14. Сотталған адамдардың әлеуметтік беймделуі және жаңа жағдайдағы өмірге сотталған адамдарды психологаялық түрғыдан дайындау.


Сотталған адамның жаңа ортада үйренудің алғашқы кезеңінде оның тәртібіндегі шыдамаушылық, оның жаңа ортаның жағдайын қабылдап, оған үйренуге дайындалғаның болмау мен түсіндіреміз. Психологиялык дайындық өмірдің жаңа жағдайына , жаңа еңбек шарттары мен турмысқа сәйкес келетін психологиялык қалпы мен әдеттерінің беймділігі.

Психологиялық дайындықтың кажет болуы сотталған адамдардың жаңа ортаға түсіп, қиыншылықтарға кезігуі, бурынғы өмір суру калпының қазіргіден айырмашылығ көп болуы мен байланысты.

Сотталған адамның психологиялық дайындығының түрлері:

Сотталған адамның психологиялық дайындығының айырмашылықтарын білу қажет:

1. қоғамнан алшақтай отырып, қылмыстық жазасын өтеу;

2. бір ТМ-нен екіншісіне, бір колониядан тәртібі басқа екінші колонияға, колониядан түрмеге, түрмеден колонияға ауысумен байланысты жағдайдың өзгеруіне;

3. кылмыстық жазасын бас бостандағынан айырмай, міндетті түрде еңбекке тартумен өтеу;

4. жазаны өтеуден босату мен байланысты бостандык өмірге деген өзгерісі. Сотталған адамнын бас бостандығынан айыру жерінде қылмыстық жазасын өтеуге психологиялық дайындық тергеу изоляторында өтеді. Оның мақсаты — сотталған адамның жаңа ортаға түсуімен байланысты оның бойында туындаған теріс әрекеттерді болдырмау, оның бойнан өкіну, өзің тергеу мен сотта адал устауға икемдеу. Сот үкімі шыққанан кейін психологиялық дайындык сотталған адамның келешек өміріне деген мақсаты туындап, оған жетуге деген талпыныс тудыруға, бағытталады, түзелуге бейімделуге үмтылдыруға бағытты. Психологиялық дайындықты сонымен қатар сотталған адамды бір колониядан екіншіге, немесе түрмеден колонияға ауыстыру кезінде де қажет, егер сотталған адамның жағдайы жақсарған болса, онда оның бойында берілген жеңілдіктерге жақсы кезқарас қалыптастыру; өзіне көрсетілген сенімді ақтауға деген умтылыс тудыру, жаңа ТМ-де өндіріс қызметімен өмір жағдайына деген көзқарасының дурыс болуын калыптастыру өте маңызды болып табылады.

Бостандыққа деген психологиялык дайындықтың қажетті шарты сотталған адамның өзін бағалау мен үйрену деңгейін өзгерту болып табылады. Жасалған зерттеуден біз аса кауыпті рецедивистер мен жоғары дәрежеде жүретін сотталған адамның өздерін бағалау дәрежесі көтерінкі екенін көреміз, ал булардан төмен қатарда, яғни қарапайьш сотталған адамдарда бул төмен болады. Сондықтан бірінші тулғаларда бүл деңгейді төмендету, ал екіншілерде көтеру кажет. Сотталған адамдарға оның әлеуметтік мәртебесі көтеріп, осы жолда кездесетін қиындықты жеңудің жолдарын ашып көрсету, осы қиындыктарға мойымауды түсіндіру керек, оның бойында жасаған қылмысының кінәсін қолонияда қиындықтар мен ауыртпашылықтарды басынан өткізу арқылы ақтауға деген талпынысты тудыру керек.

Уақытындағы психологиялык дайындық сотталған адамның колонияға келген алғашкы күйінен бастап, барлық жазасын өткізу уақытында жасалады. Бостандыққа шығуға екі-үшай калғанда тікілей психологиялық дайындык басталады, ол сотталған адамның шығатын күні соңғы әнгімелесумен аяқталады. Бул кезеңде жергілікті басқару органдарымен байланысты, босттандыққа шығатын адамға жумыс іздеп, ол еңбек ететін үжыммен байланысты, оның түрмыстық жағдайының дурыс болуына ықпал жасалады.

Психологиялык дайындыктың қағидалары.

Сотталған адамды психологиялық дайындығы жоғары идеялық-рухани негізде, барлық тәрбиелік жумыстар жүйсіндермен үздіксіз байланысты болуы мумкін. Бул туста сотталған адамның тулғасында алуы мен адамдық қасиеттер мен қоршаған ортаның жағдайына өң көзқараспен қарауды тудырады.

Жүргізілген дайындықтың сотталған адамның алуындағы өмір жағдайына неғурлым сәйкес болуы.

Егер сотталған адамның бойында жаңа өмір жағдайына қажетті қасиеттері болса, ол жаңа әлеуметтік ортаға соғурлым нәтижелі икемделеді. Сотталған адамды жаңа "жағдайға икемдеуге алдын-ала үйреткенде оған кол жеткізуге болады.

Осы мақсатта тәрбиешілер:

а) сотталған адамдардың баратын жеріндегі өмір жағдайын біліп, осы туралы оған дүрыс мәліметтер беруі керек.

б) психологиялық дайындық кезіңде жасалатын ситуациалардың сотталған адамның баратын жаңа ортаның жағдайына неғурлым жкын, уқсас болуына қол жеткізу.

Жүйелілік және ілгерлік. ТМ-де психологиялық дайындық белгілі жүйі бойынша жүзеге асады. Ол адлын-ала жасалған жоспар бойынша, сотталған адамдардың жаңа ортаға біртіндеп үйрену жолымен жасалар.

Жалпы және жекелей әсер ету.

Психологиялық дайындық барысында сотталған адамның әлеуметтік-топтың ерекшелігіне көңіл бөлу қажет. Бул әиелдер не ерлер, ерекшеліктеріне жасөспірімдерді алуындағы өмір сүру кажетті деген әртурлі пікірлерінің туындаиды.

Жеке адамдағы жағымды қасиеттерді белсендіру.

С.Л.Рубинштейн бьілай деген «адамның кешілігін жойғысы келсе, оның жаксы қасиеттерін іздеу керек» яғни қамауға алынған адамдардың касиеттеріне өзіне сай деңгейге келтіру. Адамның кемшілігімен куреске түсе отырып, оның өзінен одақтастарды іздеу керек.

Сотталған адамның бойынан жаксы қасиеттерді табу өте қиын немесе рухани кемшілік, қате көзқарас пікірлер, мінезінің жағымсыз жақтары адам басындағы барлық жаксылығын көмескілетіп, жасырып турады. Сотталған адамның бойынан жақсы қасиеттерді таңып қана қоймай, оның көзін осы бойындағы қасиеттердің бар екенің жеткізіп, қоғамға қажет адам болуға икемдеу аса маңызды болып табылады.

Сотталған адамдарды психологиялық даярлаудың түрлері мен әдістері. Жалпы психологиялық дайындықтын топтык және жеке әсер ету түрлері болады.

Жеке психологиялык әсер ету оның ішкі мумкіншіліктеріне сүене отырып жеке адамға ғана қолданады.

Үжымдық (топтык) психологиялық әсер етуде етуде көпшіліктің пікірі, топтың көңіл-күйі, оларды иландыру мен сендірудің механизмі аса маңызды. Мунда әрбір адамның катысуы жетістікке жеткізеді, яғни өзі бір-біріне сену,

бір үшін бірі мүдделу болу. Мұндай ужымдағы адамның соны 10-12-ден аспауы керек.

Психологиялық алдын-алу және психологиялық терапевтік әңгімелесу алдын-ала жасалған жоспар бойынша жүзеге асырлады. Бүл жоспарда сотталғаның жекелей және топтык ерекшеліктері ескеріледі.

Сотталғандармен әңгімелеуде оған келесі мәлеметтер берілу керек.

1) жазасын өткеретін жердің жағдайы;

2) қүқықтары мен міндеттері;

3) келешектегі мүмкіншіліктер, яғни уакытынан бурын босату, соған талпынудың жолдары;

4) колониядағы кәсіби-техникалык, жалпы білім беру оқытулары тур;

5) қай жерде , қалай заңгердің көмегін алатының тур;

6) өз-өзімен жумыс жасау, денсаулығын сақтау;

7) жазасын өткізетін жердің тәртібін бүзудын салдары тур;

8) арнаулы профилактикалық мәселелер түр .

Сотталғандар жаңа өмір жағдайына әртурлі, оңтайлы не жайсыз бейімделеді.

Оңтайлы бейімделудің белгілері сотталған адамның тәртібі өзі білген жағдай туралы ақпараттың нақты болуына сәйкес келеді, оның жазаны өтеу орнының тәртібін усталуы, өзінің тәртібі мен сезімін бақылай алуы.

Жайсыз бейімделу-сотталғанға дейінгі психиканың денсау болып саналаған адамның бойынан психопатологиялық белгілердің көрінуі.

Оңтайлы бейімделудің жоғары деңгейлі реакциасы-сотталған адамның өзінің жағдайын нақты түсініп, оны келешекте жақсартуға умтылуы, өзінің колониядағы жағдайы заңды жолдармен жаксартуға талпынуы булар түзелу жолына түскендердің арасынан өздеріне дос іздейді.

Орташа деңгейі өздері білген мәліметтерді ескере отырып, өзінің жағдайын дурыс бағалайды, ортадан жеттістіктігін нақты керіп, мүмкіндіктерге дурыс қарайды олар өз кіналарын толығымен не көбінесе мойындайды, оладың өкінулері жереңкел шыққан жүрекжарды болады.

Төмен деңгейілі ез жағдайына қажетінше баға бермейді, олардың көпшілігі тек бірінгісімен ғана өмір суреді келешеке аса көп ойланбайды. Булар үшін колония туған үйіндей болып кетеді.

Жайсыз бейімделу будан бурын психологиялық дені сау болып саналған адамдардың бостандығымен айрылуымен байланысты туындаған тәртібінің салғырттығы, бул яғни қамаудан қорқу, мундай адамдар камераға камалғанда әрлі-бері жүріп, тынышсыздалады бул көбнен ақылдан шыққандарға тән.

Қауіптелу- депрессиялық реакция: өзін салғырт сезіну, бәріне бейтарап қарау, алға деген үмітінің үзілуі, өзінің жағдайына өмірінің соңымен теңеу, бәрінен қол узу, олар қауіптеніп, толкып, шамадан тыс мазасыз болады.

Негативтік-депрессиялық реакция: алдынғы аталған белгілермен бірге бос бостандығынан айрылғанын немқурайлы карау, жасаған кылмысына өкінбейді, талаптар мен тәртіпке көнбейді.

Немқурайлы байбаламдық реакция: өзіне басқалардың көңілін аударту, баскалардың езіне әділетсіз жапа шеккенге деген көзқараспен қарауына талпыну, олар барлығына қанағаттанарлықсыз куйде, бәріне өкпелі, ренішті болады.

Бейімделу фазалары.

Бейімделудің ең жауапты фазасы ол жаңа сотталған адамдардың көптеген қиыншылықтарға кездесіп, оның өмірге койылатын жаңа талаптарымен бетпе-бет келуі.

Алғашкы фаза жалпы бағдарлау-оның жаца ортамен танысуы. бурынан отырғаның ыкпалынан қорыққан жаңа сотталған адам колония әкімшілігінің талаптарына сенімсіздікпен қарайды будан кейін 5-6 айда бейімделудің екінші фазасы оның ортаға уйреніп, сондағы адамдарға уқсауы, будан кейін бейімделудің аяқталуы фазасы- мүлде сотталған адамынң өзінің алдына мақсат қойып, соған жетуге тырысады. Ол біріншісімен өмір сүріп, ертеңіне үміт артады.


Бақылау сұрақтары

1. Психологиялық дайындық туралы түсінік және түрлері

2. Психологиялық дайындықтың қағидалары.

3. Жалпы және жекелей әсер ету.

4. Сотталған адамның психологиялық дайындығының айырмашылықтарына сипаттама беріңіздер.