2. Журналист тұлғасы

1. Мәтінмен таныспас бұрын мына сұрақтарға жауап беріңіздер.

  1. Журналистің қандай  ерекше  қасиеттері болуы  керек  деп  ойлайсыз?
  2. Журналист қателігінің  зардабы  қандай  болмақ?
  3. Журналист тұлғасы  деп  нені  түсінесіз?

2. Мәтінді оқыңыздар.

Журналист басқаға ұқсамайтын, өзгелерден айырмашылығы бар мамандық. Ол өз шығармашылығы арқылы қоғамға, адамға қызмет етеді. Журналистің өзіне қатысты білім, іс-тәжірибесі болмақ. Кезінде ұлы ғалым М.В.Ломоносов журналист туралы өзекті ойларын айтқан. Оның еңбегі «Журналистік дәреже туралы диссертация» деп аталған. Жалпы журналист қандай  дәрежеде жұмыс істесе де, қоғамдық ақпараттық саланың қызметкері болып  есептеледі. Ол әркез жаңаны жақтаушы, бар жақсылықты қолдаушы болып табылады. Сөйтіп газет-журнал немесе радио мен телевидениенің жұмысын атқарып, шығармашылық қызмет жасайды. Ол редакция жұмысында бірінші – ұйымдастырушылық, екінші – әдеби өңдеу, үшінші – шығармашылықпен айналысады. Бұл  үшін оған білім мен қабілет керек. Өмірдегі құбылыстардың мәнін түсіне білу де үлкен қасиет болып саналады. Тіл, сөз байлығын  қолдану қажет. Журналист қоғамдық қайраткер бола алса, тіпті жақсы. Ол уақыт, заман ағымын жақсы  түсінуі тиіс. Әсіресе идеяға толы материалдар жазып, жұрттың  назарын аудара білгені жөн.

Журналистің тағы бір қасиеті – жан-жақты білімділік пен саяси-азаматтық тұрғыдан өсу, кемшіліктеріне төзбеу, өз өмірін халық ісі үшін арнау. Әрбір журналист өз елінің шын патриоты болумен бірге, сол мемлекеттегі және жер жүзіндегі оқиға-құбылыстарға сергектікпен қарап, жедел жариялап отыруы міндет. Журналист өз ісіне адал берілген маман болуы тиіс.

Журналистің өз қызметін жемісті атқаруы үшін интеллектуалдық, психологиялық, шығармашылық қабілетін толық пайдаланып, сонымен бірге табанды, әділ, батыл қасиетімен де танылуы тиіс. Ал ақыл-ой, эрудиция бірінші орында тұруы керек.

Журналистің мәселені терең білушілігі аса қажет. Өмірде журналист  әртүрлі жағдайға кездесуі мүмкін. Оқиға, фактіге жеңіл-желпі қарамай, оның түпкі мәніне, себеп-салдарына назар аудару керек. Ол үшін сол саладағы арнайы мамандармен кеңесу артық емес. Жаңа мәліметтерді салыстырып қарау жөн.

Мәтінмен  жұмыс:

  1. Мәтінді мәнерлеп бірнеше  рет оқыңыз. Мәтіндегі таныс  сөздерді  бір  бағанға, бейтаныс  сөздерді екінші  бағанға жазыңыз. Жазылған  сөздерді  мәтіннің  көлемімен  салыстырыңыз. Мәтінді  қанша  пайызға  түсінгеніңізді  анықтаңыз. Маңызды ақпаратты анықтаңыз.
  2. Сөздікті пайдалана  отырып,   бейтаныс  сөздердің  мағынасын  анықтаңыз.
  3. Сөздік ойын (мәтіннен  кез келген  сөздің  орысшадан  қазақша аудармасын сұрау).
  4. Есте сақтауға  қиындық  тудыратын  сөздердің  синонимдік  қатарын  жасаңыз.
  5. Мәтіндегі күрделі сөйлемдегі  негізгі ойды  сақтай  отырып,  мәтінді  ықшамдап  жазыңыздар. 
  6. Мәтіннің бөліктеріне (абзацтарына) көңіл  аударыңыздар. Әр  бөлікке  ат  қойыңыздар.

3. Төмендегі  мәтінді мұқият  оқып, сөйлемді  себебі, сондықтан, осыған орай сияқты  қыстырма сөздермен  күрделендіріңіз.

Үлгі: Халықаралық  журналистика  саласында  жұмыс  істейтін  маманнан  шет  тілін білу  талап  етіледі,  осыған  орай ..........

Тілшіге  қойылатын  талаптар өте  жоғары, ....... .  Оқырманға  ұсынылатын  материалдар  әділ, шыншыл  болып,  істі  өмірдегідей  дәл  көрсетуге  тиіс  болғандықтан, журналистің  жұмысы  өте  жауапты, ..... .   Жігерлілік, мақсатшылдық, қайсарлық – журналистік  жұмыс  үшін  маңызды  қасиет, .... .  Журналистің  ой-өрісі  кең, саясатта,  экономикада,  мәдениет  пен психологияда  бағдарлануы  қажет, ..... . Әлеуметтік  белсенділік, араласа  білу  мәдениеті,  білімділік – журналистік  шеберліктің  басты  қасиеттері, .... .   


4. Сөздіктің көмегімен аударыңыздар және жаттап алыңыздар. 3-4 сөзбен қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем құраңыздар.

СМИ–                                                                        событие – 

повседневная жизнь-                                               источники –

задание–                                                                   анализировать – 

творчество–                                                             проблема – 

сравнивать–                                               особенность –

быстрота–                                                                 статья – 

заинтересованность–                                             исследовать –

объем–                       выбирать–                                                                внимательно – 

требовать –                                                              

влияние–                                                                  впечатление – 

специальный–                                                         свидетель – 

программа–                                                              публиковать – 

стремиться–                                                             командировка – 

горячие точки –                                                посылает, отправляет – 

отечественная–                                                        отрасль – 

профессиональное- мастерство –

ЕСТЕ  САҚТАҢЫЗДАР

ДАНАЛАР СӨЗІ

Чем   больше  работаешь   пером,  тем   легче   владеешь   языком (аударыңыз).

Екінші апта бойынша  ағымдық  қорытынды  бақылау.

  1. Қанша термин  білесіз?
  2. Шығармашылық жұмыс ( жазбаша). Тақырып бойынша қорытынды  ойыңды  мақала ( өлең, әңгіме, эссе, шығарма  т.б.) арқылы  беріңіз.   
  3. Дана сөздерді жатқа  айтыңыз.