Оқу-әдістемелік құралдың негізгі мақсаты– мамандықтарына қажет терминдерді меңгерту, сөздік қорын байыту және мәтіндік жаттығулар арқылы кәсіби дағдыларын қалыптастыру. Сондай-ақ, құрал студенттердің кәсіби білім деңгейлерін мемлекеттік тілде меңгеруге дағдыландырады және тұлғаның көзқарасын, өзіндік пікірін кеңейтуге септігін тигізеді.
Мәтіндер жинағында студенттердің шығармашылық қабілеттерін, ынтасы мен дүниетанымын, білімі мен білігін дамытуға ықшамдалған әртүрлі тапсырмалар берілген. Берілген тақырыптардың тапсырмалары бір-бірімен жүйелік, логикалық жағынан байланысты лексика-грамматикалық және коммуникативтік тапсырмалардан тұрады. Мәтіннің мазмұнына сәйкес тиісті сұрақтар, диалогтер, жаттығулар студенттердің өзінше ойлауын, сөйлеуін, пайымдауын дамытуға арналып құрастырылған. Екеуара сөйлесу, пікірталас, монолог, аударма сияқты үйрену тілінің барлық қызметтері қамтылған. Әрбір сұраққа жауап беру- студенттердің ой-өрісін кеңейтуге, қазақша тілін дамытуға, сөйлеу дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік береді.