11 - СОӨЖ. Халықаралық журналистика.


1. Жатқа жазу диктанты. Мәтінді мұқият 2-3 рет оқыңыздар.

Мәтіннен   түсінгеніңізді  жазыңыз.

Бүкіл әлемде болып жатқан қазіргі заманғы зор өзгерістерге байланысты журналистика да жаңа көзқарасты, жаңа ұғымды, жаңаша ойлауды қажет етеді.

Уақыт өткен сайын ішкі-сыртқы саясат баспасөз, радио мен тележурналистиканың алдына тың міндеттерді қояды. Ондай міндеттерді орындау үшін ұжым болып, ізденістер жасау арқылы жұмыс істеу қажет. Бұл орайда журналистердің тәжірибесін қолданбай  болмайды. Әсіресе, бұл салада халықаралық тәжірибелерге ерекше назар аударып отыру қажет.

 Тәжірибе алмасу материалдар, хабарлар дайындауда түр мен стильді жаңартуға, уақыт өзгерісіне сай хабарлар беруге мүмкіндік жасайды.

Халықаралық тәжірибе мен жетістіктерге сүйену, әрбір журналистің немесе ұжымның жетістігін одан сайын толықтыруға, дамытуға игі әсер етеді.

2. Берілген сөйлемдегі негізгі  ойды  сақтай  отырып,  сөйлемді  ықшамдап  беріңіз.

«Халықаралық журналистика ізденістерін байқау, елдік болмысымыздағы өз журналистикамызды одан әрі дамыта беру – негізгі мақсат болып  қала береді».