Пенитенциарлық психология – психология ғылымның салыстырмалы түрдегі жаңа саласы. Оның пайда болуы қоғамда болып жатқан әлеуметтік процестерге негізделген, елдегі қылмыстық және қылмыстық – атқару саясатының әрі қарай адамгершілік бағытты ұстануына байланысты болып отырады.
Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық және тұрмыстық жағдайаттарға байланысты, сонымен қатар кейнгі уақытағы дағдарыстардың әсерінен қоғамда кейбір адамдардың азып тозып кетуі жұмыссыздықтын әсерінен және т.б., себептермен адамдардың психикалық күйнің бұзылуы немесе әлеуметтік тенсіздіктін болмауынан жағымсыз қасиеттерінің туындауы әбден мүмкін, міне солар өмірде қателіктер жіберіп, тіптен қылмыстар жасауға мойын ұсынады.
Өмір жағдайларының өзгеруіне байланысты адамдардың психологиялық ерекшеліктері түрлі өзгерістерге үшырап отырады. Сондықтан бұл адамдар қылмыстық әрекетерге баруы әбден мүмнік, мұның соны бас бостандығынан айыруға әкеп соғады. Олардың біреулері агрессивті болып, жазаны өтеу режимінің талаптарымен өзінің келіспейтіндігін айқындау үшін кез – келген мүмкіндікті пайдаланады. Ал біреулері керсінше өзінің адал еңбектері, үлгілі тәртіптері арқылы өз кінәларын жоюға тырысады. Ал үшіншілері өз-өздерімен жүріп, болып жатқан жағдайларға мән бермей, немқұрайды қарап жүре береді. Сонымен пенитенциарлық мекемелерінде жазасын өтеушілердің көпшіліктерінің реакциялары, психикалық жағдайлары бас бостандығынан айрылған адамдарға тән құбылыс екендігіне көз жеткізуге болады.
Пенитенциарлық психологияның мақсатын үздік жүзеге асыру жағдайында түзеу мекмелерінде біліктілігі және тәжірибесі мол нұсқаушы психологтар болуы қажет. Тәжірибе қажеттілігі қылмыстық жазаларын өтеп жатқан адамдардың психикалық қызметтерінің негізгі дұрыс жолға бағытталуын талап етеді. Осы жағдайдың әсерінен психология ғылымының ерекше саласы – пенитенциарлық психологияның негізі қаланады.
Өзге ғылымдармен бірлесіп әрекет ете отыра, пенитенциарлық психологияның, жеке теориясы мен оның талаптарын тәжірибеде іске асыру қағидаттары, жаңадан дамудың ішкі қисындарына мүмкіндік береді. Пенитенциарлық психологияның психология ғылымынан бөлініп, жеке сала болуы екі критериге негізделеді: Сыртқы және ішкі.
Сыртқы критерий – оның заң ғылымдарының бір қатарымен (қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы, криминология) қылмыстық жазаны орындаудың теориялық және практикалық мәселелерін шешу болып табылады. Пенитенциарлық психологияның мұндай байланысын басқада пәндерден байқауға болады: пенитенциарлық педагогика, түзеу мекемелерінің әкономикасы және т.б. Пенитенциарлық психологияның психология ғылымдарынан бөлінуінің ішкі критериі – оның қисынының ғылыми білім жүйесі ретінде дамуы болып табылады.
Пенитенциарлық психология өз зерттеулерінде белгілі батыс философиясының психикалық құбылыстардың дәлелді негізділігенін адам миының обьектілік шынайылығының көрініс нәтижелері жөніндегі, адам психикасының белсенділігі және сыртқы өмірге өмір жағдайлары мен тұлғаның қызметіне қатысты санасы жөніндегі ережені жетекшілікке алады. Жазаны орындау процесінде туындайтын психикалық құбылыстың жан-жақтылығы, өздігінше сотталғандар өмірінің жағдайлылығы болып табылады. Бұл психикалық құбылыс – жазаны орындауды ұйымдастырғандардың сотталғандарға әсер етуінің салдары болып табылады. Батыстың пенитенциарлық педагогикасында сотталғандардың кейпін бұрмаланған түрде көрсетуге деген көптеген әрекеттері байқалады. Батыс психологтарының зерттеулерінде сотталғандар жазаларын өтеу жағдайында тепе-тең емес мінез-құлқына негізделген психикалық аурудан зардап шеккен адам ретінде көрінеді. Мұндай толғаныстар (трактовка) бас бостандығынан айыру орындарындағы заңсыздық пен қатагездікті ақтауға әкеледі. АҚШ абақты жүйесін зерттеуші Дж. Митфорд былай деп әділ көрсетеді: “бұл теория біздер (қылмыстық әділет жүйесін басқарушы ортабуын өкілдері ақ азаматтар) мен олардың (төменгі буындағы құқық бұзушылар мен басқа да “девианттар) арасындағы ерекшеліктерге өте ыңғайлы және толық ғылыми түсіндірме береді.
Батыс елдерінің психологиялық және криминологиялық әдебиеттерінде жазаны атқару мен өтеудің психологиялық проблемаларын зерттейтін пәндердің бірнеше атаулары бар: “пенитенциарлық психология”, “абақты психологиясы”, “қамаудағылардың психологиясы” және т.б.
Үлкен теориялық және терминологиялық келіспеушілікке қарамастан батыс ғалымдарының бағыттары жалпы қасиеттермен қатар сипатталады Олардың маңыздылары:
1) бас бостандығынан айыру жағдайларындағы сотталғандардың мінез – құлықының өзгеру себептерінің ерекшелігі, мұнда басты роль адам санасының күштеріне (неофрейдизм) беріледі;
2) негізгі ерекшеліктер олардың (биологиялық) физиологиялық толық қалыптаспаған жағдайда сотталғандардың мінез – құлықының өзгеру себептерінің әсерінен түрлі жыныстық психикалық ауытқулар пайда болу мүмкін;
3) сотталғанның жеке басының әлеуметтік оқшаулау жағдайларында түзелуін (толық немесе жартылай) теріске шығару;
4) жеке адамға, оның мінез – құлқын өзгерту мақсатында жазалау, медициналық, хирургиялық, наркологиялық әсер ету ролін ұлғайту.
Осылайша батыс ғалымдары қоғамда қылмыс жасаған адамдардың жеке басының психологиясына және биологиялық (физиологиялық) даму бағытына түрлі көзқарастар тастаған.
Пенитенциарлық психологияның заң ғылымынан дербес сала ретінде бөлініп шығуына қылмыстық жазаны орындау жағдайында пайда болған психологиялық құбылыстар жөнінде факторлардың жинақталуы себеп болды. Жалпы пенитенциарлық психология пенитенциарлық мекемелеріндегі жазасын өтеп жатқандардың психологиясының пайда болу, даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
В.Ф.Пирожков, А.Д.Глоточкин (1975) пенитенциарлық психология пәніне түзеу процесінде қылмыстық жазасын өтеп жүрген сотталғандардың жеке бастарының және топтарының психологиялық функцияларын және заңдылық механизмдерінің факторларын жатқызады.
В.Л.Васильев (1991) былай деп санайды пенитенциарлық психология қылмыс жасаған адамдарды қайта тәрбиелеудің психологиялық жағын, дұрыс әлеуметтік орта тіршілігіне бейімделуін және оларды еңбек іс әрекетіне қатыстыруды, сотталған жеке тұлғаның өзгеруін, оның бағытын, көз қарасын түзеуге ықпал ететін факторларын, сотталғандар ұжымының құрылымын зерттеу керек, сонымен қатар сотталғандарды қайта әлеуметтендіру және қайта тәрбиелеу бойынша практикалық ұсыныстарды құрастыру жөн.
М.И. Еникеев (1996) пенитенциарлық психология аңықтамасына сотталғандарды қайта әлеуметтендіру және тәубесіне келу ұғымдарын жатқызады өйткені пенитенциарлық психология қайта әлеуметтендірудің психологиялық негіздерін зерттейді. Қайта әлеуметтендіру дегеніміз бұл қоғамда тіршілік ету үшін жеке тұлғаға қажет, бұрынғы бұзылған әлеуметтік қасиеттерін қалыптастыру болып табылады. Осыған сүйіне отыра пенитенциарлық психология жазаның тиімділігін, жазаны орындау процесінде сотталған тұлғаның өзгеруін, түзеу мекемелерінің әртүрлі режим жағдайында және әлеуметтік оқшаулау жағдайында оның түрлі әрекет ерекшеліктерінің қалыптасуын зерттейді деп пайымдаған.
Қылмыстық - атқару құқығымен өзара әрекет ету негізінде пенитенциарлық психология сотталғандарды қайта әлеуметтендіру бойынша ұсыныс жасап, психологиялық тұрғыдан құқық бұзушы тұлғаның түзелуіне әр түрлі әдіс- тәсілдерді қолданған жөн болады.
Қылмыстық-атқару заңдылығында жаза мемлекеттің қолданатын еріксіз көндіру ерекше шарасы болып табылады, мұнда жасаған қылмысына басымен жауап беріп бостандығынан айрылып жазалау шаралары қолданылады. Осының теориялық негізінде сотталғандардың түзелу және қайта әлеуметтендіру процессі құрылады.
Жаза – бұл әлеуметтік жанға жағымсыз санкциясын қолданумен жеке тұлғаның немесе әлеуметтік топтың құқық бұзушылық әрекеттерін жасау кезіндегі жүзеге асырылатын шара болып есептеледі.
Жазаның мақсаттары әр түрлі болу мүмкін: қорқыту, қысас, түзеу, басқаларға насихат ретінде жазалау.
Түзеудің түсінігін әр түрлі пайымдауға болады. М.И.Еникеев (1996), Ю.В.Чуфаровскийдің (1995) пікірінше бір жағынан жеке тұлғаның түзелу негізінде өзіндік кінәсін мойындау - өкіну және өзіндік айыптаушылық, жазаны төзімділікпен өткізу, өзін құқықтық тәртіпке бағыттау болса, ал екінші жағынан жазаны өтеушілердің кейбіреулері өкініп қана қоймай сонымен қатар олар өзінің жасаған қылмыстық талабын одан әрі арттырады.
Түзеу мекемелерінің стратегиялық мақсаты – қылмыскерді қылмыстық ортадан тартып алу, көз – қарасын түзеу, құқықтық бағыт бағдар беру болып табылады.
Пенитенциарлық психология бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген сотталған адамдардың және ТМ қызметкерлер ұжымының психикалық іс әрекетінің механизмдерімен заңдылықтарын, факторларын зерттейді.
Осымен пенитенциарлық психология объектілеріне мыналарды жатқызуға болады:
- сотталған тұлғаның қайта әлеуметтендіру процесінде және жазаны әртүрлі жағдайда өтеу барысында қабілетінің және ерекшеліктерінің өзгеруі;
- сотталғандардың қауымдастығы, олардың әлеуметтік-психологиялық сипаттамасы, субмәдениеті, сотталғандардың арасында төменгі сатыдағылардың жоғарғы сатыдағыларға бағыну тәртібі;
- қылмыстық жазалау қызметін орындап жүрген ТМ қызметкерлер ұжымы, олардың түзеу процесін ұйымдастыруы бойынша іс әрекеті;
- сотталғандарды түзеу және қайта әлеуметтендірудің басты психологиялық әдіс - тәсілдері.
Психологтың практикалық іс әрекеті және мамандығы ретінде пенитенциарлық психология келесі бағыттармен байланысты:
- сотталғандарды психологиялық диагностикадан (зерттеуден) өткізу;
- сотталғандардың әрекетерін коррекциялау (түзеу);
- сотталғандарға психологиялық консультация беру;
- ТМ қызметкерлерін психологиялық тұрғыдан даярлау.
Пенитенциарлық психология құрылымы.
Пенитенциарлық психологияның дербес өзіндік бір қатар бөлімдері бар: тарих, методология және т.б.
Ғылым тарихында ғылыми-теориялық концепцияның пайда болуы қалыптасуы мен ауысуы, ғылыми-тарихи жағдайларға байланысты олардың тәжірибеге ену ерекшеліктері көрініс табады. Пенитенциарлық психология ғылымының тарихи бөлімін әзірлеу оның теориясының баюына әсер етеді.
Бұл ғылым методологиясымен теориялық концепцияны әзірлеу мен зерттеудің аспапты аппаратын (әдістер, әдістемелер, процедура мен зерттеу техникасын) әзірлеу үшін қажетті қағидалар мен заңдар, категориялар жиынтығын құрайды.
Пенитенциарлық психология методологиясы – бұл дамудың ішкі қисыны мен теорияның құрылу қағидаттары жөніндегі ілім.
Пенитенциарлық психология басқа ғылымдар сиақты жалпы теоретикалық – методологиялық принциптерді тереңінен меңгеріп, оларды шығармашылық түрде өңдеп, осы негізде өз әдістемелік қағидаттары мен зерттеу әдістері жүйесін құрайды.
Отаңдық психологияның жалпы әдістемелік қағидаттары пенитенциарлық психологияға қатысты келесі функцияларды қолданады:
- Детерменизм қағидалары жеке адам ерекшеліктеріне, оның өмір салты мен тұрмыстық психологиясына байланысты негізделе отыра сотталғандарды. Тең өмірлік қызметтерін басқару қажеттілігін көрсетеді.
- Психикалық көрініс қағидалары (психиканың рефлекторлық табиғаты) психиканың белсенді сипатын негіздей отыра, сотталғанды тек обьект ретінде ғана көрмей, сонымен қатар спецификалық қызметке еніп, тек қоршаған ортаны ғана өзгертпей өзін де өзгертетін белсенді субьект ретінде көруді талап етеді.
- Тарихилық қағидасы мен адам психикасының әлеуметтік негізділігі адамды қалыптастыру тарихы мен себебін, әлеуметтік көзін сипаттай отыра, сотталғандардың түзелуі бойынша жұмыста олардың топтары мен жеке адамдардың психологиясына негізделетін қоғамдық дамудың әр кезеңінде күші бар әлеуметтік – тарихи факторларды да есепке алуды талап етеді;
- Даму қағидасы адам психологиясының өзгеру заңдылықтарын аша отыра, сотталғандардың түзелу мүмкіндіктерін негіздейді;
- Жеке адамның ыңғайын таба білу қағидасы жеке адамдық психикалық процестер, жағдайлар мен қасиеттер құрамы ретінде түсінген кезде түзелу процесін өзгерту кезінде бөлек психикалық функцияларды емес сотталғанды бүтін тұлға ретінде өзгертуді қажет етеді;
- Жеке адамның кызметінің, санасының бірігу қағидасы оның кызметтегі психологиясының саналы түрде қалыптасу заңдылығын көрсете отыра, сотталғанның түзелу мақсатын да белсенді қызмет (қоғамдық пайдалы еңбек, жалпы білім беру мен кәсіби – техникалық оқу, тәрбиелеу шаралары) пен сотталғанға жағымды әсер ету мүмкіндігі бар жеке адамдар арасындағы қарым – қатынастарды талап етеді.
Жалпы методологиялық қағидалар мен тарихи және диалектік, материалистік тәртібінде пенитенциарлық психологияның спецификалық принциптері қалыптасады:
- бір жағынан әрбір сотталғанды белгілі бір жағдайлар арқылы түзеу мүмкіндігін реттеу, ал екінші жағынан – құқық бұзушының “өзгеруі” немесе “қайталауы” түзелу процесінде кездесетін шынайы қиындықтарды көрсетуге негізделетін қағидалар;
- адамгершілік қағидасы сотталғанның жеке басының адал еңбек өміріне, заңға бағынушы азаматтардың әлеуметік тәжірибесіне, қоғам талаптары мен оның нормаларына үйрету арқылы қайтару мүмкіндігін негіздейді;
- сотталғанның жеке басы түзелуінің бүтіндік процесс қағидасы сотталғанды түзей отыра оның жағымсыз қасиеттерін, әдеттері мен пікірлерін “тамырсыздандырып” қою ғана емес, сонымен қатар оның бойына жеке адамның әлеуметтік жаңаруына көмектесетін жағымды қасиеттердің қалыптасуымен қорытындыланады. Бүтіндік қағидасы, сонымен қатар жеке адамның бөлшектеніп тәрбиеленетінін көрсетеді;
- дифференциалды және жекелей ыңғайын таба білу қағидасы сотталғандардың әлеуметтік – топтық (жас, жыныс, криминологиялық) және жеке басы психологиялық ерекшеліктерін көріп, оны сотталғанның түзелу процесінде есепке алуды талап етеді.
Пенитенциарлық психологияның жанамаланған жалпы және арнайы қағидаларының жиынтығы мынандай нәрселерді айқындайды және сотталғанның түзелуінің психологиялық теориясының негізін құрайды: сотталғандардың топтары мен жеке басының психологиялық ерекшеліктері, олардың қалыптасу кездері мен себептері, түзелу мақсаты, жазаларын өтеу процесінде жеке адамның әлеуметтік өмірге оралу жолдары мен жағдайлары, сонымен қатар сотталғанның жеке басының ТМ ортасы мен ұйымдастырылған әсер ету жүйесінің әсерімен түзелу заңдылықтары.
Пенитенциарлық психологияда қолданылатын әдістер.
Пенитенциарлық психология көптеген әдіс – тәсілдерді қолданады.
Ұйымдастырушылық әдістер: лонгитюдты (бір адамды ұзақ уақыт бойы бірнешірет зерттеу); әр түрлі тәсілдерді қолдана отыра кешенді зерттеу әдісі (объектіні әртүрлі ғылым өкілдерімен зерттеу).
Әмпирикалық әдістер: байқау және өзін өзі байқау, әксперимент (табиғи және лабораториялық); психодиагностикалық әдістер (тесттер, анкеталар, сұрақ - жауап, социометрия, сұхбат, әңгімелесу), өмірбаянын талдау әдісі.
Деректерді талдау әдісі: сандық (статистикалық) және сапалық (топ бойынша материалдарды сараптау) талдау.
Сотталғаның жеке басына психолого – диагностикалық әсер ету әдісі: психолог мамандары және ТМ барлық қызметкерлерімен қолданылатын әдіс. Нұсқаушы психологтар коррекция әдістерін жиі қолданады олар: аутотренинг, топтық тренинг, психотерапиялық әсер ету тәсілдері.
Аутогендік жаттығу. Оның пайда болуы және тарауы неміс ғалымы психотерапевт И.Г.Шульцтің есімімен байланысты. Аутогендік жаттығу организмнің әртүрлі жүйке жүесінің тозуы және функциясының бұзылуының алдын алу және емдеу әдісі ретінде әлемде кең тарады. Ол әкстремальды жағдайында адамның күйін бақылауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар аутотренинг түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жүрген сотталған адамдардың психикалық процестерінің дамуына және күйзелу әрекетіне ықпал ету әдісі ретінде қолданылады.
Әлеуметтік-психологиялық тренингтің әдістемелік негізін өзара әрекетестік сендіру және иландыру әдістемелері құрайды.
Топтық тренинг. Кең мағынада алғанда топтық әлеуметтік – психологиялық тренинг арқылы қарым қатынастың әртүрлі жағдайында, дағдылыққа, икемділікке, қарым – қатынасқа, өзін қалай ұстай білу керек екендігіне икемдейді. Топтық тренинг түрлерінің арасында психодрама тренингі ТМ –де маңызды орын алады. Егер проблема нақты белгілі болған жағдайда ол алдын – ала келісілген сценарий бойынша өткізіледі. Жалпы топтық тренингтің мақсаты адамдарды психикалық ауыр күй кешкен, депрессиялық, қобалжу деңгейін төмендету үшін түзету жұмыстарын жасауға мүмкіндік береді және психикалық дағдарысқа ұшыраған жағдайда адамды бір мезгіл босаңсытып жеңілдетеді.
Психокоррекция – бұл әсер ету әдісі болып табылады. Мұнда алдымен сотталған адамды босаңсытады немесе белсендіреді содан кейін коррекциялық әрекет әдісі арқылы адамның психикалық кейпін қалпына келтіреді. Психокоррекцияның негізгі мақсаты сотталған адамды әлеуметтік деңгейде өзін қанағаттанарлық етіп сезінтеді және көзқарасын түзеп оң жолға бағыттайды.
Психологиялық консультация беру. Арнайы қарым қатынас процесін ұйымдастыру арқылы сотталғандарды қосымша психологиялық күш қуатымен қабілеттерін ынталандыруға болады, сонымен қатар өмірдің қиын жағдайынан шығу жолдарын іздестіруге мүмкіндік береді. Сотталғандарға консультация жүргізу барысында төмендегідей сауалдар туындайды :
1. Басына әлде қандай ауыртпалық түсіп қиын жағдай кешкен адаммен оған көмек көрсететін психологтың арасындағы пайда болатын процесстің мәні неде?
2. Психолог консультантың жеке басының қажетті қасиеттері, анықтамасы, білімі және икемділігі қандай болу керек?
3. Консультация барысында сотталғандардың іштей қандай мүмкіндіктері мен қабілетіліктері туындау мүмкін?
4. Консультация барысында сотталғанның өмірінде пайда болған аса күрделі жағдайға қандай қажетті кеңес бере алады?
5. Көмек беру барысында консультант саналы түрде қандай қажетті техникамен әдіс тәсілдерді қолдануы мүмкін?
Консультацияның негізгі моделіне жататындар:
1) өмірлік икемділік тренингі;
2) адам аралық қарым қатынас икемділік тренингі;
3) проблемаларды шешу және шешім қабылдау тренингі;
4) салауатты өмір салтын ұстану тренингі;
5) қабілеттігін дамыту тренингі;
6) тұлғаның жеке басының дамуына, дұрыс бағытталуына көмек беру.
Консультациялау моделі пенитенциарлық мекемеде өмір жағдайына сай психикалық ауытқулардың анықталу және даму кезінде (ішімдік, нашақорлық, қатыгездік әрекет, қақтығыстық) қолданылады.
Соттық – психологиялық әкспертиза әдісі. (СПӘ) соттық әкспертизалардың бір түрі болып табылады. Оның негізгі мақсаты патологиялық емес психологиялық ауытқуларды ғылыми түрде анықтау болып табылады. Ол келесі кезеңдерден тұрады: алдына ала зерттеу; мән – жайды анықтау, әксперттік зерттеулерге мүмкіндік туғызу; әкспериментальды зерттеу немесе ұзақ байқау жүргізу, психодиагностикалық тестерді қолдану; қортынды жасау және оны сотта жариялау. Соңғы кезеңінде жеке тұлғаның жалпы психологиялық құрылымы жөнінде қортынды жасалады.
Пенитенциарлық психологияның ғылым жүйесіндегі орны.
Пенитенциарлық психология психология салаласындағы басқада маңызды әлеуметтік проблемаларын зерттейді. Пән ерекшеліктері мен осы ғылым мәселелері оның өміршеңдігі мен қажеттілігін негіздейді. Мұны психологтар ғана емес, сонымен бірге заңгерлер де қолданады. Орыс ғалымы психолог В.Л. Артамоновтың ойынша : “Ерекше өмір жағдайларында жатқан адам психикасы заңдылықтарын білмей түрып, сотталғандардың түзелу мәселелерін шешу, шара қолдану мүмкін емес”.
Пенитенциарлық психология өз спецификалық мәселелерін зерттей отыра, басқа психологиялық және заң ғылымдарын байытарлық мәліметтермен қамтамасыз етеді. Осы қатынаста жазаны орындаушы органдардың тәжірибелік қызметі пенитенциарлық психология үшін үлкен мүмкіндіктер көрсетеді. Жазаны орындауды ұйымдастыру процесінің өзі жеке адамды жүйелі түрде барлық адамдық қасиеттері мен кемшіліктері көрінетіндей етеді. Мұның бәрі қорытындылай келе ерекше жағдайларда адам психологиясы жөнінде арнайы білім алуға, адамның психикалық болмысының қалыптасу заңдылықтары жөніндегі жалпы психологиялық білімдерін тереңдетуге мүмкіндік береді. Соңдықтан да пенитенциарлық психологияның басқа ғылымдармен өзара байланысы осы ғылымдардан алынған мәліметтер есебінде байқалады, ал бір жағынан – оның өзі, өзіне қажетті мәліметтерді алып тұрады.
Пенитенциарлық психология заң психологияның саласы ретінде басқа да салалармен байланысты, олар: криминалды және сот психологиясы. Бұлардың байланыстылығы қылмыскердің өткен өмірі жөнінде мәліметтерді айқындау және жасаған қылмысы жөнінде, жасаған қылмысына қатынасы жөнінде және оның сотпен тергеу алдындағы тәртібі, шешім қабылданып тағайындалған жазаға қатынасын анықтайды.
Пенитенциарлық психология үшін қылмыс жасаған адамның жеке басы туралы мәліметтер өте маңызды: оның себебтері, дәлелдемелердің тергеу мен сот процесінде қайта қаралуы. Пенитенциарлық психология сонымен қатар сотталушының жасаған қылмысы мен белгіленген жазасына деген қатынасынан мәліметтер жинап жазаланушының жеке басын анықтайды. Осындай жағдайларды есепке алудың негізінен сотталғанның жазасын өтеу барысында жеке басының түзелуіне маңыздылығын тигізеді. Мұндай кезде алынған мәліметтер қылмыскердің қатыгездік әрекеттерінің психологиясын зерттеуге, яғни сотталғаның жеке басын толық анықтауға оны жазасын өтеу барысында психологиялық көмек беруге және бостандықтағы жаңа өмірге дайындауға айтарлықтай көмегін тигізеді.
Сотталушы мен сотталғанның жасаған қылмыстары мен белгіленген жазаларына деген көзқарастарының динамикасын зерттеу соттық психология үшін де өзекті мәселенің бірі болып табылады. Жиналған мәліметтерді есепке алу сот процессінің жеке адамға тәрбиелік әсер ету тиімділігінің артуына жағдай туғызады.
Пенитенциарлық психологияның басқа ғылымдармен байланысу түрлері әр түрлі болуы мүмкін, бірақ ішіндегі ең маңыздысын төмендегідей байқауға болады :
- Негізгі ойларды, теориялық ережелер мен басқа ғылымдарды жалпы қорытындыларды қолдану (жеке адамның психологиясының әлеуметтік негізделуі; жоғарғы жүйке қызметі жөніндегі ілім)
- Басқа ғылым әдістерін қолдану (ТМ фактілі материалдарды жинау үшін)
- Басқа ғылымдардың нақты анықталған мәліметтерін қолдану (мысалы, криминалогияның қылмыстық құрылым жөніндегі статистикалық мәліметтерін және пенитенциарлық – психологиялық зерттеудің басты бағыттарын таңдау жөнінде)
- Кешенді түрде пенитенциарлық – психологиялық, пенитенциарлық – құқықтық және пенитенциарлық – педагогикалық зерттеулердің, нәтижесінде алынған нақты мәліметтерді талдау және интерпретациялау, бірнеше ғылымдардың түйісуінен шыққан әзірлемелер тұжырымдамасынан қортынды шығару.
Сонымен, пенитенциарлық психология психологиялық білім “ағашының” бір “бұтағы”. Сонымен қатар нақты психологиялық құбылыстарды зерттеуде пенитенциарлық психологияның “жеке”, өз спецификасы бар. Осындай өзгешіліктерінің арқасында психология ғылымын басқа салалардан ажыратуға болады. Бұл өзгешеліктер, біріншіден, зерттеу ерекшелігінде, екіншіден, оның заң ғылымдарымен жақындығында, үшіншіден, оның категориялары мен ұғымында.
Пенитенциарлық психология проблемалары.
Пенитенциарлық психология пәнінің зерттейтін психикалық құбылыстарының шеңбері ішінде адамдар қызметінде (қызметкерлер, қылмыстық жазаны өтеушілер) әр түрлі мәселелердің туындауы мүмкін.
Отандық пенитенциарлық психологияның негізгі мақсаты – сол немесе басқа шынайы психикалық процестер, жағдайлар мен қасиеттердің неден туатындықтарын анықтап ашу, олардың сипаттық қасиеттерін табу, ішкі құрылымдарын талдау; қылмыстық жазаны орындау жағдайларында оның даму тенденциясы мен көріну нысанын айқындау және осы негізде сотталғанның түзелу психологиялық теориясын әзірлеп, алдын алу шараларын қолдану.
Пенитенциарлық, психология екі түрлі факторды зерттейді:
1) әлеуметтік – психологиялық;
2) жеке тұлғалық-психологиялық;
Әлеуметтік – психологиялық зерттеулер бойынша ТМ көпшілігінде жаза топтық түрінде өтеледі. Осы спецификалық топтағы адамдардың іс әрекеттері (сотталғандар) ұйымдастырылған еңбек ұжымы арқылы, қарым қатынас, кәсіби дайындық және жалпы білімдік оқу, осындай әлеуметтік –психологиялық құбылыстардың айқын көрінуі, иландыру, електеу, психикалық қоздыру, көшбасшылық, топтық пікір және көңіл күй, әдет ғұрып салт дәстүр, топтасқандық, қақтығыстық және т.б. осы іс әрекетердің көрінісін пенитенциарлық психологияның әлеуметтік психологиялық факторлары зертейді. Өз негізі бойынша ол әлеуметтендірілген: оның мақсаты, жету құралдары нәтижелері толығымен қоғамдық факторларға негізделген. Мұнан басқа, ол сәйкес үлгіде ұйымдастырылған, құқық нормаларымен реттеледі. Жазаны орындаушы органдар түзелуге әсер ету процесі мен жазаны өтеуді реттейтін заңдар мен зандылық актілерін қатал сақтап ғана қоймай, олардың шаруашылық, өндірістік және басқа да қызметтерін орындайды. Сотталғандар өз кезегінде өздерінің еңбек, оқу қызметтеріне, тәрбие шараларына қатысуын реттеп, жазаларын өтеу жағдайы мен тәртібін анықтайтын заң талаптарын қатал сақтауға міндетті.
Отандық пенитенциарлық психология, әр бір жеке адамға: жазаны орындатушы орган қызметкеріне, жазаны өтеуші сотталғанға тән жеке бастық – психологиялық фактілер мен психикалық ерекшеліктерді зертейді.
ТМ қызметкерінің қызметтік сипаты мен әлеуметтік дәрежесі сотталғаннан басқа болуына және олардың жеке бастылық – психикалық ерекшеліктерінің (жеке адамның бағыттылығы, оның әмоционалды – ерікті саласы, психологиялық жағдайы) әртүрлілігіне байланысты көрсетілген екі негізгі мәселе ретінде психология ғылымының теоретикалық аспектілері көрінеді. Жазаны атқарушы органдардың басты мәселелерінің бірі – сотталғанның түзелуі және оның жемісті шешілуі, дұрыс жолға түсуі – сотталғандар ұжымы мен топтарының асоциалды (қоғамға қарсы) мінез – құлықтарын жою және психикалық ерекшеліктерін зерттеу болып табылады. Сотталғанның дұрыс жолға түсіп, психикалық күйзеліс күйден арылуы, қоғамдық дұрыс көзқарас қалыптасуы, әлеуметтік өмірге дұрыс азаматтың оралуы және қылмысын қайталамуы тәрбиешілер мен ТМ қызметкерлерінің еңбегінің жемісті екендігін көрсетеді..
Пенитенциарлық психологияның практикалық мақсаты бас бостандығынан айыру орындарында жағымсыз құбылыстардың ықпал етуімен байланысты. Осы жайлы төмендегі факторлардан көруге болады:
- рецидивті қылмыстың өсу деңгейінің тоқтамауы;
- жазалау шараларының әсерінен рецидив деңгейінің тұрақтылығы төмендемейді (ұзақтығы 5-7 жылдан жоғары бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеген адамдар психикасында жағымсыз із қалдырады, ал түрме оларға түзеу орны емес керсінше қылмыстық кәсіби мектеп ретінде болады);
- бас бостандығынан айыру орындарында сотталғандардың өмірлеріне шек қойылуына байланысты олар өзіндік субмәдениеттерін және түрмелік жеке ұйымдарын ұйымдастырады;
- бас бостандығынан айырудағы оқшаулау орнында ұзақ уақыт бойы бір жыныстық ұжым мен болғандықтан оларда әртүрлі жыныстық ауытқулар байқалады.
Пенитенциарлық психологияның мақстарының бірі сотталғандарды бас бостандығынан айыру орындарына бейімдеу болып табылады, оларды бостандықтағы өмірге психологиялық тұрғыдан даярлау, күнделікті тәртіптік жүйеден мінез құлқын өзгерту және әр түрлі әдістемелермен, нұсқаулықтар арқылы алдын алу жұмыстарын жүргізу.
Психологиялық қызметтегі қызметкерлердің алдына тұрған келесі басты міндеттері : сотталғандардағы бар психикалық ауытқуларды анықтау, қашуға, өзіне өзі қол жұмсауға, қатыгездік әрекетке, кепілдікке алуға бейім, қызметкерлерге шабуылдау, теріс бағыттағы кіші топтарды құруға, түрмелік заңдарды насихаттау, режимді қасақана бұзушыларға бағдарлама құрушылар, қоғамға қарсы әрекетті адамдармен жұмыс істеу, өзіндік заңдарын сақтамағандарға жазалау әрекетін ұйымдастыратын, өз аралық дәрежелерін алатын орындарын және атқаратын қызметтерін өзгерту қылықтарын анықтау және шара қолдану.
Бақылау сұрақтары
1. Ювеналды және пенитенциарлық психологияның пәні мен міндеттеріне сипаттама беріңіз.
2. Пенитенциарлық психология құрылымын атап беріңіз.
3. Пенитенциарлық психологияда қолданылатын әдістерді сипаттап, салыстырмалы кесте жасаңыз.
4. Пенитенциарлық психологияның ғылым жүйесіндегі орнының маңызы.