1. Мәтінмен таныспас бұрын мына сұрақтарға жауап беріңіздер.
2. Мәтінді оқып, таныс емес сөздерді аударыңыздар. Мәтінге ат қойыңыздар.
Әрбір көзі ашық ата-ананың ой-арманы, мақсаты – баласының білім алуы, белгілі бір мамандық иесі болуы, өмірден өзіне лайықты орын табуы. Сондықтан баланың болашағына деген игі тілекті балалық шақтан бастаған дұрыс.
Мамандық таңдауда балаға әсер ететін тәсілдердің бірі – кітап оқу. Әсіресе, балаға өнегелі де атақты адамдардың өмірі мен қызметі жайындағы кітапты оқудың пайдасы зор. Өйткені балаға тән бір қасиет – еліктеушілік. Еліктеушілікті әрі қарай дұрыс бағыттаса, қызығушылықпен ұласып, өмірлік мағынаға ие болуы қажет. Баланың жақсыға деген қызығушылығын онан әрі дамыту, соған талпындыра білу ата-ананың, ұстаздардың ізгі борышы.
3. Мәтінге қатысты пікіріңізді білдіріңіздер.
4. Жақша ішіндегі етістіктерді осы шаққа айналдырыңыздар.
Журналист БАҚ-та әртүрлі экономикалық, саяси оқиғаларды, күнделікті өмір деректерін жариялаумен (айналысу). Ақпарат жинаудың әртүрлі көздері мен әдістерін пайдалана отырып, әдетте ол редакция тапсырысымен немесе өзінің бастамасымен материал (жинау). Сонан соң оны тексеруден, өңдеуден, талдау мен жинақтаудан (өткізу).
5. Мәтіннен септік жалғаулы сөздерді теріп жазыңыздар және аударыңыздар. Аударылуына көңіл бөліңіздер.
Журналистік шығармашылықтың маңызды құралы көппен араласа білу болып табылады. Қандай да бір деректі жазып шығу аз, мәселе әртүрлі көзқарастарды салыстыруда, ал бұның бәрін жұртпен қарым-қатынассыз іске асыру қиын.
Журналист еңбегінің іс жүзіндегі ерекшелігі – шапшаңдық. Кез келген жарияланымның негізінде нақты өмірлік дерек жатады. Журналист қашанда материалды оқырманның қызығушылығын туғызатындай етіп, көлемі жағынан шағын ғана мақалада проблеманың немесе оқиғаның мәнін аша білуі тиіс. Сонымен қатар, ол газет, журнал шығарудың өндірістік-технологиялық процесіне, теле және радиохабарларды дайындауға қатысады. Жарияланған және таралған материалдарға авторлық және редакциялық бақылау жүргізеді, сондай-ақ редакциялық поштамен және авторлармен жұмыс істейді.
6. Мәтінді оқып, тиісті жалғауларды жазыңыздар.
Меншікті тілші – жергілікті жерде редакция (....) атынан сөйлейтін, оның толыққанды өкілі. Меншікті тілші, әдетте, жарияланым тақырыбын өзі таңдайды және белгіленген проблема (....) зерттейді. Материалды дайындау мен өзіне белгілі деректерді мұқият тексеру үлкен дербестікті талап етеді. Әртүрлі аудандар (...), облыстар (...), қалалар мен елдерде болады. Меншікті тілші(...) деректерді қатар қойып салыстыруға көп мүмкіндігі бар. Сондықтан оның жарияланымдары жинақты болып, мақала мен очерк түрінде жазылады. Меншікті тілшілер үшін ақпараттың негізгі көзі – оның жолсапардан, әңгімелесу (....), сұхбаттасудан, жергілікті жердегі оқиғаны зерттеуден алған жеке әсері.
Арнаулы тілші, әдетте, редакцияның бір жолғы тапсырмасы (...) орындауға бағытталады. Оған газетке түскен хаттар (...) зерттеу, қауырт материалдар дайындау тапсырылады. Оның ең сүйікті жанры – репортаж, яғни оқиға (....) көзімен көрген адамның, куәгердің, қатысушының әңгімесі, сондай-ақ егер ақпарат арқылы не болғанына жауап беру керек болса, онда оның қалай өткені туралы репортаж.
Бағдарлама авторы нақты бағдарламаның сценарийін әзірлейді, ал онда белгілі бір аудитория (...) ғана арналған мәселелер көтеріліп, материал (....) ұсынылады. Бағдарламаны әзірлеу бейне және дыбыс режиссерлары (.....) бірге жүргізіледі.
7. Мен ( ол ) журналист бола аламын ( бола алмаймын)........... деген тақырыпта пікірталас.
Бірінші апта бойынша ағымдық қорытынды бақылау.