12. Өмірдегі жаңа жағдайға сотталғандарды психологиялық тұрғыдан даярлау.


Психологиялық дайындықтың түсінігі

Сотталған адамның психологиялық дайындығы жоғары идеялық-рухани негізде, барлық тәрбиелік жұмыстар жүйелермен үздіксіз байланысты болуы қажет. Бұл сотталған адамның тұлғасында адами қасиеттер мен қоршаған ортаның жағдайына оң көз-қараспен қарауды қамтиды.

Жүргізілген дайындық, сотталғанның өмірлік тәжірибеден алған адамгершілік қасиетіне неғұрлым сәйкес болуы қажет. Психологтар кбінесе қоболжу күйінде жүрген сотталғандарға аса көңіл аудару керек, атап айтқанда : тәртіпті жиі бұзатындар, психикалық тежеулері ашық көрінетіндер (ақыл – есінің кемістігі, жүйке аурулары барлар), тәртібінің кемістігі барлар (басқа сотталғандарға немесе әкімшілікке қатыгездік жасау, суйцид және өзін-өзі зақымдауы).

Егер сотталған адамның бойында жаңа өмір жағдайына қажетті қасиеттері болса, ол жаңа әлеуметтік ортаға соғурлым нәтижелі икемделеді. Сотталған адамды жаңа жағдайға икемдеу кезінде алдымен оның ынтасына, қабілетіне, мақсатына көз жеткізуге болады.

Осы мақсатта тәрбиешілер:

а) сотталған адамның баратын жеріндегі өмір жағдайына байланысты дұрыс мәліметтер беру;

б) психологиялық дайындық өткізу кезінде сотталған адамның жазаны өтеу кезіндегі жағдаймен, жаңа ортаны ұқсастыра отырып психологиялық кеңес беруі жоспарланады.

Осылардың барлығына карантин кезеңінде сотталғанның жеке басы туралы алған ақпараттар, мысалы : жеке ісінің ақпараты, әр мекемеден алған мінездемелері және сотталғанның өзі туралы айтқан ақпараттары көп көмегін тигізеді. Сотталғанның өмір тарихын зерттеу оның тұлғалық ерекшеліктерін және қаншалықты аяққа тұра алу қабілеті бар екендігін білуге мүмкіндік береді.

Сотталғандарға жалпы және жеке түрде әсер ету. Психологиялық дайындық барысында сотталған адамның, топтың әлеуметтік ерекшелігіне көңіл бөлу қажет, бұлар : әйелдер, ерлер және жасөспірімдер. Бұлардың өмір сүру әрекеті, ұстанымы әр-түрлі болады

С.Л.Рубинштейн жеке адамдағы жағымды қасиеттерді белсендіру бойынша айтқан сөзі «адамның кемшілігін жойсаң, оның жақсы қасиеттерін іздеу керек», яғни қамауға алынған адамдардың касиеттерін өзіне сай деңгейге келтіру керек деп пайымдаған. Адамның кемшілігімен күреске түсе отырып, оның өзінен одақтастарды іздеу керек.

Сотталған адамның бойынан жаксы қасиеттерді табу өте қиын, мұнда рухани кемшілік, теріс көз-қарас пікірлері мен мінезінің жағымсыз жақтары, адамның басындағы барлық жақсылығын көмескілетіп, жасырып тұрады. Сотталған адамның бойынан жақсы қасиеттерді анықтапқана қоймай, оның көзін осы бойындағы қасиеттердің бар екендігіне жеткізіп, қоғамға қажет адам болуға икемдеу аса маңызды іс болып табылады.

Жалпы психологиялық дайындықтың әсер ету түрлері жеке немесе топтық болып бөлінеді :

- жеке психологиялық әсер ету - бұл адамның ішкі мүмкіншіліктеріне сүйене отырып жеке адамға әсер ету арқылы ішкі сырын ашу, негізгі проблемаларын, күрделі қиындақтарын жою немесе түзету болып табылады.

- ұжымдық (топтық) психологиялық әсер етуде көпшіліктің пікірі, топтың көңіл-күйі, оларды иландыру мен сендірудің механизмі аса маңызды рол атқарады. Мұнда әр-бір адамның қатысуы жетістікке жеткізеді, яғни өздерінің бір-біріне сенімділік артуы, бірі үшін бірі мүдделу болу. Мұндай ұжымдағы адамның саны 10-12-ден аспауы керек.

Психологиялық алдын-алу және психологиялық терапевтік әңгімелесу алдын-ала жасалған жоспар бойынша жүзеге асырлады. Бұл жоспарда сотталғанның жекелей және топтық ерекшеліктері ескеріледі.

Сотталғандармен әңгімелесу барысында оған келесі мәлеметтер берілу керек.

- жазасын өтейтін жердің жағдайына қатынасы (мыс: табандылығы, ұстамдылығы, қандайда бір іс жасау барысында заң шеңберінен шықпау керектігі);

- құқықтары мен міндеттері;

- келешектегі мүмкіншіліктері, яғни уақытынан бұрын босауға талпынудың жолдары;

- колониядағы кәсіби-техникалық және жалпы білім беру оқуларына белсенді араласу ;

- заңгердің көмегін қай жерде, қалай алатыны туралы кеңестер ;

- өз-өзімен жұмыс жасау, денсаулығын сақтау (салауатты өмір салтын ұстану);

- жазасын өтейтін жердің талаптарын, тәртібін бұзудың салдары туралы;

- арнайы профилактикалық (алдын-алу) мәселелер туралы.

Сотталғандар жаңа өмір жағдайына әр-түрлі, оңтайлы немесе жайсыз бейімделеді.

- Оңтайлы бейімделудің белгілері сотталған адамның тәртібі өзі білген жағдай туралы ақпараттың нақты болуына сәйкес келеді, оның жазаны өтеу орнының тәртібін ұстануы, өзінің тәртібі мен сезімін бақылай алуы.

- Жайсыз бейімделу – бұл сотталған адамның сотталғанға дейінгі психикасы сау болып, ТМ келгеннен кейін бойынан психопатологиялық белгілердің көрінуі болып табылады.

Оңтайлы бейімделудің жоғары деңгейлі реакциасы-сотталған адам өз жағдайын нақты түсініп, оны келешекте жақсартуға ұмтылуы, колониядағы іс-әрекеті мен жағдайын заңды жолдармен жаксартуға талпынуы, мұндай адамдар түзелу жолына түскендердің арасынан өздеріне сай адамдарды іздейді.

Бейімделудің орташа деңгейі өздері білген мәліметтерді ескере отырып, өзінің жағдайын дұрыс бағалайды, әлеуметтік ортадан өз жеттістіктігін (заңды түрде) іздеп, мүмкіндігінше дұрыс қарайды, олар өз кіналарын толығымен мойындайды, оладың өкінулері басым немесе жүрек-жарды болады.

Бейімделудің төмен деңгейі өз жағдайына қажетінше баға бермейді, олардың көпшілігі тек бір күнмен ғана өмір сүреді, өз болашағына аса көп мән бермейді. Бұлар үшін колония туған үйіндей болып кетеді.

Жайсыз бейімделу бұрын психологиялық дені сау болып саналған адамдардың бостандығынан айрылуымен байланысты туындаған тәртібінің салғырттығынан (оқшаулау орынының әсері, жеке камера) болады, мұндай адамдар камераға қамалғанда әрі-бері жүріп, тынышсызданады, бұл көбінен адамды ақылынан айырады.

Сотталған адамның адамгершілігі мен түзелу деңгейінің ерекшеліктері.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, оларға қолданылатын ережелерін басшылыққа ала отырып, сотталған адамның түзелу деңгейін анықтауға болады.

- бірінші деңгей : сотталаған адам еңбекке, жазалау мерзімін өткерудің тәртіптік талаптарына, саяси-тәрбиелеу жұмыстарға деген көзқарасы дұрыс болады, бірақ оның жеке басының каиеттері, әдеттері мен теріс ұғымдарының салдарынан өзін-өзі игере алмауы мүмкін.

- екінші деңгей : сотталған адам түзелу жолына анық беріледі. Ол өз кінәсін мойындап, жасаған қылмысына өкінеді, еңбекте белсенділік танытып, өзінің біліктілігін арттырады, жазалау мерзімін өткерудің тәртіптік талаптарын бұзбай, сақтайды, басқа тұлғалардың қателік жасауынан корғаштайды, барлық тәрбиелік іс - шараларға дұрыс көз - қарас танытады.

- үшінші деңгей : сотталған адам өзінің түзелгендігін дәлелдеді. Ол өзінің қылмысын толығымен мойындап, оған өкініп, оның мұндай тірлігі адамша өмір сүруге жат екеніне көзін жеткізеді. Ондай адамдар оқу мен еңбекке аянбай араласып, қоғам меншігінің сақталуына ықпал етіп, барлық салада өзін жақсы жағынан көрсетеді.

Адамның адамгершілік қасиетінің төмендеуін анықтау үш топқа бөлінеді.

- бірінші топ - мұндай сотталған адамдар еңбекке, қойылған талапқа дұрыс карап, барлық шарттарды орындай отыра, кейбір саяси -тәрбие іс-шараларына кері қарап, қылмыстық өмірден қол үзгісі келмей, түрме белсенділерімен қатынасып тұрады.

- екінші топ - бұлар түзелу жолына түсіп, адал еңбекпен өмір сүргісі келмейді. Жасаған қылмысына еш өкінбей, тәртіпті үнемі бұзып, еңбек пен тәрбиелеу іс-шараларына көнгісі келмейді, осы әрекеттеріне байланысты оларға аса қатаң шаралар қолданылады, мұндай адамдарға қолданылған жеңіл шаралар ешбір жақсы нәтиже бермейді.

- үшінші топ - бұл түзелу жолына мүлде бет бұрмайтын, адал еңбек жолымен жүрмейтін сотталған адамдар. Олар тәрбиелеуге мүлде көнбей, тәрбиеге арналған іс-шараларды бұзып, кедергілер тудырады.

Сотталғанды жаңа жағдайға психологиялық дайындау

Сотталған адамның жаңа ортаға үйренуінің алғашқы кезеңінде оның тәртібіндегі шыдамсыздығы, жаңа ортаның жағдайын тез қабылдап, оған үйренуге дайындылығының болмауынан көрінеді.

Психологиялық дайындық өмірдің жаңа жағдайына, жаңа еңбек шарттары мен тұрмысқа сәйкес келетін психологиялық қалпы мен әдеттерінің беймділігі.

Психологиялық дайындықтың кажеттілігі сотталған адамдардың жаңа ортаға түсіп, қиыншылықтарға кезігуі, бұрынғы өмір сүру калпының қазіргіден айырмашылығының көп болуы мен байланысты болады.

Осыған байланысты ТМ сотталған адамның психологиялық дайындығының айырмашылығын білдіретін бірнеше түрлері бар, олар :

- қоғамнан алшақтай отырып, қылмыстық жазасын өтеу;

- бір ТМ-нен екіншісіне, бір колониядан тәртібі басқа екінші колонияға, колониядан түрмеге, түрмеден колонияға ауысуына байланысты жағдайдың әр-түрлі болуы;

- қылмыстық жазасын бас бостандағынан айырмай, міндетті түрде еңбекке тартумен өтеу;

- жазаны өтеуден босатылуымен байланысты бостандық өмірге деген өзгерісі және т,б.

Сотталған адамның бас бостандығынан айыру жерінде қылмыстық жазасын өтеуге психологиялық дайындық тергеу (ТОО) изоляторында өтеді. Оның мақсаты - сотталған адамның жаңа ортаға түсуіне байланысты оның бойында туындаған теріс (жағымсыз) әрекеттерді болдырмау, өкіну сезімін ояту, өзін тергеу мен сотта адал ұстауына икемдеу болып табылады. Сот үкімі шыққанан кейін психологиялық дайындық, сотталған адамның келешек өміріне деген үмітін тудырып, өз алдына мақсат қойып, сол мақсатына жетуге талпыныс тудыруға және ТМ орнықты бейімделуіне, түзелуіне ұмтылдыруға бағытталады.

Сонымен қатар психологиялық дайындық сотталған адамды бір колониядан екіншіге, немесе түрмеден колонияға ауыстыру кезінде де қажет, егер сотталған адамның жағдайы жақсарған болса, онда оның бойында берілген жеңілдіктерге жақсы көз-қарас қалыптастыру, өзіне көрсетілген сенімді ақтауға деген ынтасын тудыру, жаңа ТМ-де өндіріс қызметімен өмір жағдайына деген көз-қарасының дұрыс болуын калыптастыру өте маңызды болып табылады.

Бостандыққа деген психологиялық дайындықтың қажетті шарты сотталған адамның өзін-өзі бағалауы мен қайта қалыптасу, үйрену деңгейін өзгерту болып табылады.

Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда аса кауыпті рецедивистер мен жоғары дәрежеде жүретін сотталған адамның өздерін бағалау дәрежесі көтерінкі екенін, ал бұлардан төмен қатарда, яғни қарапайым сотталған адамдарда мұндай дәреже жоқтың қасы екенін көрсетті. Сондықтан бірінші атап өткен тұлғаларда бұл деңгейді төмендету, ал екіншілерде көтеру кажет болып табылады.

Дәрежесі төмен сотталған адамдардың әлеуметтік мәртебесін көтеріп, осы жолда кездесетін қиындықты жеңудің жолдарын ашып көрсетіп, осы қиындықтарға мойымауды түсіндіріп, оның бойында жасаған қылмысының кінәсін колониядағы қиындықтар мен ауыртпашылықтарды басынан өткізу арқылы ақтауға деген талпынысты тудыру қажет болады.

Көптеп тараған психикалық әрекеттің формасы ретінде, бас бостандығынан босатылатындармен психотерапиялық әңгіме ретінде жүргізіледі , осыған кіретін келесі сауалдар :

- әкімшілік бақылау жасау ережелерін сақтау және босатылу реті туралы ақпарат;

- тіркелу ережелерімен танысу;

- еңбекке орналыстыру туралы ақпаратты мәлімдеу;

- жанұядағы қатынас, байланыстарды орнатуына нұсқау беру;

- оқұды қалай және қай жерде жалғастыру туралы мәлімет беру;

- басқа адамдармен араласқанда сенімсіздік және байқаусыздықта болған жағдайда өзін-өзі қалай ұстау керектігі т, б, туралы айтылады.

Психотерапиялық әңгімелер жеке немесе бір-бірін жақсы білетін сотталғандар тобында өткізілуі керек. Мұндай топтарда психологиялық тұрғыдан бір-біріне деген сенімділік, ашық айту, қатынасы тез қалыптасады. Ал тұйық немесе көңілшек сотталғандармен жеке түрде әңгіме жүргізіледі. Бейімделу процесінде, бас бостандығынан босатылу уақытында, қамауда көп отырған сотталғандар бостандыққа, әлеуметтік өмірге бейімделудің барлық сапасын керек етеді, бұл уақыт ең ауыр кезең болып есептеледі .

Сондықтан осы адамдарға қысқа мерзім ішінде қажетті әдеттерді қалыптастырып, жаңа өмірге деген көзқарасын өзгерткен жөн.

Ол :

- ТМ жұмыс істеп тапқан ақшаны дұрыс қолдана білуін;

- өзін-өзі тұратын жерімен, тамақпен, киіммен, т,б қамтамасыз ете білуі:

- біраз аралық шектерде жылдам жылжу әрекеті т,б.

Әлеуметтік бейімделу көбінесе босатылғанның қылмыстық әрекетінен, оның әлеуметтік қалыптасуына, қылмыстық қалыптасқан мінездемесіне, араласу ортасына байланысты.

Бейімделудің жолдары зорлау қылмысын жасағандар, ұрыларға, тонау қылмысын жасағандарға ауыр болады, ал жеңіл және тез бейімделетіндер олар пара алушылар, т,б. Бас бостандығынан айырылып, жазасын өтеп шыққандардың көпшілігіне , босағаннан кейін бірінші жыл қиынға соғады.

Сондықтан ТМ босатылғандардың қайта бейімделуі 1 жыл аралығында бітеді. Статистика бойынша бейімделу кезеңінің ең қиыны, босатылғаннан кейін 6 айға дейін деп көрсеткен.

Егерде бостандыққа шыққандарда әлеуметтік пайдалы байланыстар қайта құрылса ( жанұяда, тұрмыста, жұмыс орнында т.б.) , онда әлеуметтік қайта бейімдеу процесін тиімді деп есептеуге болады.

Өз уақытында өткізілген психологиялық дайындық сотталған адамның колонияға келген алғашқы күнінен бастап, барлық жазасын өткізу уақытында жүзеге асырылады. Бостандыққа шығуға екі-үш ай уақыт қалғанда тікілей психологиялық дайындық басталады, ол сотталған адамның шығатын күні соңғы әңгімелесумен аяқталады. Бұл кезеңде жергілікті басқару органдарымен байланысты, бостандыққа шығатын адамға жұмыс іздеп, ол еңбек ететін ұжымымен байланысты, оның тұрмыстық жағдайының дұрыс болуына ықпал жасалады.

Жалпы өмірде болатын қылмыстар әртүрлі себептерге (матив) тән, мысалыға келтіретін болсақ олардың кей біреулері қылмысты әдейі жасайды, кей біреулері байқаусыздан, ал басқалары бір-бірін айдап салып жасалатын қылмыстардың түрлері т.б. бар. Ал оларды психалогиялық тұрғыдан қарайтын болсақ бостандық өмірде олардың психикасы орнықты болатын болса, темір тордың арғы жағында адам өзгереді, олардың психалогия жағы да өзгереді деуге болады .

Қылмыс жасап сотталып, соттың жазаны атқару үкімінің күшіне енген күннен бастап сотталғандарды тиісті жазаны атқару мекемесіне бөлгеннен соң олардың жазаны өткеру кезеңі басталады.

Негіздеп айтатын болсақ, бас бостандығынан айырылып түзеу мекемесіне келгенде, алғаш рет он бес күндік карантинде, жасақ бастығы, дәргерлер, нұсқаушы психолог, т. б. қылмыстының жағдайы мен танысып , оны түзеу мекемесінің жағдайымен таныстырып, осыған қалыптасатындай әр түрлі іс-шаралар өткізіледі. Осы кезден түзеу, тәрбиелену кезеңі басталады , психологиялық тұрғыдан сұрақ жауап, анкета, тренингтер т. б жүргізіледі. Ал енді жазасын өтеп болғанда, оны әлеуметтік өмірге бейімдеу кезеңі басталады. Мұның себебі ол бостандыққа шыққанда әлеуметтік өмірге бейімделіп , жанұя құрып, жұмысқа орналасып, жалпы аяғына тұрып кетуіне, келесіде мұндай қателік жасап , қылмысын қайталамауына негізделген.

Әлеуметтік бейімделу көбінесе босатылғаның қылмыстық әрекетінен, оның әлеуметтік қалыптасуына, қылмыстық қалыптасқан мінездемесіне, араласу ортасына байланысты.

Жалпы бейімделудің жолдары зорлау қылмысын жасағандар, ұрыларға, тонау қылмысын жасағандарға ауыр болады, ал жеңіл және тез бейімделетіндер олар пара алушылар, т,б.Бас бостандығынан айырылып, жазасын өтеп шыққандардың көпшілігіне , босағаннан кейін бірінші жыл қиынға соғады.

Сондықтан ТМ босатылғандардың қайта бейімделуі 1 жыл аралығында бітеді. Статистика бойынша бейімделу кезеңінің ең қиыны, босатылғаннан кейін 6 айға дейін деп көрсеткен.

Егерде бостандыққа шыққандарда әлеуметтік пайдалы байланыстар қайта құрылса ( жанұяда, тұрмыста, жұмыс орында т.б.), онда әлеуметтік қайта бейімдеу процесін тиімді деп есептеуге болады.

Түзеу және қайта тәрбиелеудің психологиялык алғы шарттары.

Алғы шарттар туралы жалпы түсінік.

Сотталған адамды түзеу және кайта тәрбиелеудің жетістігі субьективті және обьективті факторларға байланысты болады. Барлық алғы шартарды жақсы нәтижелі және теріс нәтижелі деп топтастыруға болады. Бүл жас ерекшілік, жеке-психологиялық, жалпыпсихологиялық, қылмыстық-рухани және әлеуметтік-психологиялық болады.

Жас ерекшілікке байланысты алғы шарттар.

Орта жасқа келген сотталған адамның турақталған наным-сенімі мен әдетері болады. Адамның жасы неғурлым үлкен болса, оның жеке басының қасиеттері соғурлым өзгертуге икемсіз болады. Алып қарағанда мундай сотталған адамдарды қайта тәрбиелеу қиын сияқты. Бірақ, өмірлік тәжірибе, көзқарасының дүрыстығы, өз дағдырына оймен қарау осының барлығы көбінесе қайта тәрбиелеуге көшуге ықпал етеді.

Тәрбиелеу колонияларындағы кәмелеттік жасқа толмағандардың көбінесе көзқарастары мен наным-сенімдері турақсыз, ауыспалы болады, олардың өмір сүру барысы әлі жолға қойылмаған болады. Осының барлығы оларды қайта тәрбиелеуде жақсы нәтижелерге жетуге мүмкіндік тудырады. Дегенмен кәмелеттік жасқа толмағандардың бірнеше ерекшеліктері, атап айтсақ қыңырлықтары, мінез кисықтыктары, романтиканы қате түсінулері, тезірек ержетуге үмтылулары тәрбиелеу шараларына бейімделмей, дурыс бағытқа түзетуді кабылдамауларына ықпал етеді. Муның барлығы колданған тәрбиелу шараларының теріс нәтижелі болуы болса , жастайынан сотталғандарды қайта тәрбиелеуде қодданылған шаралардың жақсы нәтижелі болатыны да кездеседі, бул дос болуға умтылу, жақсы көру қажеттілігінің туындауы мен сезімінің үлғасы ал қайта тәрбиелеудің жақсы нәтижеге жетуіне кедергі келтіретін тез арада дос бола кету, достық байланыстың мәніне көз жеткізбеу, жыныстык нигилизм болады.

Жеке-психологиялык алғы шарттары.

Сотталған түлғалардың кейбіреулері айналағысын тез қабылдағыш болып, кез-келген топтың ыңғайына тез көнгіш болса, кейбірі керсінші турақталған, ешбір жасалған әрекет пен ықпалға көнбейтін болады.

Булардың бүл ерекшеліктері мінездері мен әдеттерінің турақтылығына байланысты болады. Бул ерекшеліктер жеке түлғаның қыңырлығы немесе керсінше ыңғайға көнгіштігі бойынша ерекшеленеді.

Жалпы психологиялық алғы шарттар.

Әртүрлі психологиялық қүбылыстардың турақтылығы да әртүрлі болатының есте сақтау маңызды болып табылады. Адамның игерген білімін бағыттау жеңіл болады да, наным-сенімін, әдетін, көзқарасын қайта бағыттау қиынырақ. Белгілі бір ережелерді игеру нанымының өзгеруі дегенді білдірмейді және қалыптасқан көзқарасы болса онын тәртібі дурысталып калды деуге болмайды. Бул турғыда А.Макаренко «Әдеттерді тәрбиелеу уғымын тәрбиелу ісінен әлдеқайда қиын» деген.

Жазалау мерзімін темір тордың ар жағында откеріп жатқан сотталған адам коғамда қалай өмір сүріп, өзін-өзі қалай устау керектігін және өзінің өткен қылмыстық өмірін сараптайды, бірақ мерзімі бітіп, бостандыққа шықканда өзі шыққан ортаға оралып, қылмыстык. әрекетіне қайта оралуы әбден мүмкін екендігін түсінеді. Бірак сотталған адамның әдеттерін өзгерте отырып, оның көзқарастары мен үғымын қайта бағыттаусыз оны қайта тәрбиелеуге болады деуге болмайды. ал негізінен алатын болсақ , кез-келген адамның тәртібі, өмір сүру жолы оның санасының деңгейімен анықталады. Сондыктан сотталған адамды кайта тәрбиелеуде оның уғымы мен әдеттерін өзара ажыратпай, біріктіре отырып қайта бағыттау болады.

Қылмыстык-адамгершілік алғы шарттар.

Сотталған адамды түзеу және қайта тәрбиелеудің қиындығы қаншалықты болатындығын оның жеке басының адамгершілік төмендігі мен қылмыстығы қаншалықты дәрежеге жеткендігіне байланысты. Қылмыстық жағдайға турақталған қүқық бузушылар басқадай себептермен, мысалы достарының ықпалымен, қолайсыз жағдайларды бастан откерген кезде, абайсызда қылмыс жасағандары тәрбиелеуге қарағанда әлдекайда қиынға соғады.

Қылмыс жасаған адам қандайда бір жолдармен өзі басынан өткізіп отырған қысымнан қутылып, өз- өзінің алдында, туыстары, достары мен таныстарының алдында акталуға тырысады. Муны әр тулға өзінше, әртүрлі әдістермен жасайды.

Қылмыс жасаушының жауапкершілігін мойындамау, мундай әрекетке баруға мәжбүр болғандығын дәлел ету көптеп кездеседі. Бузақылық жасап немесе ауыр дене жарақатын келтіргені үшін сотталған адамдар өз әрекеттерін «кінәлі болған адамды үйрету» не «өз тобынан қалмай» немесе «туысын не досын қорғау мақсатында» әрекет жасадым дегенді айтады. Бундай дәлелден біз адамның санасының шатасқандығын, яғни кылмыс пен жақсылық жасау не қорғаудың ара —жігін ажыратуға түсісігінең жетпегендігін көреміз.

Қүқық бузушының санасында өзін-өзі ақтау түсінігінің болуы оны қайта тәрбиелеуде қиындық тудырады немесе мундай жағдайда тәрбиелеуші мен тәрбиелеушінің ортасында «психологиялык қоршау» сотталған адамды тәрбиелеу әрекеттерін қабылдамауға әкеледі. Сотталған адам өз әрекетінің дүрыс еместігін түсініп, өз кінәсін мойындап, жасаған қылмысына өкінуіне қол жеткізу керек. Кінәсін мойындап, өкіну алғы шартарының маңызды бастамасы деуге әбден болады.

Әдетте өкіну «үжданы алдында азап шегу» реттінде көрінсе де, ол әртүрлі болуы мүмкін:

1) жүрекжарды, бар жан жүрегінен және турақты: бас ми қабағындағы доминанты орын адам мінезінің үзақ уақытқа дейін болуы, ол кейде адамды өмірінің соңына дейін ар намысы күйдіреді;

2) жүрекжарды, бірақ тереунен емес өткінші, бас бостандығынан
айрылып, осы турғыда тартатын азатын түсінуден шыққан өкіну;

3) әдет бойынша, жеке басының сезімін ешбір селт өткізбейді;(әдетте ішкіш, маскүнемдер)

4) шын жүректен емес ,алдамшы, жазалаудың қысқа мерзіміне қол
жеткізу «өз жеке басының пайдасына жету» мақсатымен болады;

Әлеуметтік-психологиялық алғы шарттар.

Түзеу мен қайта тәрбиелеуде жақсы жетістіктерге жету үшін қүқықбузушыға келтірілген белгілі ортаның ықпалының әсері дүрыс болуы, тәрбиеші екеуінің өзара қатынастары жайлы болуы керек. Сондықтан кылмыскерді қамауға алғанда оның үрылар заңымен өмір сүрмейтін адамдармен бір жерде болуы шарт. Ал занды жазасын өтеуге колонияға келгенде ның қылмысқа бағытталған топқа енбеуіне жағдай жасау керек, мундай топтар сотталған адамның кайта тәрбиелеуге икемделуіне кері ықпал етеді. Осы сотталған адам жазасын өтеп, бостандыққа шыққанда мүмкіндігінше оның қылмыс жасаған ортасына қайта оралмауына ықпал ету керек. Бостандықа шыққан қүкық бузушыны әлеуметтік-жағымды әсер етіп, оның тәртібі мен өмір сүруіне әлеуметтік турғыдан белгілі бақылау жасайтын үғымға енуіне жағдай тудыру қажет.


Бақылау сұрақтары

1. Психологиялық дайындықтың түсінігі.

2. Сотталған адамның адамгершілігі мен түзелу деңгейінің ерекшеліктері.

3. Сотталғанды жаңа жағдайға психологиялық дайындау.

4. Бас бостандығынан айыру орындарында жасына, жынысына, жаза мерзіміне, қылмыстық әрекетіне және мінез қылығына қарай сотталғандар ТМ жағдайына әртүрлі бейімделеді. Жоғарыда көрсетілген факторлардың қайсысы жағымды және жағымсыз бейімделу процесі барысында манызды болып табылады?

5. Бас бостандығынан айыру орындарында сотталғандардың бейімделу барысында қандай кедергілерге тап болады?

6. Психологиялық және әлеуметтік бейімделудің ерекшеліктерін көрсетіндер?

7. Жаңа әлеуметтік мәдени ортаға адамның бейімделу нәтижесінде қандай сатыларды бөледі?

8. Жаңа ортаға сотталғандарды бейімделу барысында ТМ аға нұсқаушы психологтар қандай көмек көрсетеді және қандай шаралар қолданады?