1. Мәтінмен таныспас бұрын мына сауалдар бойынша ойларыңызды айтыңыздар.
2. Жоғарыда берілген елдердің танымал теле бағдарламаларының біреуіне төмендегі жоспар бойынша шағын әңгіме құрастырыңыздар.
Жоспар:
Тапсырма:
3. Мәтінді оқыңыздар.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін әлемдік ақпарат кеңістігіне енді. Мұның өзі әртүрлі ақпарат ағынымен бейнеленеді, соның ішіндегі маңызды саласы телерадио ақпарат болып табылады. Сондықтан қазіргі заманғы журналистің ең басты міндеті - әлемдік ақпараттық өзгерістерге, оқиғаларға кәсіби дайын болуы, ол үшін шетелдік телерадиожүйелердің қызмет ерекшелігін, телерадиожурналист жұмысының ерекшелігін, қоғамдағы билік пен БАҚ арасындағы заң негіздерін білуі маңызды.
Шетел журналистикасын оқып-үйрену отандық журналистиканы қалыптастыруға елеулі ықпал етуге, журналист жұмысын ұйымдастыруда артықшылықтар мен кемшіліктерін ескеріп оң тәжірибе жинақтауға, ақпарат беруде журналист шығармашылығын, әдістерін үйренуге мүмкіндік береді. Мұның барлығы журналист танымын кеңейтіп, біліктілігін арттыруға жағдай жасайды, халықаралық деңгейге шығуға мүмкіндік береді. Болашақ журналист мемлекет пен халықты жағымсыз ақпараттық ықпал етуден сақтаудың қажеттігін түсіне отырып қоғам алдындағы өзінің жауапкершілігін сезінуі қажет.
Мәтін бойынша тапсырма:
4. Тиісті жалғауларды қойыңыздар.
Еуропаның Ұлыбритания, Франция, Германия сияқты ірі елдерінде ертеден шыққан газеттері бүгінде миллиондаған дана..... таратылатыны таңдандырмай қоймайды.. Ұлыбританияның алғашқы бір газеті «Инглиш меркьюри» 1588 жылы 23 маусым..... шыққан, ал «Дейли миррор» және «Ньюс оф уорлд» газеті.... таралымы кейбір кезеңдері 5-7 миллион... дейін жеткен!
Ал АҚШ баспасөз.... бірге, электронды ақпарат құралдары бойынша әлем елдерінің алдыңғы шебіне шықты деуге де болады. «Америка дауысы» радио.... барлық континент.... хабар тарата алады.
Әлем журналистикасы...... тиімді тәжірибесін пайдаланудың еш сөкеттігі жоқ.
5. Есте сақтаңыз.
Менің ойымша ( пікірімше) – меніңше
Сенің ойыңша ( пікіріңше)
Сіздің ойыңызша ( пікіріңізше)
Оның ойынша ( пікірінше)
Үлгі бойынша түрлендіріп жазыңыз.
Үлгі:
6. Етістіктерді сәйкестендіріңіздер.
( ашу, үйрету, көрсету, беру, алу, білу)
7. Жоғарыдағы сөйлемді шартты райға айналдырыңыз.
Үлгі: Мен шетелдердің БАҚ саласындағы заңдарының негізгі ережелерін білсем, білікті маман боламын.
Грамматикалық сілтеме
Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем.
.................. етістік+са(-се)+ жіктік жалғау, ...................
(бағыныңқы сөйлем) (басыңқы сөйлем)
Мен бірнеше тіл білсем, бәрімен еркін сөйлесемін.
Сен білсең
Сіз білсеңіз
Ол білсе
Біз білсек
Сендер білсеңдер
Сіздер білсеңіздер
Олар білсе
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗДАР
ДАНАЛАР СӨЗІ
Қаламмен қажырлы еңбек еткен сайын, ауызекі тілмен сөйлеу жеңілдей түседі.
Оныншы апта бойынша ағымдық қорытынды бақылау.