2. Ювеналдық психологияның негіздері


Бұл адамдық болмысқа қарай қозғаушы күш ретінде ізгілікті құл- шыныспен қарауға, оның тұлға екендігіне және оның тарапынан ойлау қабілетіне ерекше назар аударуды күшейтеді. Қазіргі қоғамдағы кұндылықты қайта кұрулар «Мен» шыңына жылдам өрлеуші кабілетті еркін тұлғаны таңдауға бағытталған.

А. Н. Леонтьев іс-әрекет мотиві оның мәні және мақсатты жүзеге асыруға дайындық арасындағы өзара диалектикалық байланыстарды анықтап берді. Іс-әрекет мәні оның мотивтері дамуына карай туындап отыратын өзара байланысқан біртұтас жүйе тұлғаның психологиялық іргетасын құрайды.

Ювеналдык кезең онтогенездің бір бөлігі ретінде «үлкен өмірді меңгеруді» енді бастағалы отырған түлғаның өзін-өзі тану және өзін-өзі қалыптастыруының қиын процестерімен ұштасып жатады.

Отандық ғылымда жасөспірім жасты адамның даму кезеңінің өз алды- на дербес, тұлғалық және жекеше дамуының қалыптасу уақыты деп қарау қабылданған. Ювеналдық кезең өз шекарасына ерте жастық пен кеш есеюді хронологиялық тұрғыдан таңдайды. Сондықтан да ювеналдық кезең ішінде дифференциация жасап оты ру тиімді, өйткені әр түрлі терең физиологиялық және психологиялық механизмдер, мінез-құлықтың осы онтогенетикалық кезеңінде, өмірлік жоспардың максатын және құрылым тізбегін айқындайды. Бүгінде жасөспірім кезеңді зерттеудің көптеген нақты қалыптасқан гипотезалары мен теориялары, нақты зерттеулер бар. Оларды оқу осы жасқа, оның тұлғасына нақты қатысы бар мәселелерді суреттеу тарихи өзгеріске ұшырайтын және тұрақты факторларын тануға, феномендер мен олардың интерпретациясын айыруға, жасөспірім жас кезеңініи мәселелеріне тиімді тұрғыдан келу жағдайларын шешуге мүмкіндік береді.

Э. Шпрангер жасөспірім жастардың мәдени-психологиялық концеп- циясын жасады. Э. Шпрангердің айтуы бойынша, бұл – мәдениетке бейімделу кезеңі. Психикалық даму дегеніміз – сол дәуірдің нормативтік және объективтік рухына жекеше психиканың бейімделуі деген сөз. Жасөспірім жас әрқашан да «көтеріліс пен құлшыныс» кезеңі болып табыла ма деген сұракты қарастыра келе, Э. Шпрангер жеткіншек дамуының үш сипатын көрсетеді. Ш. Бюлердің еңбектерінде пубертатты жасты органикалыц жетілу және психикалық дамумен бірлікте қарастыруға қадам жасалған.

Ш. Бюлер атап өткен жасөспірімнің негізгі белгілері – бұл қиқарлық пен төбелесқұмарлық түрінде көрінетін «әсіресе сезімталдық пен қайшылық, мазасыз және жылдам қызбалану жағдайы», сол сияқты «жеке тұлғалық және жан күйзелісі». Жас жеткіншектер өздеріне риза емес, олардың бұл наразылығы қоршаған ортаға бағытталған іс-әрекетінде көрініс табады.

Э. Штерн жасөспірім шақты тұлға қалыптасуының айрықша бір кезеңі деп қарастырады. Онын пікірінше, кандай да болмасын психологияның басты мәселелерінің бірі адамдық тұлғаның мәселесі болуы қажет, ал тұлғаны қалыптастыруда адамның кандай өмірлік құндылықтарға бой ұратындығы шешуші рөл аткарады. Э. Штерн: «Сен үшін не қымбат, өз өміріңнің ең басты құндылығын не деп ойлайсың, осыларды айтсаң, мен сенің кім екеніңді айтам», - деп «досыңның кім екенін айтсаң, мен сенің кім екеніңді айтам» деген көне мақалды өзгертпекші болды.

Өмірді анықтайтын қандай құндылықтың ең өзекті болып санала- тындығына орай, нақты түрде тұлға әр түрлі болып қалыптасады.

Э. Штерн жеке тұлғаның өмірінде құндылықтардың тек бір ғана бағыты болады деп санамайды. «Керісінше, - деп жазады ол, - құндылықтардың бар бағыты әрбір жеке тұлғаға тән. Алайда, осы әр түрлі құндылықтардың бірі ғана жетекшілік маңызға ие болып, өмірде басымдыққа ие болады».

Жеткіншектің тұлғалық дамуында болатын типологиялық өзгерістерді зерттеушілер, ең алдымен, жыныстық сана-сезімнің жетілу процестерімен салыстырады.

Жасөспірім шақты адам өмірінің ең бір қиын кезеңі деп санайтын Э. Эриксон азаматтың біртұтастығын қалыптастыруға ықпал ететін пси- хологиялық шиеленіс, жеке өмірбаян мен физиологиялық жетілу ғана емес, сонымен қатар адам өмір сүретін қоғамның рухани атмосферасы, қоғамдық идеологияның ішкі қарама-қайшылығы да деп атап өтті.

Өмір бағдарламасын жасау үшін гипотикодедуктивтік, былайша айтқанда, ойлау қабілетін қалыптасқан тәртіпте дамыта түсу қажет. Өзінің болашақ өмірінің жоспарын жасай отырып, жеткіншек адамзатты кұткару ісіндегі өз рөлін маңызды деп есептейді және осындай мақсатқа сай емірдің жоспарын ұйымдастырады. Осындай жоспарлар мен бағдарламаларды алға тарта отырып, жеткіншек ересектер коғамына оны қайта кұру ниетімен енеді. Қоғам тарапынан кедергілерге тап болып және оған тәуелді бола жүріп, жеткіншек біртіндеп әлеуметтендіріледі. Және бейімделу дағдарысынан толыктай шығуға тек қана кәсіби жұмыс ыкпал етіп, ересек жағдайға толык өтуге бағыттайды.

Өмірдің осы кезеңіне қатысты қарама-қайшы, негізінен биологиялық түсіндірмелеріне қарамастан, еуропалық және америкалық даму психологиясындағы жасөспірім жасты жан-жакты сараптау, Л. С. Выготскийдің мәдени-тарихи концепциясында айтьілатын, өсіп-жетілуді оқудың жаңа технологияларын толықтай ашу мен тереңірек түсіну үшін қажетті көріністерді береді. Ол өтпелі жас кезеңінің мәселесін, «жеткіншектің психологиялык дамуының барлық мәселелерінің кілті» ретінде толықтай қарастырды. Выготский дамудың әрбір кезеңінде, оның ішінде жасөспірім кезеңде, адамның барлық психологиялық функциясы тұлғаның нақты бағытталған қызығушылығына, талпынысына арналып ав- томаттьі және кездейсоқ емес аспан жүйесінде әсер ететіндігін атап өтті. Л.С. Выготскийдің айтуынша, жасөспірім жаста ескі мүдделердің күйреу және жойылу кезеңі және нәтижесінде жаңа кызығушылықтар пайда болатын жаңа, негізгі биологиялық жетілу кезеңі болады.

Жасөспірім шақ радикалды анатомиялык-физиологиялық өзгеріс- термен, «ересектер әлемі» туралы және өзі туралы психологиялык түсініктердің түбегейлі өзгеруімен катарласып отырады.

Л.С. Выготский жасөспірімнің даму алгоритмін: органикалық - жы- ныстық - әлеуметтік деп анықтайды. Міне, сондықтан да организмнің анатомды-физиологиялық қайта кұрылуын білмейінше, жасөспірім кезеңнің көптеген психологиялық мәселелерін түсіну мүмкін емес.

Пубертатты кезең келгенінің бірінші белгісі бойдың өсуі және салмақтың ұлғаюы болып табылады. Ер балаларда «бойдың шырқап өсуі» 15, кейде 17 жасқа дейін созылып, орташа алғанда 13 жасқа келеді. Қыз балаларда «бойдың өсуі», әдетте екі жыл бұрын басталып, бұрын аякталады. Өсудің пубертатты жылдамдығы жалпы заңдылықтарға бағынады: алғашқысында «үлкен» мөлшерге дейін қол ұшы және табан, одан кейін аяқ-қол ұзарады және соңғы кезекте дене өседі. Пубертатты кезеңде жасөспірімнің ағзасы гетерохронизмді (функциялық жүйелердің біркелкі жетілмеуі) басы- нан өткереді:

- қаңқаның қарқыңды өсуі бұлшық еттердің дамуынан озып отырады - бұл өзіне деген қанағат-танбаушылықты, депрессиядан агрессивті күйге дейін жеткізетін психологиялық жағдайды туындататын дененің кейбір тепе-теңдіктерінің сақталмауына, қозғалысты ұйлестірудің уақытша бұзылуына, жасөспірімнің өзін ебедейсіз, қолайсыз сезінуіне әкеліп соғады;

- жүректің, өкпенің жұмыс істеуінде, бас миының қанмен жаб- дықталуында қиындықтар туындайды, сондықтан да жасөспірімдер үшін артериялық қысымның өзгеруі, әмоционалдық тұрақсыздық, шаршаңқылық, мінез-құлықтың қалыпсыздығы, көңіл күйдің әртүрлілігі тән.

Жасөспірім тұлға психологиялық күйреуді басынан өткереді: оның же- келеген қасиеттері сәйкестенбейді, «Мен» бейнесінің әр түрлі бейнелері тұрақты емес. «Мен» бейнесі, деп атап өтеді И.С. Кон, осы кезеңде өзінің біртұтастығын жоғалтады, жасөспірім осы кезеңдегі бағалау және сыртқы бағалаудан өзіндік баға беруге ауы- су, қайта бағдарлаудың қиындықтары секілді түрлі себептермен ұштасқан қарама-қайшылыкты, өз «Менінің» реттелмегендігін қатты сезінеді. Шындығында да, өзінің ішкі ұста- нымдарына көбірек иек арту, өзін-өзі бағалауда ересектердің баға беруін тура көшіріп алу үрдісінен біртіндеп алыстай түсу жасөспірімнің маңызды ерекшеліктерінің бірінен саналады. Өзінің «Мені» және қоршағанортамен қарама-қайшылық, әмоционалдық тұрақсыздық, ішкі күйзелістер, жас- өспірімнің жан дүниесінің күдікшілдікке жақын болуы оның өзі туралы түсінігіңің өзгермелі болуына әкеліп соғады.


Бақылау сурақтары

1. Ювеналдык кезеңнің хронологиялық шекаралары кандай?

2. Жасөспірім кезеңді окуда теориялык ұстанымдардың кандай түрі сізді неғұрлым және неліктен қызыктырады?

3. Жасөспірімнің денелік дамуындағы негізгі өзгешеліктер немен түсіндіріледі?

4. Жасөспірім шақтың қандай психологиялық мәселелері осы кезеңдегі ағзаның анатомдык-физиологиялық өзгерістерімен байланысты болады?5. Жасөспірімнің танымдык бағдарының өзгешелігі неден байқалады?

6. Жасөспірімнің өзінің жеке тұлғалығын сезінудегі өзіндік түсінігі нені білдіреді?

7. Выготский мүдделердің бағытын«жасөспірімдердіңпсихологиялык дамуының барлық мәселелерінің кілті» деп атады?

8. Жасөспірімнің тұлғалық дамуындағы рефлексияның маңызы қандай

9. Жасөспірімдер психологиялык қорғаныс механизмін кандай өмірлік окиғалар барысында пайдаланады?

10. Жасөспірім шақтағы араласулар неліктен интимдік-тұлғалық маңызға ие болады және өмірдің белсенді саласына аяк басады?