ұяның және қоршаған ортаның моральдық құндылықтары мен нормаларын тез игереді.
ТМ тәрбиешілері ұжымының негізгі ақпаратты хабарларының бірі төмендегі өзгешеліктерді білуден тұрады :
1) әрбір жастық шақ кезеңге тән психологиялық ерекшеліктерін, қалыпты психологиялық дамуы;
2) жеке адамның даму кезіндегі қылмысқа бейімділігін сипаттайтын типтік ерекшеліктері (оның қылмысқа бейім әрекеттері қай жастық кезеңде пайда болды және оның пайда болу себептері қандай);
3) ең алғашқы іс қозғалуының себебі және оған итермелеген түрткілер (мотив);
4) өмір ағымында қоршаған ортаның психологияға қаншалықты әсер етуі;
5) адамның ой-өрісі, алдағы мақсаты немесе болашақ өмірге үміттенуі.
Сонымен бірге әр-бір жастық шақ кезеңінде сотталғандардың жеке өзгешілігі байқалады, мысалы :
- Бір жағынан ол өзгешілік тұлғаның бұрынғы өмір жағдайының қалыптасу салдары болып табылады (отбасындағы, мектептегі, өндірістегі тәрбие, қылмыстық іс әрекеті т.б.);
- Екінші жағынан бас бостандығынан айыру тұлғаның жан-тәніне нақты жағдайлардың ықпал етуінен байқалады;
- Үшінші жағынан физиологиялық жеке (жоғары ерік іс әрекетінің қасиеттері) өзгешіліктерінің әсер етуінен болады.
Екі жүз сотталғандардың арасында өткенді шолатын тексеру 54,5 % мынаны көрсетті: жеке бастың қоғамға қарсы ерекшеліктері бастауыш мектеп жасында қалыптасуы басталады. Оған себепші болған негізгі факторлар:
1) ата – аналардың аморальдық қылығы (маскүнемдік, жан - жал шығару, сексуалды ұятсыздық, азғындық т.б.);
2) баланың оқуы мен қылығына бақылаудың жоқ болуы, нәтижесінде оған өзіне еркіндік беріледі немесе теріс бағыт ұстанған балалар тобының ықпалына түседі;
3) ата – анасының жоқтығы және жақын туыстарының қолында тәрбиеленуі;
4) балалар үйінде педагогикалық процестің нашар ұйымдастырылуы.
Он жасқа дейін пайда болған құлықтылық байқаусыз қалушылық жеке адамның кейінгі дамуына елеулі ықпал етеді. Қылықтың теріс формалары бекініп алып, әдеттегідей болады, жеке адамның қоғамға қайшы қасиеттерінің негізін құрастырады. Осының бәрі балалардың арасында құқық-бұзушылықты алдын алу жүйесін құру қажеттілігі туындайды.
Сотталғандардың жасына қарай жеке – психологиялық ерекшеліктері.
Жасөспірім жастағы сотталғандардың жеке – психологиялық ерекшеліктері. Тәрбие колонияларында бас бостандығынан айырылған кәмелет жасына толмаған және сондай ақ тәрбие колонияларында 21 жасқа дейін қалдырылған сотталғандар жазасын өтейді.
Негізінен тәрбие калониясында кәмелет жасына толмаған құқық бұзушылар, яғни бозбалалық және жасөспірім жастағы (16 – 17 жастағы) және (14 -15 жасар) жасөспірімдер болсада, олардың көпшілігі ауыр қылмыс жасаған үшін сотталғандар жазасын өтейді.
Жасөспірімдік жасында адамгершіліктің негізгі құндылықтары, әлеуметтік көзқарастар қалыптасады, әртүрлі моральдық және құқықтық талаптармен қатынасу кезі басталады. Осы кезеңдегі нәтижеден түрлі құқықтық қайшылықтар туындайды. Бұл кезде сонымен қатар әлеуметтік мінез - құлықтық және физиологиялық жетілудің үйлеспеуімен, жоғары қозуымен, үшқалақтығымен қозудың тежеуден басымды болуымен сипатталады.
Көрсетілген жүйке жүйесі типінің ерекшеліктері қылмыстық заң нормаларын, қоғамдық тәртіпті бұзуға себеп болуы мүмкін. ТК жазасын өтеп жүрген жасөспірімнің жүйке жүйесінің белгісі (потогені) жоғары сезгіштігімен ерекшеленеді, қатты шаршаған кездерде қызметтік (функциоанлдық) ауытқуларға шалдығуы мүмкін.
Жасөспірімдік жасында жыныстық жетілуімен әлеуметтік жетілудің арасындағы сәйкес келмеуіне байланысты оларда пайда болған жыныстық инстиктерін бақылау қиын болады.
Жасөспірім жасында жеке тұлғаның дүние танымы, көзқарасының негізі салынады, санасы, қағидалары мен мұраты қалыптасады. Бірақта құқық бұзушыларда қылықтылық дамуында кек алу, әлеуметтік тежелу түрінде ауытқып кетуі жиі байқалады. Жасөспірімнің дүние танымының табансыздығы мінездің қайшылығымен іскерлік, қайрымдылық пен қатыгездік, басқаларға жоғары талап қоюмен, өзіне және өзінің қылықтарына төмен талап қоюынан пайда болады.
Жасөспірімдік жастың өз кемшіліктеріне көзқарасы бойынша олармен жұмыс жасау қажеттілігін түсіну, өзін-өзі сынау дәрежесі бойынша бірнеше тәрбиеленушілердің топтарын қарастырамыз :
1. өз кемшіліктерін білетін, оларды жоюға тырысатын, жою жолдарын білетін және жоя алатындар;
2. өз кемшіліктерін білетін, оларды жоюға тырысатын, бірақ жою жолдарын білмейтіндер;
3. өз кемшіліктерін білетін, бірақ оларды жоюға тырыспайтындар;
4. өз кемшіліктеріне қателесіп, жетістік деп санайтын, сол себептен қатесін жоюға тырыспайтындар;
5. өз кемшіліктеріне немқұрайды қарайтындар;
6. өз жетістіктерін білетін, бірақ оны іске асыруға шамалары келмейтіндер;
Көп жағдайларда жасөспірімдік және бозбалалық шақта бір күндік өмір сүру көзқарасы қалыптасады. Олар өмір ырғақтарына қарай өзім мен - өзім түзелемін деп сенеді. Осы жағдайға, жасөспірімдердің және бозбалалардың көзқарасының қалыптасуына, ерік – жігерінің әлсіздігіне байланысты, дұрыс тұлға ретінде қалыптасу ұмтылысы немесе ынтасы болмайды. Бұл себептерге байланысты жасөспірім сотталғандар, басқа бас бостандығынан айыру мекемелеріндегі жас категориялы сотталғандарға қарағанда психолого – педагогикалық көмекті түбегейлі қажет етеді.
Жас, кемеліне келген, егде, қарт жасындағы сотталғандардың әлеуметтік - психологиялық мінездемесі.
Жастық шақ – жеке тұлғаның қалыптасуының аяқталаттын, шынайы өмірді және өзінің қылықтарына сын баға беру қабілеті пайда болатын ерекше кезеңі. Сонымен қатар жеке тұлғаның қылығына қалыптасқан стереотиптер маңызды әсер етеді.
Қарастырылып отырған өмірлік шақты екі кезеңге бөлуге болады: 18 – 25 жасқа дейін және 26 – 30 жасқа дейін.
Бас бостандығынан айыру мекемелерінде жастық шақта сотталғандар есепсіз топтарды құрайды, аса белсенділікпен, қылмыстық тәжірибемен, теріс бағытталған топтардың көшбасшысы болу және белгілі дәрежеге жетуге ұмтылуымен ерекшеленеді.
Жас сотталғандардың көбі тұйық, сенбейтін, қатыгездік, арсыз болшып келеді. Сонымен қатар олар жазаны өтеу бағытты бойынша өзгешеленеді. Олардың кейбіреулері қатыгездік әрекеттерімен жазаны өтеу режімін ашық түрінде бұзады, қылмыстық тәжірибесі мол, ұрылардың әдеп – ғұрыптарын ұстанады және оларды бас бостандығынан айыру орындарында белсенді енгізеді. Басқалары енді қылмыс жасаудан бас тартады, үшіншілердің бағыттары тұрақсыз болып келеді. Олардың қылмыстық тәжірибесімен, сондай ақ қылмыспен жазаға қатынасымен жазаны өтеуге жас сотталғандардың бағытты анықталады.
Ақырғы уақытта кейбір жастар әсіресе кісі өлтірген үшін, бандитізм үшін тонау және қарақшылық үшін сотталғандар, жүйелі жаттығу арқылы өздерінің спорттық формасын сақтап отырады. Басқалары керсінше өзінің денсаулығына зиян келтіруге жөнеледі (нашақорлық пен ішімдік). Ақырғылардың арасында жиі өз өзіне қол жұмсау әрекеті кездеседі.
Бас бостандығынан айыру орындарында жас сотталғандардың өмір жоспары мен құндылық бағыттылығы, сотталғандардың иерархиясында абыройлы орын алу ынтасымен, бейресми шағын топта тірек пен қорғаныс пана іздеу, сырттай танысу арқылы некеге отыруымен байланысты.
Теріс бағыт ұстанатын бейресми жас топтардың өкілдері жиі басқалардың арқасында күн көруге тырысады (сотталғандардан ақшаны, жіберілген заттарды тартып алады). Бостандық жағдайында ұзақ мерзім уақыт біреудің еңбегімен күнелту, жұмыс істеуге, оқуға әуестігі мүлде жоғалады, сондықтан қылмыстық бағытты одан сайын белсене түседі. Дәс осы жастағы сотталғандар ішімдікке, нашақорлыққа, құмарлық ойындарға бейім болып келеді.
Жас сотталғандардың арасынан келесі категориялар бөлінеді: бұзақылық әрекеттерге бейім, карта ойындарға құмар, нашақорлыққа және ішімдікке әуес, қақтығысқа, топтық эксцесстерге бейім, психикасы ауытқып кеткендер. Әрбір топ жеке әдісті қолдануды қажет етеді.
Кемеліне келген жаста тұлғаның әлеуметтік ролі бір жол бекітіледі. 30 – 35 жастағы сотталғандар әсіресе бірнешірет сотталғандар өмірге үмітсіз қарайды, солай болғандықтан оларда келешегі бұзылады және өмірінің мәні жоғалады. Кәсіби білімдері мамандырылады, әлеуметтік рольдері қайта құрылады (балалардың отбасынан жеке кетуі, немерелердің дүниеге келуі).
Осы жастағы сотталғандар өз өмірі жөнінде жиі ойланады, өздерінің және қоршаған ортасының берілген бағасына сын көзбен қарайды, сотталғандардың арасында беделді орын алуға тырыспайды. Олардың негізгі құндылықтары – материалдық аманшылық, жанұясымен денсаулығын күту.
Егде жасындағы сотталғандардың қылмыстық тәжірибесі мол, көзқарастары мен сенімдері қалыптасқан. Қарттық жасты күтуімен байланысты, олардың маңызды итермелеу себептері қайта құралады.
Олардың арасында мүгедектер көп, сондықтан олардың өмірлік мақсаты жиі физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыруға және өз денсаулығын күтуге байланысты.
Егде және қария жастағы сотталғандардың көпшілігі, кемел жасына келгендерге қарағанда, жұмысты маңызды іс деп санамайды. Бірақта кемеліне келген егде және қария жастағы сотталғандар режим талаптарын орындайды, бірақта өздерінің түзелуіне сенімсіз қарайды, өздерінің келешек өмірін колониямен байланыстырады.
Егде және қарттық жас жыныстық бездері (тежелуі) гипофункциясымен сипатталады, ол бүкіл организмнің іс әрекетіне әсер етеді, сондай – ақ қозғалу белсенділігі төмендейді.
Әдеттегі жағдайды сақтауға ынтасы күшейеді, өзгерістерді теріс қабылдайды, қатынасы азаяды.
Ақыл – ой саласы өзгеріске ұшырайды, назар аудару мен есте сақтау қабілеттерінің бұзылуымен көрінеді, қозу мен тежеу процестерінің тепе тендігі бұзылады, күрделі жағдайда тез шешім қабылдау бағдары төмендейді. Бұл жастағы сотталғандардың көбін бостандыққа шықаннан кейін зейнет ақы,туратын мекен жайы, материалдық қамтамасыздандыру сұрақтар толғандырады. Сотталғандардың бұл категориясы түрме жағдайына аса бейімді болып келеді.
Қылмыстық құрылымында әйелдердің үлес салмағы азғантай, шағын, ең алдымен бұл олардың қоғамда алатын әлеуметтік ролімен байланысты. Құқықбұзушылық әрекетке бейім 30 – 50 жастағы әйелдер. Сондаяқ еркектерге қарағанда, сотталған әйелдердің орта жасы жоғары. Әйелдер ерлер сияқты сондай қылмыстық әрекетер үшін жазасын өтейді (ұрлық, алдау, нашақорлық, кісі өлтіру т.б.). Сонымен қатар әйелдер ерлерге қарағанда қылмыстық әрекетке бару алдында бәрін тиянақты ойластырып дайындалып барады. Еркектер жиі ішімдікпен, нашақорлықтың әсерінен ашу ыза, қызғаныш күйінде заң бұзушылыққа барады.
Бас бостандығынан айыру орындарында кәмелет жасына толмаған сотталған қыз балалар ерекше топты құрайды, олар көбінесе тонаушылық және зорлық қылмыстарды жасайды. Жылсайын әйелдердің арасында қатыгездік ұлғая түсуде, оған себеп болатын қоғамдағы қатыгездіктің күш еуі. Еркектерге қарағанда әйелдердің ішімдікке салынуы аздау. Бірақта соңғы жылдары ішімдікке салынатын әйелдердің саны ұлғая түсуде.
Тәрбиеленушілерді жеке алуандауымен, уайымымен, невротизм, депрессия, қатыгездік, күдіктенушілік, кекшілдікпен сипаттайды.
Осы себептен тәрбиелеушілермен психологтар жұмыс істеу барысында сотталғандардың құлықтылық, демографиялық және басқа да жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып туыстарымен қарым – қатынасты қалпына келтіруіне көңіл аудару керек.
Бақылау сұрақтары
1. Жас және жыныс туралы түсінік, сотталғандарды түзеу барысында оны есепке алу.
2. Сотталғандардың жасына қарай жеке – психологиялық ерекшеліктері.