3 - СОӨЖ. Журналистің қоғамдағы рөлі.


1. Цитатаны жаттап алыңыздар және жатқа жазу диктантын жазыңыздар.

Атақты журналист Кольцовтың ойынша «Журналист болу тек сапар шегу, көру, материал алу, жазу ғана емес – бұл ерекше өмір сүру деген сөз». Журналист еңбегі қалай орындалды, ол үйде немесе редакцияда, жазу үстелінде қалай шығармашылық процесті басынан кешірді – мұнда оқырманның ісі жоқ (нет дела), оқырманға керегі журналистің газет бетіне шыққан материалы, шығармасы. Мұны творчество иесі ұмытпауы керек, үнемі есте сақтауы қажет. Оқырман журналистің жазу үстеліндегі қиналысын көріп, білмейді. Ендеше ол автордың шығармашылығын жарияланған дүниесіне қарап қана (смотря лишь на) бағалайды.


2. Өлең не туралы екенін айтыңыздар және жалғастырыңыздар.

Таң  алдында  сапарларға  шығады,

Журналистер – дүниенің  құлағы.

Сөйлер  сөзін  дүниенің  журналист,

Күнде  алдымнан  қуаныш  боп  шығады.

                                          Тұманбай  Молдағалиев