Білім беруді дамыту тұжырымдамасы мемлекеттік тәуелсіздікті қалыптастыру мен нығайтудың, елдің прогресшіл дамуының негізін құрайтын Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың мақсаттары мен міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын және негізгі стратегиялық бағыттарын айқындайтын ғылыми-теориялық, әдіснамалық құжат болып табылады.
Тұжырымдама Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан-2030» стратегиясына, «Қазақстанның 2015 жылға дейінгі индустриалдық-инновациялық даму стратегиясына», «Білім» мемлекеттік бағдарламасына, баланың құқықтары туралы конвенцияға, Техникалық және кәсіптік білім беру жөніндегі конвенцияға, Еуропа аймағындағы жоғары білімге қатысты біліктілікті тану туралы Лиссабон конвенциясына, Жоғары білім жөніндегі бүкіл дүниежүзілік конференцияның декларациясына, Болньядағы Еуропа елдері білім министрлері кеңесінің, Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы мемлекеттер білім министрлерінің және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің білім беру саласындағы ынтымақтастығы жөніндегі кеңесінің, Еуразия Экономикалық Қоғамдастығының Интеграциялық комитетінің жанындағы білім, ғылыми дәрежелер мен атақтар туралы құжаттарды өзара тану және олардың баламалылығы жөніндегі кеңестің конференцияларының ұсынымдарына сәйкес әзірленді.
Тұжырымдама білім беруді жалпы ұлттық басымдық ретінде белгіленді және мемлекеттің Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімге арналған білім беру саясатын дамытудың негізін қалайды әрі заңнамаға, қаржыландыру жүйесіне, білім берудің мазмұнына, білім беру жүйесінің құрылымына, білім беруді басқару жүйесіне, кадрлық және әлеуметтік саясатқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін негіз болып табылады.
Осы Тұжырымдамаға сәйкес оны іске асыру жөніндегі бағдарлама әзірленетін болады.
Тұжырымдаманың құрылымы мыналарды қамтиды:
Тұжырымдаманың мақсаттары мен міндеттері.
Мақсаты: әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастырылған және жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру үшін білім беруді дамытудағы стратегиялық басымдықтарды белгілеу.
Міндеттері:
Жоғары білім беру
Жоғары білімді дамытудың негізі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, жоғары оқу орындары зерттеулерінің әлеуметтік сала мен экономиканың қажеттіліктерімен тығыз байланысы, білім беру және ақпараттық технолоғияларды жетілдіру болып табылады.
Қазірғі заман жағдайында жоғары білім беру жүйесіне бірінші кезектегі міндеті жоғары білікті мамандарды оздыра даярлау болып табылатын, оны айрықша сала ретінде түсінуді көздейтін жаңа сапа мен қоғамдық мәртебе, икемділік пен бейімділік беру қажет.
Жоғары білім берудің мақсаты – қоғамның, мемлекеттің және жеке тұлғаның сапалы жоғары білім алуға деғен мүдделерін қанағаттандыру, әрбір адамға оқытудың мазмұнын, нысанын және мерзімдерін таңдауға кеңінен мүмкіндік беру.
Міндеттері:
Көрсетілген міндеттерді іске асыру мақсатында:
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім берудің құрылымы бір-бірімен өзара келісілген бакалавриат, магистратура және докторантура арқылы кадрлар даярлау жүйесіне берілетін болады.
Бакалавриатта жоғары білімнің білім беру бағдарламалары іске асырылады, онда алғашқы екі курс сәйкестендірілуі және жалпы міндетті пәндер (әлеуметтік-ғуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми) цикліне біріктірілуі тиіс. Содан кейінгі екі курста бакалавриатта дайындау базалық пәндер бойынша жүргізіледі, ал жоғары оқу орны компоненті шеңберінде бейіндік дайындық та болуы мүмкін.
Бакалаврлық білім беру мазмұны кең көлемді базалық кәсіптік даярлауды ұсынады және болашақ мамндардың іргелі пәндік білім алуларына, бұл бакалавр-бітірушіні кәсіптік қызметтің жалпы интегралдық (пәнаралық) әдіснамасымен қамтамасыз етеді, болашақ мамандардың кәсіптік шығармашылығын дамытуға, өзіне-өзі білім беру қызметіндегі қажеттілікті қалыптастыруға бағытталуға тиіс.
Бакалавриат оқытудың кредиттік технологиясы бойынша іске асырылатын міндетті және жоғары оқу орнының білім беру компоненттерін қамтиды.
Нақты мазмұн шетелдік ұқсас нұсқаларды ескере отырып, пәндердің типтік оқу бағдарламалдарында көрініс табуы керек.
Бакалавриаттағы нормативтік оқу мерзімі 4 жылды құрайды және мемлекеттік қорытыныды аттестаттаумен, сол және өзге де саладағы бакалаврдың тиісті академиялық дәрежесін берумен аяқталады.
Бакалавриатты бітірушілердің одан әрі 1-2 жылдық магистратурада оқуын жалғастыруға мүмкіндігі бар.
Қазақстан Республикасы жоғары педагогикалық білім берудің тұжырымдамасы
Қазіргі өркениеттің келешегі тек қана техникалық прогресс деңгейі және экономикалық өсуге байланысты емес. Ол адам үшін басты әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге дайын адам арқылы анықталады.
ХХ ғасырдың екінші жартысында білім беру жүйесін реформалау әлемнің әрбір елінде маңызды мәселе болып табылды. ЮНЕСКО-ның мәліметтеріне қарағанда бұл құбылыстың себебі қоршаған орта мен өзін өзгерте отырып әлеуметтік прогресске белсенді қатысуға қабілетті, ғаламдық ойлауы бар мәдениетке ие адам тәрбиелеуге деген қажеттілікті ұғынатын қоғамның әлемдік өркениет құндылықтарын қайта бағалау болып табылады. Бұл ғаламдық міндетті жүзеге асырудың жетекші факторы басты тұлғасы жоғары деңгейлі кәсіби-педагогикалық жан-жақтылығы бар мұғалім болып табылатын білім беру жүйесі болады.
Педагогикалық білім беру білім беру жүйесінің тұтастай алғанда іргетасы болады. Бұл тұжырымдама ЖОО-да өзіндік ойлау қабілеті бар, мақсат қоя алатын, педагогикалық ситуацияларды талдай алатын, оқу процесін жобалау және жүзеге асыратын, сыныпта жағымды атмосфера құру және өз іс-әрекет нәтижесін қадағалап, бағалай алатын мұғалімдерді даярлауға бағдарлануы керек.
Бұл Тұжырымдаманың өзектілігі ҚР-да педагогикалық білім берудің сапасын жоғарылату қажеттілігімен, оның әлемдік білім беру кеңістігіне енумен байланысты.
Тұжырымдама мақсаты – жоғары педагогикалық білім беру модернизациясы жағдайында жаңа формация педагогын даярлау жүйесін өңдеу.
Тұжырымдама міндеттері:
Тұжырымдамада келесі бөлімдер көрсетілген: