11. Сотталғандардың арасындағы қақтығыстар және топтық эксцесстер.


Сотталғандардың арасында қақтығыс, дау – жанжалдардың пайда болуы сотталғандардың көз – қарастарының, мақсат – мүдделерінің, пікірлері мен қызығушылықтарының және талаптарының қайшы келуінен көрінеді де, көбінесе бір – біріне деген ашық жан – жалдармен орын алады. Қақтығыс бұл – сотталғандардың арасындағы қандайда бір топтың немесе жеке тұлғаның психологиялық айқын көрінісі болып табылады.

ТМ қақтығыстардың себептерін анықтау жағдайында қолға алатын бірнеше қажеттіліктер бар :

- сотталғандардың арасындағы кіші топ құрылымдарының әлеуметтік – психологиялық құбылыстарын анықтау;

- сотталғандарға түзеу құралы ретінде еңбекті күрделене пайдалану;

- сотталғандардың арасындағы кіші-гірім құқық бұзушылық әрекеттерге жол бермеу;

- режимді қасақана қатаң бұзғандармен жеке жұмыстарды күшейту;

- жұмыс уақытын қысқартуға, жұмыстан бас тартуға жол бермей, еңбекке деген талпынысын арттыру;

- пенитенциарлық мекемедегі тәрбиелік жұмыстарға көп көңіл аудару, бақылауды күшейту;

- қылмыстық ортаның құрылуына, иерархиялық құрылымдардың орнығуына жол бермей қатаң қадағалау жасай отырып, шаралар жүйесін қолдану.

Қақтығыс және топтық эксцесстердің топтастырылуы бойынша :

- қайшылықтың негізгі сипаттамасы бойынша (жағымды және жағымсыз);

- қақтығысқа қатысушылар (жеке тұлға және топ арасындағы қақтығыстар);

- қақтығысқа қатысушылардың саны (тұлғаралық, топтық және жаппай);

- қақтығыстың пайда болу себептеріне байланысты (ресми немесе бейресми қатынастар, тігінен немесе көлденеңінен);

- іс - әрекеттерге байланысты (тұрмыстық, оқу, еңбек өрісінде және т,б.) ;

- уақыт – кеңістік сипаттамасы бойынша (қақтығыстың пайда болу орны және уақыты, аз уақыттың ішіндегі қайшылықтардың жиі немесе сиректігі);

- қақтығыстың көрінісі бойынша (ашық немесе жасырын);

- қақтығысты шешу тәсілдері бойынша (келісімге келу немесе келіспеу);

- қақтығыстың нәтижесі бойынша (шешілген, шешілмеген қақтығыс);

Қоғамдық қатынастармен сотталғандардың іс-әрекеттерінде қақтығыс әртүрлі қызметтерді (функцияларды) орындайды, олардың негізгілері болып табылатындар :

1. Бұзушы;

2. Жағымды;

3. Диагностикалық.

- Бұзушы (немесе күйретуші) функциясы қақтығыстың жағымсыз аяқталуынан көрініс береді, яғни бұрын болған қақтығыстардың аяқталмауы, бұған жататындар : қарым - қатынаста тілектессіздік (недоброжелателность) көрсету, психикасын жарақаттау, ызаландыру, жарамсақтану, тәртіпсіздіктің орын алуы, шаруашылық қарқынының және құқықтық, моральдық нормаларының бұзылуы, сотталғандар ұжымының ыдырауы немесе олардың бірліктерінің және құндылықтарының әлсіреуі және т.б.

- Жағымды (немесе құрастырушы) функциясы сотталғандар ұжымдарының ішкі жағымсыз әрекеттерінің әлсіреуінен немесе ұнамсыз қылықтарын жеңуден байқалады, бұған қақтығыстың оңтайлы болуы жатады, мысалы : ұрылық салт-дәстүрлер, ішінара сыбайластық, әлділердің әлсіздерге қорлық көрсетуі, және т,б. Жағымды қақтығыс бұл сотталғандардың арасындағы қарым – қатынаста, әлеуметтік қатынастардағы нормаларды реттейді және сотталғандардың арасындағы психологиялық климаттарды жақсартады. Жағымды бағыттылықтың құндылықтары тек қақтығысқа жол бермеу емес сонымен қатар ол сотталғандарда қоғамдық белсенділік танытуға, шаруашылық және оқу іс-әрекетіне қатысуында ынта туғызуына негіз болады.

- Диагностикалық (немесе анықтаушы) функциясы жан-жал мен дау-дамайдың пайда болу себептерін анықтаумен байланысты, осының салдарынан ұжымда туындайтын қиыншылықтардан айқын көрініс береді және осыған жарасты бірнеше сұрақтар туындайды, олар:

- сотталғандар арасында қандай процесстер болып жатыр ?

- қақтығысты жақтың іс-әрекеті мен неліктен түсініспеушілік болды ?

- осыған байланысты неғұрлым қандай шара қолдануға болады ?

Міне осы диагностикалық қызметтің жүзеге асуы сотталғандар арасындағы қарым – қатынаста пайда болатын көптеген кері-тартпа жағымсыз әрекеттерді анықтауға жол береді.

Қақтығыстың көрініс түрлері жүйелі түрде әр түрлі болуы мүмкін “пенитенциарлық мекеменің қызметкері - сотталған” немесе “сотталған – сотталған” арасындағы қарамақайшылық алуан түрлі көріністері болады, мысалы:

- тұйықтық;

- қақтығыстан бас тарту;

- кемсіту;

- қарым-қатынаста бір-біріне өрескелдік көрсету;

- жазғыру;

- аса тәкәппарлық қатынас;

- сыртқы бейтарапты фактілерге жағымсыз әмоционалдық әрекет көрсету;

- келемеждеу;

- жалған немесе бұрмаланған ақпарат тарату;

- жасырын хат алмасу немесе шағымдану;

- жеке басына қысым көрсету;

- өнерпаздық ұйым жұмыстарына қатысудан бас тарту;

- басқа түзеу мекемесіне ауыстыру жөнінде талап ету;

- ішкі ережелерді, тәртіптерді және жазаны өтеу режимінің талаптарын бұзу;

Қақтығыс ашық күрделі қайшылықтық түрде немесе жабық “жасырынды” түрде болуы мүмкін.

Қақтығысты себептердің топтары, мұның негізгі төрт тобы бар :

Қақтығыстың бірінші тобы – пенитенциарлық мекемеде сотталғандарды ұжымдастыру немесе шаруашылыққа бөлу кезіндегі кемшіліктер, күнделікті тұрмыстағы және еңбектегі жағдайлардың жағымсыздығы, яғни ТМ тіршілік әрекетін ұйымдастыру барысында әкімшіліктің кемшіліктерімен байланысты.

Екінші топ себептері – сотталғандардың ұжымдарын толықтыру кезіндегі жіберген қателіктермен және сотталғандармен жүргізілетін тәрбие жұмысының әлсіреуімен, жасақтарға (отряд, бригадаларға), өндіріс орындарына дұрыс іріктеп бөлмеуіне байланысты туындайды.

Қақтығыстың үшінші топтық себептерінің туындауы - сотталғандардың арасындағы әлеуметтік психологиялық құбылыстармен тікелей байланысты :

- әр түрлі бағыттағы топтардың орын алуы, қылмыстық топтардың болуы;

- ұрылардың әдеп-ғұрып, салт-дәстүрлерінің әсері, кінәратты көңіл-күй;

- ұйымшылдықтың жоқтығы, сыбайластықтың орын алуы, арамтамақтық.

Төртінші топтық қақтығыстың себептері - тұлғаның жеке басындағы психалогиялық ерекшеліктерімен тығыз байланысты :

- аморальдылық, тапсырылған істе және жауапкершілікте жарты естік сезім көрсету;

- еңбекке жағымсыз араласу, өзін - өзі аса жоғары бағалауы, әгоизм, көңілшектік, арамтамақтық.

- авторитарлық (бастамшылдық), қатыгездік, рақымсыздық, басқалармен қарым - қатынаста қауырт жауап қайтару және аффектілік.

Тұлғаның қақтығысқа бейімділігі. Зерттеулерге қарағанда әр топтың қақтығысты жағдайлары әртүрлі болып келеді, әсіресе қақтығысқа жиі баратындардың арасында басты орында тұрғандар жастар болып табылады. Ал жалпы сотталғандардың қақтығыстық сипатта жүретіндерінің басым-көпшілігі ол зорлық қылмысын жасаған сотталғандар (бұзақылық, дене жарақаттағандар, адам өлтіргендер) болып табылады.

Бұлардың қақтығыстық мінездері : өздерін аса бағалауынан, өз беделділіктерін көрсету және өздерінің нақты бір мақсатына жету үшін “Мен” дегенін білдіру. Сотталғандардың арасында қақтығысқа бейім келетіндердің тағы бірі, ол бірнеше рет сотталғандар болып табылады.

Топ аралық және тұлға аралық қақтығыстың орын алуына жеке тұлғаның тигізетін әсері мол, кей жағдайларда тұлғалар өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында режим талаптарын, адамгершілік және құқықтық нормаларды жиі бұзады да, осындай қылықтарымен басқа сотталғандармен қақтығысады. Осы жоғарыдағы себеп-салдарға байланысты олар біреудің ақшасын, затын, азық-түліктерін тартып алады, “қызығушылықтарын қанағаттандыруға” құмар ойындар ойнайды, зорлық – зомбылық көрсету арқылы “жыныстық қатынастарын” жүзеге асырады.

Қызығушылықтарын қанағаттандыруға арналған құмар ойындар тек қана карта емес сонымен қатар шашки, домино және т,б. Құмар ойындардың себебінен пайда болатын қақтығыстарға келетін болсақ, егер де қарызын төлемесе, алдап кетсе немесе құмар ойынды ойнау барысында қатыгездіктің орын алуы, аффекті жарылыстың жүзеге асуы т,б, жатады.

Сотталғандардың арасында қақтығысты себеп туғызатын бірнеше жағдайлар бар, олар : ішімдік құмарлықтан азап шегушілер, бұлардың қажеттіліктері патологиялық құмарлыққа айналып психикалық бұзылыстарға әкеп соғады да, соңында тұлғаның азғынуына себеп туғызады. Осының салдарынан сотталғанның жеке басының әмоционалды – еріктік тұрақтылығының жүйесі әлсірейді, психикалық қозбалық пайда болады.

Оқшаулау жағдайында пайда болатын қақтығысты себептердің тағы бірі ол: жүйкенің жұқаруы, танымдық іс-әрекеттеріне кедергі жасайды, тежеу процесстерін әлсіретеді. Көңіл күйдің жоқтығы қарым-қатынаста құрбысына әмоциялық айқын көрініспен ерекшеленеді. Сотталғандардың арасында қақтығысты себептердің орын алуына “ақпараттық таусылу” да үлкен әсерін тигізеді, мұнда олардың бір – біріне қарм-қатынасы бұзылып, кері әмоциялық көрініс білдіреді. Қақтығысты жағдайға іштей соқтыратын тағы бір себеп бұл тұлғаның ішкі стресстік қалпын шеше алмауы, мұндай көбінесе ТМ бейімделу кезінде қорғаныс механизмінің қандайда бір әрекетті жүзеге асыру кезінде жиі байқалады. Сотталғанның әр кезеңдегі жағдайына байланысты туындайтын фрустрациялық психологиялық қалыпта жан-жалды кезеңдерді тудырады. Бас бостандығынан айыру орындарында сотталғандар тиісті жазасын өтеу уақытын тосу кезінде әмоциялық кернеу қалпында жүруі психологиялық жарақат алып фрустрациялық күйге әкеп соқтырады. Осы уақытта сотталғандар арасында көпшілігінің уайым мен кернеу қалпында жүруі, әсіресе жаза өтеу мерзімінің аяқталу кезінде қақтығысты себептер пайда болады.

Ұжым және қақтығыстың пайда болуы. ТМ әлеуметтік құрылымдарға байланысты, олардың тұлғалық даму белсенділігіне, өздерін жоғары бағалауына, мен-меншілдігіне байланысты орын алатын қақтығыстар. ТМ әлеуметтік орталарда әртүрлі құрылымдар орын алады да, біреулерінің ұжымдарында тұлғалық даму қасиеттері төменгі деңгейдегілер болса, ал екінші біреулерінде тұлғалық даму белсенділігі басым болып, өздерін жоғары бағалайды, жағымсыз қылықтар жасайды. Осындай салдардың себебінен “беделділер” пайда болады да, теріс бағыттағы кіші топтар құрап, басшылық етеді, шын мәнісіне келгенде “беделділік” тек қана жоғарыда айтылған себептерге ғана байланысты емес, сонымен қатар олардың жас ерекшеліктерімен, калониядағы жазаны өтеу мерзімімен, жасаған қылмысымен және т,б, тығыз байланысты. Егерде жас ерекшеліктеріне қарасақ, әсіресе жас сотталғандар қақтығыс арқылы өздерін “беделді ” етіп қоя алады, мұндай кезде “көшбасшылық” басты орында тұрады. Алғашқы бейімделу кезеңінде тұлғалық даму деңгейі төмен сотталғандар қақтығысты жағдайды жиі тудырады, осындай жағдайлар жаңадан тәрбие калониясынан келген жас сотталғандармен (әсіресе теріс бағытты) “беделділер” арасында жиі орын алады. Кейде жаңадан келгендер теріс бағыттағы шағын топтары бар бригадаларға келіп түседі, осы сәтті пайдаланып теріс бағыттағылар жаңадан келгендерді кез-келген жолмен өз орталарына кіргізеді. Егерде ондай ойлары іске аспайтын болса, онда олар ол сотталғанды топ мүшелеріне материалдық тәуелділікке түсу үшін қорқытады, балағаттайды, ол туралы өсек-аяң айтады, жекелетіп тастайды.

Бас бостандығынан айыру орындарында (звения, бригада) сотталғандар арасында психологиялық беріктілік қалыптаспағаннан кейін әр түрлі қайшылықтар пайда болады.

Сотталғандар арасындағы көптеген қақтығыстар шағын топтардың арасында орын алады. Ұжым ішінде сотталғандар теріс бағыттағы топтарға бірігеді де, дүниеқорлық (корыстные) мақсаттың ізіне түседі, мысалы : біреудің еңбегіне өмір сүру, еңбексіз кірісті пайдалану және т.б. Олар осындай басшылық ұстанымдарымен : ешқандай өнерпаздық ұйымдарға кірмеу; сотталғандардың белсенділерімен қарым-қатынас жасамау; кейбір жұмыс түрлерін орындамау; саяси сабақтарға қатыспау; отрядта кезекшілікке түспеу және т.б. Шағын топтардың мұндай ұстанымдары кері-тартпа қақтығысты жағдайларды жиі тудырады.

Осындай топтардың құрамасы басшылық дәрежені қамтып, өздерінің жеке бастарының пайдасын ойлайды (мыс: жұмыс істемеу “құқығын” иелену, басқа сотталғандардың азық-түліктерін пайдалану).

Сотталғандардың арасындағы қақтығыстың даму динамикасы.

Қақтығыстың кезеңдері. Қақтығыстың пайда болуы әлеуметтік – психологиялық құбылыстардың сипаттамасынан байқалады, оның әр түрлі факторлармен өзгерген психологиялық құрылымы қайшылықтың орын алуына себеп туғызады да, қақтығыстар бой көтереді. Қақтығыс даму кезінде бірнеше кезеңдерден өтеді:

Бірінші кезең – бастапқы қақтығысты жағдай. Бұл кезеңде әр түрлі пікірлер жинақталып, істеген қылықтарының немесе әрекеттерінің шындығы айқындалады. Мұндай жағдайда адамдардың әрекеттері әмоцияларынан айқын көрініс береді мұндай көріністе қақтығыс болуы мүмкін, бірақ міндетті емес.

Екінші кезең – объективті қақтығысты жағдайдың пайда болуымен байланысты. Мұнда қақтығысты жақтардың арасында әлі қақтығыс жоқ. Бұл кезеңде қақтығысқа қатысушылар кіммен қандай себептермен шиеленісетіні белгісіз.

Үшінші кезең – ойдың басымдылығынан қақтығыстың даму кезеңі, мұнда қақтығысты жағдайдың себептері белгіленіп, нақты қақтығысқа қатысушылар анықталған кезең болып табылады. Қақтығысты себептер анықталып, әмоциялық ашу әрекеті көрініс береді. Бұл кезеңде қақтығысты бастаушыларға кейбір мақсаттарға жету және белгісіз ситуацияларды қалыптастыру үшін “келіссөз” жүргізу тактикасы тән. Қақтығыс нақты бой көтермеу үшін шешу (сөйлесу арқылы) жолдарын іздеу. (Қақтығысты сөз арқылы шешу)

Төртінші кезең – қақтығыстың даму сатысының шегіне жету кезеңі. Мұнда, бір-біріне қарсы әрекеттерінің негізгі көрсеткіші болып табылатын әмоциялық ашу кернеуінің тіресуі : “Екі жақ ашық түрде басқалардың көңілін аударып өз басымдылықтарын көрсетіп қарсыластарын жеңілуге мәжбүрлеу үшін айқасқа түседі”. Осындай жағдайда қақтығысқа қатысушылардың бір жағында үрей мен уайым пайда болып санасының тарылуына әкеліп соғады. Бұл кезеңнің тактикасы күтпеген жағдайдағы әрекеттер, психалогиялық қысымның тәсілдері арқылы еріксіз көндіру және т.б арқылы жүзеге асырылады.

Бесінші кезең – қақтығысқа қатысушылардың бір – біріне қарсы әрекеттерінің басылу кезеңі (бір-біріне кернеу әрекетінің төмендеуі). Бұл кезеңде ситуацияға байланысты екі жақтық немесе бір жақтық келісімге келеді және осы кезеңде екі жақ бір – бірінің қылықтарын бағалайды, қақтығысты жағдайдың себептерін анықтайды. Осы кезде бір-бірін ақтаумен болады, осыған болжамдық сипаттама тән.

Алтыншы кезең – бұл кезеңде қақтығысқа қатысушылар тәртіптерінің ресми және бейресми құндылықтарын салыстырумен болады. Егер ресми және бейресми тәртіптерінің құндылықтары тепе – тең келмесе қақтығыс қайта көтерілуі мүмкін, мұнда қақтығыс шешуін таппайды, керсінше біртіндеп қайта бой көтереді.

Жетінші кезең – бұл кезеңде қақтығыстың шешілу кезеңі, мұнда бір жақтың қақтығыстан бас тартуы, қақтығыстың біртіндеп басылуы жатады. Бірақ бұл кезеңде қақтығыс сырттай басылғанымен іштей сол қалыпта қалады.

Жалпы қақтығыс жағдайында әмоциялық күйзеліс, қайғы саналы түрде қоса жүреді (сананың тарылуы, қозу, мазасыздану, қорқыныш, билік ету, қате түсіну, агрессия). Мұндай әмоционалды жағдай қақтығыстың кезеңінің барлық процессіне тән.

Қақтығыс және топтық әксцесс туралы түсінік, олардың түрлері, қызметі, себептері.

Қақтығыс мәселесі психологиялык әдебиетте толық, жеткілікті баяндалған, әсіресе А.С.Макаренконың еңбегінде.

Қақтығыстың негізің жете зерттеуде недәуір табыс қосқандар Е.С Кузьмин, А.Д.Быстрицкая, Д.М.Бородкин, В.П.Галицкий, А.И. Донцов, Н.В.Гришина, А.Н.Китов, А.Г.Ковалев, К.К.Платонов,ЛБ.Филонов,А.А.Ершов, А.Н.Сухов және т.б. Пенитенциарлық психологияда дау қақтығысты зерттегендер В.Ф.Пирожков, А.Д.Глоточкин, А.Г.Ковалев, К.К.Платонов, А.Н.Сухов, А.В.Усе.

Қақтығысты және топтык. әксцессты түсіну қатынас және әрекет жағдайында, мақсаттың және тәсілдердің карама қайшылық нәтижесі реттінде оларға жету, әлеуметтік-психологиялық қүбылыстың көп қызметі,көп деңгейлі, көпшамалы реттінде олардың әлеуметтік-психологиялык қүрылымын түсіндіруге мүмкіндік береді. Дау қактығыстың пайда болу үшін ,адамдар бар мақсатардың, қызығушылықтардың, себептердің қарама-қайшылығын түсіну керек.

Сотталғандардың арасында қактығыстар қарама қарсы көзқарастардың, пікірлердің, мүдделердің және талаптардың қақтығысың білдіреді, оның непзінде олардың арасындағы қарама қарсылықтың шиеленісуі жатыр, жиірек бір біріне қарсы ашық әрекеттермен, қарсы күреспен сипатталады. Ереже бойынша қақтығыс — бұл сотталған адамның жеке қылығының психологиялық айқын көрінісі(И.Б.Понамарев, А.Н. Сухов, 1985).

Біракта кақтығыстың мүндай аңықтамасы сотталғандардың арасындағы топтық әксцесстың ерекшеліктерің еске алмайды. Сотталғандардың арасындағы қақтығыс және топтық әксцесс үғымы жеткіліксіз және қосымша қосуды талап етеді.

Сотталғандардың арасындағы қактығыс — бүл олардың арасындағы қайшылық, лидерлік орын алу , еңбексіз табылған кірісті алу, тиым салынған затка, нәрсеге ие болу, зорлық-зомбылық қажеттіліктерің қанағатандыру мақсатты жиі психологиялық және куш жүмсау арқылы шешіледі. Сөйтіп сотталғандардың арасындағы топтық әксцесстың және қақтығыстың жалпы үғымын, келесі түрімен аңықтауға болады.

Топтық әксцесс және қақтығыс — бүл катынастың бір түрі, оның негізінде әртүрлі шынайы немесе бүлдыр, обьективті немесе субьективті, бірақ жеке адамдардың қатынаста болу мақсатты, әртүрлі дәрежеде қайшылықты жете түсіну.

Топтардың және сотталғандардың арасында қарама қайшылықтың шиеленісуі, ашық қақтығыспен және қарсы алысумен сипатталады, жеке немесе топтық, куш жүмсау немесе психологиялық зорлық зомбылық арқылы шешіледі.

Қақтығыстар әр түрлі болу мүмкін: а) накты(шынайы); б) жалған, өтірік (нақты емес себептердең пайда болатын);

в) иррационалды (ақыл жетпейтін) және де кақтығыстың мотивтері бір сатыда, саналы түрде толық емес түсіне алмайды. Осымен байланысты «қақтығыс» үғымынан басқа «қақтытыс жағдайы» және «қақтығыста өз ара әрекет жасау» үғымын бөледі.

Қақтығыстар және топтык эксцесстер әртурлі негізі бойынша топтастырылынады:

- олардың негізінде жаткан, қайшылықтың мазмүны бойыншы (жағымды
және теріс қақтығыстар болады);

- кақтығысқа және топтық бүзақылыка катысушылар немесе жақтары
бойынша (жеке түлға ішіндегі, жеке түлға арасындағы, топ арасындағы
қақтығыс);

- қатысушылардың жақтары бойынша ;

- қатынастың сипатты бойынша, сонда пайда болған қақтығыс және топтык
бүзақылық(ресми емес және ресми катынастар, тік немесе көлдене
бойынша );

- пайда болу өрісі бойынша (еңбек, оқу, түрмыс, тәртіп өрісі);

- кеңістік-уақыт сипатты бойынша(пайда болу орны және уақыты, жиілігі,
үзақтығы);-

- көріну түрі бойынша (ашық, жасырын);

- өз мақсатына жету үшін, катысушылар қолданатын,шешу
тәсілдері(келісімге келу, келімсіз).

Қақтығыс және топтық әксцесс теріс сондаяк жағымды қызметі орындай алады. Қақтығыстың негізгі қызметтері мыналар болады: жасаушы, бүзушы және диагностикалық.

1. Қақтығыстың және топтық әксцесстың бүзушы қызметті. жеке түлға және
топтык, сипатта теріс факторлардан байқалады. Біріншілері психикалық
және дене зақымдығымен байланысты, екіншілері- топпен. Олар және
басқалар пенитенциарлык мекемеде сотталғандардың тіршілік әрекетіне
теріс әсер еттеді. (төбелес, қашу, өртеу, өлтіру, аманатқа алу және т.б.).

2. Жасаушы қызметті топтык әксцесстың және қақтығыстың зардабының
жағымды әсер етуінде тур: теріс топтардың әсер етуін және олардың
үрылардың салт дәстүрлерің орнатуын әлсірету.

3. Диагностикалық қызметті сотталғандардың арасында топтық әксцесстың
және қақтығыстың пайда болуына мүмкіндік түғызатың жағдайларың және
себептерің, мотивтерің айқындап білуімен байланысты.

Бүл психологиялық түрғыдан дүрыс шешуге және әлеуметтік-психологиялық профилактикалық шараларды дүрыс өткізуге мүмкіндік береді.

Топтық әксцесстың және қақтығыстың негізгі бес топ себептерін бөледі.(И.В.Каретников, 1978; И.Б.Понамарев, А.Н. Сухов, 1985).

Бірінші топ себептері, түзеу мекеменің тіршілік әрекетін үйымдастыру бойынша,әкімшіліктің әрекеттіндегі тапшылығымен байланысты, сондай-ақ қылмыстық жазаны атқаруды қамтамасыз ететін қызметкерлер, сотталғандарға жаман болсындеп барлығын істейдідеген сотталғандарда қате түсінік қалыптасты.Сөйтіп мекеме қызметткерлердің әділетті талаптарын, сотталғандардың теріс бағытты үстанатың бөлігі жиі теріс қабылдайды.

Қактығыстың және топтық әксцесстың екінші топ себептері, психология көқарасынаң сотталғандардың отрядтарың және бригадаларын дүрыс емес іріктеп жинақтауы мен байланысты, түратын орнында , өндірісте дүрыс орналыстыруьімен байланысты.

Қактығыстың және топтық әксцесстың үшінші топ себептері, теріс,жағымсыз әлеуметтік-психологиялық қүбылыстардың бар болуымен байланысты: үрылардың өзіндік мәдениетің, түрмедегі салт дәстурлердің, қылмыстық қатынастың бар болуы.

Себептердің төртінші тобы пенитенциарлық мекемеде, сотталғандардың жазасын өтеу жағдайның ерекшелігімен байланысты.Сыртқы дүниемен байланыстың шектелу жағдайында қылмыскерлердің арасында болу, ақпаратық таусылу, көпшіліктің алдында болу, өз ара қатынаста пайда болатын қйыншылықтар теріс әмоциаларды тудырады және жүйке жүйені әлсіретеді.Осы топка адамгершіліке жатпайтың және қүқықа қарсы тәсілдер арқылы, материалдық және табиғи қажеттіліктерің қанағатандыруымен байланысты себептерің жатқызуға болады (ақшаны,есірткені, ішімдікті. азық түлікті корқытып алу, қастық жасау, «қызығушылықа» карта ойнау, алдау, шантаж, күш жүмсау және т.б.).

Қақтығыстардың және топтық эксцесстердың бесінші топ себептері, психикалық дамуында ауытқу бар, жеке адамның өзіндік-психологиялық ерекшеліктерімен байланысты, сондаяк қақтығыс, есіртке және ішімдік зақымға үшырау дәрежесіне байланысты.Сотталғандардың көбінде жеке түлға ерекшеліктері айқын көрінеді, оларды бүзақылықа, тәртіпсіздіке белсенді қатысуына әкеледі.

Қақтығыстар сотталғандардың жеке арасында, сотталғандардың топтары арасында, сотталғандармен әкімшіліктің арасында пайда болу мумкін.Түзеу Мекеме территориясында, қақтығыстар түратын және өндіріс зоналарда жиі

болып турады.

Режимнің түріне тәуелді, қақтығыстардын өзіндік ерекшедіктері бар. Режим түрі қатал Түзеу Мекемелерде қактығыстар теріс бағытты үстанатың сотталғандардың арасында пайда болады, жалпы режим колонияларында жағымды және теріс бағытты үстанатын сотталғандардың арасында пайда болады.

И.П. Башкатов және А.И. Ушатиков жүргізген зерттеу нәтижесінде мынаны айқындап тапты, отрядтардың 60 % жағымды және теріс кіші топтардың арасындағы қатынас, теріс сипатта болады, 28,7 % нейтралды және 11% -тілектестік қарым-қатынаста болады.

  1. II. Қактығыстың әлеуметтік-психологиялық өсу деңгейі, оны шешу және алдын алу.

Қақтығыстардың өсу деңгейінде А.Д. Глоточкин және В.Ф.Пирожков төрт сатыны бөледі: бастапқы, екінші, жоғарғы шегі- қатысушылардың ашық қақтығысы және соңғы Қақтығыстын өсу деңгейіне осындай сатыларды жатқызады, қақтығыстын алдындағы жағдайдын пайда болуы, осы жағдайды жете түсіну, қақтығысты қылықа көшу, кақтығысты шешу.

Кейбір авторлар (Я.Я.Понамарев, А.Н.Сухов,) қақтығыстың жеті сатысын бөледі:

біріншісі- қақтығыстың алдында;

екінші - қатысушылардың арасында кақтығыс болмағанмен обьективтік қақтығыс жағдайдын пайда болуы;

үшінші- көбінесе қактығыстың ойлау даму кезеңі, ол табылғансоң және нақты қатысушылардың жете түсіну;

төртінші - қақтығыс дамуының қиын кезеңі (негізгі көрсеткіші тараптардың бір біріне қарсы әрекете әмоциалық қызу басым болады);

бесінші- қақтығысқа қатысушылардың қылығын ресми және ресми емес бағаларын салыстыру, (жақын ортасынан шығатын);

аптынші- қақтығысты шешу, немесе бір тарапшының одан шығуы, қарсы алысуды уақытша тоқтату мақсатты.

Сотталғандардың арасында қактығыс схема бойынша дамыиды: 1-ші сатысы- қақтығыс алдындағы жағдайдын пайда болуы; 2-ші сатысы- бір бірімен әрекетесу қакдығысы; 3-ші сатысы- қақтығыстан кейін жағдай.

Бірінші сатыда қатысушылар жағдайды қақтығыс ретінде түсіне бастайды. Осымен байланысты тілеген мақсатына жеті үшін барлық күшін жүмылдырады-, немесе барынша қорғануды қамтамасыз ету.

Екінші сатыда кақтығыс жағдайда алдын ала бір бірімен келіскен әрекеті стратегиясын тандау. Тап осы жағдайда қылықтын үш варианты болуы мүмкін:

1) жағдайды қақтығыс ретінде түсінгенде, бір бірімен әрекетес
қатысушылардың біреуі қарым-қатынас жүйесінен шығу шешімін қабылдау мүмкін;

2) тарапшылардың біреуі(немесе екеуіде) келісім түрінде қақтығыс жағдайды шешу тәсілін тандауы мүмкін.

3) бір бірімен қақтығыс әрекете тарапшылардың әрқайсысы барынша толық алуға үмтылады.

Сотталғандардың арасындағы қақтығысты шешу және алдын алудағы әлеуметтік – психологиялық шаралары.

Қақтығыстың алдын алу – бұл әлеуметтік – психологиялық, педагогикалық және т, б тұрғыдан ұйымдастырылған қақтығысты болдырмау шаралар жүйесі болып табылады. Бұған жататындар :

1) болжамдық;

2) жоспарлау;

3) сотталғандардың кіші топтары мен жеке бастарының ұжымдық деңгейдегі психолого – педагогикалық шаралары.

Қақтығысты психологиялық тұрғыдан болжамдау, қарама-қайшылықтың алдын алудағы негізгі бөлігі болып табылады. Ал ғылыми болжаудың негізі ол қақтығыстың пайда болуы, дамуы жөніндегі заңдылықтарын анықтау ретінде қаралады.

ТМ сотталғандардың арасындағы қақтығыстарды болжау үшін ең алдымен әр сотталғанның тұлғалық ерекшеліктеріне және тәртібіне көп көңіл аударған жөн :

- бағыттылығы;

- психикалық қалпы;

- ерік – жігерінің дамуы;

- жазаға қатысы (немесе көз-қарасы).

Қақтығысты алдын – алу үшін ақпараттық мәліметтердің маңызы өте зор. Ал қақтығыстың ақпараттық көздері әкімшілікке ресми немесе бейресми деректер арқылы жеткізілуі мүмкін

- қызметтік кеңестер;

- колония бастығының кезекші көмекшісі (ДПНК);

- колония бастығының кезекші диспетчерлері;

- түзеу мекемесінің қызметкерлері мен сотталғандардың әңгімелесуі арқылы;

- арнайы бақылаулар;

- сотталғандардың туыстарының хаттары және т,б, арқылы болжам жасауға болады.

Ал психалогиялық болжам жасау сотталғандар арасындағы қақтығысты алдын – алудың маңызды бір бөлігі ретінде қарастырылады да, оларға әр-түрлі іс-шаралар қолданумен жүзеге асырылады, ол үшін алдымен іс-шараның жоспары құрылады, жоспарда :

- қақтығысқа түрткі болатын мән-жайларды (қайшылық жағдайларын, себептерін) анықтау және жою;

- қақтығысты қылықтарға бейімділігімен есепте тұрған адамдарды жиі қадағалау;

- сотталғандардың теріс бағытты топтарын жекешелендіріп ұстау шарасын қарастыру;

- қақтығыстарды ескерту және болдырмау;

- режимді қасақана бұзғандармен жеке алдын – алу әдістерін қолдану, жұмыс жүргізу;-

- жалған сөз таратуды тию және теріс бағыттағы топтардың әдеп-ғұрып салт-дәстүрлерін ыдырату болып табылады.

Жалпы мекемелерде, жасақтарда, шаруашылықта қақтығыстарды болдырмау үшін әлеуметтік – психологиялық климатты жақсарту керек, бұл бір жағынан шиеленістерді күйрету немесе алдын-ала ескертудің ең жағымды факторы болып саналады, ал екіншіден әкімшіліктің қызметіне жұмыстарын оңтайлы орындауына хал – ахуал туғызу болып саналады. Негізінен дұрыс қалыптасқан әлеуметтік – психологиялық атмосфера тәрбиешілер ұжымының іс-әрекеттерінде тыныштықты, келісімділікті талаптарында бірліктің алғы шарты болып табылады және сотталғандардың әр қайсысының жеке басын білуге жағдай туғызады.

Жаңа түскен сотталғандар мен бригада мүшелерінің арасындағы қақтығыстардың алдын алудағы ең маңыздысы, ол сотталғандарды бейімдеу кездерінде әдістемені сауатты ұйымдастыру және дұрыс топтастыру.

Бұл жұмыстың мақсаты жаңадан келгендерді (түскендерді) тереңірік зерттеу, алғашқы ұжымдық (жасақ,бригада және т,б) құрылымдағы орнын анықтау. Қақтығысты қылқықтардан алшақ болу үшін, тәрбие колонияларынан жаңадан келген (түскен) белсенділер мен түзеу колониясының теріс бағыттағыларын білген жөн болады, өйткені бұл сотталғандар арасындағы қақтығыстың себептерін дұрыс түсінуге мүмкіндік береді. Негізінен тәрбие колониясының қызметкерлері, тәрбие колониясынан басқа түзеу мекемесіне ауыстыруға жататын сотталғандар туралы, баратын жерінің (түзеу мекемесінің) қызметкерлеріне алдын ала мәлімет бергені дұрыс болады. Бұл сотталғандарды түзеу мекемесіне қалыпты бейімделуіне зор көмегін тигізеді.

Қақтығыстарды шешу. «Қақтығыстарды шешу» термині әдете екі мағынада қолданылады: 1). Қақтығыс себептерін болжау, бейтараптандыру және объективті түрде әділ шешуге арнарған. 2). Екі жақтың ашық түрде қақтығысуларын болдырмауға арналған. Сотталғандар көбіне осы қақтығыс әрекеттерін жеңу үшін адамгершілікке жаттпайтын әлеуметке қарсы қатыгездік қылықтар жасайды. Сондықтан сотталғандар арасындағы қақтығыстың шешілуін теріс бағытты топтардың көшбасшыларының әрекеттерінен емес түзеу мекемесі әкімшілігінің әрекеттерінен жақсы байқауға болады.

Түзеу мекемесі қызметкерінің кез-келгенінде қызметтік міндеттерін өтеу барысында сотталғандардың арасындағы қақтығыстық жағдайды шешу кезінде мына міндеттер жатады:

- қақтығыстық жағадайларды талдау (қақтығысқа қатысушылардың жасырын ұйымдасуын, қақтығысудың себеп-салдарын анықтау);

- ұжымдық іс-әрекетте және шаруашылықты ұйымдастырғанда (жеке басының қатынасында) қақтығыстың қаншалықты себептері бар екенін анықтау;

- қақтығыстың орнын, уақытын, қатысушылардың санын, жалғасуын және болашақ зардаптарын анықтау;

- қақтығысқа қатысушыларға әрекет ететін құралдарды пайдалану;

- қабылданған шешімді жүзеге асыру.

Сотталғандар арасында кездесетін қақтығастардың бағытына, себебі мен даму кезеңіне, қатысушылардың жеке бастарының ерекшеліктеріне байланысты әр-түрлі шараларды қолдану қажет.

Алайда қақтығысқа тән олардың криминагендік қылықтарымен өз орталарына сай психологиялық климат орнатуы, осы негізгі факторлар жайында да қызметкерлер қызметінің тарапынан шешімді әдіс-тәсілдерді қолдануды қажет етеді, олар: - сотталғанның бейімделу кезіндегі жеке басын егжей-тегжейлі анықтау, бейімделуге және осы кезеңде топтастыру арқылы дұрыс, оң бағыттағы әлеуметтік топтар арасына орналастыру, көмек көрсету; - біраз уақыт бойы бақылау жүргізу; - түзеу құралдарын жазаны өтеу режиміне және құқықтық нормативтік актілерге, заңдарға байланысты қолдану; - тәртіп бұзуға жол бермеу; - психикасының бұзылуы немесе ауытқуы болса есепке алу, байқау; - психологиялық көмек көрсету; жасаған теріс қатынастарын анықтап талдау жасау; жеке басы қақтығысты (стресс, депрессия, аффект фрустрация, агрессия, апатия және т,б) жағдайда болса әдіс-тәсілдер арқылы шешу және уақытымен шара қолдану.

Сотталғандар арасында қақтығысты жағдайларды ескерту

Сотталғандар арасында қақтығысты жағдайларды ескерту үшін нұсқаушы психолог бірнеше әдіс-тәсілдерді қолданады, және осы әдістер арқылы төмендегілерді анықтайды:

1. тұлғаның қалыптасу ортасының психологиялық атмосферасын зерттейді:

- бұрыннан қалыптасқан тәртіп-қылықтарының кенеттен өзгеруі (импульсивті, уақытынан бұрын және өз уақытылы емес әрекеттері), әдеттенген тәжірибесін қолданбауы, мақсатына қарамастан жауапты реакцияларын қарысып (упорно) қайталауы;

- іс-қимылдарының психологиялық түйінделуінің (тығырыққа тірелуі, байланып қалуы) әсерінен қимылы мен әрекетінің тежелуі;

- мақсаттылығыедағы іс-әрекетте белсенділігінің жоғарылауы, пайда болған ауыртпалықты жеңіл қабылдау, өзін-өзі бақылаудың жоғарылауы, кез-келген әрекетті жеңіл қабылдау.

2. Бас бостандығынан айыру орындарындағы сотталғандардың психологиялық тұрғыдан қабылдау дәрежесін анықтайды, мұнда бірнеше топтарды бөлуге болады :

- қоғамға тигізген кері әсерлеріне, жасаған қылмыстарына толығымен өкініш сезімдері оянғандар және қылмыстарын мойындағандар. Бұл топтағыларға жақындау барысында өздерінің жасаған қылмысы мен қоғамға тигізген зардаптары үшін, қоғом толығымен жазалауға құқығы бар екендігі туралы ескертіледі. Осындай әрекеттер (тәрбие жұмысын дұрыс қолданса) басқа сотталғандарға жағымды ықпал етуге көмегін тигізеді. Сотталғандардың мұндай категориясы өмірдің жағдайларына тез қалыптасады, тәрбие және шаруашылық процессінде белсенді қатысады.

- Қақтығыстарды шешу көбінесе екі жолмен орындалады, күн тәртәбін (режим) бұзушыларға деген бағыттарды өзгерту мен байланысты: - шынайы өзіндік бағалауды қалыптастыру мақсатында жеке қасиеттеріне әсер ету, өз тәртібіне сын көзбен қарай білу, күн тіртібін бұзушыларға ерекше талаптар қоя білу.

Сотталғанның ішкі тәрбиесінің бағытына тәрбиелеушінің тәрбиелік мақсатты дұрыс ұйымдастыру, жалпы сотталғанның жеке басын өмірге деген көз қарасын дұрыс қалыптастыру, қоғамдық ықпалын өзгерту, қарым – қатынаста өз - өзін ұстау үшін ерік жігерін тәрбиелеу болып табылады.


Бақылау сұрақтары

1. Қақтығыс және топтық әксцесс туралы жалпы түсінік, олардың түрлері, қызметі, себептерін атап беріңіз.

2. Сотталғандардың арасындағы қақтығыстың даму динамикасы. Сотталғандардың арасындағы қақтығысты шешу және алдын алудағы әлеуметтік – психологиялық шаралары.

3. Топ аралық және тұлға аралық қақтығыстын негізінде қандай себептер жатыр?

4. Қақтығысқа қатысушылар өзара әрекет ету барысында қандай түрлі құралдарды қолданады?

5. Сотталғандардың арасындағы қақтығыс дегеніміз не?

6. Топтық әксцеспен қақтығыстын негізгі бес топ себептерін қарастырындар?

7. Сотталғандардың қаумында қақтығыс қандай сатылардан өтеді?

8. Сотталғандардың арасындағы топтық әксцестерді шешу барысында ТМ қызметкерлердің іс әрекеттерін қарастырындар?

9. Топтық әксцеске әлеуметтік – психологиялық сипаттама берініздер.