ҚОСЫМША Е


ҚОСЫМША Е. «Әлеуметтік педагогика» курсын оқыту әдістемесі.

Әлеуметтік педагогиканың пәні және обьектісі. Әлеуметтік педагогика ғылым саласы ретінде өзінің алғашқы қадамдарын жасауда, бірақ оның қайнар көзін көптеген отандық педагогтардың, психологтардың еңбектерінен табуға болады. Әлеуметтік педагогика ғылым ретінде әсіресе соңғы он жылда қарқынды дами бастады. Әлеуметтік педагогика және әлеуметтік жұмыс мәселелерін И. Н. Андреева, С. А. Беличева, В. Г. Бочарова, Ю. В. Васильева, М. А. Галагузова, С. И. Григорьев, Л. Д. Демина, В. И. Загвязинский, И. А. Зимняя, С. Д. Маврин, И. А. Маврина, А. В. Мудрик, Л. Я. Олиференко, В. Д. Семенов, В. А. Сластенин және т.б. табысты жете зерттеуде.

Бірақта, дамып келе жатқан педагогика ғылымының саласы өзінің негізгі категорияларын әлі де болса нақты айқындаған жоқ. Практика теорияның дамуынан озып кетті, және де бұл әлеуметтік жұмыс пен әлеуметтік педагогиканың өзарақатынасына байланысты сұрақты, олардың байланысы айқын болса да талас тудыратындай етеді. Әлеуметтік педагогиканың да кез-келген ғылым сияқты өзінің обьектісі мен пәні бар.

Әлеуметтік педагогиканың обьектісі – адамның әлеуметтік өзара әрекеттерінің жалпы жиынтығының негізінде, оның социумда даму процессі болып табылады.

Әлеуметтік тәрбие, оның мақсаттары, мазмұны, негізі, принциптері, әдістері және жүзеге асыру формалары әлеуметтік педагогиканың пәні ретінде қарастырылады.

Бір қарағанда бұл категорияларды анықтау онша қиын емес. Адамның әлеуметтік өзараәрекеттерінің жиынтығының негізінде социумда даму процессі осы ғылым зерттейтін болмыс аймағы, яғни обьект болып табылады. Бұл процесс әлеуметтік қалыптасуды, әлеуметтенуді, яғни жеке индивидпен әлеуметтік нормалар мен талаптарды меңгеруді, оның негізінде азаматтық, әлеуметтік жауапкершіліктік, әлеуметтік тұрақтылық және мобильділік, коммуникативтілік және т.б. сол сияқты жеке тұлғалық қасиеттерді дамытуды қамтиды. Әрине, басқа позициялардан да осы процестерді философия, педагогикалық антропология, әлеуметтік жұмыс теориясы, білім беру және тәрбие социологиясы, этнография, этнопсихология, этнопедагогика сияқты басқа да ғылымдардың зерттеуі табиғи құбылыс. Бірақ, тек әлеуметтік педагогика ғана жеке тұлғаның қалыптасу процессін әлеуметтік факторлардың жалпы жиынтығының негізінде кең әлеуметтік аспектіде қарастырады.

Ғылымның пәні осы ғылыммен зерттелінетін ақиқат шындықтың спецификалық жақтарының, байланыстарының негізін айқындайды және қандайда бір деңгейде оларды түсіндіруге, болжауға және өзгертуге (немесе зерттелінетін обьектіге әсер етуге) көмектеседі. Осы позиция тұрғысынан әлеуметтік тәрбие, оның мақсаттары, мазмұны, негізі, принциптері, әдістері және жүзеге асу формалары әлеуметтік педагогиканың пәні болып табылады. Әлеуметтік тәрбие қазіргі заман түсіндірмесінде адамның дамуына, әлеуметтік қалыптасуына барлық әлеуметтік ықпалдарды қолдана отырып, жағдай жасауды және ықпал етуді (стимулдауды) білдіреді.

Осылайша «адамның әлеуметтік өзара әрекетінің тұтас жүйесі» әлеуметтік педагогиканың обьектісі болып, ал - әртүрлі микроорта аймақтарындағы жеке тұлға болмысының барлық жастық кезеңдердегі жеке тұлғалық- орталық өзара әрекет процессі пәні болып табылады.

Әлеуметтік педагогика - әртүрлі деңгейде және әртүрлі аймақтарда практикаға ене алатын комплексті, интегративті ғылым. Олардың маңыздыларына тоқталып кетуге болады.

Саяси тұрғыдан ол – саясаттың әлеуметтік әлсіздігін тудыратын «виктимогендікті» тоқтату үшін, комплексті әлеуметтік реабилитация және әлеуметтік қорғау мекемелерін қолдау, көбейту үшін күрес.

Әдістемелік тұрғыдан ол – ашық әлеуметтік педагогикалық жүйелердің негізін және функцияларын, адам мен қоғамның арақатынасының жағдайлары мен принциптерін үндестіреді.

Әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан ол – тәрбиелік құндылықтардың (таза дидактикалық немесе методологиялық емес) приориттерін бекіту, әлеуметтік-педагогикалық болжау, бағдарламалаудың технологиясын жете зерттеу, жетілдірілген бағдарламалар мен жобалардың ғылыми-методологиялық тұрғыдан бекітеді.

Қолданбалы тұрғыдан ол - әлеуметтік аймақтардың комплексті әлеуметтік инфрақұрылымының әлеуметтік-педагогикалық мекемелердің, жобалардың зерттеу методикаларының және т.б. даму бағдарламасын қарастырады.

Жеке тұлғалық тұрғыдан ол - әлеуметтік көмекті және қолдауды қажет ететін әртүрлі категориялы адамдармен түзету жұмыстарының, фасилитацияның профилактикалық жұмыстың индивидуалдық диагностика әдістері.

Әлеуметтік педагогиканың негізгі категориялары:

Әлеуметтендіру- адамдардың бүкіл өміріндегі дамуы оның қоғамдық ортадағы даму прцесінде қайта өңдірілгенде әлеуметтік нормалар мәдени байлық болып табылады, яғни өздігінен дамыған қоғамға кіреді.

Әлеуметтену факторы – адам жағдайының әрекеті. әлеуметтену – адамдардың әр түрлі жағдайдағы қарым қатынас барсында дамиды.

Социум- адамның ортада қалыптасуы, әр түрлі топтардың мекемелердің жиынтығы, мекемелер, қозғалыстар, осы ортаны құрушылар, орта, осы процестің әсерінде адам өзінің іс-әрекетіне мақтан тұтады.

Микросоциум - адамдарың жақын ортасына, отбасына, мектеп, тұрғылықты жерінде ашық қарым –қатынас, ұжым, адамдардың қарым –қатынас жасау ортасы жатады.

Әлеуметтік институт- тарихи қосылған тұрақты тұлға және мекемесіндегі бірдей іс-әрекетті адамдар.

Әлеуметтік роль - әлеуметтік қызмет, мінез-құлық қалпы. Объективтік тапсырма – әлеуметтік бағыттағы тұлғалардың қоғамдық жүйемен тұлғааралық қарым –қатынас.

Әлеуметтік адаптация (бейімделу)- жаңа ортаға, өзгерген қоғамдық өмір жағдайына жеке тұлғаның белсенді бейімделуі.

Балаларды қорғау - жүйелік өлшем, қамсыздандыру орындарында балалардың қызығушылығын, әрбір жұмыс нормадағы құжаттарын тексеру және кәмілетке толмаған балалардың құқықтық дәрежесін анықтайды.

Әлеуметтік жұмыс - өзіңдік кәсіби іс-әрекеті, мемлекеттік және мемлекеттік емес жәрдем беру адамға мақсат және мәдени қорғау, әлеуметтік және материалдық өмірлік дәрежесінде, жеке адамдарға көмек беру, отбасына және топтарға көмек беруінде көрініс табады.

Әлеуметтік қорғау – басымдылық жүйеде және тарату механизмінде әлеуметтік заң шығарушы бекітеді, құқықтық және экономикалық азаматтық кепілін, мекемедегі органдарындың басқару дәрежесін, сонымен қатар, әлеуметтік жұмыс жүйесінде, анықталған әлеуметтік дәрежедегі талаптарын қорғау болып табылады.

Әлеуметтік педагогика мынандай ғылымдармен байланысты: философия, психология,социология, этнография, медицина, дефектология т.б.

Әлеуметтік педагогиканың негізгі әдістері.

Әлеуметтік педагогиканың зерттеу әдістерін үш топқа жіктеуге болады: зерттеу әдісі, тәрбие әдісі, әлеуметтік-психологиялық көмек әдісі.

Ғылыми зерттеу әдісі - бұл, ғылыми мәліметтерді белгілері бір мақсатқа бағытталған заңды байланыстарын, қатынасын, ғылыми теорияларды құруға және оған тәуелділігін көрсететін тәсіл.

Педагогикалық зерттеу әдісі - бұл, түрлі негізгі ғылыми педагогикалық мәселелерді шешу, педагогикалық әдістерді оқыту. Зерттеу әдісін оқыту әдісі және шынайы педагогикалық процесс ретінде қарастырады. Оқыту әдісінің процесін: байқау, сұхбат, анкета, интервью, құжаттарды талдау, жұмыс барысын тексеру жатады. Ал екіншісіне арнайы өзгертілген жағдайда мыналарды кіргізуге болады. Педагогикалық эксперимент әдісі, білікті тексеру мен қортындыны зерттеу. Зерттеу әдісі оның методологиялық мақсатына қарай топтасады.

Ғылыми зерттеулер іс-әрекеттік, жекеленген және жүйелік көзқарастары болып бөлінеді.

Іс-әрекет көзқарасы – педагогикалық көзқарасты оқу іс-әрекетінің негізгі компоненттерін жалпылай қарау негізгі мақсатын, мотивін, әрекетін, басқаратын нәтижесін қадағалау.

Жекеленген көзқарас – тұлғаның қоғамдағы орны, оның ұжымдағы қарым –қатынасы, дамуы, тұлғаның гармональды дамуы және тұлғаны тәрбиелеудің обьектісі мен субьектісі ретінде қарау.

Жүйелік көзқарас – жалпы элементтерін анықтау, яғни барлық әлділерді өзіне бағындыру.

Педагогикалық құбылыс, әртүрлі ғылыми педагогикалық мәселелердің шешімі, зерттеу әдісі оның методологиялық негізімен сәйкес келеді.

Байқау әдісі – құбылыстарды және процестерді тікелей қабылдау. Олардың динамикадағы тұтастығын сипаттайды. Байқаудың нәтижесі педагогтарға тәрбиелік әрекет ету, жиналған педагогикалық жағдайларды дұрыс бағалау, кейінгі оқуларды үйренудің нақты нысана (обьекті) жобасын жасау.

Әңгімелесу, интервью әдісі – бұл әдісті қолдану ғылыми зертеулерді ең үлкен эффективтік жағдайларға оқыған педагог қашан нақты белгілеу қоюға болатынын, әңгімелерді немесе интервьюді белгілеу шеңбері бірнеше негізгі және көмекші сұрақтар мәнін шешуге рұқсат етуі зерттеушіні қызықтыратын мәселе. Әңгімелесудің эфективтілігі қарама қайшылықты құра білуге қолайлы моральдық –психологиялық атмосфера, әңгімелесушінің тәртібін байқау, оның мимикасын, эмоциялық реакцияның жауап беру немесе жауап бермей кетуғе ықыласының тәуелді болуы.

Анкеталық әдіс – сол немесе басқа құбылыс титілігін мақсатқа лайықты ақпарат алу үшін, анкеталық әдісті қолдану. Анкета нәтижелігіне мынандай жағдайлар әсер етеді. Сұрақтарды іріктеп алу, дәл, нақты оқылатын құбылысты сипаттайтын және үміткерлік ақпарат беру, сұрақтарды тікелей және жанама қою.

Рейтинғ әдісі . Педагогикалық үйрену әркетінің құнды құралы болып мыналар жатады. Рейтинг әдісі немесе баға әдісі. Сол немесе басқа жақ әрекеттерін терең білетін төреші. Экспериментерді іріктеп алу үшін белгілі талаптар көрсетіледі. Жете білушілік, экспертизаға жағымды қатынас, ғылыми әділдік, ойлау кеңдігі, конструкциялық ойлау, бірлестік қасиеті, өзін өзі сынау.

Педагогикалық эксперимент әдісі – ғылыми кешенді әдіс – бірнеше болжамды бір уақытта қолдану мен қатар толық және көптеген жеке әдістер, сол сиқты байқау, әңгімелесу, интервью, анкеталық сұрақ, диагностикалық бақылау жұмыстары, арнайы жағдай құру – педагогикалық эксперимент болып табылады.

Территориялық зерттеу әдісі – бұған қатысты салыстырмалы тарихи талдау абстракцияларын нақтылаудың деңгейіне жету және үлгілеу әдісін күшейтеді. Олар көрнекі кескін түрде бейнеленеді. Сызба, қысқа, ауызша, жазбаша үлгілеу, үйрену процесін суреттеу.

Тәуелсіз мінездемеге қорытынды. Бұл түрді «педагогикалық коммунизм» дейді

Жеке тұлғаның яғни, оқушыны тәрбиелеуде бірдей белгілері мөлшерде оқыту, оған ұжымдық бағалауға, ауытқу, себептерін анықтауды ұйымдастыру, кемшіліктерін жеңу т.б. жатады.

Әлеуметтік тәрбиелеу әдістерінің класификациясы.

Әлеуметтік педагогиканың әдісі жеке және топты болуы мүмкін. Бірақ топта да жеке адамды ұмытпау керек . Әлеуметтік педагогика жеке әдістемесі бұл тұлғаның әлеуметтік маңызы бар қарым-қатынас және сапаларды қалыптастыруға бағытталған нақты жағдайға мақсатты түрде тұлғаның мәдени білім беру ортасын өзара қырым-қатынасына әсер ету. Мынандай топтарға бөлінеді:

1 топ - қандай бағытына байланысты сананы қалыптастыру (пікір, баға беру, көзқарас) эмоция сезімдерді және тұлғаның өзін - өзі тәрбиелеу (өзіне баға беру, бақылау, өзін - өзі ұйымдастыру), әлеуметтік дұрыс тәрбиенің қызметін, әдетті қалыптастыру.

2 топ - тәрбиеленуші мен тәрбиешінің қарым қатынасының қызметін ұйымдастыру, қарым –қатынас түрлері.

3 топ - ортаның тұлғаға әсерлерінің сипатына байланысты диалог, қайта оқыту, жаңа ортаны қалыптастыру, тәртібін, орта және жағдайын өзгерту.

Біз тек жұмыс мазмұнына байланысты классификацияны қарастырамыз.

Әлеуметтік экономикалық, ұйымдастыру, педагогикалық -психологиялық әдісі.

Әлеуметтік экономикалық әдіс - әлеуметтік жұмыс әдісіне ұқсас балаға қаржы бөлу, отбасы, материалдық көмек, пособия тағайындау.

Ұйымдастыру әдісі - ұжымды қалыптастырудағы орта ықпалы, тұлғаның ұжымға қарым қатынасы, жеке тұлғаларға, отбасына көмек, клуб, секция үйірмелерін ұйымдастыру. Ұжымды қалыптастыруды кіші ұжымнан бастау керек және балалардың өзін өзі қалыптастыратын басқару жүйесі. Онда тәртіп пен режим әдісін пайдалану болады.

Педагогикалық-психологиялық әдіс - бақылау, сұхбат, психологиялық диагноз, интервью, күнделік жазу. Ол үшін мектеп карточкаларын зерттеу керек.

Ашық бақылау (педагог пен оқушылардың қарым қатынасына). Жүйелі бақылау (бір аптада, әлде бір жылға), жүйелі емес бақылау яғни кенеттен болған жжағдайға байланысты. Отбасында , құрдастар арасында сұхбат арқылы балалардың жан – жүйесіне байланысты оның сәттілігі әлеуметтік педагогтың шеберлігіне тәуелді.

Анкета – бұл әдіс арқылы тәрбиеленуші туралы ақпарат жиналады. Оның қызығушылығы, ерекшелігі, психикалық даму проблемасы, бұрынғы тәртібін анықтау. Демек бұл педагогикалық қызметі анықтауға көмек береді. Тәрбиеші өзіне қолайлы жағдайларда көмек беруі керек. Анкета сұрақтарының келесі бағытта классификациясын жасайды. Болашаққа жоспары, тәртіп еріктері, әлеуметтік жағдайлары, білім деңгейі, ақпарат алмасу деңгейлері.

Интервью – алдын ала білетін сұрақтарға жауап беру, сұрақтар бір тақырыпта болады.

Тест - әр түрлі, бұл сұрау, бақылау, эксперименттік тапсырма беру түрінде өтеді.

Әлеуметтік педагогиканың негізгі функциялары.

Әлеуметтік педагогиканың нақты функцияларын қарастырардың алдында кейбір ұғымдарға, әсіресе функция ұғымына тоқталып кеткен жөн. Әлеуметтік тұрғыдан «функция» ( лат. functio - орындау) міндетті, іс-әрекет ортасын, ролін білдіреді. (Словарь иностранных слов. – М.: Русский язык, 1997). Әлеуметтік педагогикаға байланысты осы тұрғыдан қарастырған жөн.

«Әлеуметтік педагогиканың функциясы» және «әлеуметтік педагогтың, қызметкерлердің» функционалды міндеттері сияқты ұғымдарға көңіл аударған жөн, өйткені кейде оларды шатастырып алу, орындарын ауыстырып алуы байқалады.

Әдете, нақты ғылымның алдында тұрған және белгілі бір зерттеу обьектілерне бағытталған мақсаттары мен міндеттері функцияны анықтауға негіз болады.

Теоретикалық - танымдық және қолданбалы функцияларды негіз ретінде алып солардың ішінде олардың құрамын анықтап, қысқаша сипаттап көрейік.

Теоретикалық - танымдық функция: әлеуметтік-педагогикалық білімнің құрылу принциптерін, құрылымдарын, міндеттерін анықтауды; әлеуметтік-педагогикалық білімнің құрылымдануына және дамуына әкелетін әртүрлі ғылымдардың қол жеткен табыстарының интеграциясын; әлеуметтік-педагогикалық орта туралы ғылыми білімдердің пайда болуының және генезисінің қайнар көзін түсіндіруді; әлеуметтік факторларды бекітуді, олрды жалпыландыруды, түсіндіруді, талқылауды; әлеуметтік педагогикалық болжау, жобалау қайта құрудың принциптері мен әдістерін анықтауды; социумның педагогикалық потенциялын және оны тиімді пайдалану жағдайларын айқындаудың принциптері мен әдістерін анықтауды; әлеуметтік практика және әлеуметтік педагогикалық теориясының тығыз байланыстылығына және тұтастығына жетуге мүмкіндік беретін ғылыми гипотезаларды (болжамдарды) принциптерді верификациялау тәсілдерін әлеуметтік-педагогикалық әдістемесі мен әдістерін жете жетілдіруді; әлеуметтік тәрбиенің тиімділігін арттыру үшін ғылыми тәсілдерді қолдану әдістерін жетілдіруді; әлеуметтік тәрбие және әлеуметтік педагогикалық көмектің алдынғы тәжірибелерін анықтауда анализдеуді және жалпыландыруды қарастырады.

Ғылымның қолданбалы функциясы іс-әрекеттің келесі бағыттарында: тұрғындардың әлеуметтік әлсіз топтарына және көмекті қажет ететін жеке адамдарға әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық қолдау көрсетудің мазмұны мен әдістері туралы кеңестерінде; мектептің балалар тағдырынан, балалардың отбасынан және мектептен, отбасының балалар тәрбиесінен және қамқорлық көрсетуден жатсынуын жеңуге болатын әдістерін қарастыруда; тәртіп нормаларынан ауытқуы бар тұлғаларды әлеуметтік профилактикалық және реабилитациялау әдістерін жетілдіруде; социумның педагогикалық потенциялын айқындау және активизациялау әдістерін жетілдіруде; балалар мен жасөспірімдердің клубтарының және бірлестіктерінің жұмыстары туралы ұсыныстарда көрініс табады

Қолданбалы функциялардың ішінде әртүрлі деңгейдегі заң шығарушы және басқарушы органдарымен байланысқан функциялар ерекше рөл атқарады: елдің және аймақтың әлеуметтік саясатының приоритеттерін айқындауға ықпалы (әлеуметтік қалыптастырушы және өзгертуші функция); маңызды әлеуметтік стандарттарды, нормаларды, дәстүрлерді сақтау және қайта жаңғырту гуманистік әлеуметтік мәдениетті трансляциялау функциясы; әлеуметтік институттардың ведомствалық бытыраңқылығын жеңу үшін қоғамның тәрбиелік күшін консолидатцияға байланысты жұмыс. Егер кез-келген функцияның атауы, функцияның классификациясы нақты тұлғаның шығармашылық әрекетінің нәтижесі болып табылса және салыстырмалы деңгейде ғалымның проблеманы көру позициясына, құрылымдау және зерттеу әдістеріне немесе басқаша айтқанда – субьективті факторлармен байланысты болса, онда функцияның негізін анықтауда соңынан практика, қоғамдық талаптар, әлеуметтік-педагогикалық жағдайлардың ақиқаттылығы сияқты обьективті факторларға келіп тіреледі.

Әлеуметтік педагогтың функцияларына мыналар жатады. Олар: тәрбиелік функциясы, яғни әлеуметтік педагог клиенттердің мінез – құлқы мен қызметтеріне тәрбиелік негізде әсер етуді қамтамасыз етеді. Диагностикалық функция, яғни әлеуметтік педагог адамдардың қабілеттерін, психологиясын, жеке ерекшеліктерін зерттейді. Адамдар арасындағы қатынастардың сипатына әлеуметтік негізде диагноз қойып, оңды және келеңсіз мәселелерді көрсетіп береді. Ұйымдастырушылық функция, әлеуметтік педагог әлеуметтік іс – әрекетті, инициативаны, шығармашылықты ұйымдастырады. Болжамдық функция, әлеуметтік педагог әртүрлі институттардың қызметіндегі, нақтылы микроортадағы әлеуметтік даму прцесін бағдарлауға қатысады.

Профилактикалық және әлеуметтік терапевтік функция, мұнда әлеуметтік педагог алдын ала ескертудің әлеуметтік құқықтық заңды және психологиялық механизмін әрекетке келтіреді. Клиенттің құқықтарын қорғап, оларға қажет жағдайда әлеуметтік терапевтік көмек көрсетуді ұйымдастырады. Ұйымдастырушылық – коммуникативтік функция, мұнда әлеуметтік педагог адамдарды әлеуметтік жұмысқа, бірлесіп еңбек етуге, демалуға, жеке және іскер байланыстарға қатынастыруға мүмкіндік тудырады. Сақтандыру функциясы, мұнда әлеуметтік педагог құқықтық нормалардың арсеналын клиенттің мүдделері мен құқықтарын қорғау үшін қолданады. Сонымен бірге әлеуметтік педагогтың әлеуметтік роліне келетін болсақ, олар клиенттерге көмекші ролін, терапевт адвокат, отбасының сүйеніші, конфликтолог, эксперт, қоғамдық қызметкер рөлін де атқара алады.

Қазіргі кезде әлеуметтік педагогиканың әлеуметтік қарым -қатынастарды тәрбиелеудің және әлеуметтік саясаттың әдістерін реттеумен байланысты функциялары, және сонымен қоса жеке адамды не топты әлеуметтік алдын алу (профилактикалау) және реабилитациялау мәселелерімен байланысқан функцияларының рөлі және осы процестердегі білімнің рөлі ерекеше.