Білім алушылардың оқу – танымдық іс - әрекетін белсендірудің бірнеше түрлері «оқытудың белсенді әдістері» деген жинақтаушы атауға ие болды. Мұның ішіне кейбір педагогикалық әдістер мен сабақты жүргізудің арнайы формалары да кіреді. Соңғы жылдары мамандардың сапасын көтеру жүйесіне байланысты оқу процесінің тиімділігін арттыру әдістері кеңінен іздестірілуде. Әдістерді айқын ажырата білуге ұмтылу оларды классификациялауға әкеліп соғады. Оқытудың белсенді әдістерінің ерекшелігі мынада:
1) Ұйымдастырылған қалыпта жүргізілген оқыту оқушының белсенді
іс - әрекеті болып табылады.
2) Оқу іс - әрекетінің нәтижесі және пәні болып іс - әрекеттің субъектісі, яғни оқушы болады.
3) Нәтижелі оқу іс - әрекетінің көрсеткіші болып оқушының ойлау қабілетінің деңгейінің көтерілуі, танымдық және практикалық міндеттердің шығармашылық шешілуі.
4) Белсенді оқыту әдістерінің міндеттерінің ерекшелігі оқушының әрекетінің өзгеруіне бағытталған.
Бағдарламалап оқыту әдістері. Бұл әдіс оқу процесінде әр оқушыға жеке – дара келуғе, сыныпта кері байланысты тұрақтандыруға мүмкіндік тудырып, білімдерін бақылауды жеңілдетеді. Алғаш негізін қалағандар американ психологтары мен педагогтарының зерттеулері.
Бағдарламалап оқыту дегеніміз – комплексті педагогикалық жаңа кіріспе, ол оқытудың жаңа құралдарын – арнаулы программалары оқулықтарды, дәптерлерді, оқытатын ұйымдастырудың жаңа түрлерін пайлануды болжайды.
Бағдарламалап оқытуды оқушының өздігінен оқуының тиімді түрі етіп көрсететін негізгі ерекшелігі – мұғалімнің оқу материалын өңдеп, кіші – гірім бөлшектерге бөліп, талдап ұсыну тәсілдері.
Бағдарламалап оқытуда оқу материалы оқушыға аз - аздан бөлшектерге бөлініп, оңай меңгерілетіндей етіп беріледі. Оны адым, үлес, хабар фрагменті деп те атайды. Оқу материалынан ұқыпты түрде ең негізгісі таңдалып алынады.
Бағдарламалап оқыту психология, педагогика, кибернетика ғылымдарының сәйкестенуі негізінде туған. Бағдарламалап оқыту машинамен де, машинасыз да өткізіледі. Машиналар белгілі білім саласынан хабар береді және оның меңгерілгенін бақылап – тексереді.
Машинасыз бағдарламалап оқыту арнаулы оқулық бойынша жүргізіледі. Мұндай оқулық жеке пәнге немесе сол пәннің белгілі тарауына арналады. Онда тақырыптың мазмұнын ашатын материал, жаттығу үшін тапсырма, білімді қолданатын есептер, практикалық жұмыстар, өзін - өзі тексеруге қажетті кілт – жауаптар беріледі.
Оқытушы бақылайды, кеңес, бағыт береді, әр оқушының даму дәрежесін көріп отырады. Мұндай сабақ кезінде оқытушы үлкен белсенділік пен шығармашылық көрсетуі керек. Бағдарламалық әдістер үлкен нәтиже береді. Бағдарламалық оқыту әдістеріне эвристикалық әңгіме және дискуссия әдісі жатады.
Эвристикалық әңгіме - әдіс ежелғі Грециялық вариантта болған, ол сократтық әңгімеге неғізделғен. Эвристикалық әңгіме – бұл топтық ойлау немесе мәселенің жауабын табуға негізделген әңгіме.
Дискуссия – Бағдарламалық оқыту әдісі ретінде соңғы жылдары қолданылып жүр. Дискуссия әдісі бұл – «жағасынан жыққан» эвристикалық әңгіме, яғни арнайы бағдарламаланған оқу бағдарламасының теориялық сұрақтарын дербес талқылау. Ол сұрақ қоюдан басталады және басында эвристикалық әңгіме сияқты ашылады. Психологиялық көзқарас тұрғысынан дискуссияға не тән?
Біріншіден дискуссия сөйлесу іс - әрекетінің диалогтық формасы. Оймен алмасу, пікірталас, нервтік деңгейде өтеді.
Екіншіден ол ойлауды дамытады.
Проблемалық оқыту. Проблемалық оқытуды бірқатар ғалымдар, педагогтар, психологтар, әдіскерлер жан – жақты зерттеген. Данилов М. А., Давыдов В. В., Скаткин М. Н., Бабанский Ю. К. т.б. қарастырған. Проблемалық оқыту арқылы студенттердің белсенді ойлау әрекетінің дәрежесін көтеру, оларды ақыл – ойдың, шығармашылық әрекеттің жүйесіне үйрету болып табылады. Бұл жүйені меңгеру ақыл – ой әрекетінің сапасын арттырып, ғылыми – диалогтық ойлауды қалыптастырады. «Проблемалық оқыту ғылым негізін берік меңгеруді, өздігінен таным әрекетін дамытуды, шығармашылық қабілеттілігін, дүниетанымын қалыптастыруды қамтамасыз етеді,» - деп жазған И. М. Махмудов.
Проблемалық оқыту процесінде 4 негізгі саты айқын болуы керек:
Проблемалық оқытудың мәні – проблемалық жағдай тудыру, оны шешуде оқушылардың әрекетін басқару болып табылады. Кез – келген сұрақ проблемалық бола бермейді, мысалы: Ұлы француз революциясы қай кезде болды? Қорғасынның салмағы қандай? т.б. мұндай сұрақтарға жауапты анықтамалардан, энциклопедиялардан табуға болады. Ал проблемалық жағдайды шешу жаңа білімді, жаңа ойлау әдісін меңгеруді қажет етеді. Проблемалық жағдай тудырудың негізгі оқу процесінде кездесетін қиыншылықтар, қайшылықтар.
Зерттеуші В. Оконь проблемалық ситуация тудырудың төмендегі белгілері тұжырымдап берген:
Проблемалық ситуация оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын, ынталылығын тудыратындай табиғи және өмірлік сипатта болуы керек.
Оқушылардың тәжірибесіне, біліміне, жасына лайықты қайшылықтар болуы керек.
Проблема анық, дәл қойылуы керек.
Проблеманы толық шешу дұрыс.
Бір ситуациядан екіншісіне өтуде бірізділік, әсерлілік сақталуын көздеу керек.
Проблемалық оқыту оқушыларды ғылыми динамикалық, логикалық ойлауға, қиындықтарды жеңуге үйретеді. Оқу материалының дәл, қызықты болуы, білімнің берік болып сенімге айналуын, ұзақ есте сақталуын қамтамасыз етеді.
Проблемалық әдіс бойынша мұғалім сабақта дайын ғылыми қорытындысын хабарлаумен қатар белгілі дәрежеде олардың ашылу жолын байқатады. Проблема қою арқылы мәселенің ішкі қайшылықтарын танытады, оны шешуге болжам жасайды, ақиқаттылығын дәлелдеп түсіндіреді. Мұғалім оқушыға ғылыми ойлау жолын көрсетеді. Студенттер ақиқатқа жетудегі ой мен әрекет қозғалысын бақылап, ғылыми зерттеу ісіне қатысқандай әсер алады.
Проблемалық оқытудың артықшылығы.
«Проблема» шешілуі тиіс көкейкесті мәселе, психологиялық категория. Бұл категорияның мәнді оқыту процесінде пайдаланып, оқушы мен зерттеушінің ой - әрекет құрылымын жақындату арқылы білім беру мен дамыта тәрбиелеу мәселелерін шешу көзделеді.
Проблемалық оқытудың мақсат – міндеттерінін туындайтын мынадай өзіндік сипаттары бар:
Шешуді қажет ететін көкейкесті міндеттерді қою.
Студенттердің алдына шешуді талап ететін жағдай тудыру.
Қойылатын проблеманы шешудің жорамалының жасалуы.
Шешімнің бірнеше жолының болуы.
Бұларды шешуге оқушының дайындығының болуы.
Қорытындының жасалуы.
Пробемалық оқытуда проблемалық ситуация тудыру өте маңызды.
Проблемалық ситуацияның міндеті: оқуға жетелеу. Оқушының алдына қойылған көкейкесті мәселені шешу ниеті тууы үшін оның белгілі дәрежеде білімі, дағдысы, іскерлігі, іздену тәжірибесі болуы керек. Бұлар болмаса ситуация шешудің қажеттігі көкейкесті мәселеге айналмайды.
Проблемалық оқыту 3 әдіс арқылы ұйымдастырылады:
Бұл әдістерді қолдана отырып, оқыту процесінде мұғалімнің назары
өзара байланысты 2 нәрсеге бөлінеді. Олар: оқыту процесінің материалы және оқыту процесіндегі студенттің таным әрекеттерін ұйымдастыру. Проблеманы шешу үшін төмендегі жағдайларды ескеру керек.
Олай болса, оқу проблемасының да өзғе психологиялық құбылыстар сияқты негізгі үш жағы бар:
Проблемалық оқытуды дұрыс ұйымдастыру үшін сабақ төмендегі талаптарға сай құрылуы керек:
Енді проблемалы оқу процесіндегі оқушының таным әрекеттеріне көшейік. Олар:
Проблемалық әдіс оқу материалын терең, жан – жақты түсінуге мүмкіндік жасайды, ойлау логикасын дамытады. Проблемалық әдіс ірі тақырыптарды, бөлімдерді өтуде, қорытындылауда қолданылады. Оқушының жалпы білім дәрежесін, дамуын, жеке дара ерекшелігін анықтауға мүмкіндік береді. Талдау, салыстыру, жинақтау, жалпылауға үйретеді.
Проблемалық әдіс: проблемалық тапсырманың, проблемалық ситуацияның, іздену әрекетінің, тындыру, аяқтау кезеңінің болуымен сипатталады.
Проблемалық және бағдарламалық әдістерді дәстүрлі оқыту әдістері сияқты процесіне жаппай ендіру үшін, әдістемелік жағынан дұрыс ұйымдастыруға жету үшін әлі де бірқатар көкейкесті мәселелерді зерттеп, шешу керек. Ол мәселелерге: педагогика, психолоғия, жеке әдістемелік пәндер бойынша проблемалық тапсырмалар мен ситуациялардың жүйесінің жасалуы, проблемалық, бағдарламалық тапсырма – сұрақтардың жалпы көрсеткішінің болуы, өздігінен жасайтын жұмыстар мен жаттығулар жүйесінің жасалуы, оқушылар үшін оқулықтар, оқу құралдары, әдістемелік көмекші құралдар біршеше данада жасалуы, бағдарламаланған дәптерлер, арнаулы перфокарталар, карточкалар, оқулықтар, материалдар проблемалық жұмыстар жүйесінің жасалуы, педагогика, психология жеке әдістемелік кабинеттерінде жаттығатын, хабар беретін, сұрақ беріліп, емтихан алынатын, білімді тексеріп, бағалайтын машиналардың болуы.
Мұғалімдерді проблемалық, бағдарламалық оқытуды ұйымдастыруға даярлау және қайта даярлау ісінің жолға қойылуы қажет. Сонда ғана проблемалық және бағдарламалық оқыту әдістері дәстүрлі сабақ процесіне айналады.
Қазіргі уақытта жоғары оқу орындарында оқытуда қолданылып жүрген инновациялық әдістерге тоқталайық.
Бұл әдістің негізін салушы ағылшын Тони Бузан (1970). Әдістің теориялық-анатомиялық негізі - Егер қалыпты жағдайда мидың сол жақ жартысы ғана ойлау орталығы болса, онда ассоциативтік әдіс соның екі жартысын да ойлау үдерісіне бірдей қатыстыруды мақсат етеді. Мидың сол жақ жартышары табиғи –жағдайында: - зерделі ойлау қабілетіне, - абстракциялық ойлауға, - белсенді болуға, - проблема шешуге, - өзін сыни бақылап, бағалауға жауапты.
Ассоциограммалық әдістің қисындық-әдіснамалық құралы және практикалық мақсаттары - Ой мазмұнының мағыналық элементтерін, құрылымын, функциялық байланыстарын графикалық (сызық-бейнелік) қисындық-аналитикалық және басқа образдық бейнелер арқылы көрсету.
«Кейс» – «уақиға» немесе «прецедент» ұстанымына (принципіне) негізделген.
Case Study(ies) әдісі:
Кейс-стади - Уақиғалық-проблемалық сабақ өтудің белсенді формасы.
Сase-study әдісінің тікелей мақсаты – студенттер мен оқытушылардың бірлесіп –
Кейс дегеніміз – нақтылы жағдаятты сипаттау.
Кейс – реалды өмірдің «үзіндісі» (ағылшын тілі терминологиясында TRUE LIFE).
Кейс – студенттердің қызығып ізденуін және қызу талқылауын туындататын, қажетті шешімдірді табуға ынталы ететін өмірдің өзінде туындаған реалды жағдаятты талдау.
Кейс – «өмірдің әп сәтте түсірілген бейнесі», «шындықтың фотографиясы».
Кейс – уақиғаның ақиқат сипаттамасы ғана емес, уақиға мәнін түсінуге көмектесетін ең кешенді деректер бірлігі.
Кейс құрылымы - проблемалық жағдаятты сипаттау (кейстің өзі); кейстік жұмысты атқару барысында жауабы ізделетін сұрақтардың немесе тапсырмалардың тізімі; оқытушыға берілетін түсіндірме жазбалар – оқытушыға арналған кейс ерекшеліктерін сипаттау және зертханада солармен жұмыс істеу ретін түсіндірмелері; нақтылы материалдар есебінде келтірілетін кесте, графа, схема, диаграмма, карточкалар, анкеталар (сауалнама емес).
Мәселелер - Өзгенің мәтендерінен алынған. Жас маманның жаңа жұмысқа үйренісуі. Дерек көздерінің беделділігі. Қоғамдық құбылыстар. Саяси күрестер. СӨЖ сапасының төмендігі. Тарихи уақиғалар. Белгілі әдеби сюжеттер.
Проблемаға байланысты мәселелер, сұрақтар - Талданатын мәселеде не нәрсе дағдылы емес? Проблемалық жағдаят тікелей неден туындаған? Негізгі проблеманы қалай атауға болады? Проблемалық мәселені шешуге кім қатыса алады? Олардың қандай мақсаттары бар? Кім бұл проблеманы түбегейлі шеше алады? Басқа адамдар, ұжымдар бұл проблеманы шешуге қаншалықты араласа алады? Қандай мәселелер қалай шешілгенде басты проблема шешіледі? Қандай ресми тұлға немесе мекеме қандай ресми шешім қабылдай алады? Басты проблема шешілгенде қандай жағдайлар туындайды? Қандай жаңа практикалық нәтижелер болуы керек? Проблема шешілгенде қандай салдарлар туындайды? Егер сол мекеменің, жағдаяттың басты тұлғасы Сіз болсаңыз не әстер едіңіз? Неге солай істер едіңіз?
Кейс түрлері - Практикалық кейстер - өмірдің өзінде бар нәрселерді көрсетеді. Оқу кейстері оқу ісіндегі мақсаттар мен міндеттерге байланысты туындайды. Ғылыми-зерттеулік кейстер зерттеу ісін жүзеге асыруға бағытталады.
Практикалық кейстердің мақсаты – өмір жағдаятын жан-жақты талдау.
Басты мағынасы өмір жағдаятын танып-білу және тиімді істер жасау қабілетіне бейімделу. Жағдаятты шешудің аса маңызды үлгісін жасау. Практикалық жағдаятты шешуге байланысты білімдер алу, бейімделеу және машықтану.
Жағдаят мазмұны мен құрылымы барынша көрнекі және мұқият жіктелуі керек.
Оқыту кейсінің негізгі міндеттері – білім беру және тәрбиелеу ісі нәтижелі болуы үшін талданатын жағдаят барынша өмірдің өзекті мәселелеріне қатысты болуы керек.
Өмір жағдаяты реалды дүниеден алынса да оны талдау мен оның шешімдерін табу шартты белгілі бір пәннің мазмұны мен ондағы ғылыми мәселелермен байланысты екендігін есте сақтау, ғылым теориялары мен ұғымдарымен байланысты екендігін көрсету.
Басты мәселе өмірдегі жағдайды дәл қазір түзету емес, соған жақындаудың, түсінудің жолдарын, әдістерін анықтау.
Өмір жағдаятының типтік тектерін түсіну, сол сияқты басқа және жаңа жағдайларды талдауға машықтану.
Зерттеулік кейс - өмір жағдаяты туралы жаңа білім алудың үлгісі (моделі) болу; үлгілеу әдісін қолдану арқылы ғылыми зерттеу жүргізуге машықтандыру; зерттеулік кейсте зерттеу үлгісін жасау басты мақсат; кейсте зерттеу басты мақсат болғандықтан оны келешек ғылыми зерттеулерде қолдануға мүмкіндік артады.
CASE-ті көрсету түрлері – басылымдық, мультимедиалық, бейнелік (кино, фото), аралас.
Кейспен жұмыс істеу кезеңдері - даярлық кезеңі, талдау кезеңі, қорытындылау кезеңі, ортақ рефлексия немесе сабақтастыру кезеңі деп бөлінеді.
Даярлық кезеңі – бірлесіп істеуді ұйымдастыру - Даярлық кезеңінде – студенттер керекті жауаптарды дер кезінде даярлауы үшін кейс мәтіні студенттерге алдын ала таратылады. Оны қамтамасыз ету реті:
Талдау кезеңі – 1. Кейстік проблеманы бірлесіп талдау үшін студенттер топшаларға бөлінеді.
Қорытындылау кезеңінде топшалардың спикерлері, бірлесіп жасаған презентация материалдарын пайдалана отырып, ортақ шешімдерінің дұрыс екендігін түсіндіріп, дәлелдеуі керек.
Жасалған қорытындылардың теориялық, практикалық жақтары көрсетілуі қажет.
Жалпы топ мүшелері берген сұрақтарға спикер және шағын топ мүшелері қосымша жауаптар береді.
Ақырғы нәтиже кейстік проблеманың барлық топ мақұлдайтын шешімін табу болып табылады.
Жақсы жүргізілген кейс әдісінің белгілері - ұстаз талдау барысына қаншалықты аз араласса, соншалықты жақсы болады; студенттер белсенділігінің жоғары болуы; студенттердің бір-біріне қоятын сұрақтардың көп болуы; топшалар мен жеке студенттер арасындағы жақсы көңіл күйлер; кейстік шешімдердің дәлелді болуы деп айтуға болады.
Кейстік әдісті қолданудың артықшылықтары - студенттердің реалды өмір практикасында кездесетін проблемаларды шешуден қашпау, топпен бірлесіп жұмыс істеуге дағдылану, презентациялар жасау қабілетіне үйрену, ғылыми конференцияларда, пресс-конференцияларда өз ойын айтып, ұсынысын дәлелдеу қабілетін қалыптастыра бастау болып табылады.
Кейс мәтінінің құрылымы – кіріспе, негізгі бөлім, соңғы сөз. Кіріспеде (кейс әдісі қолданылған сабақ алғашқы немесе бір-ақ рет болса) кейс туралы жалпы түсінік беріледі, студенттердің (тыңдаушылардың) бәріне ортақ не болуы мүмкін екенін түсіндіру, глоссарилер, қысқартулар, басты сұрақтар және т.с.с. келтіріледі; негізгі бөлімде: басты мысал уақиға туралы толық мәтін, фактілердің сипаттамалары, шешімдер келтіріледі; соңғы сөзде : басты қорытымдар, қосымша жалғастық материалдар, деректер, қосымшалар, әдебиеттер тізімі, қажет сайттардың адрестері, мәселеге қатысы бар адамдармен, ғалымдармен байланысу көздері, адрестері және т.б. деректер келтіріледі.
1910-жж. АҚШ профессоры Коллингс, оқу жобасының төрт тобын анықтаған:
Белсенді ойындар жылдамдыққа, икемділікке, машықтыққа үйретеді.
Жоба мазмұнына, құрылымына, мерзіміне, деңгейіне байланысты жіктеледі. Мысалы: мерзіміне байланысты қысқа, ұзақ, айлық, жылдық т.б. болып жіктеледі. Деңгейіне байланысты, университет аралық, облыстық, республикалық, халықаралық болып бөліне алады.
Оқу жобасына қажетті талаптар: жоба нақты қажетті, әлеуметтік маңызды мәселеге арналады; жобаны жоспарлау мәселені шешуге бағытталады; қандай өнім алатындығы белгіленеді (нәтиже, мерзімі және оған жауаптылар көрсетіледі); білім алушылардың зерттеушілік қызметі міндетті шарт. Яғни, ақпарат іздеу, талдау оны білім алушыларға тарату; нәтижесі, өнім болып шығуы тиіс: мақала, модель т.б. жобаны ұсынған адамға нәтижені көрсету, жобаны қорғау, презентациялау
Мазмұнына байланысты жоба жіктемесі - тәжірибеге-бағытталған жоба жобаға қатысушылардың мүддесін қорғайтын әлеуметтік мәселелерді шешуге мақсатталады.
Зерттеушілік жоба құрылымы бойынша ғылыми жобаға ұқсайды. Өзектілігі, мақсат, міндеті, болжам, нәтиже сипатталады. Мәселені шешуде: лабораториялық эксперимент, модельдеу, әлеуметтік сауал т.б. әдістер қолданылады.
Ақпараттық жоба мәселені шешуге бағытталған әртүрлі құбылыстар туралы ақпарат жинау, оны жалпылау, талдау. Нәтижесі БАҚ және Internet желісінде жарияланады.
Шығармашылық жоба өнімді презентациялауда түрлі дәстүрлі емес тәсілдерді кеңінен қолданады. Бұл, альманах, сахналау, спорттық ойын, видеофильм т.б. түрде болуы мүмкін.
Рөлдік жоба. Мұны құрастыру да, жүзеге асыру да қиын. Жобаға қатысушылар белгілі бір кейіпкерлердің бейнесін сомдайды. Қиындығы мәселе шешімін таба алама әлде сұрақ күйінде қалама?
Педагогикалық жобалаудың түрлері мен кезеңдері.
Педагогикалық жобалау дегеніміз, оқытушылар мен оқушылардың атқаратын іс-әрекетінің негізгі құрамын алдын ала құрастыру. Педагогикалық жобалау, педагогтың басқа да негізгі қызметінің бірі. Педагогикалық жобалау барысында студенттермен қарым-қатынастың мазмұны, әдістері және құралдары қарастырылады.
Педагогикалық жобалау болашақ іс-әрекетті және оның нәтижелерін болжаудан тұрады.
Жобаның объектісі: педагогикалық үдеріс Педагогикалық процесс барысында педагогикалық жағдаят шешімін табуға тиіс. Педагогикалық жағдаят – белгілі бір уақытта, кеңістікте болған уақиғаның сипаты, педагогикалық үрдістің құрамды бөлігі болып табылады.
Педагогикалық жүйені, үрдісті, жағдаятты жобалау- көпсатылы, қиын іс-әрекет.
Педагогикалық жобалау: 3 кезеңнен тұрады:
Педагогикалық жобалаудың негізгі ұстанымдары: адамға бағытталуы (негізгі роль адам); өзін-өзі дамыту принципі; дидактикалық шығармашылық; технологиялық шығармашылық; ұйымдастыру шеберлігі.
Педагогикалық жобалау технологиялары педагогикалық міндеттерді танып білу, берілген ақпараттарды талдау және педагогикалық диагноз қоюдан тұрады. Яғни бұл:
а) әдістемелік, стратегиялық шұғыл мақсаттарды жобалау және бір-біріне бағындыру;
б) оқытылатын пән бойынша мазмұнды іріктеу;
в) шартты айқындалған педагогикалық оймен жұмыс жасау;
д) студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар жүйесін жобалауы;
е) студенттердің өзін-өзі бақылауға арналған дидактикалық тестерді жобалай білуімен сипатталады.