1. Мәтінмен таныспас бұрын мына сұрақтарға жауап беріңіздер.
2. Мәтінді оқыңыздар.
Еліміз нарық жүйесіне көшті. Қоғам өмірінде жаңа заманға лайық жаңалықтар көп. Соның бірі – бұқаралық ақпарат құралдарының бизнесі, дәлірек айтқанда жарнама индустриясы. Баспасөз бизнесі – нарық экономикасының құрамдас бір бөлігі. Бұл бизнестің айқын көзге түсетін жері – жарнама. Сонымен бірге газет-журнал ашып, теле-радио арналарын құрып, жұртқа соны тауар ретінде ұсынып, ол ісі өзін-өзі ақтап, тіпті пайда тауып жатқан коммерциялық мекемелер де барған сайын көбейе түсуде.
Қазіргі таңда, жарнама – бұқаралық ақпарат құралдарының күнкөріс көзі, қаржы табуының қайнар-бастауы екенін баса айтқан жөн. Сондықтан да болашақ журналистердің бұл ғылыммен мейлінше жете таныс болғаны мақұл. Атақты Франклин Д.Рузвельттің өзі: «Егер де мен өз өмірімді қайта бастаған болсам, мен өзімді бәрінен бұрын жарнамаға арнар едім», – депті. Бұл пікір жарнаманың қоғам өміріндегі қаншалықты маңыздылығын меңзеумен бірге, әрі «жарнама» ұғымының ауқымы өте кең екенінен де хабар берсе керек. Расында біздің елде «жарнама» деп бүкіл жарнамалық шаралар кешенін түгел атап жүр. Батыста, соның ішінде АҚШ-та «реклама» термині (adwertaising) бұқаралық ақпарат құралдарының бетіндегі жарнама хабарларын ғана қамтиды, ал қазіргі таңдағы жарнама қызметінің басқа бағыттарын – сейлз промоушн, паблик рилейшнз, директ-мейл деп бөлек-бөлек атайды.
Бүгінгі таңда жарнама экономиканың құрамдас бөлігі болумен қатар, басылым бетінің және электрондық БАҚ бағдарламасының тұрақты материалына айналды. Сондықтан болашақ журналистер жарнама индустриясы туралы толық мағлұматта болып, жарнама мәтінін жаза білуге, телерадио жарнамасының ролигін жасауға және өз редакциясына қосымша қаржы көзін табуға үйрену керек.
Мәтінге қатысты тапсырмаларды орындаңыздар.
3. Қысқарған сөздерге жалғанған қосымшалардың дұрыс, бұрыстығын анықтаңыз, толық нұсқасын жазыңыздар.
Қысқарған сөздер
|
Сіздің нұсқаңыз
|
Толық нұсқасы
|
БАҚ-ның |
|
|
СҚМУ-нің |
|
|
АҚШ-нда |
|
|
ҚазҰТУ-дың |
|
|
ҚазМҰУ-нің |
|
|
ҚР-ның |
|
|
ІІМ-де |
|
|
БҰҰ-на |
|
|
ЖШС-нің |
|
|
ҒА-ның |
|
|
СҚО-нда |
|
|
АҚ-ның |
|
|
ТМД-ның |
|
|
ҚазҰПУ-да |
|
|
ЮНЕСКО-ға |
|
|
ЕҚЫҰ-да |
|
|
4. Жаттап алыңыздар. Бір жарнама түріне мысалдар, дәлелдеулер арқылы ауызша анықтама беріңіздер.
Белгілі бір аудиторияға арналған жарнаманың түрлері: тұтынушылық жарнама, іскерлік жарнама.
Белгілі бір аумақты қамту бойынша алғандағы жарнаманың түрлері: шет елдік жарнама, жалпыұлттық жарнама, аймақтық жарнама, жергілікті жарнама.
Жарнаманы таратудың құралдары бойынша жіктелетін түрлері: газет жарнамасы, жорнал жарнамасы, радиожарнама, тележарнама, пошта жарнамасы, маңдайшадағы жарнама, көліктегі жарнама, көше жарнамасы, интернет жарнамасы.
Жарнаманың қызметі мен мақсатына байланысты жіктелетін топтары: тауар жарнамасы, корпоративтік жарнама, коммерциялық жарнама, коммерциялық емес жарнама, адрестік жарнама, адрестік емес жарнама, жеке адамдардың хабарландырулары. БАҚ жарнамасы.
5. Оқып шығыңыздар, сөз тіркестерін жасаңыздар, қажет жерінде жалғауларды пайдаланыңыздар, түсіндіріңіздер. Қарсылықты жалғаулықты формадағы (алайда, сөйтсе де, әйтсе де, онда да, болмаса, сонда да, дегенмен т.б.) 3-5 сөйлем құраңыздар.
6. Мына сөйлемдердің дұрыс жалғасын табыңыздар.
Радиожарнаманың негізгі үш элементі: фотография және суретер
Жарнама менеджеріне тән қасиеттер: дамуы
Жарнаманың көркемдік құралдары: сөз,шу (спецэффектілер), музыка
Қазақстандағы жарнаманың көпшіл, тіл табысқыш болу
Жарнаманың қоғамға тигізетін тиюі
Жарнаманың адам намысына әсері
7. Жағдаяттар бойынша жарнама құрыңыздар.
Жетінші апта бойынша ағымдық қорытынды бақылау.