1. Мына сұрақтарға жауап беріңіз.
2. Мәтінді оқыңыздар.
Радионың тілі мен стилі туралы ХХ ғасырдың 20-30 жылдары алғашқы зерттеулер пайда бола бастады.
Радио тілі қарапайым, түсінікті, тапқыр, бейнелі, мәнерлі, әуезді болуы керек.Сонымен бірге радио тілін зерттеушілердің пікірлеріне назар аударсақ, ғалым А.Шнейдер өз еңбегінде «Кітаптың тілі емес, газеттің тілі емес, сөйлеу тілі ғана радио тілі болу керек», - дейді. Ал зерттеуші Ю.Гальперин «Радионың табиғатының өзі сөйлеу тілін қажет етеді», - деген пікір айтады. А.Фриш былай дейді: «радионың сапасы сөйлеуге байланысты».
«Радио тілі» дегеніміз - сөзден, сөйлеуден, әңгімелесуден құралады екен.Сол сөйлесудің бәрі радионы, яғни, ақпарат құралының мақсатын орындауы керек. Сонда ғана сөйлеген сөздер «радио тіліне» айнала алады.
Радионың ерекшелігіне байланысты дыбыс айрықша рөл атқарады. Радиодағы ауызша сөз бен сөйлеу тілінің өзіндік мәні бар.Сондықтан сөйлегенде дауысты жоғарылату мен төмендетудің және екпіннің, үн ырғағының радиода сөйлеу үшін орны бөлек.
Радиода сөз сөйлеу монолог, диалог түрінде келуі мүмкін. Монолог – жеке адамның өз сөзі, ойы. Ол радионовелла, радиохат сияқты хабар түрлерінде қолданылады. Монолог шешендікті, сөз тапқырлықты тілейді.
Диалог – екі немесе одан да көп адамның микрофон алдында сөйлесуі, әңгімелесуі.
Бүгінгі радио мен телехабарға келсек, шешендік өнерге үйренудің қажеттілігі өзінен-өзі туындайды. Журналистер, жүргізушілер, комментаторлар шешендік өнерді қажетінше үйренулері тиіс. Онсыз хабар дайындау, оны жүргізу, тыңдаушы мен көрерменге ойыңды жеткізу оңай емес.
Радиохабарларда терминдер кездесіп отырады, бірақ баспасөзге қарағанда радиода терминдерді көп қолдану жарамсыз.
Мәтін бойынша тапсырма:
3. Берілген сын есімдермен сөз тіркесін құрастырыңыз.
Қарапайым, бейнелі, әуезді, қонымды, ыңғайсыз, әсерлі, тапқыр, мағыналы, тартымды.
4. Екі бағынадағы сөздермен сөз тіркестерін құрастырып, 3-5 мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем құраңыздар.
Ырғақ
|
Тербеліс
|
Ақпарат
|
Сырлар
|
Тыңдарман
|
Әсер ету
|
Орын
|
Иелену
|
Мүмкіндік
|
Пайдалану
|
Тілдік
|
Заңдылықтар
|
Қоғам
|
Жүйе
|
Тіл қолдану
|
Құрал
|
Дауыс
|
Сөйлеу
|
5. Тиісті жалғауларды жалғап, сөздерді орын тәртібі бойынша орналастырыңыз.
6. Мәтіндерді оқып, мазмұнын түсініп, мағынасына мән беріп, әр мәтінге ат қойыңыз.
1. Радиодағы сөйлеу техникасы – тыныс алу, артикуляция, дикция, дауыс ырғағын дұрыс қою, орфоэпия, фонетика заңдылықтарын білу, соның нәтижесінде дұрыс сөйлеу. Жазба тілде қажет етілмейтін, ал ауызша сөйлегенде міндетті түрде рөл атқаратын дыбыстау, екпін түсіру, дауыс ырғағымен сөздің мағынасын дәл жеткізу сияқты кәсіби амалдарды меңгеру үшін арнайы жаттығулар жасау. Сонымен қатар, микрофон алдында сөйлеген кезде жіберілетін кемшіліктерге талдау жасалып, оны болдырмаудың кәсіби әдіс-тәсілдерін қарастыру керек.
2. Радиоарналар хабар тарату аумағына қарай республикалық, аймақтық, ал қаржыландыру мәселесіне байланысты мемлекеттік, мемлекеттік емес, жекеменшік, ал атқаратын жұмысының мазмұнына қарай ақпараттық, музыкалық, ақпараттық – музыкалық, музыкалық – ақпараттық, қоғамдық – саяси болып бөлінеді. Ал ішкі жұмыс жүйесінің ұйымдастырылуына байланысты ақпарат орталығы, эфирлік студия, деректік қор, концерттік студия т.б. болып бөлінеді. Осыған байланысты радиоарналардағы жұмыс процесінің қалай ұйымдастырылатындығы, қайтіп жүзеге асатындығы сөз болады.
Тапсырма:
Үлгі: тыныс алу – Мен тыныс алдым
тыныс алғанмын
тыныс алыппын
тыныс алатынмын
Грамматикалық сілтеме.
Жедел өткен шақ |
Бұрынғы өткен шақ |
Ауыспалы өткен шақ
|
-ды,-ді -ты, -ті |
1. - ған, - ген, -қан, - кен 2. –ып,- іп, -п |
-атын, -етін, йтын,- йтін |
|
|
|
Он екінші апта бойынша ағымдық қорытынды бақылау.