Әрбір мемлекеттің тарихи дамуы бір ұрпақтың басқаның орнын ұлайы басып отыруымен тығыз байланысты болады. Әрине, кім болса да, бұл ұрпақтың алдыңғы буыннан да сенімдірек болғанын қалайды. Кәмелетке толмаған жастардың бостандығы мен заңды мүдделері тиісті деңгейде қорғалмаған жағдайда, құқыктық мәдениет жоғары деңгейде қала алмайды. Бұл міндеттерді балалар мен жасөспірімдердің ой-өрісі мен мінез- құлықтарының және олардың өмір сүру қабілетінің қалыптасуларына әсер ететін, әлеуметтік жағдайлар мен процестерге нақты сараптамалар жасай отырып, келешек ұрпақтың дамуының тенденциясы және заңдылығын терең және жан-жақты зерттемей жүзеге асыру еш мүмкін емес. Осы зерттеулердің ішінде кәмелетке толмаған жастардың қылмыс жасау мәселелерін оқуға ерекше орын берілуге тиіс. Бұл үшін кәмелетке толмаған жастардың құқыктык мәртебесінің қалыптасуының тарихи аспектілеріне жүгіну керек. Кәмелетке толмаған жас – бұл адамға және азаматқа еліміздің Ата заңы және баскадай заңдылықтары мен толық көлемде берілетін субъективті құқықтар мен заңды міндеттерді жүзеге асыру жасына толмаған және оған толық мүмкіндік-қабілеті жок адам.
Кәмелетке толмаған жас деген түсінік - бұл ұлттық заңнамалардың тарихи қайта түлеуі, сондықтан оның әр түрлі синонимдерін кездестіруге болады: бала, жасөспірім, шектелген өзіндік қабілет және т.б. Қандай да болмасын заңдылықтарды немесе халықаралық құқықтық актілердің кәмелетке толмағандарға қатысты болмай шығуына жол бермеу үшін бұларды назарда ұстау қажет. Заңдарға кәмелеттік жасқа толмағандарды дербес тұлға ретінде қосып, мемлекеттің және барлык халықаралық қауымдастыктың заң шығарушылары кәмелетке толмағандар және кәмелетке толғандар арасындағы заңды шекараны бекітті, осылайша адамдар ішіндегі арнайы құқықтар мен міндеттерге иелік ететін автономиялық демо- графиялық (жас мөлшерлік) топты құрады.
Қандай да болмасын мемлекеттің тарапынан ерекше қамқорлық керіп және жан-жакты қорғалуға, жақсы жағдайларда өмір сүруге лайықты кәмелеттік жасқа толмаған балаларға XX ғасырда мүлде баскаша көзқарас пайда болды деп саналады. Олардың рухани және саналы түрде дамулары үшін барлық әлемнің еркектері мен әйелдерін балаларға барлық жағдайларды жасауға шакырған Ұлттар Лигасы 1924 ж. Женева декларациясын қабылдады. Екінші дүниежүзілік соғыс бітісімен, 1945 ж. БҰҰ Бас Ассамблеясы Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қорын (ЮНИСЕФ) құрды.
Қазіргі Қазақстанның кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты заңдылықтарының тарихи кезеңі, оларды мүліктік және басқадай қатынастарға тартумен (кәсіпкерлікпен айналысады, өндіріске қатысады және т.б.), азаматтық-құқықтық қабілеттілігін кеңейтумен, кәмелетке толмағандарды отбасылық-құқықтык қатынастарға араластырумен сипатталады.
Республикасындағы балалықгы құқықтық қорғауды күшейту және кәмелеттік жасқатолмағандардмң құқықтық мәртебесін реттеу жөніндегі заңнамаларды алдағы уақыгга жетілдіре түсудің маңыздылығын көрсетеді. Осыған байланысгы кәме леттік жасқа толмағандардың омірлік қызметінің барлық саласыидагы құқықты, міндеттерді, кеиілдік нсн жауапкершіліктерді реттейтін, қазақстандық құқықтың жаңада болған бір саласы - юненалдық құқықтың қалыптасуына біршаміі көңіл аударылуы қажет.
Өзінің пайда болғанына көп уақыт өтпесе де ювеналдық юстиция көптеген елдерде бедел мен мортсбеге ие болып үлгерді. Кәмелегке толмаған жастардың қылмысгық жауапкершіліктерін реттеу әр түрлі мемлекеттердің теориялык және құқықтық пайдалану қызметтерінде маңызды орын алады. Кәмелетке толмағандар елдің ертеңі болып табылады, сондықтан мсмлексг қамқорлығы, сол сияқты комслсгтік жасқа толмағандардың деішаігггы мінез-қүлықтарын реттейтін мөлшерлері және қылмыс жасағандары үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту процестері оның маңызды міндеттерінің бірі болып саналады. Осыған байланысты көптеген мемлекеттер кәмелеттік жасқа толмағандарды жауапкершілікке тартумен айналысатын арнайы органдар жүйесін қүрды.
Кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыстық істерінің өсуі, көптеген слдсрде жергілікті тұрғындардың сапы осуінен біршама асып түсетіндігіп атап өтуіміз керек. Бұнымен қоса, құқық қолдану тәжірибесі кәмелеттік жасқа толмағандардың ауыр және огс ауыр қылмыс жасауының үлкен мөлшерде болып отырғандығын дәлелдейді (бұл жерде «қылмыстық» термині қолданылмайды, өйткені комелеттік жасқа толмағандардың бірқатар санаты, қылмыстық құқықтардың қазіргі теориясына сәйкес, қылмыстық істің субъектісі болып габылмайды). Сонымен қоса, қылмыстық заңдылықтардың салыстырмалы-құқықгық актілері, қылмыстық жауапкершілікке тараудың жастық мөлшерін айқындау, ор түрлі елдерде бірдей емес, әр түрлі мағынаға ие екендігін көрсетеді және бұл осылайша кейбір жекелеген елдердің кәмелеттік жасқа толмағандардың жауапкершілігін құқықтық реттеу мәселелерін әлі де болса қарастыра түсу қажеттігін білдіреді.
Бақылау сұрақтары
1. «Кәмелеттік жасқа толмағандар» түсінігіне анықтама беріңіз.
2. «Кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтық мәртебесі» түсінігіне анықтама беріңіз.
3. XIX ғасырға дейінгі кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтық мәртебесін көрсетіңіз.
4. Кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты қазақи қарапайым құқықтардың ерекшеліктерін анықтаңыз.
5. XX ғасырдағы кәмелеттік жасқа толмағандардың кұқықтық мәріебесін ашып көрсетіңіз.
6. Қазіргі кезеңдегі кәмелеттік жасқа толмағандардың кұкықтық ережелерін дамыту және қалыптастыру үшін тарихи бастаулар қандай маңызға ие болады?