3. Журналистің қоғамдағы рөлі

1. Мәтінді оқыңыздар.

Журналистика маңызды әлеуметтік құбылыстардың бірі болып табылады. Онсыз қоғам өмірін көзге елестету мүмкін емес. Өз тарихында журналистика БАҚ жүйесі ретінде ұзақ жолдан өткені белгілі. ХVІ ғасырда адамдардың бір-бірімен хабар алмасу құралы ретінде пайда болған.Сол уақыттардан бері журналистика даму, қалыптасу жолдарынан өтті. Әртүрлі қоғамдық формация дәуірлерін бастан кешірді. Сөйтіп өзінің тарихи рөлін толық ашып берді. Ол барлық уақытта қоғам өміріне араласып отырды.Әсіресе, саясат, экономика, экология, қоғамдық-әлеуметтік қатынастар т.б. көптеген салаларда шешім жасап, жүзеге асыруға ықпалы болды. Сөйтіп, журналистика қоғамның әлеуметтік институттарының бірі болып саналады. Сондай-ақ ол адамдарды идеялық тәрбиелеу құралы. Журналистика адам санасын көтеруге, рухани әлемді байытуға себепкер болады. Яғни, баспасөз, радио, телевидениенің негізгі міндеті – жалпы ақпаратты жинап, өңдеп, халыққа ұсыну.

Журналист тек қана  хабарларды берумен шектелмейді. Ол сонымен бірге насихаттық  рөл атқарады. Әрбір БАҚ  Берген  материалдарда  хабарлардың  толық әрі жеткілікті болуы өте қажет.

Журналист – шығармашылық тұлға. Ол айтады, жазады, ал оны халық тыңдайды, көреді, оқиды. Бұл байланыс үзілмеу керек. Сонда ғана БАҚ-тың  ісі ойдағыдай жүзеге асады.

Жалпы журналистика – халықтық болып саналады.Әрқашан халықтың жағында болып, халықтық позиция ұстайды. Халық әрбір мақаланы оқығанда, не тыңдағанда қиналмай ұғатындай дәрежеде болуы тиіс. Келесі жағдай – журналистиканың демократиялылығы. Яғни журналистика шынайы демократия үшін еңбек етеді, күреседі.Демократия мен журналистика тығыз байланысты болуы тиіс. Демократия кезінде журналистиканың рөлі одан сайын артып, қоғамдық пікірдің ұйымдастырушысы мен жариялаушысы ретінде көрінеді.

Журналистиканың халықтығы мен демократиялығы – оның қалың көпшілікпен байланысында.

Мәтінмен  жұмыс:

  1. Мәтінді мәнерлеп бірнеше  рет оқыңыз. Мәтіндегі таныс  сөздерді  бір  бағанға, бейтаныс  сөздерді екінші  бағанға жазыңыз. Жазылған  сөздерді  мәтіннің  көлемімен  салыстырыңыз. Мәтінді  қанша  пайызға  түсінгеніңізді  анықтаңыз. Маңызды ақпаратты анықтаңыз.
  2. Есте сақтауға қиындық  тудыратын  сөздердің  синонимдік  қатарын  жасаңыз. 
  3. Мәтіндегі күрделі сөйлемдегі  негізгі ойды  сақтай  отырып,  мәтінді  ықшамдап  жазыңыздар. 
  4. Сөздікті пайдалана отырып,  бейтаныс сөздердің  мағынасын  анықтаңыз.

2. Сөздердің аудармасын сәйкестендіріңіздер. Себеп пысықтауыш тұлғасында 3-5 сөйлем құрастырыңыз.

баспасөз

құрал

ұсыну

даму

қалыптасу                      

пайда болу

тәрбиелеу

сана

рухани

Пікір

шектелу

насихаттық

тұлға

байланыс

средство

печать

ограничиваться

пропагандистская

предлагать

 воспитывать

становиться

связь

сознание

 появляться

мнение

развитие

личность

духовный


3. Тиісті жалғауларды қойып, берілген сөздермен сөйлем құрастырыңыз, аударыңыздар.

Үлгі: Журналистиканың  қоғамдағы  рөлі.

  1. Баспасөз, радио, телевидение, негізгі, міндеті – жалпы, ақпарат, жинап,  өңдеп,  халық, ұсыну.
  2. Журналистика адам санасын  көтеру,  рухани,  әлемді, байыту, себепкер  болады..
  3. Журналистика, қоғамдағы, рөлі.
  4. Журналист, еш уақыт,  қателеспеу,  керек.
  5. Әрбір, журналист, өз, елі, шын,  патриоты,  болу, керек.
  6. Журналист, сөйлеу, мәдениеті.
  7. Бұқаралық, ақпараттық, құралдары, жұмысы, жүзеге асады.

4. Келесі сөздердің, сөз тіркестерінің қазақша баламасын жазыңыз. 3-4 Себептес жалғаулықты-жалғаулықсыз салалас сөйлем құраңыздар.

Творчество-…, мастерство - …,   творческое мастерство -…, вклад-…, внесший вклад-…, актуальный-…, опубликованный на страницах газет-…,  смотря лишь на… -…, по мнению великого журналиста -… .


5. Бақылау диктанты.

Бүгінгі қазақ журналистикасының ізденістерін тілге тиек ету – өзекті мәселе. Журналистикада да жаңа таным, жаңа көзқарастар пайда болды.

Бүгінде  журналист материал жазғанда терең аналитикалық талдауларға барып, өзіндік ой-түйіндері болмаса, еңбегі бағаланбайды, құны төмендейді.

Шығармашылық жол – қиын жол. Жас журналист кәсіби тұрғыда мамандану үшін асығыстық жасамай, байыппен, ерінбей  шығармашылық  тәсілдерін үйренуі тиіс.

Журналистің өмірді тануы, оны көріп-білуі өте керек қасиеттердің бірі. Бұл журналисті байқағыштыққа тәрбиелейді, ойдан ой туғызуға көмектеседі.

Журналистің ойы – тәжірибелік істің қозғаушы факторы болып табылады. Ал тақырып – нақты  істің басы. Тақырыпты тапқаннан кейін  материал жазу үшін  мәліметтер жинау кезегі келеді. Мәліметтер түрлі фактілер мен оқиғалар, іс-әрекет көздерінен алынады.  Журналист материалды  жазбай тұрып, оның идеясын ойлануы тиіс


6. Жағдаяттар бойынша сұхбаттар құрыңыздар.

  1. Журналист өз заманының жаршысы. Оның ескіше жазуға, ойлауға хақысы жоқ. Ол заманнан артта қала алмайды. Ол – әркез шепте (рубеж) жүретін тұлға.
  2. Журналистік мамандықтың тағы бір қасиеті – ол табиғи қабілет талантқа байланысты.

Үшінші апта бойынша ағымдық  қорытынды  бақылау.

  1. Қанша термин  білесіз?
  2. Шығармашылық жұмыс ( жазбаша). Тақырып бойынша қорытынды  ойыңды  мақала ( өлең, әңгіме, эссе, шығарма  т.б.) арқылы  беріңіз.   
  3. Дана сөздерді жатқа айтыңыз.