Әлеуметтік – психологиялық құбылыс – бұл бір бірімен қарым-қатынас жасау, әрекет ету нәтижесінде пайда болатын құбылыс, яғни осы әрекеттердің нақтылығында әр түрлі форма күйінде бейнеленеді, нақтылы қатынасын көрсетеді және ынталандырып тәртібін реттейді. Сотталғандардың арасындағы әлеуметтік – психологиялық құбылыстың айырмашылығы, ол оқшаулау жағдайында пайда болатын, құндылықтардың аумалылығы, осындай жағдайда олар, жағымсыз сипатқа ие болуы мүмкін. Теріс жағымсыз сипатардың белгілері: әлеуметке қарсы (асоциалды), жасырынды, мінездемелер; мұны насихаттайтын түрлі категориядағы тұлғалардың саны; арнайы құрылған ереже бойынша заңдармен талаптарға қарсы әрекеттер; ұстанушылардың барлық әдет – ғұрып, салт - дәстүрлерді, белгілерді, атрибуттарды, осыған орай талаптарды орындау міндеттері.
Жағымсыз әлеуметтік – психологиялық құбылыстардың, жағымды құбылыстардан айырмашылығының негізі – бұл әлеуметке қарсы мақсаттарының орындалуы, сотталғандардың қандайда бір қауым мүшелеріне маңыздылығын тигізуі болып есептеледі. Тұлға аралық, топ аралық және топ ішіндегі қарым - қатынастарда әр түрлі әлеуметтік – психологиялық құбылыстар орын алады.
Сотталғандардың арасында әлеуметтік – психологиялық құбылыстардың басымдылығы көбінесе, ширақ, жылпос тұлғаларда кездеседі. Қандай да бір топтың, сотталған тұлға психологиясына ықпал ету тәсілдері әртүрлі: ықпал ету, психикалық ушықтыру, иландыру, еліктеу, мадақтау, бәсекелесу.
Психикалық ушықтыру, әсер ету (еліктіру) бұл адамды қозбалық күйге түсіреді де тұлғаның басқа бір топ арасында немесе адам аралық қатынаста әмоциялық күйіне ушығуына негіз болады. Оның әсер ету басымдылығы қандайда бір объектімен қатынасының айырмашылығынан тікелей байланысты болып отырады.
Адамдардың бір бірімен қатынасу әрекеті барысында ушығу механизмінің ашық көрінісі ретінде, мысалы: стадиондағы жанкүйерлердің спортқа құмарлығы, діни желігу немесе кезкелген бір нәрсеге жаны ұшып құштарлықтың басым болуынан байқалады. Мұндай кезді пайдаланып қандай да бір теріс бағыттағы қылмыстық топтың көшбасшылары (лидерлері) жаппай бағынбаушылықты, тәртіп бұзушылықты, көз - қарастары оң сотталғандарды әкімшілікке қарсы айдапсалуды, өрт шығаруды ұйымдастырып отыруы мүмкін.
Ушықтыру механизмін жақсы білген қызметкерлер, әдіс-тәсілдер мен шараларды қолдануға, топтық, ұжымдық әрекеттер жасауға бейімділігі болатыны анық.
Психикалық ушығу дегеніміз – психикалық жалпы күйге түсіп адамдардың қайғысымен ортақтасу.
Иландыру – адамды қажетті қандайда бір сарасына келтіру, мұндай жағдай психикалық күйге әсер ету мақсатында жүзеге асырылады. Түзеу мекемесінде иландыру түрлі тәсілдер, шаралар көмегімен іске асырылады, олар: көтермелеу, мадақтау, жазалау т.б.
Иландыру, психикалық ушықтырудан ашық ерекшеленеді:
- Ушықтыру – бұл жалпы психикалық күйге түсіп сотталғандардың қайғысымен ортақтасу; ал иландыру – бұл бір жақтық ушықтыру болып табылады;
- психикалық ушықтыру сотталғандардың көпшілігінің немесе тобының психикалық қалпына тікелей әсер етеді, ал иландыру – саналы түрде, иланушыға тұлғаға немесе сотталғандардың тобына белсенді әрекет ету;
- психикалық ушықтыру нақты жеке адамға бағытталмаған, ал иландыру әрқашанда жеке басқа бағытталған әсер ету әдісі болып табылады;
- психикалық ушықтыру қимыл қозғалыстан байқалады, ал иландыру ауызша, сөздей сипатталады.
Иландыру бас бостандығынан айыру орындарындағы сотталғандардың
топтық өмірінің факторы болып есептеледі, ол бір бірімен қарым – қатынастың барлық саласында байқалып отырады. Бұл шара жалпы адамзаттық фактор ретінде белсенділікті оятады, мысалы: еңбекте, оқу іс әрекетінде, жасақта, бригадада тұлғаның өмірін жақсартып, көзқарасын түзеуге мүмкіндік береді. Мұндай әдістерді ТМ – нің қызметкерлері ғана емес сонымен қатар сотталғандардың арасындағы беделі бар қылмыскерлер де өз үстемдігін орнатып, ықпалына көндіру мақсатында пайдаланады.
Еліктеу - әлеуметтік – психологиялық қарым – қатынастың көпшілік ортасында кездесетін түрлерінің бірі. Еліктеу бұл қандайда бір объектінің қажетті, қажетсіз қылықтарын, жүріс – тұрысын, қимыл – қозғалысын, сөйлеу мәнерін дағдыға айналдыру әрекеті.
Еліктеу түрме қауымдастығының қатынасында қабылданған әрекеттерді саналы түрде жүзеге асыру болып табылады. Мұны сотталған тұлғаның жеке басының қасиеті, факторы ретінде қарастыруға болмайды.
Тұлғаның психикасына мұндай еліктеу, ушығу әрекеттері бейтарапты ықпалын тигізеді. Мұның ерекшелігі әр тұлғаның адамгершілік, әкономикалық және әлеуметтік қажеттіліктеріне сай, кез-келген бір топқа қалыптасып, онда осы топтың топтық, қауымдық, моральдық – психологиялық қалпына тәуелді болып, түрлі еліктеулерге бейім келеді. Осы сотталғандардың арасындағы қауымдықта, қоғамда, топта қабылданған үлгілерге қарама – қайшы келетін бір қатар үлгілер де бар.
ТМ жағдайында сотталғандардың еңбек белсенділігі қалай жағымды оң қасиетті болса, жағымсыз бағыты да осыған қарама-қайшы теріс болу мүмкін (құмар ойындар, топтық бағынбаушылық, жаппай тәртіп бұзушылық, кепілдікке алу). Осындай жағымсыз, теріс қылықтардың пайда болуы, топтың тұлға көңіліне әсерінен, ерекшелігінен, әмоциялық күйдің басымдылығынан, сыртқы қатынастардан шектелуінен, бір адамның (белсенді) көңіл – күйінің топқа әсер етуі (психологиялық ушықтыру), немесе жекеленіп жалғыздықтың артуы, ақпараттық таусылу және тағы да басқа бірнеше жағымсыз әрекеттер әсерінен, бір адамның кесірінен үлкен түсінбеушілік, теріс қылықтар туып жеке адамның, топтың, қауымның әмоциясының қозуына себеп болады, осы пайда болған себептерден жанға жағымсыз, теріс, қарама-қайшылықтар бой көтереді. Сондықтан ТМ сотталғандардың жеке басына психологиялық көмек көрсету, психологиялық қорғау күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Сотталғандардың психологиялық тұрғыдан берекесізденуі, сынуы бұл бір жағынан жүйке жүйесінің (нервозды) қозбалығының шамадан тыс артуы, қорғаныш сезімінің үзілуі, ұстамсыздықтың пайда болуы, ал екінші жағынан олардың қайта әлеуметтендіру мүмкіншілігіне кедергі туғызуы болып табылады.
Сотталғандар қауымдығының ұйымдасуы жауапкершілікке, еріктікке тәрбиелеуден байланысты болып «мақсаттылыққа», «нақтылыққа» (конформизмді) бағыныштылыққа жол ашу болып табылады. «Мақсаттылық» конформизмі – бұл сотталғандардың сырттай ТМ нормалық және заңдылық тәртіпке бағынып, іштей түрме заңын тәртібін, ережелерін, талаптарын ұстану болып табылады. «Бағыныштылық» конформизмі – қайшылықсыз қабылданған нормалармен ережелермен, құндылықтармен, әдет – ғұрыптармен, іштей және сырттай келісуі, бұл психикалық механизмнің ушығуы және иландырудың басым болуы. Осыған байланысты бас бостандығынан айыру орындарында, түрме қауымдығындағы қарым – қатынас жабайылықты, кері тартпалықты сипаттайды. ТМ неғұрлым әрекеттіліктің маңыздылығы тұлға аралық бәсекелестікті, сайстылықты меңзейді. Мұндай әрекеттер сотталғандардың арасында психологиялық ушығумен, қоғамға қарсы қатыгездікті бағыттағылардың арасында түрлі формаларда кездеседі.
Сотталғандардың қауымдығында бір бірімен қарым – қатынас орнату барысында, топтық шиеленіс, төбелес бір ғана адамның себебінен бой көтеруі мүмкін. Топтық келіспеушілік физиологиялық (дене бітімінің ерекшеліктерінен) және психологиялық (мүдделерімен қызығушылықтарының қайшылануы, әуестену және мінез қылық сапалары) тұрғыдан сай келмеуінен байқалады.
ТМ оқшаулау жағдайында, жазасын өтеушілердің қызығушылықтары, қылықтары, әдеттері, мінездері мен көз - қарастары әртүрлі болғандықтан қайшылықтар, наразылықтар әр уақытта туындауы мүмкін.
Сотталғандардың ұжымдық пікірі және оның қалыптасуы.
Динамика – статистикалық, әлеуметтік – психологиялық құбылыстарға іскерлігімен, тұрақтылығымен сипатталатын топтық пікір және көңіл күй жатады.
Топтық пікір бұл сотталғандардың топтық айқын көрінісінің құндылықтары және қандай да бір уақиғаға немесе фактіге қатынасы болып табылады.
Сотталғандардың топтық пікірінің келесі белгілері: 1) көпшілікте айқын хабарламалардың бой көтеруі; 2) хабарламалардың жариялану кеңістігі; 3) пікірдің талқылану жеделдігі; 4) маңызды сауалдарды талқылау; 5) ортақ пікір қалыптасуының күрделілігі және қиындылығы. Ол әлеуметтік факторлармен анықталады: адамдардың рухани өмірімен материалдық жағдайынан, сотталғандардың тіршілік әрекетінің әртүрлі қарым – қатынасынан (тұрмыс, еңбек, демалыс, режим). Топтық пікір бас бостандығынан айыру орындарында жазаны өтеп жүрген адамдардың қылық, әрекеттерін реттейді.
Сотталғандардың өзарасындағы қатынасын реттейтін түсініктері, ол дұрыс түсінік – бұл қамаудағы бейресми топтардың арасында қатынасын, әрекетін реттейтін нормалармен ережелердің жиынтығы, ол мысалы: жалған айтушылармен жайсыз қатынасу, қиын жағдайға ұшырағандарға көмек көрсету, заңнан тыс әрекеттерге тиым салу немесе санкциямен жазалау.
Сотталғандардың ортасындағы топтық пікір өз аралық тәртіптерін реттейді, жөнге салады. Топтық пікірлердің бірі сотталғандардың қағидаларын құрайды: «басқаларға зиянын тигізетіндей қиянаттық жасама, осының кесірінен әркім жапа шегуі мүмкін», «басқаларға жалған өсек таратпа», «шиеленісті шешуге әкімшіліктен көмек сұрама», «өзіңде өткір кеспе зат ұстама, ондай болса өз затың зияндық тигізеді», «асханадан тамақты алма және сатып алма», «мас күйінде және сотталғандарға арналған емханада жанжал тудырма », «артық сұрақ қойып, сөз айтпа ».
Топтық пікірлердің енді бірінің талаптары: «әрқашанда беделін сақта», яғни гомосексуалист болма, «картаға артық ұтылма», «өз өзіне тұруды біл», жалған сөз таратуға тыйым салу.
Осы жоғарыдағы екі топтың пікірі де сотталғандардың құрылымына қарамастан барлығына таратылады. Сотталғандардың көпшілігі осы пікір, ережелерді қолдайды.
Үшіншілерінің топтық пікірінің реттеуі: а) түрменің «авторитеттерімен» ТМ әкімшілігінің және құқық қорғау органдарының қатынасы: «еңбектенбе», «мусорлармен қатынаспа», «қылмыстық жазаны орындайтын орган қызметкерлеріне жалған тарату»; б) «авторитеттердің» басқа категориядағы сотталғандармен қарым - қатынасы: «сотталғандардың арасында әділ қарым – қатынас орнату», «басқалары ережелерге бағынғанын байқа, өзің соны қамтамасыз ет», «өз қауымдығыңа зиян келтірме». Осылардың көрсетілгендердің барлығы сотталғандардың түрме «авторитеттеріне» бас иудің негізі ретінде қолданылады, ал «мужиктер» түрме «авторитеттерінен» қамқорлық алып ережелерді сақтай отыра, түрмелік әлитаның өмір сүруіне қолайлы жағдай туғызады.
Сотталғандардың топтық пікірінің туындауына қатысты әртүрлі формалары бар:
1) айыптау, рақымшылық танытпау, келіспеушілік, қарсылық көрсету;
2) Кеңес беру, тілек тілеу, мақұлдау, наразылық көрсету.
Топтық пікір сотталған тұлғаға қалай жағымды әсер етсе, солай жағымсыз әсер ету мүмкін. Кейбір сотталғандар ережелермен нормаларға қарамастан басқа адамдардың тәртіптерін, адамгершіліктерін бағалайды, ал басқалары түрменің заңына, ережелерімен нормаларына қарап бағалайды.
Осыған байланысты екі пікір жиі (мысалы жиналыста) қайшыланады: арнайы (әкімшілік үшін) және жасырын пікірлер сирек, бірақ әрекетті, күрделі түрде өтеді. Сотталғандардың топтық пікіріне байланысты, пікірлер жағымды және бағытты болады, мұндайлар жазаны өтеу режимін ұстанумен болады немесе жағымсыз пікірлер туындап бұл көзқарастағы адамдар режимді бұзудан тайсалмайды. Осы соңғы көрсетілген жағымсыз пікірдегілер әкімшіліктің іс әрекетін қолдамайды, олар керсінше түрме субмәдениетің, әдет – ғұрыптарды, салт - дәстүрлерді, ережелерді ұстанып, сотталғандарды қоғамға қарсы әрекеттерге итермелейді, осы ережелерді ұстанғандарды көтермелеп отырады.
Сотталғандардың топтық пікірлері алдын ала немесе күтпеген жағдайда пайда болады. Теріс топтық пікір сотталғандардың тәртіптерін кері тартпалыққа (адекватсыз), адамгершілік құндылықтарының бұзылуына негіз болады. Бұл аталған пікірлер сотталғандардың жасаған қылмысына кінәлілігін мойындамауға, режимді қасақана бұзуға итермелейді және құқыққа қарама - қайшы келетін жолмен өзін өзі танытуға тырыстырады, осындай қасақана, қатыгез режимді бұзушылардан, қылмыстық ортаның жазылмаған заңдарын, субмәдениетті ұстанатындардан және әлеуметтік қоғамға қарсы қатыгездік мінез – құлықтары барлардан түрменің «беделді» (авторитеті) адамдары шығады.
Сотталғандардың пікірлерін анықтау мақсатында қызметкерлер келесі тәсілдерді қолданады:
- жеке - дара және топтық әңгіме жүргізу;
- әркімді жеке сұрақтары бойынша қабылдау;
- сұрақтар және жауаптар кешін өткізу;
- арнайы тақырыптарға шығармалар жазу;
- сотталғандармен сұхбат барысын талдау;
- сотталғандардың жасақтарымен бригадаларында жиналыстар өткізу;
- өтініш және наразылық хаттарын талдау, анкеталау және тағы басқалары.
Жағымды топтық пікірдің қалыптасуы және теріс тенденцияларды жеңу, әртүрлі топтардың арасында қарама – қайшылық пікірлерді шешу жолдары арқылы жүзеге асырылады, бұған берілгендерді оқшаулап, психологиялық көмек көрсету арқылы бағытын, көз - қарасын түзеуге мүмкіншілік тудырады.
Сотталғандардың пікірін анықтау барысында, сотталған адамдармен қызметкерлердің арасындағы әңгімелесу маңызды орын алады, осылайша ақпарат беруші адамнан алынған мәліметтерді анықтау үшін, дәлелдеме ретінде вербальды және вербальды емес диагностикалық тәсілдер кең қолданылады. Топтық пікірдің қалыптасуын анықтау үшін арнайы ережелерді қолданған жөн :
а) жалпы пікірге келіп, сендіру әдісін қолдану;
б) сотталғандардың жақсы мен жаманды айыруы үшін біртіндеп жағымды ой қалыптастыру;
в) ұжымдық кеңес мәжілісінде әртүрлі фактілерді талқылау, мұнда ұжымдық, ортақтас пікір қалыптасып, осы ұжым белсенділерінің қатынасын анықтау ;
г) психологиялық оқшаулау көмегімен теріс пікір таратушыларды жөнге салу;
д) жасақ және бригада жиналысына, әділ және дұрыс пікір қалыптастыру себебімен беделі бар, көзқарасы дұрыс сотталғандарға сөз беру;
е) ТМ қауымдастығында адамгершілікке жатпайтын, жағымсыз қылықтары басым түрме авторитеттерінің әрекеттерін ашу.
Сонымен қызметкерлердің ең маңызды, күрделі мақсаттарының бірі – сотталғандардың арасында дұрыс пікір қалыптастыру болып табылады.
Топтық пікір адамның психикалық күйіне, жұмыс қабілетіне жиі ықпал етеді. Мысалы, әйелдер колониясының бірінде жаңадан келген сотталғандардан бір бригада құрады. Цехта бұрыннан жұмыс істеп жүрген сотталған әйелдер, жаңадан келгендерге, мына «одуванчиктер» көпке дейін жұмыс істеуге үйренбейді деді. Шынында да, өндірістік ырғақ қалыптасқанша, төрт ай өтті, бірақ жаңадан келгендер мамандырылған жұмысшылар болды, ал бригада басында тәжірибелі шебер маман тұрды. Осылайша топтық пікір жаңадан келгендерге жанға тиерліктей әсер етті. Осындай әрекетті әсерлерден кері тартпа, намысқа тиерліктей ұжым мен топтың наразылық тудыруына нұқсан келтіретін себептер туындайды.
Сотталғандардың қауымдастығындағы ұжымдар мен топтардың көңіл күйлері.
Топтық пікірден тыс сотталғандар қауымдығының маңызды бір бөлігі, бұл топтық көңіл күй болып табылады. Олар, яғни топтық көңіл күйлердің маңыздылығы іс әрекетке талпындыратын күш береді. Жағымды көңіл күйлер (жалпылама сергектік, ықыластық, әуестілік) – жұмыс қабілетінің және белсенділігінің қайнар көзі, ал жағымсыз көңіл күй (мақсатқа жету сенімсіздігі наразылық, төмендеу) – сотталғандардың жеке бастарының, сондай ақ олардың қауымдығының іс әрекетінің нәтижесін төмендетеді.
Сотталғандардың топтық көңіл күйі, әдет ғұрыптарынан және салт дәстүрлерінен көрі әлде қайда тез арада пайда болып, жан жақты таралады.
Топтық көңіл күй дегеніміз адамдардың қандай да бір оқиғалар немесе фактілерге жалпылама қайғыға салынуы.
Топтық көңіл күй қабілеттіліктерден көрінетін күрделі өзгешіліктерімен ерекшеленеді, олар: бір формалық түрден екінші формаға, санасыздықтан саналы түрге, жасырын түрден ашық түрлерге ауысып отырады; әрекеттікте тез дамиды; қысқа уақытта ыңғайына қарай түпкілікті орын алады .
Сотталғандардың топтық көңіл күйін басқару үшін, топтық пікірдің және көңіл күйдің қалыптасу негізіне, ұжымдық көңіл күйдің ерекшелігіне мән беру қажет. Мұндай кезде басымдылыққа көңіл аудару қажет, яғни кейбіреулердің ықылас, ынтасын көтеру, тағы басқаларында жағымсыз көңіл күйлерге жол бермеуге назар аудару керек. Ең бастысы сотталғандар тұрғысынан наразылық деректерді анықтап оларға шара қолданып, еңбек қабілетін арттырып, ұжымдық көңіл күйлерін көтеріп, қызметкерлердің қолынан келетін барлық қолайлы жағдайларды туғызып, көңіл күйінің жақсаруына жағдай жасау қажет.
Топтың көңіл күйі мен пікірі бір бірімен тығыз байланыста болып жанға жағымды жағдайларда көңілін шат – шадыман етіп тұрады. Сотталғандардың ақыл ойлық қабілеттері бірнеше функциядан тұрады: бейнелеу, бейнеленудің айқын көрінген кезінде, пікірмен қайғы қосақтаса жүреді; сигналды; пікірмен көңіл күй сотталғандарды жағымды немесе жағымсыз жаққа бағыттаған уақытта қозбалық пайда болады.
Ақыл ойдың жағымды және жағымсыз (криминалды) бағыттары да болуы мүмкін. Сотталғандардың жағымсыз көніл күйі қанағатсыздықта байқалады, ондайда олар, әсіресе топтық түрде жазаны өтеу режимін бұзуға бейім болады. Осындай жағдайда сотталғандардың теріс бағыттағы бөлігі басқа сотталғандардың наразылығын ассоциалды мақсатта пайдақорлықпен пайдаланады. Сотталғандардың ақыл - ойында көрінетін топтық пікірмен көңіл күйді анық білу, бұл пенитенциарлық мекеме қызметкерлеріне әсіресе режимнің - жедел қызметтік жағдайларында қажетті шаралар қолдануға мүмкіндік береді. Сотталғандардың ақыл ой қабілетін қалыптастыру барысында қызметкерлердің аса маңызды көңіл аударарлық мәселелерінің бірі, ол сотталғандардың адамгершілік қабілетін анықтай отырып, екі жүзділікке жол бермеуі болып табылады.
Екі жүзділік дегеніміз сотталғандардың арасында оң және теріс бағытты ұстануы, яғни теріс бағыттағылар іштей жағымсыз әрекет, қылықтар жасап, сырттай заң тыңдағыш адам ретінде өзін көрсету.Осындай теріс бағыттағылардан қылмыстық орта құралып өздеріне тән ережелері, жазылмаған заңдары, мәдениеттері, салт дәстүрлері т.б. болады.
Осы теріс бағыттағы топтар арасында субмәдениетте мода ерекше орын алады. Кәмелет жасына толмағандар колонияларының бірінде «пацаны», (авторитеттері) екі өкшесі бар аяқ киім киетін болған, ал әкімшілік бұған ескерту жасап тиым салған кезде басқа тәрбиенушілер тіптен тақасыз жүретін болған. Соңғы уақытта оларды тақасыздар деп айтатын болған. Бұл сөз тәрбие колониясында лақап ат болып, ең төменгі сатыдағы деген мағынаны білдірді. Осыдан былай колониядағы мода сотталғандардың дәрежесін көрсетіп, қай топқа жататынын анықтауға мүмкіндік берген. Мода әр дайым өзгеріп отырады, ал сотталғандар модадан қалмайтынын көрсеткісі келеді.
А.Н. Суховтың пікірі бойынша мода арнайы спецификалық қызметтерді атқарады: ақпаратты алмасу, қандай да бір орынды иелену, қоздырушы.
- Ақпаратты алмасу қызметті сөйлеу мәнерінен, жаргонмен әуестенуінен, дәріптеуші музыкасынан және әндерінен, денедегі сурет қалпынан, сыртқы киімінен көрінеді.
- Қандай да бір орынды иелену қызметі жеке бастың немесе топтың қажеттіліктерін толық қанағаттандырылмағанынан немесе жеткілікті қанағаты болмауынан байқалады.
- Моданың қоздырушы қызметті сотталғандарды режимді бұзуға итермелейді. Сотталғандардың арасында мода өмірлік мақсаттарымен және қызығуларымен тығыз байланысты.
Күтпеген жағдайдағы жалған сөз тарату, топтық пікірдің әмоционалдық бет пердесі ретінде, мекеменің жедел қызметтік жағдайына қиыншылық туғызатын аса қауіпті факторы ретінде көрінеді. Сотталғандардың арасында жаппай тәртіпсіздік, қатыгездік ниетті жалған сөз тарату себебінен туындап ТМ қызметкерлеріне қарама - қайшы келуіне түрткі болады. Осыған байланысты олардың жеке басын анықтау және есепке алу икемділігі колонияның дұрыс қызмет жасауына көмегін тигізеді.
Сотталғандардың арасындағы жалған сөз бұл толыққанды шындыққа жатпайтын немесе жартылай шындығы бар хабарлама, ол қандай да бір ақпараттың бір немесе бірнеше адамнан жарым жартылай шығып ауызша адамдарды еліктіру арқылы шатақ іс шығару, есеп айырысу, немесе топтық бұзақылық ұйымдастыру болып табылады. Жалған сөз таратудың себебі – бұл сотталғанға байланысты (немесе т.б.) оқиғаның ақпараты үзілді-кесілді болуы. Қандай да бір жағдайға байланысты ақпарат анық болса, онда жалған сөз тарату қысқарады, ал анық ақпарат болмаған жағдайда жалған сөз тарату басымырақ болады. Мұндай жағдайларда сотталғандар ақпараттың қайнар көзіне жеткенше түсініксіз күйде болады.
Жалған сөз неғұрлым жан – жақты болса, сол ғұрлым нақтыланып отырады. Сөз таратылуының себептері әртүрлі болу мүмкін: қандай да бір орынды иеленуде әмоцияның жетіспеушілігі, жалған сөз деректерінің нақтылығына бас иу, тұлғаның топ арасына сіңісіп кету ұмтылысы, өзінің қайғысын басқалармен бөлісу, төнетін қауып қатерді басқаларға ескерту ниеті.
Әлеуметтік – психологиялық талдаулар бойынша жалған сөздің туындауы және жан жақты таралуы:
1) жалған сөздің пайда болуы:
- сотталғандардың құрамының кәсіптік, жастық және әлеуметтік ерекшеліктері;
- режимнің жағдайы;
- сөздің пайда болуына негіз болған оқиға;
- сөздің шындықты дәрежесі;
- колонияда бұрын болған оқиғалардың есебі;
- жалған сөзде қамтылған, осы ақпаратты дәлелдейтін, оқиғаның пайда болуы;
- сотталғандарды арнай каналдар арқылы хабарландыру дәрежесі;
2) сөздің бригадада, жасақта, колонияда әлеуметтік – психологиялық атмосферасына әсер етуі:
- күдіктену және сенімсіздік;
- сөзге қатысты ақпаратқа қызығушылықтың басымдылығы;
- сескену;
- сенімсіздік;
- сотталғандардың жүйке қозбалығының басымдылығы;
3) жалған сөздің жедел жағдайға кері ықпалы;
- өндірістік еңбектің төмендеуі;
- қызметкерлердің құқсыз әрекеттеріне наразылық білдіру;
- теріс бағытты ұстанатын кіші қылмыстық топтардың белсенділігінің артуы;
- сотталғандардың арасындағы байбалам;
- топтық бұзақылық.
Жалған сөзге қарсы әрекеттер шарасын екі топқа бөлуге болады: алдын алу шаралары және қарсы, тұрақты белсенді әрекеттері. Әмоционалдық атмосфера құру арқылы сөз тарату мүмкіндігіне шек қою, алдын ала шараларды қолдану. Жалған сөздің пайда болуына, кедергі жасау үшін алдын алу шараларын жүргізіп, проблемалардың жүйесін кешенді зерттеу қажет. Сондай-ақ бұдан басқа жалған сөзге адамдардың қызығушылығын оятатын проблемаларын, оқиғаларын болжай білу ептілігі жалған сөздің пайда болуына, таралуына шек қоюға мүмкіндік туғызады.
Жалған сөздердің таралуы бірнеше түрлерге бөлінеді:
1) жалған сөздік ниетке ынталығы (алдағы мейрам алдында товармен қамтамасыз етеді деген сөздің таралуы );
2) жалған сөзді тоспалау (мысалы: амнистияны күту);
3) жалған сөзден үрейлену (кейбір баптар бойынша сотталғандар аса қатаң режимге ауыстырылады );
4) қатыгездік жалған сөздің таралуы (мысалы: сотталған П осы колонияға келген, өз жерлесін З –ны кездестіріп сөйлесіп тұрып қолын З – ның иығына қойып колонияның ішкі аймағында жүріп өті. Екінші күні П, З – дан сен өзіңді көпшіліктің көзінше құшақтаттың, сен «обиженыйсың» деп барлығына жариялаймын, жарияламау үшін маған азық – түлік бересің деп талап етіп қорқытты).
Ұжымның және топтың әдет – ғұрыптары, дәстүрлері.
Сотталғандардың арасындағы статистикалық, әлеуметтік – психологиялық құбылыстарына әдет – ғұрыптар жатады. Олардың тұрақтылығы қоғам пікірінің күшімен қамтамасыз етіледі. Бір жағынан әдет ғұрыптар адамдардың бір - бірімен әрекет етуінің әлеуметтік өнімі болса, ал басқа жағынан – ұжым ішіндегі қарым – қатынасын және олардың әрекетін жөнге салатын фактор ретінде орын алады.
Әдет – ғұрып – бұл ұзақ уақыт бойы бірнеше рет қолданылып кележатқан адамдардың әдеттерін, әрекеттерін реттейтін ереже болып табылады.
Дәстүрлер адамдардың әр қауымдығын біріктіретін әлеуметтік – психологиялық механизм. Олар жағымды және жағымсыз болу мүмкін. Адам осы дәстүрлер бойынша, айналасын қоршаған әлеуметтік ортаға тән әдеттерді балаша тез меңгеріп, қалыптасып әдетіне айналдырады. Сотталғандардың арасында әлеуметтік – психологиялық қатынас бұл статистикалық түрде қаралып дәстүр ретінде саналады.
Топтық пікірде бекітілген әдет – ғұрып және салт - дәстүрлер теріс бағыттағы шағын топтардың тәртіптерін реттеп, оларға күрделі бақылау жүргізу болып саналады. Салт - дәстүрлерді ұстанушылар, психологиялық тұрғыдан әлді және аса ұйымдастырылған көшбасшылардан үлгі алады, алған үлгілерін басқаларға таратып әдетке айналдырады. Ал жаңадан келген сотталғандарды өз орталарына тартып қылмыстық иерархияда орнын белгілеп «пропискаға» тұрғызады.
«Прописка» - бұл өз тұрғысынан әдеттенген, түрменің қауымдастығына жаңадан келгендерді орталарына қабылдау дәстүрлерінің бірі. «Прописканың» мақсаты - жаңадан келгенді, жан - жақты тексеру, яғни тәжірибесін, басынан өткізген оқиғаларын, тапқырлығын, әлді - әлсіздігін, қабілеттілігін, шыдамдылығын, өзіндік ұстамдылығын тексеру болып табылады.
«Прописканың» бірнеше түрлері, бір ғана маңыздылықты білдіреді, ол жаңадан келгендерді еркіндігіне көндіру, қылмыстық дәстүрлерге қатынастыру және камералық «авторитеттердің» билігіне бағындыру ретінде жүзеге асырылады. Теріс бағыттағы қылмыстық топ арасында өзіндік сыбайластық заңдары әрекет етіп отырады.
Түрменің әдет – ғұрып салт - дәстүрлерінің негізгі көрінісі, бұл қоғамдық жұмыстан және еңбектен бас тарту, күнделікті өмірін мейрамға айналдыру; құмарлы ойындарға әуестену; есірткені, ішімдікті пайдалану; гомосексуализмдік өмір; пенитенциарлық мекеме әкімшілігіне қарсы әрекет жасап өз мүдделерін енгізу.
Сотталғандардың арасында сыртқы келбетін, дәстүрлерге сай келтіретін тағы бір неше салт - жоралармен дәстүрлер бар. Осы дәстүрлерге байланысты сотталғанды төменгі сатыға, яғни «опущенныйдың» кастасына аустыру үшін оны зорлау немесе салт – жораларды (сотталғанды бір тілім нанмен жуындыға отырғызу, жуындының суын басына құю) қолдану арқылы іске асырады. Дәстүрлер мен әдет – ғұрыптар құрылымының құрамына тиым салынатын ұсақ ерекшеліктер жүйесі кіреді, оны өз тілдерімен «табу – тиым салу» деп атайды, яғни бұл «табуды» бұзғандар сотталғандар арасында кешірілмейді, міндетті түрде жазаға тартылып отырады. Мысалы, «табудың» заттық формасымен немесе әртүрлі түстерімен байланысты болады. Қызыл түс сотталғандарда еркектің немесе әйелдің жыныстық мүшесімен байланысты ассоциация тудырады. Қызыл түсті киім - кешекті (трусы, майке т.б.), темекіні тартуға, сабын сауыт және тіс тазалағыштар т.б, қолдануға тиым салынады.
Жасақта және бригадаларда сотталғандардың жағымды - әлеуметтік салт – дәстүрлерді ұстану, қылмыстық ортадағы дәстүрлерді жеңуінен байқалады.
Сотталғандардың арасындағы жағымсыз - әлеуметтік құбылыстарды жеңу және алдын алудың жалпы шаралары:
- қылмыстық дәстүрлерді және әдет – ғұрыптарды жүзеге асыруға бейім адамдарды зерттеу;
- жүйелі түрде түрменің субмәдениетін зерттеу;
- сотталғандардың арасында жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыру;
- олардың қылық, тәртіптерін бақылау, басқада жағымсыз әрекеттерді жасамау жөнінде ескерту;
- түрменің әдет – ғұрып, салт - дәстүрлерін насихаттайтын және табынатын, теріс бағыты бар топтарды анықтап топтастыру бойынша жекелеп ұстау және шаралар қолдану арқылы жою;
- жағымсыз бөлімдегі топ үстінен, жағымды (оң бағыттағылар) белсенділердің басымдылығын арттыру;
- пенитенциарлық мекемеде сотталғанның жеке басын моральдық – психологиялық тұрғыда қорғауды қамтамасыз ету;
- уақытында тәртіптік шараларды қолдану;
- пенитенциарлық жүйеде педагогикалық шараларды күшейту;
- психологиялық және медициналық ықпал ету шараларын қолдану;
- түрмелік стратификациясымен (төмендегілердің жоғарғыларға бағыну тәртібі) күрес жүргізу;
- түрме субмәдениетін және заңдарын күшейтілген түрде бағасыздандыру;
- жасақта теріс бағыттағы тұлғалармен жеке жұмыс жүргізу;
- жазаны өтеуде жүйелі түрде ізгілендіру саясатын жүргізу;
- сотталғандардың жеке басына ықпал ету үшін қабырға газеттері және көрнекілік арқылы әсер ету.
Жалпы айтқанда сотталғандардың арасында түрмелік заңдарды, әдеп – ғұрып, салт – дәстүрлерді таратушылармен немесе ұстанушылармен жүйелі түрде жұмыс жасау, оларды әлсірету немесе жою үшін режимдік жүйені, жедел қызметтік және психолого – педагогикалық шаралар жүйесін күрделі түрде қолдану және уақытымен жүзеге асыру.
Бақылау сұрақтары
1. Пенитенциарлық психология пәнінің зерттеу объектісі кім болып табылады?
2. Пенитенциарлық деген сөз қандай ұғымды білдіреді?
3. Сотталған тұлға дегеніміз кім?
4. Сотталған тұлғаның құрылымы қандай компоненттерден тұрады?
5. Сотталғандардың бағыттылығы неден көрінеді?
6. Темпераментін түрлеріне сипаттама беріңіздер?
7. Мінез құлық дегеніміз не?
8. Тұлғаның жастық шақ кезеңдері?
9. Сотталғандардың қабілеті неден көрінеді?
10. Сотталғандардың мінез құлық ерекшеліктеріне сипаттама берініздер.