1 - СОӨЖ. Менің таңдаған мамандығым


1. Қосымша мәліметтер жинап,мәтінді жазбаша толықтырыңыз. Мәтінге тақырып  ойластырыңыз.

Егер қандай да бір оқиға өтіп жатса, журналист оны  дереу назарға алуы қажет. Хабар таңертеңгі газетке шығу үшін ол түні бойы жұмыс істеуі мүмкін. Журналист еңбегі – қалыптағы жұмыс аясына сыя бермейтін шығармашылық процесс. Әрбір журналист өзінің қызықты материалын тезірек газет бетінде, радио немесе телехабарда жариялауға тырысады.

Материал іздеу мен редакция тапсырмасы бойынша оған сапарға жиі шығуға тура келеді. Ол өзінің хабарлары мен репортаждарын әртүрлі жерден, оның ішінде әлемнің «ыстық»  нүктелерінен де жіберіп жатады.

Тілшілердің жұмыс күні реттелген, бірақ олар  қажет болған жағдайда белгіленгін мерзімнен тыс кезде де жұмыс істейді.


2. Мамандық тақырыбына байланысты 5-7 мақалды дәптерге жазыңыз және оларды жаттап алыңыз. Мағынасын түсіндіріңіз.