Ғылымды көп жағдайда нақты шындықтар туралы жан-жақты білімді теориялық тұрғыдан жүйелендіру және ойластыру мәселелері жүргізіліп отыратын қоғамдық түсініктің бір үлгісі, адам іс-әрекетінің бір саласы ретінде түсіндіреді. Ғылымның әр саласы бір ғана зерттеу объектісінде нақты өмірдегі тұрмыстык жағдайлардың кандай да болмасын бір үлгісін немесе табиғат және қоғамның даму процестерінің қандай да болмасын бір жақтарын зерттеу пәні ретінде белгілеп алады. Педагогикалық шындық жи- нақталып қалған тәжірибелерді жоғарғы буын өкілдерінен жастық толқынға берудің қоғамдық қызметі жүзеге асырылатын педагогикалық қызметтің сол бөлігін қарастырады.
Тәрбие беру көп жағдайларда педагогикалық ғылымның нысаны болып айқындалады, өйткені бұл түсінік кең мағынада қарастырылған және педагогикалық қызметтер жүргізілетін педагогикалық нақтылықтардың барлық жақтарын қамтиды. Тәрбие беруді қиын әрі тұрақты жүргізіліп отыратын құбылыс ретінде ғылымның көптеген салалары зерттейді. Мысалы, тарих тәрбиені таптық күрес және таптық саясат тарихының жеке бір кезеңі деп; философиялық ғылымның жекелеген бағыттары - қоғам дамуының жеке бір кезеңі, оның өндірістік күші және өндірістік қатынастары деп қарастырады; ал психология тәрбие беруді дамып келе жатқан адамның түлғалық қалыптасу процестерімен тығыз байланыстатүсіндіреді. Қандай да болмасын ғылымның дербестігі, ең алдымен басқа ғылыми пәндермен арнайы түрде зерттелмейтін, оның өзінің ерекше жеке зерттеу пәнінің болуымен анықталады.
Ғылымныңжалпыжүйесінде,«заттар мен білімнің» жалпы жүйесінде педагогика - алдағы толқынның әлеуметтік тәжірибелерін жекелей меңгеретін, сабақ және сабақтардан тыс уақыттардың бірігуіндегі толық педагогикапық процестерді өзінің адамды тәрбиелеу жөніндегі пәні деп түсінетін бірден-бір ғылым. Ісжүзінде, әрбірғылымныңөзіндік тарихы және оқып-зерттеумен оның өзі айналысатын және оның теориялық негіздерін түсіну үшін білімпаздық ерекше маңызға ие болатын табиғи және қоғамдық қүбылыстарының айқындалған жеткілікті аспектісі болады. Онсыз ғылым дами алмайды. Балаларға қажетті дайындықтарды, білім-тәрбие беретін мекемелер санының өсуі, мүғалімдерді әзірлеу жөніндегі арнайы оқу орындарының ашылуы, жоғарғы оқу орындары мен колледждерде педагоғиканы ерекше ғылыми тәртіп ретінде оқыту - мұның барлығы педагогикалық теорияны дамытуға үлкен серпіліс береді.
Ғылым ретінде педагогика бірқатар ғылыми салаларға бөлінеді: жас бүлдіршіндер педагогикасы, мектепке дейінгі педагогика, мектеп педагогикасы, кәсібитехникалық білім беру педағогикасы, өнд ірістік педагогика, жоғары мектептің педагогикасы, әскери педагогика, педагогика тарихы, әтнопедагогика, әлеуметтік педагогика, үшінші толқынның педагогикасы, үздіксіз оқытудың педагогикасы, білім берудің пәндік әдістері, сол сияқты пенитенциарлық мекемелер педагогикасы деп аталып жүрген еңбекпен түзету педагогикасы.
Бұдан басқа, педагогикалык ғылым кұрылымына, сонымен қоса, соқырлар және нашар көретіндерге (тифлопедагогика), саңыраулар және нашар еститіндерге (сурдопедагогика), ойлау кабілеті нашар балаларға (олигофренопедагогика), сөйлеу мәнерлері бұзылған балаларға (логопедия) білім және тәрбие беру мәселелерін қарастыратын арнайы педагогика кіреді.
Педагогикалық сала адамның санасында дамымайды, олар адамдар туралы өзге ғылымдардан бөлектеніп қалған. Сондықтан да педагогиканың өзге ғылымдармен қиылысатын кезінде көбіне жаңа білім беру пайда бо- лып, ғылыми ашылулар жүзеге асады. Педагогика өзінің қай тұрғыдан болса да дамуы барысында философия, этика, социология, психология, физиоло- гия және гигиенамен тығыз байланыста болып, олардың анықтаулары мен ұсыныстарына сүйенеді.
Педагогикалық ғылыммен танылған жас айырмашылықтарына сәйкес, ювеналдық жасқа екі жас айырмашылығының кезеңі енеді - бұл жасөспірім немесе орта мектеп жасының (10-15 жас) аяқталуы немесе жоғары мектеп жасына жататын (15-18 жас) жастың (15-21 жас) басталуы. Адамның психологиялық және рухани дамуы және оған тәрбиелеу жүргізетін жағдайлар жас мөлшерлер ауысуының педагогикалық негіздерін құрайды. Жастық ерекшеліктерге негізделген ауысымдар, қандай да болмасын жас үшін тұлганың анатомдық-физиологиялық және психикалық сапасын көрсетеді.
Жасөспірім шақ - балалықтан ересектікке оіудін қиын бір кезеңі, бұл - баланың психологиялық есейетін және жыныстық жетілетін шағы. Бұл кезеңнің құрылымы қиын және біржақты емес. Жасөспірім өзін тіпті ересек адам ретінде сезініп, өзінің мінез-құлқын және кейбір нақты істерді толық бағаламайды. Бұл кезең бірқатар жағымсыз көріністердің пайда болуымен өтеді. Жасөспірім үшін белгісіз күш пайда болады және қалыптасқан түсінігін бұзып, белгілі әдеттерден шатыстырады, әр түрлі әрекеттер жасауға итермелейді, бір қиырдан бір қиырға лақтырып, көңілді алаңдатады. Жасөспірімнің кызмет аясы біршама кеңейеді, ол құрдастарымен жан-жақты араласуға ұмтылады. Оның бойында өзіндік баға беру және айналаға саралап қарау жөнінде коммуникативті жаңашылдықтар пайда болады.
Жасөспірімнің осы кезеңінің тағы бір ерекшелігі - арман-қиялға берілу, өзінің ішкі әлеміне терендеу және оны ұғыну, өзінің құштарлығы мен жаңашылдығын олардың қаншалықты жүзеге асуына қарамастан, өткір тұрғыдан атап өтуі. Нақтылықпен саналы түрде келіспеушілік, өз әлемімен өмір сүруге деген сенімділік оның армандарына өзіндік сипат пен ой- өріс береді. Бұл кезенде жасөспірім үшін - жалғыздық пен оқшаулану, түсінбеушілік және ешкімге қажеті жоқ сезімдер, жалпы барлығынан, сонымен қоса баршадан бөлектену сияқты мінездер сипатты болады.
Бақылау сұрақтары
1. «Білім беру» және «тәрбие беру» түсініктерін айтуды жоғары оқу орындарының курсындағы тарих, философия, саясаттану және педагогикамен қатарластырып қойыңыз.
2. Ювеналдық педагогиканың басқа ғылымдармен байланысын дәлелдеңіз.
3. Ювеналдық педагогиканы қолдану саласын түсіндіре отырып, сипаттаңыз, мы- сал келтіріңіз.
4. Тұлғаның даму кезеңдеріне сипаттама беріңіз.
5. Ювеналдық жас мөлшері қандай жас мөлшерлерін өзіне қамтиды?
6. Жасөспірім кезеңде түлғаның қалыптасуына ықпал ететін факторларға сипаттама беріңіз.
7. Жасөспірімдік дағдарыстың негізгі мәселелері қандай?
8. Ювеналдық жас мөлшеріндегі дене бітімдік дамудың ерекшеліктері нені білдіреді?