Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі – оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үдерісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады. Қазіргі таңда да елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құру енгізіліп, көкейкесті мәселенің бірі ретінде күн тәртібінен түспей отырғандығы мәлім.
Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Мектептің білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үдерісін интенсификациялау мен модернизациялаудың тиімді тәсілдерін іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстардың тиімділігі мен нәтижелілігі бірнеше оқу-әдістемелік, психологиялық-педагогикалық мәселелердің шешімін ғылыми түрде негіздеуді талап етеді. Оларды бірнеше бағыттарға бөлуге болады:
әдістемелік жолын анықтау;
пайдаланудың әдістемесін жасау;
Кәсіптік білім берудің негізгі мақсаты:
Мұғалімнің кәсіби қызметі жүйесіндегі қазіргі білім беру технологиясының алатын орны ерекше, себебі әрбір педагог жаңа технологияны меңгеру барысында жақсы бір жетістіктерге жетеді, өзінің кәсіби білім деңгейін кеңейтеді және көтереді.
Қазіргі кезеңде оқу дәрежесі мына өзгерістерді қамтиды [2]:
Әр жылдың ұсынары бар және қалай болса да заман ағымынан қалмай ілгері жүру – ұлы мұрат. Осы орайда жастарды тәрбиелеуде ақыл-ойдың алыбы Абайдың «Ғылым іздеп, дүниені көздеп, екі жаққа үңілдім» дегеніндей, тез жетілудің амалын, әдіс-тәсілдерін іздестірген абзал. Оқыту мен тәрбиелеудің жаңа жолдары озық елдерде жасалынып, қолға алынып жатқаны мәлім. Оның нәтижелерін де көптеп кездестіруге болады. Ендеше, болашақ технология пәні мұғалімдерін даярлауда, оқытуда бізге де ғылыми басқару әбден қажет.
Жалпы, пән мұғалімдерінің теориялық және әдіснамалық дайындығы оның кәсіптік жарамдылығының көрсеткіші бола алмайды. Мұғалімнің білімдерді қалай алып, меңгеруге болатынын және оларды қай жерде қалай тиімді пайдалану жолдарын білуінің, қандай дәрежеде өзінше ойлап, дұрыс қорытынды шығара алатындығының маңызы зор. Сондықтан, олар жаратылыстану білімдерінің құрылымы мен атқаратын қызметін, логикалық ойлаудың заңдары мен ережелерін, ой қорыту тәсілдерін меңгеру арқылы, оның ғылыми заңдылықтары мен ғылыми теориялардың дұрыстығына көз жеткізуі немесе оны теріске шығаруы, ғылыми зерттеу әдістерімен қарулануы қажет.
Сонымен қатар, технология пәні мұғалімдерінің аталған білімдерді өздері меңгерумен бірге оқушыларға қалыптастырудың да теориясы мен әдіс-тәсілдерін білуі тиіс. Бұл жағдайда оқушылардың теориялық-әдіснамалық білімдерін жетілдіру мақсатында технология пәні мұғалімін әдейі арнап дайындау арқылы, оқушыларға терең және жүйелі білімді қалыптастыруға, олардың жасампаздық белсенділігін одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.
Демек, мұғалімдер қауымы пәнін оқытуда жаңа педагогикалық технологияларды кеңінен пайдалана отырып, білімді терең және жан-жақты игерудің жолдарын, технология пәнінің ғылыми негіздерін меңгеру мәселелерін, шәкірттің ойлау қабілеті мен шығармашылық әрекетін дамыту сияқты оқытудың ең тиімді түрлерін қарастырғанымыз жөн. Дидактиканың түрлі нұсқаларын қолдана отырып білімдарлық құрылымды көтеру мүмкіндігін игеру, тәжірибелік дәйектеменің жаңа идеясы мен технологиясының ғылыми негізін жасау, жаңа тұжырымдамалар мұғалімнің кәсіби дайындығын жақсартуды талап етеді.
Білім берудің жаңа жүйесінің басты ерекшеліктеріне мыналар жатады: әртүрлі деңгейдегі білім беру мен кәсіби іс-әрекетін жобалауға қабілетті педагог дайындау. Жаңаша ойлайтын мұғалім міндетті түрде жаңа бағыттағы идеялар мен технологияларды игеруді және сол білімдарлық технологияны меңгеруге дайын болуы керек.
«Қалай оқыту керек?» - дейтін дәстүрлі дидактикалық сұрақ заңды түрде оқыту әдісінің категориясын шығарады. Әдіс – жоспарланған мақсат пен соңғы нәтиженің арасын байланыстыратын оқу үдерісінің өзегі болып табылады. Оның айқындаушы рөлін « мақсат – мазмұн – форма – оқыту әдісінің құралдары » көрсетеді.
Болашақ мұғалімнің кәсіби-педагогикалық даярлығы жоғары оқу орнында пәндердің мынадай төрт жүйесі арқылы жүзеге асатындығы белгілі [4]:
1) қоғамдық-саяси;
Оқушыларға әр түрлі пәндерді оқыту жағдайларында әрбір мұғалімнің міндеті – өз пәні бойынша білімдер мазмұнын игертуді ғана қамтамасыз ету емес, сонымен бірге қоршаған ортаның құбылыстары мен заңдылыктары жөніндегі әр түрлі пәндер бойынша алған білімдерін біріктіруге ықпал ету. Тек осы жағдайларда ғана игерген білімдерін өз бетімен қолдана алады. Практикалық іс-әрекетте пайдалану жолдарын, әдістерін меңгереді.
Оқыту табысты болу үшін оқытушы мыналарды терең игеруі тиіс [5]:
Теориялық оқыту оқушылардың кәсіби дамуына үлкен ықпал етеді: бұл – кәсіби есте сақтаудың және кәсіби ойлаудың дамуы, ақпаратты қабылдау тетіктері, қырларының өзіндік дамуына қосылған үлес.
Кәсіпке теориялық оқыту кәсіби тәрбиеге де елеулі үлес қосады. Бұл ең әуелі кәсіби оң бағытталушылыққа тәрбиелеу – тандап алған кәсіпке ұнатушылыққа тәрбиелеу; кәсіби еңбек сапаларын қалыптастыру. Бұл – тұлғаның кәсіби-коммуникативтік, кәсіби-эстетикалық, кәсіби - дене сапаларын қалыптастыруы.
Кәсіби даярлықтың біліктілік деңгейіне байланысты практикалық даярлыктың ойлау біліктілігіне қосатын үлесі әр түрлі. Жалпы білім беруде ойлау біліктілігіне практикалық даярлықтың қосатын үлесі ерекше болып келеді. Қоғамның алдына қойып отырған өскелең әлеуметтік талаптарды қанағаттандыра алатындай жас жеткіншіктерді оқыту мен тәрбиелеу сапасын жақсартудағы негізгі тұтқа болып табылатын муғалімдердің кәсіптік дайындығына байланысты. Болашақ технология пәні мұғалімдерін дайындау сапасын көтеру педагогикалық университеттерде жүргізілетін физика-математикалық, педагогика-психологиялық, қоғамдық-саяси т.б. пәндерді оқыту тиімділігін арттыруға байланысты екендігі түсінікті. Ғылым мен техникалық прогрестің даму қарқынына ілесіп отыру үшін, болашақ технология пәні мұғалімінің жоғары оқу орындарында алған білім негіздерінің қоры, оның кәсіптік жарамдылық деңгейін толық анықтай алмайды. Мұғалімнің кәсіптік деңгейі оның логикалық ойлау қабілетінің дәрежесі мен әдістемелік дайындығының сапасына тікелей байланысты (1-сурет) [5].
Оқу үдерісінде компьютерді пайдаланып оқып-үйрену нысаны ретінде, сонымен бірге - оқыту, тәрбиелеу, дамыту мен оқытудың мазмұнын меңгеруді диагностикалау құралы ретінде әрекет етеді. Мұның өзі ақпараттық технологияларды пайдаланудың екі бағыты бар екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Бірінші бағыт тұрғысынан алып қарасақ, ақпараттық технологиялар білім, білік, дағдыны игеру үшін қажетті құрал көзі болып табылып, оқушылардың саналы тәрбие, сапалы кәсіби бағытта білім алуына жағдай жасайды, ал екінші бағыт тұрғысында, ақпараттық технологиялар оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру тиімділігін арттырудың қуатты құралы болып табылады.
Бүгінгі таңда, мектептің кәсіби бағытта білім беру жүйесін ақпараттандыру жағдайында өзіндік қайшылықтардың да орын алып отырғанын айту қажет. Мәселен, мектептерде әлі де болса компьютерлердің саны жеткіліксіз, барлық пән мұғалімдерінің бағдарламашылармен тікелей жұмыс істеу мүмкіншілігі шектеулі, автоматтандырылған оқыту бағдарламаларының саны аз, оларды көбейту мәселесі нақты шешімін таппаған, ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы информатикадан басқа пән сабақтары өткізілмейді десе де болады.
Сондықтан, білім беруді жаңа сатыға көтеру үшін тек білім мазмұны мен оқыту әдістерін ғана емес, ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану арқылы оқытуды ұйымдастырудың түрлерін жетілдіру қажет. Мұның өзі мынадай оқу-тәрбие міндеттерін шешуге көмектеседі:
- оқу үдерісін дербестендіру. Мәселен, компьютер оқытуды нақты бір авторлық бағдарлама бойынша жүзеге асыруға мүмкіндік береді;
- нақты әрекетке негізделген кері байланысты қамтамасыз етеді. Мәселен, компьютер арқылы әрбір оқушы өзінің білімін бақылауға, тексеруге және бағалауға мүмкіндік алады;
- материалды меңгеру жылдамдығын арттыруға болады.
Ғылыми педагогикалық-психологиялық әдебиеттерді және мектеп тәжірибесін оқып-үйрену мен талдау негізінде ақпараттық технологияларды мектептің оқу үдерісіне енгізу үшін кешенді ақпараттық білім беру жүйесін құру қажеттілігі туындады. Бұл жүйенің негізін ақпараттық технологиялар құрайды. Енді кәсіби бағытта оқытудың ақпараттық технологияларының мәнін ашып көрсетейік [6]:
1) Компьютерлік және ақпараттық сауаттылық. Компьютерлік сауаттылыққа электронды есептеуіш техникасымен жұмыс істеу білігін жатқызуға болады. Ақпараттық сауаттылық ақпаратты алудың, қайта жасаудың, жеткізудің, сақтаудың және пайдаланудың негізгі ережелерін білуді көздейді.
2) Оқу үдерісінде компьютерді пайдалану оқушылардың өзіндік жұмыстарын ақпараттық-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуге де елеулі өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді, мұндай жаңашыл өзгерісті оқулықтардан бастауға болады. Мұнда дәстүрлі баспа оқулықтарымен қатар оқу үдерісінде электронды оқулықтарды пайдалану көзделеді.
Электронды оқулықтың жетістіктері мыналар болып табылады:
- шұғыл кері байланысты қамтамасыз етеді;
- дәстүрлі оқулықта көп іздеуді қажет ететін тиісті ақпаратты тез табуға көмектеседі;
- гипермәтінді түсіндірмелерді бірнеше рет қарап шығу барысында уақытты анағұрлым үнемдеуге мүмкіндік береді;
- қысқа мәтіндермен қатар көрсетеді, әңгімелейді, жобалайды, т.с.с. (мультимедиа-технологияның мүмкіндігі мен артықшылығы тура осы жерде көрінеді);
- әрбір студентке немесе оқушыға дербестік тұрғыдан қатынас жасауға мүмкіндік беріп, олардың өз бетінше білім алуын қамтамасыз етеді;
- белгілі бір бөлім бойынша білімді тексеруге мүмкіндік туады.
Кәсіби бағытта оқытуда ұсынылатын негізгі салалары көрсетілген (2-сурет).
Ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы жүргізіліп жатқан оқыту үдерісі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға үйретіп, нәтижесінде – өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашуы керек.
Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары деп есептейміз.
Сонымен, ақпараттық технология саласы бойынша ұйымдастырылған оқыту үдерісінің негiзгi мақсаты - бiлiм беруде оқушылардың кәсiби шеберлiгiн ақпараттық мәдениеттi қалыптастырумен баайланыстыруға бағытталған.