ҚОСЫМША Ж


Педагогикалық менеджмент және қазіргі мектептегі басқару курсын оқыту әдістемесі.

«Менеджмент», «педагогикалық менеджмент» түсінігінің маңыздылығы.

Қазіргі уақытта педагогикалық ғылымда және тәжірибеде студенттерді ғылыми басқару бағытынан оқыту және тәрбиелеу үрдісінің мағынасына анық тенденция пайда болды. Көптеғен ғалымдар басқару тек қана өнеркәсіптік, экономикалық салада емес, соныман қатар күрделі әлеуметтік құбылыста оқыту мен тәрбиелеу қалай қажет болса, олда дәл солай қажет деп атап көрсетті. (Бабанский Ю. К., Архангельский С. И., Талызина Н. Ф., Пидкасистый П. И., Хмель Н. Д. және т.б.). Оқытуды және тәрбиелеуді - оқыту іс-әрекетін басқару, адам тұлғасын және оның басқа да қасиеттерін қалыптастыруды басқару үрдісі ретінде қарастыруға болады. Басқару үрдісінің жалпы заңдылықтары стихиялы түрде қолданылады. Бірақ, ғылыми білімнің қазіргі деңгейі педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда басқарудың жалпы теориясын қолданудың мүмкіндігін көрсетеді.

Қазіргі ғылымда басқару маңыздылығын айқындайтын бірнеше бағыттар бар:

  • «Басқару - бұл біріншідін, заңды ресми түрде орындау және қолдау... (Г. Гегель).
  • «Басқару» - «... элемент, белгілі құрылымды сақтауды қамтамасыз ететін ұйымдастырылған жүйелердің қызметі, іс-әрекет ережелерін, бағдарламаны іске асыруды, іс-әрекет мақсатын қолдау» (Үлкен Кеңес Энциклопедиясы).
  • «Басқару – бұл саналы және мақсаттылық іс-әрекеті, тек қана саналы іс-әрекет емес, оның әртүрлілігі, шешімдерін өңдеуғе қатысты және оларды өмірге ұқсату қабілеті, жүйелілік жолымен алынған мақсатқа сай анықталған жүйе қызметін жөндеу, ақпаратты қолдану және қайта өңдеу» (В. Г. Афанасьев).
  • Басқару – бұл мақсаттылық әсер үрдісі немесе ұйым (М. Марков).
  • Басқару – бұл нәтижесінде алдын-ала дайындалған мақсатқа жететін әсердің жиынтығы (Л. Б. Ительсон).
  • Басқару - бұл субъектінің объектіге бағытталған әсері және әсер ету нәтижесінде объектінің өзгеруі (А. В. Филипов).
  • Басқару – жоспарланған ұйым арқылы қоғамдық байланысты саналы реттеу, адамдардың іс-әрекетін рационализациялау және тұлғаны қалыптастыру (Л. П. Буева).
  • Басқару – объектіғе мақсатты әсер ету, оның қызметін жақсартуды басқару немесе қабылданған критериилермен байланысын дамыту. (В. И. Каган., И. А. Сыченик).

Берілген анықтамалардың негізінің әртүрлілігіне қарамастан, басқару ерекше іс-әрекет түрін көрсетеді, яғни субъектімен іске асқан басқару, ол- берілген мақсатқа объектінің қозғалысын қамтамасыз ету. Басқару мәселесінің әртүрлі аспектісін жаңартуда жүйенің құрылымдық ерекшелігін ескерген жөн. Қандай да болмасын күрделі деңгейдегі жүйені ұйымдасқан толық жиынтықтың негізгі бейнесі ретінде жүйенің ішіндегі күрделі бөлігін көрсетуге болады. Әрбір жүйе бөлігі өзіне одан да жеңіл жүйені қалыптастыратын өзара байланысқан компоненттердің тізімін қосады. Бұндай иерархия нақтылы жағдайда басқару объектісін анықтауға көмектеседі. Басқарудың ерекше белгісі жүйенің барлық бөлігінде емес бір жағдайдан екінші жағдайға ауысу және себепті-тергеулі байланыс жоғары дәрежеде көрінетін күрделі қозғалмалы жүйеде ғана болады.

Басқару көзқарасымен қарағанда, педагогикалық жүйе келесі үлгімен құрылуы мүмкін: басқарудың объектісі және субъектісі, біріккен іс-әрекет пәні, педагогикалық коммуникацияның құралы және оқыту мақсаты. Олардың барлығы бір-бірімен байланысты, және оның өмірлік іс-әрекетіне әсер етпес үшін жүйеден ешбір элементті алып тастауға болмайды. Басқарудың субъектісі мен объектісі педагогикалық жүйенің негізгі элементі ретінде шартты белгіні қолдайды, басқару деңгейінде оның иерархиялық орны жоғары немесе төмен тұрғанына байланысты педагогикалық үрдістің әрбір қатысушысы субъектінің де объектінің де рөлінде бола алады. Сонымен бірге, оқу үрдісінде басқарудың субъектісі ретінде әрбір қатысушының позициясы адамды объектіден субъектіге айналдыратын педагогикалық жүйенің өзіндік мақсатымен беріледі, оның қалыптасуы өзін-өзі басқаруға қабілетті және өз бетімен жұмыс жасауға белсенді. Педагог пен оқушының белсенді позициясы олардың әрқайсысының өзінің іс-әрекетінде және жүріс-тұрысында, сонымен бірге басқалардың да іс-әрекетінде басқарудың субъектісі ретінде шыға алатындығынан тұрады.

Педагогикалық жүйенің қызметі мен дамуы стихиялы түрде болмайды. Оларда болатын өзгеріс басқарудың арқасында ретті мінездемені көрсетеді. Құрылымдық-қызмет компонентінің реті, олардың интеграциясы мен бірлескен әрекеті қоршаған ортамен басқарудың өзінің жеке органдары мен механизмдері арқылы қамтамасыз етіледі. Бұндай жағдайда педагогикалық жүйе өзін-өзі басқару жүйесі ретінде шығады.

«Субъект-объект» қатынасының жүйеге әсер етуінің арқасында, басқарудың ұйымдастыру мен қалыптастыру үрдісінде іс-әрекеттің әртүрлі түрімен субъектіні басқару пайда болады. Басқару типінің әлеуметік жағдайына қарамастан, субъект – субъектілі қатынас қандай болса да жүйенің қатысты болады. Сондықтан, болашақта оның процессуалды және мазмұнды белгісін дұрыс ашу үшін, басқару үрдісінің маңызын анықтауда бұл қатынастардың ерекшелігі саналған жоқ.

Барлық белгілі ізденістердің көбісі алдымен үрдістің негізгі заңдылықтары, мазмұны және маңызын анықтауға бағытталған. Бірақ та бұл мәселенің толық біркелкі шешімі әлі күнге дейін болған жоқ. Бұның себебі, басқару үрдісі жүйенің екі негізгі типінен тұрады: «субъект - объект» және «субъект - субъект» бір-бірінен бөлек қарастырылады.

Бірінші жағдайда басқарудың барлық жүйелерінде табылатын психологиялық факторларды қоспай, олар тек қана басқарудың жалпы теориясының негізгі жағдайымен басқарылады. Екінші жағдайда, міндетті түрде басқарудың жалпы теориясындағы принциптері мен жағдайы оның спецификасының есебіне қарамай, «суъект - субъект» жүйесіне ауысады.

Бұл байланыста этикалық және психологиялық мәселелермен байланысты басқару іс-әрекетінде шешілетін сұрақтар жұмысқа қызығушылықты арттырады. (Антонюк В. И., Русинов Ф. М., Фаткин Л. В., Белоусов Р. А., Вендров Е. Е., Ломов Б. Ф., Генов Ф., Грищенко К. К., Кузьмин Е. С.). Адамсыз, анық айтқанда оның іс-әрекетінсіз жүйенің қалыптасуын, ол қандай деңгейде болмасын айту мүмкін емес.

Берілген жүйе түрінде тек қана «субъект – объект» типтерінің байланысы ғана жазылмай, «субъект - объект» арақатынастары қалыптасады және дамиды. «Адам-адам» жүйесіндегі басқару ең алдымен осы қатынастарды реттеуге бағытталған және индивидтің жеке қасиеттерінің қалыптасуына әсерін тигізетін шартты жарықтандыру толығымен қарастырылған деп айтуға келмейді. Көрсетілген жүйеде әрқашан жетекші мен бағынушының бары түсіндіріледі.

Педагогикалық менеджменттің компонентерінің жүйе үлгілерінің категориясына келесі анықтамалар жатады: Педагогикалық менеджмент - оның тиімділігін жоғарылатуға бағытталған, оқу-тәрбиелік және оқу-танымдық процесіндегі басқарудың технологиялық түрі және ұйымдастырушылық түрі, әдісі, принцип комплексі.

Педагогикалық менеджмент – іс-әрекеттік жүйе - өзіне келесі құрылымдық - функциональдық компоненттерін және жүйе үлгілері факторларын кіргізеді:

  • іс-әрекет мақсаты (жоспарланған, күтілген нәтиже);
  • іс-әрекет субъектсі (директор, оның орынбасары, оқытушы, оқушылар, студенттер және т.б.);
  • іс-әрекет объектісі (ол екінші субъект) – жетекшініңң айтқанын орындаушы (оқушы, студент, оқытушы, директордың орынбасары және т.б.);
  • іс-әрекет мазмұны (оқу, басқару және басқа да ақпараттар);
  • іс-әрекет қабілеті – (жетекшінінің оқытушымен және оқушылармен, оқытушының оқушылармен арақатынасының стилі мен әдісі және т.б.).

Оқу-тәрбие үрдісін басқару (педагогикалық менеджменттің бір бөлігі ретінде) – жетекшінінің әсерін педагогикалық ұжымға және оқушыларды ғылыми негізде жоспарланған жолға, ұйымдастыру және олардың іс-әрекетін бақылауға бағыттау.

Білім үрдісі – бұл оқыту туралы мақсатқа бағытталған іс-әрекет, жеке тұлғаны өзін-өзі оқытуға ұйымдастырылған оқу-тәрбиелік және оқу-танымдық үрдісі жолымен тәрбиелеу мен дамыту, білім, шеберлік және дағдыны мемлекеттік білім стандартынан кем емес дәрежеде меңгеруін қамтамасыз ету.

Ақпарат – оқу-тәрбиелік және оқу-танымдық үрдістегі менеджердің еңбегінің жемісі және пәні.

Білім үрдісінің мониторингі – жүрісті үздіксіз тексеру, компьютер технологиясын пайдалану арқылы алған білім процесінің эффектілігі мен нәтижесі және ол туралы алған ақпараттың өнімі.

Педагогикалық менеджменттің қалыптасуының тарихи - педагогикалық алғы-шарттары.

Педагогикалық менеджменттің қазіргі заманғы концепцияларын қарастыруда тарихи - педагогикалық алғы шарттарды, олардың қайта пайда болуы мен дамуын толығымен көрсетуге болады. Бұл жоспарда Ю. А. Конаржевский жүргізген тарихи ізденістің мәні ерекше.

1920 жылы орта мектептің білім құралында «Бастық жоқ, мектеп меңгерушісі жоқ, сынып жетекшісі жоқ, тек қана мектептің барлық өміріне ұжыммен жауап беретін, бір-бірімен тең дәрежедегі мектеп жұмыскерлері ғана бар»,- деп көрсетілген. Әрине, бұндай жағдайда ішкі мектеп басқаруындағы теория жайында сөз қозғау қиын. 1921 жылы мектеп кеңестерінде өз басқару күшін көрсететін меңгеруші дәрежесі пайда болады.

Соңғы рет ішкі мектеп басқармасы өзінің толық күшін 30 - жылдардың бірінші жартысында талап етті. Осы уақытта елімізде әрі қарай халықтық білімнің даму жүйесі мектеп басқармасында жалғыз басшының рөлінсіз болмайтыны анық айқын болды.

1934 жылдың 15 мамыр айында ССР және ЦК ВКП(б) СНК Одағының «СССР бастауыш және орта мектебінің құрылысы туралы» құрылымы жарыққа шығады, оның бір бөлігінде толық емес орта мектептер мен орта мектептердің меңгерушілері міндетті түрде директор атымен аталсын деп айтылған. Бұл құрылым мектептің директор фигурасын мемлекет алдында мектеп іс-әрекетіне толығымен жауап беретін администратор, мамандандырылған педагог ретінде анық көрсетті.

Мектеп жетекшісін тағайындау оның міндеттерінің нақты анықтамасын талап етті. Алдағы баспаларда мектеп басқармасының тәжірибесі туралы мақалалар шыға бастады.

1939 жылы 4 қыркүйекте РСФСР наркомының №123 жарлығында мектеп басшыларының міндетіне бірінші рет мұғалімнің жұмысын жүйелі зерттеу жарлығы шығады, кейін директорлардың олақтығына терең педагогикалық талдау жүргізу көп уақытқа дейін ішкі мектеп басқаруынының өзегі болып тұрған, мектеп ішіндегі бақылаудың бәрін қамтитын, өнімсіздік жүйесіне айналдырады. Соғыс жылдарынан кейін оқу жылының жоспар әдістемесіне және 60 жылдардың басына дейін мектеп директорларының жылдық есебінің технологиясына көп назар бөлінеді.

40 жылдардың аяғына қарай мектеп ішінде басқаруды қалыптастыратын, басқарудың тәжірибесі мен әдебиетінде «жетекшілік пен бақылау» термині пайда болады. Әрине, бұл уақытта ешқандай мектеп ішіндегі басқару теориясы туралы айтуға болмайды. Оның басты екі функциясы оқытылады және өңделеді: мектеп ішіндегі бақылау және жоспарлау, онда ізденістің үлкен бөлігі эмпирикалық мінездеме мен қосымшаны ұстанады және барлық мектеп ішіндегі басқару циклінде өткізіледі.

60 - жылдардың басында педагогикалық әдебиеттерде «мектепті басқару», «мектеп ішіндегі басқару» терминдері пайда бола бастайды, бұнда көбінесе оқымыстылар - мектепбасшылары және халықтық білім органдары, олардың жоғары эшелондары арасында қайшылықтар көп кездесті. Барлық мектеп басқару циклы туралы арнайы ізденіс, мектеп ішіндегі басқару қызметіне педагогикалық талдау сияқты, бірінші рет «оқу жылы» сияқты басқару циклы туралы ізденістер пайда болды. 80 - жылдардың аяғында «мектеп ішіндегі басқару» термині аты шулы барлық кезең бойы педагогикалық ғылымда мазмұны толығымен ашылмаған «жетекшілік және бақылау» терминін біржолата ығыстырады.

70-80 - жылдары ғалымдардың мектеп ішіндегі басқару проблемасын зерттеу жүйесін кең түрде қолдану әрекеті сипатталады.

Мектеп басқару үрдісін адамзат факторының белсенділігі арқылы қарастырған әр түрлі әрекетіне қарамай, «адамнан» (В. А. Сухомлинский., М. Г. Захаров), біздің елімізде мектеп басқару теориясында толығымен өте әлсіз әлеуметтік аспект болды және әлі күнге дейін демократияландыру және гуманизацияландыру басқаруы үрдісіне аз зейін аударды. Сондықтан менеджменттің теоретикалық жағдайымен танысу келесі мектеп ішіндегі басқару демократиялық және гуманитарлық теориясы дамуына белгілі соққы береді