2 - СОӨЖ. Журналист тұлғасы.


1. Бақылау диктанты.

ТІЛШІНІҢ Білімі менбілігі

Бұл мамандықты табысты игеру үшін арнайы біліммен қатар орта мектеп ауқымында әдебиетті, қазақ және орыс тілдерін, тарихты, психологияны, этика мен эстетиканы білуі қажет. Журналистің әдебиет теориясы мен тарихы, отандық және шетел журналистикасының теориясы мен практикасы, отандық және шетел басылымдары тарихы, газет-журнал ісінің техникасы, бұқаралық ақпарат құралдары, радио және теледидарды ұйымдастыру, стилистка мен редакциялау саласында білімі болуы шарт. Бұл салада гуманитарлық білімі бар басқа мамандар жұмыс істей алатын болса да, болашақ журналисті кәсіптік шеберлікке жоғары оқу орындарында, журналистика факультеттерінде даярлайды. Журналист мамандығын жұмыстан қол үзбей, сырттай және кешкілік бөлімдерде оқу арқылы алуға болады.


2. Берілген сөз тіркестерінің мағынасын қазақша түсіндіріңіз.

Жаңаны жақтаушы, жақсылықты қолдаушы, көзжеткізу, ел қамы, әдеби өңдеу, жеке мүде.