1. Мәтінмен таныспас бұрын мына сауалдар бойынша ойларыңызды айтыңыздар.
2. Мәтінмен танысыңыздар.
Ресейде баспа түріндегі «Москва мемлекетінің хабаршылары» газеті 18 ғасырдың басында жарық көрді. Мәскеу халқы осыған дейін «Куранты» деген қолжазба газетпен таныс болған.
«Ведомости», «Вестовые письма», «Вести» Ресейде 17 ғасырдың екінші он жылдығында пайда болған. «Ведомости» газетін патшаға және оның айналасындағыларға арналып шығарды. Мұны Мәскеу мемлекетінің шетел саясатымен айналысатын елшілік приказының қызметкерлері дайындады. Олар агенттер арқылы шетел газеттерін алдырып, көбіне неміс және голландықтардың материалдарын орыс тіліне аудару әдісімен қолжазба газеттерінің беттерін түрлі саяси жаңалықтармен толтырып отырды.
«Ведомости» негізінен әкімшілік-дипломатиялық міндеттерді орындай отырып, ең алдымен өз оқушысын – патшаны сол дәуірдің саяси, әлеуметтік және экономикалық бет-бағдарымен таныстырып отыруға тиісті болды. Сондықтан онда әртүрлі соғыс оқиғаларына, тауар әкелуіне, мемлекет басшыларының ауысуына, мемлекеттердің арасындағы келіссөздерге баса назар аударылды.
Сондай-ақ бұл қолжазба газеттерде Ресейдің ішкі, сыртқы жағдайы, отыз жылдық соғыс, Польшамен екі арадағы қарым-қатынас, Украин халқының Польшаға қарсы саясаты туралы жазылып отырды.
«Курантыдан» басқа «Столбцы» деген газет аты да пайда болған. Алғашқы кезде бұл ауызша газет бір-ақ дана болып дайындалып, дипломатиялық жасырын құжаттар ретінде есептелген. Оның елшілік приказының жоғалып кетуі кезінде үлкен әбігерлік туғызған. Осылай «Ведомости» аз тиражбен, белгілі бір адамдар үшін ғана шығарылып тұрса да, 17 ғасырдың соңында Ресей мемлекеті үшін өте қажет ақпарат құралына айналды.
Мәтінмен жұмыс:
Тоғызыншы апта бойынша ағымдық қорытынды бақылау.