6. Қазақстан Республикасы заңдары мен бұқаралық ақпарат құралдары

1. Мәтінмен таныспас бұрын мына сауалдар бойынша ойларыңызды айтыңыздар.

  1. Журналистің құқықтары  мен  міндеттері  туралы не  білесіңдер?
  2. БАҚ туралы  заңды  бұзғандық  үшін  жауаптылық.
  3. Республикамызда цензура  қолданыла  ма?
  4. Авторлық құқықты  қорғау және  қолдану  аясы.
  5. Елімізде  БАҚ-қа   қатысты  қандай заң  қажет? Басқа  мемлекеттермен  салыстыра  алғанда.

2. Мәтінмен танысыңыздар.

ҚР  Конституциясында  БАҚ-қа,  журналистикаға  қатысты  тұжырымдар  бар.  Мемлекеттік  органдар,  қоғамдық  бірлестіктер,  лауазымды  адамдар  және  бұқаралық  ақпарат  құралдары  әрбір  азаматқа  өзінің  құқықтары   мен  мүдделеріне  қатысты  құжаттармен,  шешімдермен  және  ақпарат  көздерімен  танысу  мүмкіндігін  қамтамасыз  етуге  міндетті. 

Әркім  ана  тілі  мен  төл  мәдениетін  пайдалануға,  қарым-қатынас,  тәрбие,  оқу  және  шығармашылық  тілін  еркін  таңдап  алуға  құқығы  бар.

Сөз бен шығармашылық  еркіндігіне  кепілдік  беріледі. Цензураға  тыйым  салынады.

Әркім  заң  жүзінде  тыйым  салынбаған  кез  келген  тәсілмен  еркін  ақпарат  алуға  және  таратуға  құқы  бар. Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  құпиясы  болып  табылатын  мәліметтер  тізбесі  заңмен  белгіленеді.

Республиканың  Конституциялық  құрылысын  күштеп  өзгертуді,  оның  тұтастығын  бұзуды,  мемлекет  қауіпсіздігіне  нұқсан  келтіруді,  соғысты,  әлеуметтік,  нәсілдік,  ұлттық,  діни,  тектік-топтық  және  рулық  астамшылықты,  сондай-ақ  қатыгездік  пен  зорлық-зомбылыққа  бас  ұруды  насихаттауға  немесе  үгіттеуге  жол  берілмейді.

Сондай-ақ  Конституцияда  қоғамдық-саяси  мәселелерге  байланысты  БАҚ  және  жалпы  журналистика  қызметімен  ұштасып  жататын  жайлар  бар. Соған  байланысты  БАҚ өзінің  күнделікті  жұмысында  айтылған  концепцияларға  сәйкес  тиісті  іс-әрекетін  үйлестіріп  ұйымдастырып  отыруы  керек.

Мәтінмен  жұмыс:

  1. Мәтінді мәнерлеп оқыңыздар. Мәтіндегі таныс  сөздерді  бір  бағанға, бейтаныс  сөздерді екінші  бағанға жазыңыз.
  2. Сөздік ойын, сөздік қор ( мәтіннен кез келген  сөздің  қазақша  аудармасын   сұрау).
  3. Есте сақтауға қиындық  тудыратын  сөздердің  синонимдік  қатарын  жасаңыз.
  4. Сөздікті пайдалана отырып,  таныс  емес  сөздерді  аударыңыздар.
  5. Мәтіндегі  күрделі  сөйлемдердің  негізгі ойын  сақтай  отырып,  2-3 сөйлемді  ықшамдап  жазыңыздар.

3. Тиісті жалғауларды қойыңыздар.

1. Журналист  ақпарат....  іздестіруді  жүзеге  асыруға,  сұратуға,  алуға  және  таратуға  құқықты. 2. Журналист  мемлекеттік  органдар...., барлық  меншік  нысанындағы  ұйымдарға  баруына  және  өзінің  қызмет  бабындағы  міндеттерін  жүзеге  асыруға  байланысты  олардың  лауазымды  адамдарының  қабылдауы...  болуға,  жабық  шара  өткізу  туралы  шешім  қабылданған.....  басқа  жағдайда  өзін  тіркеген орган  өткізетін  барлық  шаралар....  қатысуға  құқықты. 3. Журналист  ҚР Заң  актілері....  тыйым  салынған  жағдайларды  қоспағанда,  жазбалар,  соның  ішінде  оларды  дыбыс-бейне  техникасын,  кино-фото  түсіру  құралдарын  пайдалана  отырып  жасауға  құқықты. 4. Журналис.....  куәлігін  көрсету  арқылы  дүлей  апаттар  болған  аудандар....,  минтингілер  мен  демонстрациялар...,  сондай-ақ  қоғамдық,  топтық  және  жеке  мүдделер  мн  наразылықтарды  өзге  де  білдіру  нысандарына  қатысуға  құқықты. 5.  Журналист  құжаттар  мен  материалдардың  мемлекеттік  құпиялар  болып  табылатын  мәліметтері  бар  үзінділерін  қоспағанда  олар....  танысуға  рұқсат  алуға  құқықты. 6.  Журналист  алынатын  ақпарат...  дұрыстығын  тексеруге  құқықты.  7.  Журналист  алынған  ақпараттық  материалдар...  тексеру  кезінде  мамандар...  жүгінуге  құқықты.  8. Журналист  өзі  дайындаған  хабарлар  мен  материалдар...  талап  қойып,  шартты  атын  (бүркеншік  атын) көрсетіп  таратуға  құқықты.  9. Журналист  материал....  мазмұндық  редакциялық  түзету....  кейін  оның  жеке  сеніміне  қайшы  келсе,  оған  өз  қолы  қойылып жариялануынан  бас  тартуға  құқылы.  10.  Журналист авторлық  және  ақпарат  көздерінің  құпиясы  сот....  талап  етуімен  жарияланған  жағдайлар.... қоспағанда  бұл  құпиялар...  сақтауға  құқығы  бар.

Тапсырма:

1. Оқып  шығыңыздар  да, мәтіннен  не  түсінгендеріңді  орысша  айтыңыздар.

2. Журналистің құқықтарын жаттап алыңыздар

3. Төмендегі үлгімен мәтін бойынша 3-4 сөйлем  құраңыздар, айырмашылығын  түсіндіріңіздер.

Үлгі:

Журналист куәлігін көрсету арқылы барлық  ұйымдарға баруға  құқылы.

Журналист куәлігін көрсету арқылы барлық  ұйымдарға баруға  құқығы  бар.

Журналист куәлігін көрсету арқылы барлық  ұйымдарға баруға  құқықты.


4. Жақшаны ашып, етістіктердің лайықтысын жазыңыздар.

  1. Журналист ҚР заңдарын басшылыққа  ала  отырып,  өзі  шарттық  қатынастарда  тұрған  БАҚ  қызмет  бағдарламасын  (................. )     міндетті.
  2. Журналист шындыққа сәйкес  келмейтін  ақпарат  (............) міндетті.
  3. Журналист ақпарат ұсынған  адамдардың  авторлығын  көрсету  туралы  олар  жасаған  өтініштерді  (.........)  міндетті.
  4. Журналист жеке  және  заңды  тұлғалардың  заңды  құқықтары  мен  мүдделерін    (.........) міндетті.
  5.  Журналист  ҚР заңдарына  сәйкес  өзіне  жүктелген  өзге  де  міндерді  (...............) міндетті.

Қажетті  сөздер:

(орындауға, қанағаттандыруға, жүзеге  асыруға , таратуға,  құрметтеуге).

Тапсырма: 1.  Журналистің  міндеттерін  жаттап  алыңыздар.


5. Тиісті жалғауларды жалғап, сөздерді орын тәртібі бойынша орналастырыңыз. Аударыңыздар.

  1. маңызы, туралы, БАҚ, қандай, заң...?
  2. қорғау, журналист, қауіпсіздігін, өмірі.....
  3. этика, кәсіби, мәселе.....
  4. заң, бұқаралық, құралдар..., туралы, ақпарат.
  5. баспасөз, түсінесің, қалай, бостандығы....?
  6. сипаты, демократия, сөз, мен, бостандығы......
  7. орны, БАҚ-...., рөлі, бүгінгі, мен, қоғамдық.

6. Жағдаяттар бойынша сұхбаттар құрыңыздар.

  1. Авторлық құқық туралы,
  2. БАҚ және тіл  туралы  заң,
  3. БАҚ туралы заңдарды  бұзғаны  үшін  жауапкершілік.

Алтыншы апта бойынша ағымдық қорытынды  бақылау.

  1. Қанша термин  білесіз?
  2. Дана сөздерді жатқа айтыңыз
  3. Шығармашылық жұмыс (жазбаша). Тақырып бойынша қорытынды  ойыңды  мақала ( өлең, әңгіме, эссе, шығарма  т.б.)  арқылы  беріңіз.