ТЕРМЕ ДИКТАНТ
ХІХ ғасырдың алғашқы он жылдығындағы орыс журналистикасы
1801 жылдың 11-нен 12 наурызына қараған түнде сарай төңкерісінің нәтижесінде үкімет басына І Александр келгенде ол реформаның қажеттілігін түсінді. І Александр өз патшалығының алғашқы жылдарында шет елдерден кітап пен мерзімді баспасөздер өткізуге рұқсат берді.1796 жылы жабылған жекеменшік баспаханалар ашылды, жоғары және орта оқу орындарының жүйесі кеңейтілді. 1804 жылы Ресейде цензураға қайтадан кең жол ашылды.
ХІХ ғасырдың алғашқы онжылдығында 84 жаңа мерзімдік басылым пайда болды. Петербургте 47, Мәскеуде 34, басқа қалаларда 3. Өкінішке орай олар ұзақ тұрмады. Мәселен, 1802-1830 жылдары үзбей шығып тұрған «Вестник Европы»-дан басқалары бір-екі жылдан соң жабылып қала берді, себебі цензура қатал, оқырмандар аз болды. Оның үстіне журналистердің еңбектері әдеби қаламақымен төленбеді, соның өзі журналистік қызметті кәсіби мамандыққа айналдыруға бөгет жасады.
Орыс баспасөзінде салалық басылымдардың дамуы ерекше құбылыс болды.Экономикалық, әкімшілік, ғылыми-техникалық мәселелерге арналған газет, журнал, жинақтар туындап, музыка, театр және педагогикаға бағытталған журналдар шығарылды. Сондай-ақ, әйелдерге арналған журналдар, сын мен библиография сұрақтарына бейім журналдар және басқа да салалық басылым түрлері бел алды.
Орыс қоғамы өмірінің жандана түсуіне байланысты және журналистиканың дамуына орай әдеби сынның рөлі де арта түсті. ХІХ ғасырдың алғашқы он жылдығы бірде-бір маман сыншыны жеке бөліп шығармаса да, ХІХ ғасырдың басында әдеби сын қоғамдық өмірден маңызды орын ала бастайды. Әсіресе, біртұтас ұлттық әдеби тіл құру мәселесі.
Отан соғысына сәйкес келетін жылдары Ресейде шығарылып тұрған «Санкт-Петербургские ведомости» және «Московские ведомостиден» басқа бірнеше жаңа газеттер пайда болды. Бұл мемлекет мекемелері шығарып тұрған салалық басылымдар болатын.Олардың арасында – ішкі істер министрлігінің байланыс департаментінің органы «Северная почта» (1809-1819) газеті болады. Ол дамып келе жатқан орыс экономикасының қажетін көрсете отырып, өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, қолөнер, сауда, финанс мәселелеріне қатысты кең мәлімет беретін орыс және шетел информацияларын хабарлады. Ол жер-жерде өзінің тілшілерін ұстады. Газеттің тиражы – 500 дана.
ХІХ ғасырдың басында мерзімдік газеттер мемлекеттік және арендалық басылымдардан тұрды.Бұл кезде екі жеке меншік журнал болды: «Московские ученые ведомости» (1805-1807) .
1811 жылы Ресейде орыстың алғашқы провинциалдық газеті – «Казанские известия» пайда болды. Ол 1820 жылға дейін аптасына бір рет шығарылып тұрды. 1824 жылы ай сайын шығып тұратын «Казанский вестник» журналы құрылды. Газеттер басқа да ірі қалаларда: Астраханьда, Одессада.
Тапсырмалар: