ҚОСЫМША А


«Педагогиканың жалпы негіздері» бөлімінің әдістемелік сипаттамасы.

  1. «Педагогиканың жалпы негіздері» бөлімінің мәні. Бірінші бөлімде негізгі теориялық сұрақтар қарастырылады: педагогиканың әдіснамалық негіздері, педагогиканың түсініктілік терминологиялық аппараты, педагогика ұғымдарының өзара байланысы, «педагогикалық процесс» түсінігінің мәні, оның ерекшеліктері және тәрбиелік асханизмдері, педагогиканың құрама бөліктерінің мақсаты және міндеттері, дамудың өзара байланысы, жеке тұлғаны тәрбиелеу және қалыптастыру.
  2. «Педагогика пәні, міндеттері және педагогикалық зерттеу әдістері» тақырыбына сипаттама.

Курстың бірінші тақырыбы оның жалпы жүйесінде ерекше орын алады. Оны оқыту көбінесе студенттердің педагогика курсына қатынаса әсер етеді. Оқытушы бұл тақырып педагогиканың түсініктілік аппаратын ашып көрсететіндіктен студенттер үшін белгілі бір қиындықтар туғызатындығын есте сақтауы қажет.

Тақырыпты оқып-үйренудің әдістемелік жүйелілігі мынадай:

  1. Бастапқыда педагогиканың ғылым ретіндегі пәні және объект туралы түсінік беріледі.
  2. Содан кейін педагогика ғылымының ежелгі қалыптасуы мен дамуынан мысалдар келтіру арқылы педагогиканың әдіснамалық негіздері дәлелденеді. (Я. А. Коменский уақытына дейінгі философиялық трактаттардағы тәрбие сұрақтарын талқылау және педагогиканың ғылым ретінде қалыптасуы).

Сонымен бірге үш бөлімге бөлінетін педагогикалық әдіснаманы және оның құрылымын атап кету керек:

  • ғылымның әдіснамалық аппараты және қалыпты жағдайы, әдіснамалық негіздері;
  • педагогикалық теория: идеялар, заңдар, болжамдар, ғылыми фактлер;
  • принциптер, ереже, зерттеу әдістері, ғылыми нұсқауларды қамтитын қолданбалы бөлімі;
  1. Содан кейін педагогиканың өскелең ұрпақ тәрбиесі туралы ғылым ретіндегі жалпы анықтамасы беріледі; «Тәрбие» түсінігіне тар және кең мағынада анықтама беріледі.
  2. Бұдан кейін педагогиканың негізгі ұғымдары ретінде «оқыту», «білім беру», «педагогикалық процесс» ұғымдары ашып көрсетіледі. Педагогика ұғымдарының өзара байланыс сызбасы пайдаланылады және оқыту жеке тұлғаға білім беру және тәрбиелеу құралы екендігі дәлелденеді.
  3. Ары қарай басқа ғылымдарда кездесетін (философия, психология) «даму», «қалыптасу» ұғымдарының мәнін ашу қажет.
  4. Негізгілерінен туындайтын ұғымдар «өзін-өзі дамыту», «өзін-өзі тәрбиелеу», «өз бетінен білім алу» болып табылады, мұны сызбамен көрсетуге болады.
  5. Педагогика ғылымының жаңаша жетістіктері бізге студенттерді педагогиканың жаңа ұғымдарымен таныстыруға мүмкіндік береді «әлеуметтендіру» және «индивид әрекетінің жетістігі».