Дайындық бағыты бойынша кәсіби пәндерді оқытудың қазіргі заманғы технологиялары. Электрондық оқытудың мәні мен маңызы.


Электрондық оқыту - кешенді емес біртұтас, дидактикалық, әдістемелік, интерактивті бағдарламалық жүйе және ол оқу материалынан кездесетін қиындықтарды артта қалдырады әрі мультимедианың соңғы мүмкіндіктерін қолданып, ғылыми зерттеу әдістерін толықтырады. Бұл жерде оқытудың түсінікті, кең көлемде қарастырылған материалы қолданылады. Дидактикалық зандастырылған жалпы білім әдістемелік аспектілер, арнайылап оқыту, негізгі пән немесе пәндер тобы және электрондық оқытудың бағдарламалық нақтылығымен өзара тығыз байланысты болады. Электрондық оқыту - бағдарламалық-әдістемелік кешен, өзіндік немесе мұғалімнің көмегімен білім курсындағы бөлімнің мүмкіңдігін электрондық түрде қамтиды.

Электрондық оқыту, негізінен, үш бөліктен құрастырылады: негізгі ақпараттық курс бөлімінен тұратын презентациялық бөлім, алған білімдері бойынша бекітілетін жаттығулар, оқушының білімін көлемді түрде бағалау үшін тестер. Компьютерлік оқыту негізгі оқулықты, анықтаманы, есептеуішті, зертханалық жұмыстарды бір-бірімен байланыстырады.

Электрондық оқыту - таныстыратын теориялық материал, білімнің көрсеткішіне қарай біліммен жаттықтыруды қамтамасыз ететін, оқу үрдісін үзіліссіз дидактикалық материалдармен қамтамасыздаңдыратын, сонымен қатар ақпараттық іздеу, математикалық және компьютерлік визуалдаумен имитациялық моделдеу интерактивті кері байланыстармен шарт бойынша функцияларды үйренуге арналған бағдарламалық кешендік жүйе. Электрондық оқыту барлық негізгі функцияларды, теориялық материалдарды көрсету, бірінші білімді алып қабылдауды көрсету, өзіндік білім алудың жаттығулары мен бақылау көрсеткіштерін қамтамасыз етеді. Дидактикалық цикл үрдісін бірыңғай компьютердің көмегімен оку үрдісін ұйымдастырып, оқушылардың білім алуда уақыттарын үнемдеп, автоматты түрде дидактикалық циклді бір ғана жұмыспен - электрондық оқулықпен орындау керек. Оқыту үрдісін жаңаша түрде орындау үшін компьютермен диалогтық қатынасты дұрыс орынға қою керек. Мультимедианың әдістемелік күші оқушыны дыбыспен, көрермендік бейнемен тез қызықтырып, ақпараттық және көңіл күйіне де көмек береді.

Қазіргі кездегі қоғамның ақпараттану жағдайында ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы адам өмірінің әртүрлі саласына біртіндеп өзгерістер енгізуде. Ақпараттандыру ісі Қазақстанның білім беру жүйесінің даму жолына да ықпалын тигізуде. Ақпараттық технологияның қарқынды дамуына сәйкес электрондық оқыту деп аталатын оқытудың жаңа технологиясы қалыптасып нығая түсуде. Сондықтан педагогика ғылымының алдында электрондық оқытудың жүйе құраушы факторлары мен негізгі педагогикалық ұстанымдарын анықтау және айқындауға байланысты бірқатар міңдеттер қойылды. Сонымен қатар электрондық оқыту құрылымы мен мазмұнына, оқыту әдістеріне, оқытудың формасына және құрамына қойылатын кешен талаптарды анықтау қажеттігінен электрондық оқытудың әдістемелік жүйесін қалыптастыру мақсаты туындап отыр.

Әдістемелік жүйенің бөліктерін электрондық оқытуға сәйкес толығырақ қарастырсақ, оны мына сызбадан көруге болады.

Сурет-3. Әдістемелік жүйенің электронды оқытуға сәйкестілігі

 

Оқыту мақсаттары мен міндеттеріне білім беру, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру, тәжірибе алмасу, алынған білім, біліктілік пен дағдыны тексеруді жалпылай жатқызамыз. Электроңдық оқыту жағдайында осы мақсат-міндеттерге жету келесі электрондық оқыту түрлері мен жабдықтарының көмегімен іске асырылады.

Оқыту мазмұнының құрамына әрдайым теория, білімді тәжірибелік бекіту және білімді тексеру кіреді.

Электрондық оқытудың әдістемелік оқыту моделіңде оқыту құралдарының орын алуы өзгерді. Олар оқыту құрылымы мен мазмұнының әдістерін және оқытудың формаларын анықтайды. Енді бүгінгі күнде электрондық оқыту шеңберіңде жиі қолданылатын оқыту әдістері мен формаларына тоқтала кетейік. Электрондық оқытудың әдістеріне топтық әдіс және жеке дара оқыту әдісі жатады. Бұларды кеңінен тараған оқыту формаларына жатқызуға болады.

Электрондық оқыту құралдарына оқытуды ұйымдастыру және жүргізу үшін арналған бағдарламалық өнімдерді жатқызамыз. Электрондық оқыту жағдайында әртүрлі оқыту формалары мен әдістеріне мазмұнын қалыптастыру мүмкіндіктерін анықтау үшін оқыту құралдарын салыстыру және оларды бағалаудың негізгі бағыттарын ескеру қажет. Яғни, жасау және қолдану технологиясы, ұсынылатын аспаптар жиынтығы, ұсынылатын қызметтің іске асырылу деңгейі.

Оқушыларға білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман ағымына сай талап етілуде. Оқу үрдісіңде компьютерді тиімді пайлалану және қолдану кейінгі жылдары айтарлықтай оң тәжірибе беріп отыр. Атап айтсақ, мектеп оқушыларының өз бетімен ізденісі пәнге деген қызығуын арттырып, шығармашылығын дамытуға, оқу қызметінің мәдениетін қалыптастыруға, дербес жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше қолайлы жағдай туғызып отыр.

Сонымен қатар электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша тапсырмалар орындап, тестілер шешіп, карта және сызбалармен жұмыс жасауға дағдыланады.

Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видео көріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуте болады. Бұл, әрине, мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады.