30-жылдардың басында педагогикалық оқу орнының екі типі қалыптасты: педагогикалық техникумдар, онда бастауыш мектеп үшін мұғалімдік кадрлар даярлау жүзеге асырылды және педагогикалық институттар.1930 жылдардан бастап педагогикалық институттар жоғары оқу орнының негізгі типі саналды. Онда орта және жоғары сыныптар үшін, орта арнаулы оқу орындары үшін мұғалімдер даярланады. 1937 жылы педагогикалық техникумдар педагогикалық училищелер болып ауыстырылды.
Қалыптасқан тәжірибе бойынша көп жылдар бойы кәсіби даярлықтың негізі болашақ мұғалімдерді өзінің мамандығы пәні бойынша біліммен қаруландыру.Бұл көзқарас мынадай қысқа формулада бейнеленген: « Пәнді біл, оқытуға үйренесің». Мұғалімдер даярлау мазмұнында арнайы пәндер бойынша біліммен қаруландыруға басты назар аударылды.Психологиялық – педагогикалық циклдегі пәндер аз көлемде және терең меңгертуге көңіл бөлінбей оқылды.
Кейіннен зерттеушілер мұғалімдерді кәсіби даярлауда білім, білік, дағды қатынасын анықтаған. Психологиялық-педагогикалық даярлықта басты орынды педагогика алынады.Физиология мен психологияны оқып-үйренуге сүйене отырып, ол осы пәндер бойынша білімдерді біріктіреді және тереңдетеді. Педагогика арқылы Физиология мен психология бойынша білім әдістеме мен педагогикалық практикаға ауысады.Мұғалімдер даярлаудағы педагогикалық білімнің бұл ерекшелігін Н.Ф.Талызина атап көрсеткен. «Дело в том,-пищет она,-что достижения педагогической психологии не могут использоваться в практике обучения напрямую. Прежде их необходима превратить в дидактические принципы, отразить в методах обучения, затем следует учесть специфику изучаемого предмета, т.е. спуститься на уровень частных методик, которые также опосредуют связь педагогической психологии с практикой обучения»
Мұғалімнің педагогикалық білімінің әрекеттілігі көп жағдайда олардың қаншалықты арнайы пәндерді оқытудың әдістемесімен толық және терең байланыстылығына тәуелді.
Әлбетте әдістеме ғылым және оқу пәні ретінде тек оқыту пәнімен және жартылай дидактикамен байланысты.Әдістеме курсын құруға мұндай көзқарас оның теориялық «кедейленуіне» және жеке тұлғаның жан-жақты дамуының тиімді жолын іздестіруді қиындатады.
Кез келген мамандықтың мұғалімін тәрбие мақсатын жүзеге асыруға терең кәсіби даярлау тек мына жағдайда мүмкін болады:Әдістеменің педагогикамен тұтастай тығыз байланыс болғанда,оқу пәнінің ерекщелігін ескере отырып, педагогиканың тек жеке сұрақтарын қолданып қоймай, сонымен қатар оның фундаменталдық идеялары мен принциптерін қолдану. Болашақ мұғалімдерді қалыптастыру да психологиялық - педагогикалық циклдегі пәндердің байланысы мен бірлігін атап өте отырып, біз педагогиканың оқу пәні ретіндегі ерекшелігіне көңіл аудармауға хақымыз жоқ.
Я. А. Коменскийден бастап педагогтар «ең бастысы ережелерді оқып-үйрену емес, осы ережелерден туындайтын ғылыми негіздерді оқып-үйрену»,-деп атап көрсетеді.
Педагогикалық білімдердің ерекшелігін кезінде К. Д. Ушинский атап көрсетеді: «Тәрбиеші ешқашанда нұсқауды соқыр орындаушы бола алмайды: өзінің сенімдерін жүрегінен өткізбей, оның ешқашандай күші жоқ» . Педагогиканың бұл ерекшелігі оның оқу курсы ретіндегі мазмұнын, сондай-ақ оны оқып-үйренуді ұйымдастыруды анықтайды.
Педагогикалық білім үнемі оқытушылық шеберліктің бақылағандарымен, оның талдауымен, оны болашақ мұғалімдерді оқу-тәрбие процесіне қатыстыруымен бекітіліп отыруы керек. Тек осындай оқып-үйрену педагогикадан терең білімді қамтамасыз етеді, білімнің сенімге айналуына септігін тигізеді.
Педагогиканы оқыту әдістемесі бірден біртұтас жүйе болып қалыптасқан жоқ. Әдістеме жүйесінің қалыптасу процесі педагогиканың оқу пәні ретінде қалыптасас бастауымен байланысты. Педагогиканы оқытудың алғашқы қадамынан бастап тәжірибе жинақталады, ол жалпыланады және жүйеленеді. Осының негізінде кейбір принциптер мен ережелер тұжырымдалады, оқытудың кейбір мәселелері бойынша әдістемелік ұсыныстар құрылады. Тәжірибені жалпылаумен тығыз байланыста үнемі зерттеулер жүргізіледі. Зерттеудің деңгейі мен сипаты, әдіснамалық негіздемесі мен әдістемелік құралы педагогиканың жалпы даму деңгейімен анықталынады.
Соңғы 30 жылда белгілі жүйеде педагогиканы оқытудың зерттеулері жүргізілді, тәжірибе қарқынды қалыптасты.
Педагогикалық пәндерді оқыту әдістемесі – бұл теория мен тәжірибенің синтезі. Ол педагогиканы оқыту процесін оқытудың мазмұны, формалары мен әдістері, оқытушы мен оқушылардың іс-әрекетінің бірлігі ретінде зерттейді. Педагогикалық пәндерді оқыту әдістемесі өзінің күшін болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлаудың жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін оқытудың принциптері мен ережелерін, формалары мен әдістерін негіздеуге шоғырландырады. Педагогиканы оқыту әдістемесінен материалды таңдау мен жүйелеуде бағыт беретін ғылыми әдіснама. Әдіснама теориялық білімнің жүйесі ретінде анықталады.Ғылыми білімдердің барлық саласының жалпы әдіснамасы философия, оның ішінде таным теориясы. Ол танымның жалпы жолдарын көрсетеді.
Педагогикалық білімдердің әдіснамасы түпкі қағидалар туралы, педагогикалық теорияның құрылымы мен негіздемесі туралы, білім алу тәсілдері мен принциптері туралы білімдерін жүйесін анықтайды.
Педагогикалық әдіснамаға мыналар енеді:
Педагогиканы оқытудың әдістемесі педагогикалық білім саласы болып табылады және педагогиканың жалпы, жеке әдіснамасын пайдаланады. Ол педагогиканың ғылым және оның әдіснамасы ретінде қарқынды даму кезеңінде қалыптасады.Бұл оған өз пәнін – педагогиканы оқыту процесін зерттеуде тік және сенімді жолдармен жүргізуді қамтамасыз етеді. Педагогика әдістеме үшін тек зерттеу обьектісі ғана емес, сонымен қатарғылыми әдіснаманың обьектісі болып табылады.Сол себепті педагогиканы оқыту әдістемесі педагогикада қолданылатын зерттеу әдістерін қолданады және қолдана бермек.
Педагогиканы оқыту әдістемесінің міндеттері:
Педагогика ғылыми білімнің маңызды саласы бола отырып,өзінің дамуы мен қалыптасуының кезеңдерін анықтауға тырмысады. Өткен дәуір мен қазіргі уақытта педагогика дамуының негізгі кезеңдерін көрсетуге талпыныстар жасалуда.
К. Д. Ушинский ғылыми педагогиканың қалыптасуының маңызды басқышын халық педагогикасы деп санайды.Ол үлкен ыждаһаттылықпен өз кезіндегі тәрбие жүйесін халық өмірінің ерекшеліктерімен байланысын көрсетіп, педагогиканы халықтық дәстүрден алшақтамауға, оны терең оқып-үйреніп, дамытуға шақырды. Біртіндеп педагогика дамуында 2 кезең көрсетілді: ғылыми дамуға дейінгі кезең және педагогиканың ғылым ретінде қалыптасу кезеңі.
Тек соңғы жылдары бұлай бөліп көрсетуді нақтылау мен тереңдетуге талпыныстар жасалды. Белгілі неміс педагогы Франц Хофман (ГДР) педагогика дамуының 3 кезеңін атап көрсетеді. Автор алғашқы кезеңді ақылды тәрбие кезеңі деп атаған. Бұл кезең адамзаттың примитивті пед.ойлаудан, тәжірибеден тексерілген ойлауға қадам жасау кезеңі. Еңбекте бұл кезеңнің көптеген туындылары: ежелгі египет папирустары, «Соломоновтардың ....кітабы» т.б. келтіріледі.
Екінші кезең Қайта өрлеу жазушыларының стилімен – «Пайдагогия» деп аталған. Бұл кезеңнің қалыптасуында Ежелгі Грецияның педагогикалық ойлары маңызды роль атқарды. Бұл кезеңде педагогикалық білімдер саяси, философиялық және психологиялық бөлімдер бөлігі болып табылады.
3-кезең – педагогиканың дербес ғылыми теория болып қалыптасады. Теориялық педагогиканың қалыптасуы, бәрімізге белгілі, атақты чех педагогы Я. А. Коменский - дің есімімен байланысты. Өзінің «Ұлы дидактика» еңбегін ,- деп жазды Ф. Хофман – Коменский әмбебеап оқуға басшылық құралы ретінде қарастырды. Я. А. Коменскийдің еңбектерінде педагогикалық ойлардың дамуындағы тек жетістіктер ғана орын алып қойған жоқ, сондай-ақ жалпы ғылыми білімнің даму деңгейіне орын берілген. Мысалы, көптеген жарастылыстану ғылымдары жалпыға мәлім принциптер қатарын тұжырымдаған. Коменский осы категорияны педагогикаға ендірген. Автор «Ұлы дидактикада» универсал теорияны – барлық адамды бәріне үйретуге, өз идеалына жетуге болатындығын ыждаһаттылықпен дәлелдейді, оған өзі қатты сенеді.
«Ғылым» ұғымы оның барлық жақтарын және сәттерін қамтиды:
Ғылым шыңына жету оның негіздерін оқып – үйренуден басталады. Ғылым мен оқу пәні бір-бірімен тығыз байланысты. Бұл байланыстар өте күрделі. Сонымен, ғылым өзінің пәні жайлы барлық білімді қамтиды. Оның міндеті – оны толық та терең тану, ал басты қызметі – зерттеу. Ал оқу пәні ғылымның бәрін қамтымайды, тек оның негіздерін, ал олар оқитындардың даярлығы, жас ерекшелігі және оқыту міндеттеріне сәйкес арнайы таңдап алынған. Оның негізгі қызметі – оқу.
Пән ғылым құрылысының толықтай көшірмесі емес. Ол өзінің білімдік негізгі қызметін жүзеге асыра отырып, белгілі жүйеде құрылады. Оқу пәні ғылымдағы барлық өнімді біріктіре отырып, ғылыми қағидаларды тексеру үшін қызмет етеді.
Орта және жоғары мектептегі оқу пәндерінің құрылымында белгілі өзгешеліктер бар. Соңғысы ғылым құрылысына жақын, яғни ғылыми зерттеу әдіснамасы мен әдістері, жаңалықтардың тарихы, ғылымдағы сапалы өзгерістер т.б. зерттеледі.
Педагогиканың оқу пәні ретінде дамуы.
Педагогика курсы оқу пәні ретінде кеңестік елдерде 20 жылдары жоғары оқу орны жүйесінде өз орнын тапты. 1922-1925жж. П. П. Блонский, А. П. Пинкевич, А. Г. Калашников, М. С. Григоревский, В. Я. Струминский т.б. кітаптары жарық көрді.
Олардың еңбектерінің атаулары:
Кітаптардың барлығы оқу мақсаттарын көздемеді, дегенмен бұл өткеннің педагогикалық идеяларын мазмұндаудың алғашқы тәжірибесі болды. Сондай-ақ, бұл өткеннің тәжірибесін жаңаша санадан өткізіп, педагогикадағы жаңа жолдарды анықтауға мүмкіндік берді.
1927-1930 жж. педагогикалық пікірталастар педагогиканың әрі қарай дамуына үлкен үлес қосты. Әдіснамалық проблемаларды талқылауға қатты серпіліс болды. Осның негізінде мұғалімдерді даярлаудың қысқа курстары үшін бірнеше оқулықтар жарық көрді.
Бұл оқулықтардың, содан кейін педагогика бойынша бағдарламалардың авторлары жоғары мектеп оқытушылары және ғылыми мекемелердің қызметкерлері болды.
Педагогика бойынша алғашқы бағдарлама 1933 ж., ал сонан соң М. М. Пистрак пен П. Н. Шимбиревтің оқулықтары болды.
Бағдарлама мен оқулықтың негізгі бөлімдері:
Бағдарламаға қойылатын талаптар тұжырымдалды:
Оқулыққа қойылатын талаптар:
- игерілетін материалды ыждаһаттылықпен таңдау;
- педагогикалық факульттерде педагогиканың түпкі қағидаларын мазмұндау;
- бағдарламаға сәйкес келуі;
1939-40 ж.ж. педагогиканың үш жаңа оқулығы жарық көрді: 2-і жоғары оқу орындары үшін, 1-і педагогикалық училищелер үшін. Оқулықтар соңғы жылдары жарық көрген педагогика курсының құрылымына жақынырақ болды.Педагогикалық училищелер үшін оқулықты П.Н.Шимбирев жазды. Онда 15 тарау: коммунистік тәрбие негіздері – 5 тарау, дидактика – 4 тарау, сынфыптан тыс және мектептен тын жұмыс, пионер мен комсомол ұйымы, жанұя мен мектептің іс-әрекеті, мектепті басқару – 6 тарау арналды.
Соғыстан кейінгі жылдары 3 оқулық: 2-і – жоғары оқу орнына арналған, 1-і педагогикалық училищелер үшін.
Оларда тарау болды: педагогиканың жалпы негіздері, дидактика, тәрбие теориясы және мектептану. Бұл құрылым осы күнге дейін бар. Педагогика курсы дамуының әр жаңа басқышы оқу пәні мазмұны бойынша, педагогиканың ғылым ретінде түпкі проблемалары бойынша кең пікірталастарды туғызды. Бұл әлсіз жақтарды, анағұрлым көкейкесті проблемаларды айқындау, зерттеушілік ізденісті ынталандыруға септігін тигізді.Зерттеулерді интенсификациялау педагогиканы оқу пәні ретінде (толықтыруға) байытуға әкеліп соқты.
Оқытушыларды шет елдерде даярлау мәселелері мен бағыттары.
Бүкіләлемдік қауымдастық алдында тұрған ауқымды мақсат – жалпыадамзаттық құндылықтардан шығатын тәрбие проблемалары мен басымдылықтар иерархиясын анықтау. Басымдылықтарға мыналар жатады:
- басқа ұлт өкілдеріне, дінге, әлеуметтік құрылымға және мәдениет дәстүрлеріне толеранттық қатынасты тәрбиелеу;
- басқа адамдарға көмек көрсетуге және аяушылықпен қарау сезімін тәрбиелеу;
- тұлғалық, жоғары адамгершілік сапаларды тәрбиелеу,
Мәселелерге мыналар енеді:
- білім алудың мүмкіншілігі;
- оқу орындары автономиясы;
- білім берудің барлық басқыштарының сабақтастығы;
- шығармашыл, еркін ойлаушы және әрекет етуші тұлғаны дамыту.
Бұл проблемаларды жүзеге асыруда екі жол анықталды:
Тәрбиенің теориялы негіздемесінде 2 негізгі бағыт бар: социологизаторлық тұрғыдан және биопсихологизм тұрғысынан. Екеуінің арасындағы басты айырмашылық – тәрбиенің әлеуметтік және биологиялық заңдылықтарға қатынасына байланысты.
Бірінші бағытта тұлғаның тәрбиесіндегі социумның жетекші ролі қарсы қозғалыстың стратегиясы, оқушылардың социализациясы ретінде қарастырылады, олар қоғамдық құрылымға жеңіл араласады. Бұл жағдайда мектеп - тәрбиенің әлеуметтік факторы, әлеуметтік ортаның өзіндік моделі. Қоғамдық құндылықтардың басты жүзеге асырушысы – мұғалім.
Екінші бағытта, өз кезегінде үш ағым бар:
Қазіргі шетел педагогикасының идеялық базасы үнемі жаңартылады және түзетіледі. Қазір дидактика мен тәрбие теориясында не бар?
Шетел педагогикасындағы дидактикалық тұжырымдамаларға мыналарды жатқызуға болады:
Қазіргі педагогикалық жүйеде «білім беру» ұғымы жаңа мазмұнмен толығуда. Оны көбінесе, адамда тұтас «әлем картинасын» (Л .Г. Асмолов), «Әлем бейнесін» (А. Н. Леонтьев) қалыптастыру процесі деп түсінеді. Педагогикалық білім берудің қазіргі парадигмасы жоғары мектептің болашақ мамандарын оқу және оқудан тыс іс-әрекетте білімді өздігінен білімді алуға даярлығын қалыптастыруға, өзінің кәсіби даярлығында белсенді субьект болуға бағыттайды. Бұл Қазақстан республикасының «білім туралы» Заңында, «Білім беру саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасында», «ҚР педагогикалық білім беру тұжырымдамасында» өзінің бейнесін тапқан. Осыған орай болашақ мұғалімдерді даярлау мазмұнының мақсатты бағыттылығын өзгерту қажеттілігі туындайды.
ҚР жоғары кәсіби білім берудің Мемлекеттік стандартын әзірлеу педагогикалық пәндердің типтік бағдарламасын құрудың негізін қалады, оның ішінде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби даярлауға жетекші рол берілген.
Кез келген пәнді оқыту мазмұны тәрбие мақсатымен анықталады, оның нақты бейнесі болып табылады. Қоғам білім берудің алдына жаңа міндеттер қояды, ал оқу пәндері бұл өзгерістерге өзінше әрекет етеді.
Педагогика қоғамдық ғылым ретінде қоғамнығ талаптарын тікелей және жанама бейнелейді. Жанама жол ерекше: талап арқылы мектепке, мұғалімге – оның даярлығына.
Педагогика курсы мазмұнын қалыптастырудың кейбір жолдарын көрсетелік:
Осы уақытқа дейін педагогикалық білім беру мазмұнын және педагогика курсын құрастыруда эмпирикалық жол басым болды. Оқу жоспарлары мен бағдарламаларын жасауға тәжірибелі мамандар шақырылып, педагогиканы жаңа материалдармен толықтырды. Сонымен, «дәстүрлік + жаңа» подход жетекші болды. Ғылым мен практиканың дамуы бұл көзқарастың өміршең еместігін дәлелдеді, яғни материалды механикалық тұрғыда байланыстыру және пәннің логикасы бұзылды.
Осыған орай, болашақ маманның еңбек сипаты мен мазмұнын оқып-үйрену негізінде білім беру мазмұнын құруға жаңа бетбұрыстар пайда болды. Даярлық пен біліктілікті көтеруге талаптар өңделіп, әзірленді. Алғаш рет А. И. Герце атындағы ЛМПИ –да бастауыш сынып мұғалімі профессиограммасы әзірленді. Профессиограммада бастауыш сынып мұғалімінің педагогикалық іс-әрекетінің мақсаты мен міндеттері, оның құрылымы ммен мазмұны анықталынды, мұғалімнің тұлғалық сапаларына қысқаша біліктілік сипаттама, білім, білік, дағдыларына қойылатын талаптар берілген, оқу жоспарын құру принциптері тұжырымдалған.
Сонымен, педагогика курсын оқып-үйрену мазмұны мен ұйымдастыру мұғалімнің біліктілік сипаттамасында, оның тұлғалық сапаларында, кәсіби – педагогикалық біліктер мен дағдылары негізінде құрылуы керек.
Педагогика курсы мазмұны оқу бағдарламалары, оқулықтар мен оқу құралдары арқылы анықталады. 1972 жылдан бері педагогика курсы 4 бөлімнен тұрады: Педагогиканың жалпы негіздері, Дидактика, Тәрбие теориясы, Мектептану.
ХХ ғасырдың екінші жартысында барлық педагогикалық пәндердің: психология, педагогика, педагогика тарихы, тәрбие жұмысының әдістемесі және дербес пәндер әдістемесі - мазмұнын қайта қарау қажеттілігі туындады.Сондай-ақ, студенттердің педагогикалық практикасының мазмұнын өзгерту қажеттілігі де туындады. Осыған орай, жаңа бағдарламалар, оқулықтар мен оқу құралдары әзірленді. Мынадай толықтырулар жасалынды:
Педагогика үнемі оқыту процесін зерттейді. Оны оқыту процесінің дидактикалық және жалпы педагогикалық сипаты мен қатар әлеуметтік қыры қызықтырады. Оқыту процесінің төмендегідей негізгі сипаттамасы бекітіліп оқу әдебиетіне енгізілді:
Бұл сипаттамалардың барлығы педагогиканы оқыту процесіне қатысты. Кәсіптік пәндерді оқыту әдістемесі- педагогиканың пән ретіндегі сипатын және оны оқып-үйрену міндетін ескеріп-оқыту процесінің ерекшеліктерін жүйелеуге және оқып-үйренуге көңіл аударады.
Кәсіптік пәндерді оқыту әдістемесін оқыту ерекшеліктері қандай?
«Педагогикалық әдебиеттердің пайдасы туралы» атты К. Д. Ушинскийдің жұмысын талдау және оған қойылған сұрақтар тұрғысынан: әдебиеттерді оқудың пайдасы неде және оны оқымаудың зияны неде. Педагогикалық білімді меңгерудің қажеттілігі туралы тұжырым. Білімді меңгеру танымдық қажеттілік және тұрақты танымдық қызығушылық негізінде жүзеге асырылады.
Білімнің басты сипаты: толықтығы, жүйелігі және сезімталдығы, әсершілдігі. Білімнің әсершілдігі педагогика бойынша, оның негізінде кәсіби сендіруді қалыптастыру жағдайында қамтамасыз етіледі.
Танымдық қажеттілікті және қызығушылықты қалыптастыру студенттердің оқуда дербестігі мен белсенділігімен тығыз байланысты. Педагогиканы оқыту танымдық әрекетті белсендіру үшін қолайлы мүмкіндіктер туғызады. Оны оқып-үйрену процесінде болашақ мұғалімдер оқу табиғаты, құралдары және оны белсендіру тәсілдері туралы жан-жақты және кең білім алады. Сондықтан студенттерге педагогиканы оқытуда өз бетімен ізденуге, өз бетімен бақылау және жоспарлауға ең басынан үйрету қажет.
Оқу іскерліктері комплексі мен мотивтерін қалыптастыру өздігінен білім алуға даярлықты қалыптастырудың даярлық басқышы болып табылады.
Өз бетімен педагогикалық білім алу студенттердің жалпы өздігінен білім алуының бір бөлігі ретінде қарастырылады. Ол жалпы педагогикалық процесті жетілдіруге бағытталған, педагогикалық тәжірибе мен педагогикалық теорияны меңгеру бойынша жеке тұлғаның жүйелі танымдық әрекеті болып табылады.
Өз бетімен педагогикалық білім алу кәсіби әрекеттің әр түрлі жақтарымен неғұрлым тығыз байланысты және педагогикалық шеберлікті қалыптастыру, біліктілікті арттыру, оқытудың маңызды факторы. Зерттеуде өз бетімен педагогикалық білім алуға даярлықты қалыптастыру бойынша жұмыстың тиімділігін арттырудың кейбір шарттары анықталған:
Білімнің әсершілдігі, егер ол іскерліктермен шеберліктермен бекітілсе арта түседі. Педагогикалық әрекеттердің іскерлігі мен шеберлігін меңгеру сонымен бірге адамның өзін маман ретінде жетілуіне сипат болады. Іскерлік пен шеберліктің қалыптасуы жаттығуларды орындау процесінде жүзеге асады. Жаттығулер теориялық білім және практикелық іскерліктерді меңгеруге бағытталуы мүмкін. Мұндай жаттығуларға:
- Мектептегі оқу-тәрбие жұмысын бақылау;
- Оқу-тәрбие жұмысының нәтижелерін болжау және талдау іскерлігі;
- Тұтас педагогикалық процесте нақты жағдайларды зерттеу;
- Ұжымның қалыптасу деңгейін талдау және оның білімді меңгеру бойынша ұйымшылдықтың дамуындағы ролі;
- Тұтас педагогикалық процестегі мұғалім мен оқушының өзара әрекеті;
- Зерттеу жүргізу кезіндегі диагностикалық әдістемені қолдану және т.б. жатады.
Зерттеушілер болашақ мұғалімдерді даярлау процесінде әр түрлі іскерліктерді қалыптастыру жағдайын талдады. Олар екі топқа бөлінеді:
Субъективтіге жататын:
Объективтіге:
Педагогикалық іскерлік зерттеулерде интеллектуалдық іскерліктердің түрі ретінде толық негізде квалификацияланады. Осыны ескеріп оны қалыптастырудың келесі кезеңдері көрсетіледі:
Болашақ ұстаздарды кәсіби білім, іскерлік және шеберліктерімен қаруландыру шарттары:
Оқыту және кәсіби тәрбиелеу өзара байланысты және жоғары оқу орнының тұтас педагогикалық процесінде жүзеге асырылады. Бұл өзара байланысты жүзеге асырудың формалары алуан түрлі: студенттерді қарсы алу кеші мен соңғы қоңырау және диплом тапсыруға дейін.
Педагогиканы оқыту принциптері.
Принцип /лат. /- негізі, бастапқы/ деп педагогикада оқыту мен тәрбиелеу процесінің басқарушы, жіберуші ережелерін атайды. Жоғары мектеп педагогикасындағы оқыту принциптер - оқу процесінің қызметінің тиімділігін қамтамасыз ететін негізгі ережелер, маңызды талаптар жүйесі.
Жоғары мектеп педагогикасы келесі ережелерді қамтиды:
- принциптер тарихи нақты;
- қоғамдық қажеттіліктерді бейнелейді.
Бұдан принциптер өзгереді. Платон мен Аристотель адам әрекеті мен дүниені тану оқытудың негізі деп есептеді.
Аристотель оқыту мен тәрбиелеу негізінде сезімдік қабылдау мен шындық тұрмысты пайымдады. Оқыту мен тәрбиелеу жүйесінде үш игіліктің құрамында қарастырды: сыртқы, дене, рухани, ал білімді екі түрге бөлді:
Я. А. Коменский 1632 жылы «Ұлы дидактика» еңбегінде былай деді: «Барлық таным сезімнен бастау алады» және «Бедел негізінде ғана оқытуға болмайды, сезім мен сананы пайдаланған дәлелдер керек». Ол алты принципті ұсынды.
Принцип теориясын шетел педагогикасында Д. Локк, Ж. Ж. Руссо, И. Г. Песталоцци, И. Ф. Гербарт, А. Дистервег қарастырды.
Орыс және кеңес педагогтар: В. Г. Белинский, Н. А. Добралюбов, К: Д. Ушинский, Л. Н.Толстой, М. А. Гончаров, М. А. Шимбирев, П. П. Блонский, В. П. Есипов, Ф. Ф. Королев, А. И. Щербаков, Н. Д. Никандиров, Н. Ф. Галызина, Т. А. Ильнина, С. И. Архангельский және т.б.
С. И. Архангельск бойынша жоғарғы мектеп дидактикасының принциптері:
а/ дәлелділігі;
б/ ғылыми қорды жүйелі қайта бағалау және болжаумен байланысты қалыптастыру;
в/ ғылымилық өлшемдерін құрастыру /деңгейі, мөлшері, формалары/
г/ оқыту деңгейі мен ғылыми мазмұны көлеміне және деңгейін, байланысын орнату;
д/ оқылған материалдың ғылыми мазмұнын әдіснамалық бағалау.
Оқытушы әр студенттің қызығушылығын, бейімділігін, іскерлігін, дарындылығын, әдеттерін, даму деңгейін /дене және интеллектуалдық/, болашақ мамандыққа пән сапалық ерекшеліктерін білуі қажет.