Әлемдік тәжірибеде педагогикалық кадрларды даярлаудағы қазіргі тенденциялар.


Кез келген қоғамда педагогикалық мамандарды даярлауға деғен талаптар оның әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктермен сәйкесінше өзгеріп отырады. Ол педагогикалық білім берудің даму тенденциясын анықтайды. Әлемдік тәжірибені жалпылау және теориясын талдау негізінде әлемдегі педагогикалық білім берудің дамуындағы келесі тенденциялар көрсетілген:

  1. Мамандарды даярлау және білім беруді реформалау мәселесі білім беру жүйесінің приоритетті және жүйеқұрушы саласы ретінде қарастырылады.
  2. Болашақ мұғалімді даярлау педагогикалық колледждерде, инситуттарда, университеттерде жүзеге асырылатын, университеттік білім алу жетекші болып саналатын үздіксіз педагогикалық білім алу сипатына ие болды.
  3. Мұғалімнің кәсіби-педагогикалық даярлығының мақсаты қайта қарастырылуда, педагогикалық білім беру мазмұны жаңаруда, жаңа оқу жоспарлары жасалуда, бағдарламаларға түзетулер енгізілуде. Пәндік курстарды оқуға орташа 30% оқу уақыты бөлінсе, педагогикалық пәндерге - 25%, базалық жалпы білім беретін пәндерге - 25% бөлінді. Ол мұғалімнің психологиялық-педагогикалық дайындығын күшейтеді. Психологиялық-педагогикалық циклдің жаңаруы белсенді әдістер мен формалардың кең спектрін қолдану арқылы іске асады: рольдік ойындар, драмалау, педагогикалық міндеттерді шешу, мектеп өмірінен бейнефильмдер көру және оларды талдау, тренингтер, т.б.
  4. Болашақ мұғалімнің практикалық дайындығын күшейту арқылы оның оқу мерзімі артуда (АҚШ-та – 4-5 жыл, Анғлияда – 3-5 жыл), осыған байланысты педагогикалық тәжірибенің ұзақтығы 25-32 апта.
  5. ЖОО-да мұғалімдерді кәсіби даярлау жүйесі көпдеңгейлі (бакалавр-ғуманитарлық ғылымдар магистрі немесе нақты ғылымдар магистрі (оқу мерзімі – 5 жыл)) болып табылады.
  6. Жас маманның педагог-тәжірибеден өтуші немесе мұғалімнің көмекшісі (1-3 жыл) ретінде бейімделуге арнайы уақыт бөлінеді. Кәсіби бейімделу әртүрлі формада өтеді (Англияда – сыни жыл, тьюторинг, АҚШ-та – менторинг, Жапонияда - үйретушілік).
  7. Қоғам қажеттіліктеріне байланысты педагогикалық білім берудің жүйесі қалыптасуда, университеттерде және колледждерде дарынды және мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасайтын педагогикалық кадрлар даярлайтын арнайы педагогикалық бөлімдер ашылуда, жаратылыстану (химия, физика, биолоғия), гуманитарлық ғылымдар бойынша мұғалімдер даярлау жұмысы белсендірілуде.
  8. Жас мұғалімдердің кәсіби қалыптасуы олардың біліктілігін арттырудың әртүрлі формалары арқылы жүзеге асырылады (мұғалімдік орталықтар, дистанциялық оқыту), бұл жағдайда екінші мамандық алу да қарастырылуда.