1. Практикалық сабақтарда ақпарат алу мен таратудағы журналистік әдіс-тәсілдер қолданылады. Сондықтан аталмыш тақырып бойынша сабақ бірнеше кезеңнен тұрады.
БІРІНШІ САБАҚ: «Жаңалық» деп аталады. Мұнда алдын-ала дайындалған ең соңғы халықаралық жаңалықтарды қысқа да нұсқа ауызша айтып шығыңыздар. 3-5 минөт.
ЕКІНШІ САБАҚ: «Бетпе-бет» деп аталады. Мұнда бір студентке барлық студент жабыла сұрақ қояды. 5-9 минөт.
ҮШІНШІ САБАҚ: «ЖЕКПЕ-ЖЕК» деп аталады. Мұнда екі студент ортаға шығып, бір мәселенің екі жағын сөз қылады. Яғни бірінің пікірін екіншісі жоққа шығару арқылы шындыққа көз жеткізуге ұмтылады. 9-11 минөт.
ТӨРТІНШІ САБАҚ: «Интервью» деп аталады. Мұнда бір студент екінші студенттен берілген тақырып төңірегінде интервью алады. 11-12 минөт.
БЕСІНШІ САБАҚ: «Сұхбат» деп аталады. Ортаға кемінде үш студент шығады. Ортадағысы жүргізуші рөлін атқарады. Ұсынылған тақырып бойынша олар өзара пікір алмасып, белгілі бір қорытындыға келеді. Бұларға сырттан бақылап отырғандар да тікелей сұрақ қойып, сол сәтте жауабын алады, ( тікелей эфирдегі секілді). 20 минөт.
Ескерту:
1. Әр сабақта айтылған ақпараттар, мәселелер, ұсыныстар,сауалдар халықаралық тақырыпта болу керек.
2. Ақпаратты мерзімді баспасөз беттерінен, телерадиодан, интернеттен т.б. алыңыздар ( жылы, күні, газет-журнал,арна атауын көрсетіп, айтып отырыңыздар).
3. Айтылған ақпарат бойынша әр сабаққа сөздік жұмысын жасаңыздар.
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗДАР
ДАНАЛАР СӨЗІ
Жан жарасы жазылады, сөз жарасы жазылмайды.
Басқа пәле тілден.
Он бірінші апта бойынша ағымдық қорытынды бақылау.