4- СОӨЖ. Журналистің сөйлеу мәдениеті.


1. Жағдаяттар бойынша сұхбаттар құрыңыздар.

а) Мәселен,  сөйлеуші  адамға  өз  ойын  нақтылай  түсуін  өтіну  мақсатында  көрсетілген  сөз  тіркестерін  сөз  арасында  қолдану: «Түсінбей  қалдым»,  «Қайталап  жібермейсіз  бе..», «Сонда  нені  меңзеп  отырсыз?».

ә) Сөйлеушінің  ойын  түсіну  үшін,  оның  пікірін  өзіңізше  топшылап  айтып  көру,  мәселен:  «Менің  сізді түсінуімше,  сіз  бұл  жайында  былай  ойлайсыз  ғой...», «Сіздің   ойыңызша»,  «Түйіндеп  айтсақ,  сіз  бұл  туралы  мынадай  істер  атқару  керек  деп  есептейсіз  ғой....».

б) Кей  жағдайда  сөйлеуші  адамның  көңіл-күйін    түсініп,  сыртқа  шығарып,  жария  етуіне  мүмкіндік  жасаған  жөн: «Менің  ойымша  сіз  өзіңізді  жайсыз  сезініп  отырған  сияқтысыз....», «Көңіл  күйіңіз  болмай  отыр  ма?».