Адам – бұл белгілі қоғамның мүшесі, ол қандай да болмасын бір іспен айналасады, оның азды - көпті тәжірибесі, білімі, өзіне тән өзгешіліктері болады. Осы айтылғандардың жиынтығы оны жеке адам деп айтады. Мысалы, жаңа туған нәрестені адам деп атауға толық болады, бірақ әлі де жеке адам емес. Өйткені, онда жоғарыда аталған компоненттер: тәжірибе, білім, іс-әрекет т.б. жоқ. Жеке адамның өзіндік ерекшелігі дүние танымынан, сенімінен, мұратынан, бағытынан, қабілетінен, қызығушылығынан жақсы байқалады. Жеке адам тарихи-әлеуметтік жағдайдың жемісі. Ол әлеуметтік ортада, белгілі қоғамда, ұжымда ғана қалыптасады. К.Маркстың айтуынша «Жеке адам – барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы».
Адамның көптеген психологиялық ерекшеліктері, оның өмір сүретін ортасына қоғамдық қатынастардың (әкономикалық, идеологиялық) тікелей әсер етуінен қалыптасып отырады, Мысалы адамның дүниеге көзқарасы мен сенімін алып қарайық.
Жеке адамның психикалық қасиеттері бір сыдырғы тұрақты және тұрлаулы ерекшеліктер болып табылады. Жеке адамның психикалық тұрақты да, тұрлаулы ерекшеліктері өмір ағымында жетіліп қалыптасады. Бұлардың өзгеруі қиын немесе бұл ерекшеліктер өзгермейді деуге қате.
Жеке адам мәселесі – психологияда орталық мәселе болып саналады.
Қазіргі уақытта жеке адамның психологиялық мәнін, ұғынуын іздестіруі аяқталған жоқ.
Жеке тұлға – бұл (нақты адам)
- нақты адам;
- қоғамда өз ролін және өз орнын саналы түрде жете түсінеді;
- саналы түрде іс әрекетпен шұғылданады;
- жеке ерекшеліктерге ие болу.
Жеке тұлғаның психологиялық белгілері:
- сана-сезімі;
- өзіндік қасиеті;
- белсенділігі;
- қасиеттердің даму деңгейі;
- қоғамдық байланыс жүйеге қосылу;
- өзін тәртіпке салу.
Ерекше болған, әрбір жеке тұлға, қоғамдық жәндік, саналы түрде әрекет жасап және тіршілік етіп жүрген сол қоғамдық жағдайдын белгілерін өзімен алып жүреді.
Сотталған жеке адамның өзгешілігі ең алдымен оның психикалық бейнесінен көрінеді: мінезінен, қабілетінен, темпераментінен, қызығуынан, ара - қатынасынан көрінеді.
Бұлардың дамуына жеке адамның тіршілік әрекеті, қоғамдағы микро ортасы (жақын және тікелей ортасы) зор ықпал етеді. Әйгілі психолог С.Л. Рубинштейннің айтуынша жеке адамның ішкі жай-күйінің жиынтығы арқылы ғана адамға, сыртқы себептер әрекет етеді. Қылмыстық процесстің әр сатысында яғни қылмыскердің жеке басын анықтауда айыпталушы, айыпкер, және сотталған жеке адам жаңа қоғамдық қатынастарға түседі, онда жаңа міндеттер мен түрлі себептер пайда болады. Әр сатыда жеке адамның мотивтері (әрекетке итермелейтін себептер), бағыттары әртүрлі болу мүмкін. Осы уақыт жеке адамның негізгі қасиеттерінің өзгеруіне негіз болады, олардың негізгісі: бағыты, мінезі, әмоциялық – ерік өрісі және т, б. Осындай қиын кезеңдерде өмірдің мәні жоғалып, адамның өмірлік әрекеті өзгеруі мүмкін екенін теріске шығаруға болмайды.
«Қылмыскердің жеке басын», «сотталған адамның жеке басын» айта келе, біз адамның әлеуметтік ортада алатын орнын және оның орындалу қызметін түсінеміз. Сотталып, бас бостандығынан айыру орындарына түскен соң, жазасын өтеуші қылмыскер бостандықтан тыс, өзгеше әлеуметтік рольді орындай бастайды. Мұндай өзгерістер режимнің, еңбек әрекетінің, оқудың талаптарынан туындайды. Отандық психологияда мынандай жағдай келтірілген, адамдардың өмір жағдайы, психологиялық атмосферасы, жеке бастың бір бірімен байланыс сипаты көбінесе олардың әрекетін, қылығын, қоғамдық көзқарасын және т,б анықтайды.
Сотталған адамның жеке басының ерекшелігі оның статусынан (ортада алатын орны) туындап, кінәлілігі заң күшіне енген үкімімен анықталады. Сотталған адамның жеке басы пенитенциарлық мекемеге түскен сәттен ақ өзгеріп, оны жаңа қоғамдық қатынастарды орындауына мәжбүрлейді және оған төмендегідей әр түрлі шектеулер қойылады:
- бұрын қолданған заттарын арнайы тізім бойынша (шек қою) пайдалану;
- азық-түлікке және тамақтануға күн тәртібінің қойылуы;
- тұрғылықты жерге норманың белгіленуі;
- жұмыс уақытының өзгеруі (8- гіз сағат жұмыс уақыты, бір демалыс күні);
- ТМ әкімшілігінің рұқсатымен демалыс уақытын белгілеу;
- өз еркімен жұмысты таңдауға мүмкіндігінен шектелуі;
- тапқан табысының бір бөлігі ТМ бөлінуі;
- еркіндіктен шектелу, тінту, тексерудің болуы;
- Бос жүріс-тұрыстың шектелуі және күн тәртібіне бағынуы.
Сотталған адам дегеніміз – бұл бас бостандығынан айыру орнында
жазасын өтеп жүрген, адамды жан-жақты сипаттайтын психологиялық қасиетің жиынтығы болып табылады.
Сотталған адам – бұл жазасын өтеп жүрген нақты адам, оны тек қоғамдағы әлеуметтік сапасының сипатталу ғана өзгертеді.
Әр адамның өзінің жеке басының өзгеруі, тұлғалық қасиеттеріне, ерік-жігеріне, психологиялық сапаларына байланысты. Пенитенциарлық мекемедегі жазасын өтеуші адамның жеке басын тереңірек түсіну үшін оның ойына, өзін-өзі қабылдауына мұқият назар аударған жөн.
Сотталған адамың жеке басын зерттеп білу үшін жазаны өтеу процесіндегі түзелудің бір қатар құрамдас бөлігіне назар аударылуы тиіс: жазаны өтеу барысында іс-әрекеттер мен қылықтардың заңдылық механизмдерін, қылмыстық ортадағы ықпалдарын анықтап білу, олардың түзеу құралдарын анықтау, бейімделуге және бостандықтағы жаңа өмірге қайта әлеуметтендіруге деген көз қарасынан байқауға болады.
Пенитенциарлық мекемедегі жағдай жазасын өтеп жүргендердің жеке басына, әсіресе бейімделу және қайта әлеуметтендіру процессінде ерекше ықпал жасайды. Бірақ мұндай ықпал тікелей емес, яғни оның өмірлік тәжірибесіне тәуелділігінен көрінеді.
Сотталғандар бас бостандығынан айыру орындарының жағдайларына түрлі көз қарас танытады : біреулері бағынышты болады, енді біреулері қарсылық тудырады, басқалары сырттай келіседі, іштей қарсылық білдіреді. Әр сотталғандардың ұзақ уақыт бойы бір жасақта, мекемеде, болғандығынан жазасын өтеушілердің әрекет-қылықтары, жүріс-тұрысы, сөйлеу мәнері, ұқсас болып келеді. Ал кей біреулерінің мұндай жағдайға қарамастан жеке өзіндік қылықтары қалыптасуы мүмкін. Бірақ осының барлығы салауатты өмір салтын, күн тәртібін орындауына, еңбек іс әрекетінің ұйымдастырылуына, мақсатты түрде тәрбие жұмысының өткізілуіне, туған туыстарымен қатынас жасауына кедергі жасамайды.
Сотталған тұлғаның жеке дара психологиялық ерекшеліктері
Сотталғандар бірдей жағдайда жазаны өтеу кезінде өздерін әр түрлі көрсетеді. Бұл ең алдымен сотталғанның ТМ – не түсер алдындағы өмір тәжірибесіне (ТК – нан басқа) байланысты, олардың өмір тәжірибесі, психологиялық қасиеттері және жеке бас құрылымының сапалары.
Сотталғанның жеке басының құрылымы үш компоненттен тұрады: биологиялық, психологиялық және әлеуметтік.
- Биологиялық (физиологиялық) құрылымы адамның әртүрлі табиғи қасиеттерінен құралады: жасы, жынысы, соматика - конституциялылық, нейродинамикалық және т, б;
- Психологиялық құрылымы – бұл маңызды, әлеуметтік іс әрекеттің қарым - қатынаста анықталатын психикалық сапалардың қасиеттерінің жиынтығы;
Олар бір неше жүйеден тұрады:
а) жеке адамның қоғамдық құндылығы, қатынасы, жеке басының ұстанатын бағыты;
б) жеке адамның қажеттіліктерінен өмірлік тіршілік әрекеттерінен көрінетін негізгі қызметінің жүйесі;
в) адамның тұлғалық құндылықтарының, бағыттарының, өмірлік бет алысының байланыс жүйесі және оның басты тіршілік қызметтері;
г) адамның жеке басының ішкі әлеуметтік бақылау жүйесі және басқа адамдармен қатынасыудағы бейнелену, еліктеу әрекеттері.
- Әлеуметтік құрылымы – бұл жеке адамның қоғамда әрекет етіп,
өзіндік сапасын, қоғамдық құндылықтар формасының негізін ашады. Мұндай категориялар тіршілік әрекеті, әлеуметтік статусы, әлеуметтік ролі сияқты орындарымен сипатталады. Әлеуметтік статус бұл жеке бастың нақты бір әлеуметтік топтың қатарында болуын, әлеуметтік - демографиялық мәліметтерін анықтайды (білімі, отбасылық жағдайы және с.с).
Сотталғаның жеке басы: еркек немесе әйел, кәмелет жасына толмаған немесе боз бала, алғашқы немесе бірнеше рет сотталған, зорлық- зомбылық қылмыстар жасағандар, психикалық ауытқулары барлар, қашуға, жалғандыққа, нашақорлыққа және ішімдікке, қатігездікке бейімділігі барлар болу мүмкін.
Жоғарыда аталғандар бір неше қортынды жасауға мүмкіндік береді:
- сотталғанның жеке басы – бұл қылмыстық жазаны өтеп жүрген, әлеуметтік сапасы жағынан сипатталатын, нақты адам;
- сотталғанның жеке басы түрлі ерекшеліктермен сипатталады: жекеленуі, айналадағы адамдармен қарым – қатынасы, психикалық тұрақтылығы, психикалық қасиеттері сана - сезімі;
- сотталғанның жеке басы оның өмірлік әрекетін бейнелейді (бас бостандығынан айыру орындарындағы жағдайды);
- сотталғанның жеке басына, бас бостандығынан айыру орындары әртүрлі әсер етуімен бейнеленеді. Сондықтан (ТМ жағдайы) тұлғаның сыртқы жағдайға қатынасы ұқсастық білдірмейді.
Сотталғаның жеке басы түзеу және қайта әлеуметтендіру процесінің
объектісі немесе субъектісі (белсенді немесе ен жарлы) болуы мүмкін.
А.Г. Ковалевтің айтуынша сотталғаның жеке басына қылмыстылық әртүрлі дәрежеде қатынасын тигізуі мүмкін:
1) глобальдық (қылмысты жан-жақтылық) қылмыстық тип – бұл қылмыстыққа толық берілген, қоғамға қарсы келетін, еңбекке және басқа адамдарға жағымсыз қарайтын адамдар типі, оған қылмыс жасаудан басқа ой келмейді;
2) парциалды (орта қылмыстылық) қылмыстық тип (жартылай криминалды бейімділік) олар абыройлы, беделді адамдарға сый – құрметпен қарайды, дос-жарандары көп болады, қоғамда болып жатқан оқиғаларға қызығушылықпен қарайды, баспасөз газет оқиды, театрға және мұражайға барып тұрады, сонымен қатар жүйелі түрде кей кезде қылмыс жасап тұруға бейім келеді. Әсіресе ондай адамдар қызмет орнын пайдаланып жеке меншікке, шаруашылыққа қарсы қылмыс жасайды.
3) Алдын – ала қылмыстық тип. Мұндай типтегі адамдар айқын белгілі жағдайларға ілігіп жүреді, моральдық - психологиялық қасиетіне қарай ұрыншақ болып келеді, олар бір жағымсыз әрекеттер жасап қашып құтыла алмай жүреді. В.Ф. Пирожков (1975 ж).
Келесі ретте мысалы ретінде сотталғандардың рецидивті қылмыс түріне тоқталып кетейік. Мұндай адамдардың мәдениеттілігі, қызығушылығының деңгейінің төмендігі, олар моральдыққа және басқа да құндылықтарға жек көрушілікпен қарайды, басқа адамдармен қарым – қатынаста ұстамсыз әрекет көрсетеді. Отбасында қажетті тәрбие болмағандықтан, мектеп қабырғасында қызығушылығы жоқтың қасы болғандықтан теріс, қатыгездік мінез-құлықтар қалыптасады. Одан арғы өзіне тәрбиесімен және көзқарасымен ұқсас жақын адамдармен араласуы тұрақты електеген адамға әкеледі.
Оның кемшіліктеріне теріс көзқарастарына және теріс қылығына көрсетуге тырысқан адам, жауап ретінде сазайын тартқызатың және күш көрсету арқыл қорқытатын. Сондай адамның жасаған қылмысын, өзіне ұқсас адамдар айыптамайды, керсінше оның ондай әрекетің қолдайды жәе мақұлдайды.
Бас бостандығынан айыру орындарына түскен соң және бұзылған адамдармен қарым – қатынасқа түсіп, былай айтқанда адамның жеке басының қалыптасуы аяқталады: олда қоғамға қарсы тұрақты өзінің көзқарасы, дағдысы, әдеттері, әрекет қалпы қалыптасады.
Бас бостандығынан айыру орындарында өзінше жағдайдың бар болуы, оларға өздерінің моральің уағыздауға мүмкіндік береді. Олар кейбір сотталған адамдарды қызметкерлерге айдап салады, осы адамдар бостандыққа шыққан соң қылмыстық өмір қалпын жалғастырады. Бірте - бірте оларға реніш әкелген адамдарға қарсы көңілін соқтырады, содан қарама – қарсы өзінің көзқарасын және моральін қояды.
Қылмыстық рецидивте сотталған адамдар, олар өмір сүретің әлеуметтік жағдайға жеңілдікпен бейімделенеді. Бұл арсыз, ерікті, белсенді адамдар, өзінің жеке пайдасы үшін қандай да болсын әрекетке барады, өзінің жеке басын сақтау үшін өз жолдастарын құрбан етіп шалауға дайын.
Қылмыс жасаған барлық сотталған адамдарды, олар өздерінің пікірлесі, сыбайласы деп есептейді.
Бас бостандығынан айыру орындарында кейбір сотталған адамдар сырттай өздерін елеусіз ұстайды, режим талаптарын орындайды, әкімшілікпен қақтығысқа түсуге тырыспайды, басқалары керсінше ашық түрде режимге, орнатылған тәртіптерге және қызметкерлердің әрекетіне бағынбайды. Бірақта оларды және басқаларында сотталғандардың ортасына жазылмаған түрме заңдарын белсенді таратып, енгізеді. Олар өздерінің мақсатың қылмыс әрекетің жалғастыруда, қылмыспен күрес жүргізетін органдарымен және заңдарымен жарыста көреді.
Жеке адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені оның психикасы тек айналасындағылармен қарым – қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Жеке адам санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан тыс адам өмірінің болуы мүмкін емес. «Жерден жұлып алынып, кұнарсыз құмға тасталған өсімдіктің өмір сүруі мүмкін емес екені сияқты, адамның да қоғамнан тыс болуы мүмкін емес» (А.Толстой). Сондықтан да адамның жеке басының психологиясын ұғыну үшін ең алдымен оның әлеуметтік жағдайын, яғни оның қандай қоғамның мүшесі, қандай таптың өкілі екендігін, нақтылы кәсібін, білімін, іс-тәжірибесін білуіміз қажет. Осы айтылғандар бізге оның психологиясы туралы белгілі пікір айтуға мүмкіндік береді. Жеке адамның өмір бағытын көрсететін компоненттер көп. Олардың бастылары: мотивтер мен қажеттер, бейімділік пен қызығулар, дүниетаным мен сенім, мұрат пен талғам.
Адамды әрекетке бағыттайтын, қажетін өтеуге талаптандыратын бір түрткі болады. Бұл түрткіні психологияда мотив (себеп) деп атайды. Қандай болмасын объектінің себебін білмей тұрып, адамның бір мақсатқа жетем деген ойын қалайша тоқтата алатынын және оның мінез-құлқының мән-жайын толық түсіну қиын болады.
«Адамды әрекетке келтіретін нәрсенің бәрі – деп жазды Ф.Әнгельс, - оның басы арқылы өтуге тиіс, ішіп жеуге де адам оның басында білінген аштық пен шөл түйсінің әсерімен кіріседі, ал ішіп жеуін қойғанда оның басында тоқтық түйсігі білінгендіктен қояды».
Жеке адамды қандай болмасын әрекетке итермелейтін негізгі қозғаушы мотив – оның түрлі қажеттері, яғни бір нәрсеге мұқтаждануы. Адамның қажеттері қоғамдық еңбекте, еңбек ету процесінде қалыптасқан. Сыртқы ортамен байланыс жасауда адамның өмір сүруі үшін ең алдымен ерекше маңыз алған материалдық қажеттер (тамақ, баспана, киім, еңбек құралдары т.б.) болды.
Адам баласының тарихи даму жағдайында туған еңбек әрекеті еңбек құралдарымен пайдалану секілді негізгі материалдық қажеттері біртіндеп дами келе, қажеттердің жаңа тобын-рухани қажеттерді (білім, көркем өнер т.б.) туғызады. Рухани қажеттердің дамуы – материалдық қажеттердің қанағаттандырылуына байланысты. Адам қажеттіліктерінің дамуы – тарихи дамудың елеулі бір кезеңі. Олар адамның алдына әр түрлі мақсаттар қойып отыруына себепші болатын негізгі түрткілер. Адам өзінің қажеттерін өтеу үшін бар мүмкіндігін пайдаланады. Бұл оны белсенді түрде іс-әрекет істеуге талпындырады. Оның қажеттері саналы әрекетінің нәтижесінде біртіндеп өтеліп отырады. Адам өз қажетін өтеу жолында сыртқы ортаны, табиғатты өзгертуге дейін барады.
«Адам – деп жазды К.Маркс, - табиғаттан алынған нәрсенің формасын өзгертіп қана қоймайды, сонымен бірге ол табиғаттан алынған нәрсе жөнінде өзінің саналы мақсатын да жүзеге асырады, ал мұның өзі заң ретінде оның іс-әрекетінің әдісі мен сипатын белгілейді. Сондықтан ол өз еркін осы мақсатқа бағындыруға тиіс».
Қызығу – шындықтағы заттар мен құбылыстарды белсенділікпен танып, білуге бағытталған адамның біршама тұрақты жеке ерекшелігінің бір көрінісі. Сонымен қатар қызығуда бір нәрсені ерекше таңдап, соған зейін қойылады. Адамды еліктіріп, өзіне тартқан нәрсенің бәрі қызығудың объектісі болып табылады.
Жеке адам психологиясының неге бағытталғандығын көрсететін негізгі компоненттердің бірі – адамның дүниетанымы мен сенімі. Дүниетаным – адам табиғаты, қоғамдық өмір туралы білімдерінің жүйесі. Адамның алдына қойған мақсатының айқын болуы, дүниетанымының өмірмен байланыстылығы берік сенімнен туады. Адамның дүниетанымына берік сенім нақты іс-әрекеті мен тәжірибесіне байланысты, бекімеген дүниетаным берік болмайды. Сенім мен дүниетаным қатарласып жүрсе ғана адам санасы нұрлана түседі.
Жеке адамның психикасын нұрландыратын қасиетің бірі – мұрат (идеал). Бұл адамның өзіне өмірден өнеге іздеуі, біреуді ардақ тұтып қастерлеуі.
Мұрат – адамның алдына қойған ең ардақты, ең асыл мақсаты. Адам осыған жету үшін қолдан келгеннің бәрін пайдаланады. Өзін тәрбиелеуге кіріседі. Барлық күш жігерін соңына сарп етеді. Мұрат дүниетаным, айқын сезім, сөзбен істің байланысы бар жерде ғана болады.
Адам өзінің психикалық белсенділігін тек қана оны тікелей қызықтыратын адамдарға, заттарға, нәрселерге, құбылыстарға бағытайды, оның сұранысына, талаптарына, мұратына және сеніміне, жауап беретің, оның қажеттіліктерің қанағаттандыратын.
Сотталған тұлғаның әлеуметтік – психологиялық ерекшеліктері.
Сотталған тұлғаның әлеуметтік – психологиялық ерекшеліктері ғалымдарды және жазушыларды ар қашанда қызықтыратын (Ф.М.Достоевский, Н.М.Ядринцев, П.Ф.Якубович, М.Н.Гернет, Н.А.Стручков, И.П.Башкатов, Г.Ф.Хохряков, В.Ф.Пирожков, В.Пикуль және тағы басқалар). Бас бостандығынан айыру орындарында қылмыскердің орындайтын ролі, режимнің талаптарынан, еңбек іс әрекетінен туындайды, заңдылықпен жөнге салынады, иерархиалық құрылымындағы сотталған тұлғаның алатын орнымен аңықталады.
Сотталғаның әлеуметтік – психологиялық ерекшеліктері А.В.Петровскидің көзқарасы жеке тұлға құрылымында жақсы көрсетілген, оның пікірінше тұлғаның жұйесін өзара топтық әрекеттегі, тұлға аралық қарым қатынас жұйесіндегі адам құрайды. Мысалы, ТМ-дегі беделі бар сотталғандар жазаны марапаттау ретінде қабылдайды, үйткені сотталғандардың ортасында олардың беделі көтерілнеді. Сондықтан кейбір сотталғандар тәртіп бұзушылыққа әди барады.
Сотталғандарға тән әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін қарастыратын болсақ, ен алдымен олардың ресми және бейресми құрылымындағы алатын орнына тоқтала кетейік. Мысалы ресми құрылымында ол бірден завхоз, бригадир немесе өзіндік ұйымның мүшесі болса, ал бейресми құрылымында ол «авторитет», «пахан», «вор», «смотрящий», «мужик», «фраер» немесе «обиженный» болу мүмкін.
Сотталғандардың әлеуметтік – психологиялық ерекшеліктері олардың сыртқы бейнесінде, жүріс тұрысынан бейнеленеді. Қандай болсын форма (сотталғандар үшін қысқы фуфайка, етік, бас киім, жазда қара куртка және шалбар) адамды үйлестіреді.
Олардың жүріс тұрысы, жест, мимикасы және пантомимикасы, сотталғандардың әлеуметтік ортадағы алатын орны, әдеттері мен кейіпі жөнінде ақпарат береді.
Иерархиялық құрылымындағы сотталған адамның алатын орны мен ұстанатын бағытты жөнінде ақпараты олардың татуировкаларынан білуге болады. Мынаны еске алу қажет қоғамдағы азаматтарға қарағанда, сотталғандардың әрекетері олардың ортасында қалыптасатын дәстүрлерге тәуелді. Ортасының ықпалынан сотталғандарда ұқсас қылықтары, әрекетері, өзара қарым қатынаста сөйлеу мәнері, жүріс тұрысы қалыптасады. Әрбір сотталған адам, басқалар сияқты істеуге мәжбур болады, егер ондай болмаса ол жат болып кетеді.
Айыпталуына байланысты адамда әлеуметтік қызметі және ролі қайта ауысады, сонымен қатар ол отбасылық функциясынан, өз бюджетін, уақытын бақылаудан босанады. Бұл жеке тұлға ретінде өзіне қойылатын талаптарының, психологиялық қасиеттерінің өзгеруіне әкеледі. Сотталған адамда өзінің әрекетін бақылауы төмендейді, итерме күші және ұстамсыздығы жоғарлайды, темпераментінің теріс қайшы қасиеттері көрінеді, еріктің тежеу функциясы әлсірейді.
Сотталған тұлғаның әлеуметтік – психологиялық ерекшеліктері бостандыққа шыққаннан кейін де көрінеді, оларда жаңа ортаға бейімделу механизмдері бұзылады, белсенділігі төмендейді, қатыгездік әрекетері көрінеді, жеке басында патологиялық өзгерістері пайда болады.
Сотталған тұлғаның әлеуметтік – психологиялық іс әрекетінің механизмдерін зерттеу барысында екі тәсіл қолданылады: әлеуметтік – типологиялық және әлеуметтік – рольдік.
Біріншісінде тұлғаның әлеуметтік позициясы талданады. Екіншісінде тұлғаны қоғамдық қатынастардың субъектісі және белсенді әрекеті ретінде қарастырады.
Бақылау сұрақтары
1. Сотталған тұлға туралы түсінік
2. Сотталған тұлғаның жеке дара психологиялық ерекшеліктері
3. Сотталған адамның бағытының мінездемесі және ерекшеліктерінің көрінісі.
4. Сотталған тұлғаның әлеуметтік – психологиялық ерекшеліктері.