5. Ювеналдық медицина негіздері


Ювеналдық жас мөлшері, тұлғаның негізгі өзгешеліктерінің қа- лыптасу түрлерінің аяқталуына байланысты адамның дене бітімдік және жүйкелік дамуында срекше орын алады. Бұл кезеңде «адам екінші рет дүниеге келеді және оған жеке ғана емес, сонымен қоса жеке және әлеуметтік өмір сүруге тура келеді». Өтпелі жас молшерінің физиологиялық процес- теріне қалыптасуға ағзаның реакциясы ретіндегі жас мөлшерінің дағдарысына байланысты ювеналдық кезеңді шиеленісті немесе дағдарысты кезеңге жатқызады. Ювеналдық кезеңнің шекарасы нәсіліне және этностық факторына, сол сиякты акселерацияға, басқаша айтқанда, кейінгі онжылдықта байқалған жасөспірімнің дене бітімдік және жүйкелік дамуының жылдамдығына байланысты болады. Кеңейтілген мәліметтер бойынша, орташа ювеналдык кезең 11-12 жас пен 18-20 жас аралығымен шектеледі. Ювеналдық кезеңі екі жүйеге бөлінеді. Физиологиялық жоспардағы бірінші кезеңді (11-12 жастан 14-15 жаска дейін) ювеналдыктың аллындағы, ал екініш кезеңі (14-15 жастан 18-20 жаска дейін) ювеналдықтың нақ өзі ретінде санайды.

Ювеналдықтың алдындағы және нақты ювеналдық жас мөлшеріне бөлуге отандық әдебиетте кеңінен қолданылып жүрген жеткіншек және жасөспірім кезеңге бөлу сәйкес келеді.

Ювеналдық кезеңде тұрақты дамуға тиесілі жекелеген жүйелер мен міндеттердің асинхрониясы біршама күшейеді. Бұл кезеңді Е. Сухарева (1972), Кеннет С. Робсон (1999) және басқалары денсаулығы мықты жасөспірімдердің психологиялық және физиологиялық көріністерінде қандай да болмасын дәрежеде дисгармонізацияның пайда болуы деп гүсіндіреді. Бұл дисгармония психологиялық салада жасөспірімдерцң жалпы денелік және жыныстык жылдам өсіп жетілулері және ертебой көрсетуі, сол сияқты жағымсыз микро әлеуметтік жағдайлар жәіе акцентуациялық сипаттарда айқьң көрініс береді (Александровский О.А., 1997; Габов Ю.А., Кист В.Э.Дазкенов К.М., 2002).

Ювенагдық кезеңнің дене бітімдік және жүйкелік дисгармониясы, бшалық шақта болатын осындай көріністерге қараганда, жасөспірімпң әр түрлі жүйкелік патологиясы жағдайында біршама немесе қалыптасқан түрінде көрінетін жеткіншекжәне жасөспірім шақ үшін тиесілі тұлғалық ерекшеліктерде айқын сезіледі. Сондықтан жеткіншектер мен жасөспірімдердің жүйкелік ересшеліктерін білу ювеналдық кезеңнің физиологиясы мен ерекшелігін түсіну және жүйкелік патология жасөспірімнің жас мөлшерлік психологиялық ауытқуын шектеу мәселелерін шешу үшін өте маңызды болады.


Бақылау сұрақтары

1. Дисморфофобия синдромы, оны психиканың өзгедей науқасты жағдайдағы күшті көріністерімен үйлестіру (бұл синдромның шекаралық жағдай барысындағы, шизофрения барысындағы, эпилепсия барысындағы көріністерден ерекшелігі).

2. Бір жақты жоғары бағалы мүдделер және әуестенушілік синдромдары (танымдық сипаттағы зияткерлік қызмет немесе нақты науқасты әуестенушіліктің нәтижесінде нақты қызметке аффективті құлшыныспен ұмтылу).

3. Ювеналдық жас мөлшерінің жағымсыз және жағымды желілері.

4. Тұлғаны әлеуметтік және жекеше қалыптастырудағы ювеналдық жас мөлшерінің маңызы.