ҚОСЫМША Ғ. «Педа г о г ика тарихының» әдістемесі.
Педагогика тарихы тәрбиенің, тәрбие мәселелерімен айналысатын мекемелердің және педағоғикалық теориялардың дамуын зерттейді.
Тәрбие мәселелерін дұрыс шешу тәрбие және оқыту теориясы мен практикасының өткенде қалай дамығанынан мұғалімнің хабардар болуын керек етеді. Өткен дәуірлерде алдыңғы катарлы педагогтар мен көрнекті ойшылдар тәрбие мәселесінде көптеген бағалы педагогикалық идеяларды ұсынды. Оларды сын көзімен қарап зерттеу болашақ мұғалімдердің педагогтық дайындығын күшейтеді.
Педагогика тарихы мұғалімнің педагогикалық білімі мен шеберлігінің қалыптасуына әсер етеді, олардың тәрбие мәселелерін дұрыс шешуіне көмектеседі.
Педагогиканың дамуы мен пайда болуын және мектептің даму тарихын білу аркылы мұғалім мектептерде жинақталған бай тәжірибемен танысады, сол арқылы ол өзін мұғалімдік қызметке даярлайды. Бұл пәннің деректі материалдары мен тұжырымдары болашақ мұғалімнің ой-өрісін кеңейтеді, оларды педагогиканың классикалық шығармаларымен таныстырады, тәрбиенің жастарды тәрбиелеу салаларының басқа түрлерінен артықшылығын және зор күшін көрсетеді. Педагогика тарихын терең меңгеру аркылы болашақ ұстаздар мектеп теориясы мен тәжірибесінің дидактикалық және тәрбие мәселелерін байыпты ойластыра карастырып шешуге үйренеді. Осылай педагогика тарихы болашақ ұстаздарды халық ағарту ісі мен педагогикалық идеялар және педагогикалық әдебиеттермен кең және әр жақты каруландырады.
Мектеп тәжірибесі мен педагогикалық ой-пікір коғам дамуының әлеуметтік-экономикалык талаптары мен дәрежесіне тәуелді болады деген объективтік заңдылыққа сүйене отыра, педагогика тарихының зерттеушілері мектеп білімінің мазмұнын, ұйымдастырылуы мен әдістерін қайта құрудың, педагогикалық көзқарастардың өзгеріп отыруының шын себептерін ашып отырады.
Педагогика тарихын зерттеушілер өткен замандардағы мектеп пен педагогика тарихын зерттеп, ғылыми бағалауда біраз жұмыс істеді.
Педагогика тарихы өткендегі педагогикалық жүйелердің барлық алдынғы қатарлы және прогрессивті жақтарын шығармашылық түрде пайдаланады.
Педагогика тарихы педагогика ғылымы мен мектеп тәжірибесінің дүние жүзілік маңызын және оның адамзаттың прогрессивтік педагогика ғылымының дамуындағы ерекшелігін ашып керсетеді. Педагогика тарихының курсы төрт бөлімнен тұрады:
Шетелдердегі мектеп және педагогиканың тарихы.
КСРО халықтары мектебі мен педагогикалық пікірлерінің тарихы (1917 жылға дейін).
КСРО және басқа социалистік елдердің мектебі мен педагогикасының тарихы.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстандағы мектеп пен педагогиканың тарихы.
Алғашқы қоғамдағы тәрбие. Тәрбие — адам қоғамында ғана болатын қоғамдық құбылыс, адамдардың саналы әрекеті. Ол алғашқы қоғамдағы еңбек пен материалдық өмір процесінде пайда болды. Қоғам дамуының алғашқы баскышы — рулық қоғамға дейін адамдар табиғаттың дайын заттарымен қанағаттанды, аң аулаумен шұғылданды. Адам қоғамының, адамның өзінің дамуында еңбектің әсері өте зор болды. Ф. Энгельс «Мемлекеттің жеке меншіктің және отбасының шығуы» және «Маймылдың адамға айналуында еңбектің ролі» атты еңбектерінде адамның өзін жасаған енбек екенін дәлелдеді. Ол еңбек процесі еңбек құралын жасаудан басталады деп түсіндірді. Ал қарапайым еңбек кұралдарын жасау, оны пайдалануды меңгеру ересек адамдар тарапынан жастарды үйретуді, яғни тәрбиелеуді қажет етеді.
Ф. Энгельс алғашқы дәуірде балалар ортақ коғамдық болды, өйткені жеке отбасы болған жоқ деп көрсетті. Сондықтан балаларды тәрбиелеу де алғашқы қоғам мүшелерінің ұжымдық жұмысы болды.
Еңбек процесінде, ересектермен күнделікті қарым-қатынас жасауда, балалар өмірге қажетті дағдылар мен еңбек әрекеттерін меңгерді, халықтың әдет- ғұрыпымен танысты, алғашқы қоғамдағы адамдардың өміріндегі салт-сананы сақтауға үйренді.
Алғашқы қоғам тапсыз болды, соған сәйкес тәрбие де барлық адамдарға ортақ, бірдей болды. Алғашқы қоғамның дамуының белгілі сатысында тек ер бала мен қыз балаларға берілетін тәрбиеде ғана кейбір айырмашылықтар кездесті. Ер балалар ер азаматтармен бірге қару-жарақ жасауға, аң, балык аулауға қатысты, ал қыз балалар әйелдермен бірге тамақ әзірлеуге, киім тігуге араласты.
Алғашқы қоғам дамуының белгілі сатысында мал бағу, егін салу, колөнері кәсібі пайда болды. Өндіріс күштерінің дамуымен және адамдардың еңбек ету тәжірибесінің кеңеюімен катар, тәрбие де күрделене түсті, ол жан-жақты және жоспарлы іске айналды.
Рулық қоғамда балалар мал бағуға, егін егуге, қолөнеріне үйретілді. Осыған сәйкес тәрбиені ұйымдастыру қажет болды. Балаларды тәрбиелеу ең тәжірибелі адамдарға жүктелді. Ертегі, ойын және өлең ол дәуірдегі мінез-құлық тәрбиесінің құралына айналды. Әскери тәрбиенің алғашқы элементтері, садақ ату, найзаласу, салт атқа міну т. б. шыға бастады.
Тәрбиені ең тәжірибелі адамдарға жүктеу, оның мазмұнының кеңеюі - рулық қоғамда тәрбиенің қоғамдық еңбектің бір саласына айнала басталғандығын көрсетеді.
Жеке меншіктің, құлдықтың және жеке отбасының шығуына байланысты алғашқы қоғам ыдырай бастады. Енді қоғамдық тәрбиемен қатар, жеке отбасы тәрбиесі шықты. Қоғамды билеуші топтар: жрецтер (дін басшылары), көсемдер, ақсақалдар пайда болып, олар еңбекке баулу тәрбиесінен білімғе үйрету тәрбиесін бере бастады. Жер өлшеу, өзендердің тасуын алдын ала болжау, адамдарды емдеу т. б. сол сияқты білімдерді олар өздері менгеріп, өздерін ерекше адамдар етіп көрсетті. Бұл білімдерді үйрететін арнаулы мекемелер (мектептер) ашылды. Ол мекемелерде үстем таптың балалары тәрбиеленді. Ал еңбекшілердің балалары ата-аналарынан еңбекке баулу тәрбиесін алумен қанағаттанатын болды.
Құлдық қоғамдағы тәрбие және мектеп.
Адам қоғамы дамуының белгілі сатысында алғашқы қоғам орнына құлдық қоғам пайда болды. Солтүстік Африкада Египеттен бастап Оңтүстік Азияда Қытайға дейінгі ертедегі Шығыс жерінде бірнеше құл иеленуші мемлекеттер пайда болып, ертедегі мәдениет дамыды, Қытай, Индия, Египет, Кіші Азия жерінде алғашқы мектептер құрылып, онда үстем таптың балалары тәрбиеленді.
Қолдан суарып егін егумен шұғылданған жергілікті халық өзендердің суы таситын мезгілдерін дұрыс пайдалануға тырысты. Жыл мезгілдерді санау арқылы алдын ала болжау, су бөғеттерін салу әр түрлі ғылымдардың (астрономия, ғеометрия, арифметика, медицина) дамуына себеп болды. Діни мектептермен катар кітап көшірушілер даярлайтын мектептер де пайда бола бастады. Сол дәуірден сақталған кейбір қолжазбаларда тәрбиенің мақсаты, оған қойылатын талап туралы, балалардың мінез-кұлқы жөнінде құнды пікірлер айтылған.
Осы ертедегі Шығыс мәдениеті ертедегі Греция және Рим мәдениетіне тікелей әсерін тигізді. Ертедегі Греция бірнеше кұл иленуші ұсақ мемлекеттен құрылды. Ішіндегі ірілері Аттика (орталығы Афины) және Лакония (орталығы Спарта) болды.
Спартада кұлдарды қатал қанауға негізделген егін шаруашылығымен кәсіп етті. Сондықтан бұл елде құлдардың көтерілісін қатал күшпен басатын әскери шыңдалған кұл иеленушілер даярлауға көп көңіл бөлінді. Спартада үстем тап балаларына әскери тәрбие берілді. Құл иеленушілердің балалары 7-ден 18 жасқа дейін мемлекеттік тәрбие мекемелерінде тәрбиеленді. Бұл мекемелерде дене тәрбиесіне ерекше мән берілді. Балалардың денесін шынықтыру, аштыққа, суыққа, шөлге, қиындыққа шыдамды етіп жаттықтыру, әскери жаттығуларға үйрету (жүгіру, секіру, күрес, жекпе-жек, әскери әндер айту, найзаласу ойыны жүргізілді. Әскери ойындар ұйымдастырылды, музыка, ән айту және діни билер үйретілді. Мұнда оқу және жазуға үйретуге өте аз көңіл бөлінді. Спарта тәрбиесінің мақсаты — қатаң тәртіпке және құлдарға деген қайырымсыздыққа тәрбиелеу болып табылды.
Моральдық және саяси тәрбие беру мақсатымен ерлік және қажырлылық жөнінде арнаулы әңгімелер жүргізілді. Балалар анық және қысқа сөйлеуге үйретілді. 18—20 жастағы жігіттер әскери қызметке алынды. Қыз балаларға да әскери және дене тәрбиесін беруге көп көңіл бөлінді.
Афинада біздің жыл санауымызға дейінғі V—IV ғасырларда ғылым және мәдениет едәуір дамыды. Әсіресе, жаратылыс, математика, тарих, скульптура, кұрылыс өнері өркендеді. Бұл Афинаның ертедегі Шығыс елдерімен тығыз сауда жасауына байланысты болды. Афинада дене тәрбиесімен катар басқа тәрбие түрлеріне де көп көңіл бөлінді. Құл иеленушілердің балаларына жан-жақты тәрбие (ақыл-ой, моральдық, эстетикалық және дене тәрбиесі) берілу керек деп есептелінді.
Құл иеленушілердің жеті жасқа толған ер балалары мектепке оқуға алынды. Қыз балалар отбасында ғана тәрбиеленіп, ұй жұмыстарына үйретілді. Ер балалар 7-ден 13—14-жасқа дейін грамматист және кифарист мектептерінде оқыды. Бұл мектептерде ер балалар екеуін де бірдей қатарынан немесе әуелі грамматист, кейін кифарист мектебінде оқыды.
Афинада мектептерді жеке адамдар ашып, балаларды оқытқаны үшін ақы алатын болды. Грамматист мектебінде оқуға, жазуға және санауға үйретті. Кифарист мектебінде музыкаға, ән, тақпақ айтуға жаттықтырды. 13—14 жасында ер балалар палестра (күрес) мектебіне көшіріліп, онда 2—3 жыл дене шынықтыру жаттығуларының жүйесімен (жүгіру, секіру, күрес және найзаласу) таныстырылды, жүзуге үйретілді. Мектепте саяси және моральдық тақырыптарға әңгімелер өткізілді.
Ерекше бай отбасыларының балалары әрі қарай гимназияда философия, саясат және әдебиетпен танысып, мемлекеттік баскару ісіне араласу үшін белгілі дайындык алды. 18 және 20 жастағы жастар әскери дайындық алумен катар саяси білімдерін дамытты. Олар бекіністер салу, қала гарнизонында әскери қызмет атқару, теңізде жүзу ісімен шұғылданды.
Құл иеленушілерден басқа жай халықтың (демостың) өз балаларын мектепке оқытуға көбінесе мүмкіндігі болмады. Олар балаларын қолөнеріне үйретті, кейбіреулері сауатын ашумен ғана қанағаттанды. Ал кұлдар тек «сөйлейтін кұрал» ретінде бағаланды.
Ертедегі грек ғалымдары мен философтары Платон және Аристотель өздерінің еңбектерінде тәрбие мен окыту туралы өте құнды пікірлер қалдырды. Олардың бұл пікірлері педагогика ғылымының дамуына себеп болды.
Көрнекті грек философы Платон (біздің заманымызға дейінгі 427—347 жылдары өмір сүрген) тәрбиені мемлекет тарапынан ұйымдастыру керек деп есептеді. Өзінің педагогикалық пікірінде ол Спарта және Афина тәрбиесін ұштастыруға тырысты. Платон мектепке дейінгі тәрбиенің қоғамдық болуын жактады. 3-тен 6 жасқа дейінгі балалар тәрбиешілердің басқаруымен уакытын ойын алаңдарында өткізуі тиіс деп санады. Мектепке дейінгі тәрбиеде Платон ойынның ролін өте жоғары бағалады. Сонымен бірге балаларға айтылатын әңгімені мазмұн жағынан іріктеп алуды талап етті. Платон қыз балалардың дене тәрбиесіне ерекше мән берді, жақсы үлгі арқылы тәрбиелеуді жақтады. Мемлекет тарапынан тәрбие берудің белгілі жүйесін ұсынды.
Афина аристократиясының өкілі Платон құлдардың балаларына білім беруге қарсы болды, жалпы дене еңбегі құлдардың төл ісі, сондықтан болашақ философтар мен әскерлер дене енбегі туралы мүлде ойламауы керек деп есептеді.
Атақты грек философы және ғалымы Аристотель (біздің заманымызға дейінгі дәуірдің 384—322 жылдары өмір сүрген) мемлекеттің түпкі мақсаты барлық адамдарға тәрбие беру деп білді және тәрбие беруді мемлекеттік іс деп санады. Ол қоғамдық тәрбие мен отбасындағы тәрбиенің өз ара байланысты болуын жақтады. Адамның туғаннан даму мүмкіндігі болады. Ал ол даму тәрбиенің нәтижесінде жүзеге асырылады. Аристотель барлық адамдарға тәрбие беру мемлекеттің мақсаты дегенде құлдарды ескермеді, оларды «сөйлейтін құралдар» деп санады.
Аристотель ең алғаш рет баланың дамуын белгілі кезеңдерге бөлді (жеті жасқа дейін, жетіден 14 жасқа дейін, 14-тен 21 жасқа дейін). Жеті жасқа дейінгі дәуірде бала үйде тәрбие алады. Мектепке дейінгі тәрбиені ұйымдастыру жөнінде Аристотель кейбір кұнды пікірлер ұсынды. Жас ерекшеліктеріне сай тамақтандыру, дене қозғалысының қажеттілігі, денені шынықтыру, баланың тәрбие алатын ортасын ескеру көрсетілді.
Жеті жастан бастап ер балалардың мемлекеттік мектепке баруы, онда алдымен дене тәрбиесіне көңіл бөлінуі талап етілді. Дене тәрбиесінде жаттығулардың жеңіл, балалардың күшіне тимейтіндей болғаны дұрыс деп санады.
Аристотель тәрбиенің әр түрлі салаларының (дене, ақыл-ой және моральдық тәрбиенің) байланысты болуын жақтады. Дене тәрбиесімен катар оқуға, жазуға, сурет салуға, музыкаға үйреткен дұрыс. Мектепте бала елеулі білім алуы керек: әдебиетті, грамматиканы, тарихты, философияны, математиканы, астрономияны, музыканы оқуы керек деп есептеді. Мұндай дәрежеде әйелдерге де білім беру қажет деп санамады. Моральдық тәрбие беруде Аристотель моральдық дағдылар мен мінез-құлыққа жаттықтыруға үлкен мән берді. Моральдық тәрбиенің үш көзі — табиғи нышандар, моральдық дағдыларды және сананы дамыту керектігін айтты. Моральдық тәрбие беруде отбасының ролін ол өте жоғары бағалады. Тәрбие жөніндегі Аристотельдің пікірлері кейінгі дәуірлерде педагогикалық ой-пікірлердің дамуына үлкен әсер етті.
Ертедегі Рим мемлекетінде кұл иеленудің дамуы халықтың үстем тапқа және қаналушы тапқа бөлінуіне әкеп соқты. Осыған сәйкес мектептер, элементарлық және одан жоғарырақ грамматикалық болып екіге бөлінді. Элементарлық мектептерде құлдардан басқа еркін халықтың (плебейлердің) балалары да окитын болды. Бұл мектептерде окуға, жазуға және санауға үйретті. Үстем таптың өкілдері балаларына алғашқы білім беруді үйде ұйымдастырып, бірден ғрамматикалық мектептерғе берді. Бұл мектептер жеке адамдар ұйымдастырған, оқу акысын төлеуді керек ететін мектептер болды.
Грамматикалық мектептерде латын тілінің грамматикасы, грек тілі, риторика (әдебиет және тарих мәліметтерін бере отырып, шешендікке баулу) окытылды. Кейінірек риторика мектептері пайда болды. Бұл мектептерде өте жоғары оқу ақысына риторика, философия, заң, грек тілі, математика және музыка сабақтары оқытылатын болды. Осы мектепті бітірушілер жоғары мемлекеттік қызметтерді атқаруға қажетті дайындық алды. Ертедегі Рим педагогтарының ең көрнектісі Марк Фабий Квинтилиан болды (біздің заманымыздың 42-118 жылдары өмір сүрген.) Ол - «Шешендікке тәрбиелеу туралы» деген еңбектің авторы. Қвинтилиан өз дәуіріндегі грек, рим философиясы және педагогикасымен жақсы таныс болды. Өз еңбегінде ол риторика мектебінде мұғалім болып істеген бай тәжірибесін қорытты.
Квинтилиан балалардың табиғи нышандарын жоғары бағалады. Балалар мектепте тәрбиеленуі керек, мұғалім әр балаға ерекше көніл бөлуі кажет деп есептеді. Мұғалімнің білімді, ұстамды, балаларға үлгі болуы және оларды жете білуі қажет деп санады.
Квинтилиан балалардың тілін дамытуға ерекше мән берді. Ол үшін ерте бастан олардың сөйлеуіне көңіл бөлуді талап етті, тілді және музыканы оқыту баланың дұрыс сөйлеуін дамытады деп санады. Баланың логикалық жүйелі түрде ойлауын дамыту үшін математиканы оқытуды қажет деп есептеді. Балаларға берілетін білімнің негізі берік болуын талап етті. Квинтилианның педагогикалық еңбектері өте жоғары бағаланды.
Феодалдық қоғамдағы тәрбие мен мектеп. Феодалдық қоғамда үстемдік етуші сословиялар феодалдар мен дін иелері болды. Олар бүкіл жердің және өздеріне бағынышты шаруалардың қожасы саналды. Феодалдық қоғамның негізгі тірегі - дін мекемелері (шіркеу). Орта ғасырда Қытай мен Индияда, Таяу Шығыс пен Европада ересектер мен жастарды оқыту мәселесі діни ұйымдардың (шіркеудің) қолында болды, білім діни мазмұнда берілді. Барлық халықтарда дін қарапайым адамдарды үстем тапқа бағынуға үгіттеді.
Иранды, Сирияны, Палестинаны, Египетті, Африканың солтүстік жағалауын VII-VIII ғасырларда арабтар жаулап алып, ірі мемлекет құрды. Бұл мемлекет Қытаймен, Индиямен, Европамен экономикалық байланыс жасады. Арабтар жаулаған жердің халықтарының мәдениеті ертеден дамыған болатын, ол мәдениетке енді жаулаушылар ие болды.
VIII ғасырда арабтар Пиреней жарты аралын жаулады, соның нәтижесінде Батыс Европа жерінде мұсылман мектептері ашылды. Пиреней жеріндегі Кордова халифаты арқылы Батыс Европаға ертедегі Шығыс мәдениеті тарады. Соның ішінде Аверроес деген атпен әйгілі болған араб философы Ибн-Рошданың түсіндірмесі арқылы Аристотельдің еңбектері тарай бастады.
IV ғасырда Рим империясы Батыс және Шығыс империя болып екіге бөлінді. Батыс империя бірнеше ұсақ мемлекеттерге бөлінді. Шығыс империя Византия деген атпен мың жылдай сақталды. Бүкіл Византия мәдениетінің діни сипатта болуына қарамастан, онда ертедегі Шығыс мәдениетінің кейбір элементтері сақталды. Шіркеу жанындағы мектептермен катар, кейбір калаларда жоғары мектептер болды, ол мектептерде діни кітаптар, ертедегі Шығыс философтарының, акын-жазушыларының еңбектері оқытылды.
Византия мәдениетін Шығыс Европа жеріне таратуда славяндар үлкен роль атқарды. Ол мәдениет ертедегі Русь жеріне де тарады. Бірнеше ғасырлар бойы Батыс Европа елдеріне католик шіркеуі күшті әсер етті. Олар бүкіл оқыту мәселесін өз қолында ұстады. Орта ғасырлық монастырьларда дінді тарату максатымен діни кітаптар қолдан көшіріліп, көбейтілді. Кітап көшіретін адамдар даярланды, кітапхана және мектептер кұрылды. Алдымен монастырь мектептері, кейін собор мектептері ашылды. Кейбір шіркеулердің жанында да мектептер ашылды. Бұл мектептерде ер балалар ғана оқыды. Шіркеу мектептерінде латын тілінде дұға оқуға, діни әндер айтуға, кейде жазуға үйретті. Оқу тек қана латын тілінде болғандықтан, балалар оқығандарының мазмұнын түсінбеді.
Монастырь және собор мектептерінде мұғалімдік қызметті діни қызметкерлер атқарды. Мектептерде оқудың белгіленген мерзімі болмады. Шіркеу мектептерінде оқу мерзімі бес және одан да көп жылға созылды. Онда балалармен бірге жастар да оқыды. Окуға пайдаланатын діни кітаптардың мазмұны балаларға өте ауыр тиді және олар колдан көшірілгендіктен, біреудің жазуын айырып оқу өте қиындық келтірді. Құстың қауырсынынан жасалған қаламмен жазу да ауыр еді. Мектептерде ұрып жазалау көп қолданылды. Төменгі мектептерге алғашқыда дін иелерінің балалары ғана окуға алынса, XI ғасырдан бастап басқа сословияның балалары да алынатын болды. Бірақ халықтың негізгі көпшілігінің балалары мектепте оқуға қамтылмады, олардың балалары ата-аналарының енбегіне араласу арқылы ғана тәрбиеленді.
Монастырь және собор мектептерінде білім берудің көлемі бірте-бірте кеңейтілді. Грамматика, риторика, діни философияның негіздері (диалектика) енгізілді. Арифметика, геометрия, астрономия және музыканы окытатын мектептер де болды. Бұлардан басқа дін ілімі оқытылды, дін «ғылымның негізі» деп саналды.
Әсіресе, грамматиканы оқуға көп көңіл бөлінді (латын тіліндегі грамматикалық формаларды жаттау, діни кітаптарды талдау). Риториканың міндеті дінді уағыздауға даярлау болды. Диалектика окушыларды діни тақырыпта таласуға, діни қағидаларды қорғауға даярлады. Барлық оқытылатын пәндердің мазмұны діни сипатта берілді.
Феодалдардың балаларына берілетін тәрбие басқаша болды, феодал тәжірибелі әскер болуы, шаруалар көтерілісін қатаң түрде басуы керек болды. Сондықтан олардың балаларын тәрбиелеуде әскери әрі дене тәрбиесіне көп көңіл бөлінді: оның бағдарламасы «жеті серілік өнерді» қамтыды (атқа салт міну, жүгіру, қылыштасу, найзаласу, аң аулау, шахмат ойнау, өлең шығару), Окуға және жазуға үйрету міндетті деп есептелмеді.
XII-XIII ғасырларда Батыс Европадағы мемлекеттер арасында экономикалық байланыс кеңіді, қалалар пайда болды, колөнері мен сауда дамыды. Экономикалық даму терең білімнің болуын қажет етті, осыған байланысты университеттер ашылды. XII ғасырда университеттер Италияда, Францияда, Анғлияда тағы басқа елдерде, XIV ғасырда Чехияда (Прағада), кейінірек Польшада (Краковта) ашылды.
Орта ғасырда ғалымдардың инициативасымен университеттер ашылды. Ішкі жұмыстарын олар өздері басқарып, басшы қызметкерлерді де өздері сайлайтын болды. Материалдық көмек көрсету жолымен университеттерге шіркеу өз билігін жүргізуғе тырысты. Кейінірек университеттерге шіркеудің әсері күшейе түсті. Негізгі факультет дін факультеті болды. Орта ғасырдағы университеттерде 4 факультет болды. Дайындык, факультетінде грамматика, риторика, философия, арифметика, геометрия, астрономия және музыка оқытылды. Бұл факультет орта мектептің кызметін атқарды, оқу мерзімі 6-7 жылға созылды. Әрі карай үш негізгі факультеттің біреуінде (дін, медицина және заң факультеттері) 5-6 жыл оқитын болды. Университетте оқудың негізгі түрі лекция болды және диспуттар ұйымдастырылды.
Қалада қолөнерінің және сауданың дамуына байланысты колөнершілер цех мектептерін, сауда қызметкерлері гилдия мектептерін ашты. Бұл мектептерде ана тілінде оқу және жазу үйретілді, есеп және дін сабақтары оқытылды. Қейін бұл мектептер бастауыш қала мектептеріне айналды.
Арабтар жаулап алуының нәтижесінде ислам дініне бағынған халықтарда мектеп және медреселер ашылды. Мектеп мешіттің жанынан ашылып, ер балаларға бастауыш дін білім берді, ал медресе діни кызметкерлермен бірге үкімет қызметіне де әзірлейтін болды. Мектептегі негізгі міндет балаларды құранның тексін оқуға үйрету еді. Оқу балаларға түсініксіз араб тілінде жүргізілді. Құранды басқа тілге аударуға тыйым салынды. Мұсылман мектептері балаларды құдайға, құдай калаған үкіметке бағынуды талап етті.
Балалар алдымен араб тіліндегі барлық әріптің атын білуге тиісті болды. Әріптерді қосып оқымастан бұрын, әріптердің атын қосуға жаттықтырылды. Оқудың негізгі әдісі жаттау болды. Жазуды тек қана кітап көшіретіндер ғана меңгере алды. Жазу құралдары өте нашар болды. Кейбір медреселерде орта біліммен қатар, жоғары білім де берілді. Алдымен медреседе арабтың әдеби тілін меңгеру міндеттелді. Әр халықтың ана тілі оқытылмады. Логика оқытылды, мұсылман діні жөнінде кең білім берілді. Медреседе екі бағытта білім берілді (дін және заң). Медресеге мұғалім болғысы келгендер араб философиясымен шұғылданды. Дін және заң қызметімен шұғылданатындардың негізгі сүйенетіндері құран болды. Сондықтан медреседегі оқудың негізгі мазмұны құранды үйрету еді.
Құранның араб тексін түсінуді оңайлату максатымен Иранда және Орта Азияда оны парсы, тәжік тілінде түсіндіру жүзеге асырылды.
Құранға діни түсінік берушілер оны кұдай жасағанын, жерді және адамды кұдай жаратқанын түсіндірді, ал құранға заң ретінде түсінік берушілер сауда, неке және мұрағерлік туралы зандылықтарды уағыздады.
Медреседе лекцияға аз көңіл бөлінді, шәкірттерге өздері оқу үшін тапсырма өте көп берілді. Оқығанын әңгімелеп шығу және жаттау әдістеріне баса назар аударды. Медресе жаратылыс сабағынан ешбір білім бермеді, математика аз окытылды. Медреседе көбінесе үстем таптың балалары ғана оқыды.
Қолөнерін, табиғат жөніндеғі ғылымды, медицинаны, математиканы игеру мектептен тыс жүргізілді. Әскер және дене тәрбиесі, құс салып, ит қосып, аң аулау т. б. спорт ойындары арқылы жүргізілді. Мейрамдарда спорт ойындарынан жарыс ұйымдастырылды. Соғыс, жорық туралы, батырлардың ерлігі туралы әнгімелер арқылы балаларға моральдық тәрбие берілді.
Мұсылман мектептерінде балаларды қорқытып ұстау, ұрып жазалау үлкен орын алды.
Орта ғасырлық шығармалардың ішінде педагогикалық мазмұнда жазылғандары да кездеседі. Соның бірі - ескі тәжік тілінің диалектісінде жазылған XI ғасырдағы «Кабус-намэ». Бұл шығарма әкенің баласына өсиеті ретінде болғандықтан, бірнеше шығыс халықтарының тіліне аударылды.
Кейінгі дәуірлерде ана тілінде оқыту мәселесі қолға алына бастады. Бұдан мың жыл бұрын ислам дінінің негізін парсы-тәжік тілінде түсіндірген оқулық «Чор-китаб» дүниеге келді. Кейінірек діни өлеңдердің жинағы түркмен, ескі өзбек тілінде басылып, оқулық ретінде пайдаланылды.
Халық педагогикасы ауыз әдебиеті арқылы ұрпақтан ұрпаққа беріліп, жастарды тәрбиелеуде үлкен қызмет атқарды. Шығыстағы мұсылман халықтарында мынадай мақалдар кездеседі: «Білмеген айып емес, оқымаған айып», «Таяқ еттен, сөз сүйектен өтеді», «Атаның ұлы ғана болма, халықтың ұлы бол» т. б.
Қазақ жеріндегі мұсылман мектептері оқушылар құрамы жағынан кішігірім мектептер болды. Көбінесе олар киіз үйге орналасты, мектеп жабдықтары мен оқу кұралдары болмады. Байлардың қаражатына қалаларда салынған медреселер ғана арнаулы үйлерге орналасты. Бұл мектептерде оқу жоспары, оқу бағдарламалары және тұрақты сабақ кестелері болмады. Мектептерде діни кітаптардың мағынасына түсінбей, тек қарасын оқып білу үйретіліп, балаларға ешқандай ғылыми білімдер берілмеді. Өйткені оқу ана тілінде жүргізілмей, балаларға түсініксіз араб тілінде жүргізілді. Оқушылар араб әріптерін оқып үйрену үшін айлап, жылдап уақыт кетірді. Қөптеғен мектептерде оқуды хат танитын сауаты ғана бар молдалар оқытты. Олардың ұстаздық қызметке ешбір даярлығы болмайтын. Оқудың басталатын белгілі уақыты болмағандықтан, әр бала қалаған уақытта мектепке алынып, молда олардың әрқайсысын жеке оқытты. Балалардың бәрі бір киіз үйде отырғаны болмаса, олардың әрқайсысы жеке тапсырма алды. Мектеп пен медреселерде оқығаны үшін балалар ақы төледі. Шәкірттер аптасына бір рет бейсенбі сайын молдаға ақшалай және заттай ақы төлеп тұрды. Ал оқу аяқталғанда бағалы сыйлықтар беруге тиісті еді.
Бірте-бірте мектептерде ана тілінде ғылыми білім беретін пәндерді оқытуда жаңа әдістерді қолдану орын ала бастады. Жаңа әдіспен оқытқанмен оларда ескі мектеп, медреселер сияқты діни догмаларды тарататын және ислам дінін нығайту үшін мұсылман миссионерлерін даярлау жолында қызмет ететін мектептер болды.
Қайта өрлей дәуіріндеuі мектеп және педагогикалық ойлар.
Қайта өрлеу дәуірінде сауданың, қаланың дамуымен бірге тоқыма өндірісі өркендеді, капиталистік өндіріс кәсібі дамыды, буржуазия табы туды. Бұл өзгерістер ғылымның дамуын талап етті. Қайта өрлеу дәуірінде математика, астрономия, механика, география, жаратылыс ғылымдары дамыды. Ғылымның әр саласынан жаңалықтар ашылды. Европада кітап басу пайда болды. Америка және Индияға теңіз жолы ашылды. Энгельстің айтуы бойынша, бұл дәуір Папаның діни диктатурасын күйреткен, ескі Шығыс мәдениетін жарыққа шығарған, өнердің даму дәуірі болды. Гуманистер жаңа тап - буржуазияның мүддесін жақтады.
Гуманист педагогтар балаларға дене тәрбиесін, эстетикалық тәрбие, математика, астрономия, механика, жаратылыс ғылымдарын оқыту арқылы білім беруді талап етті. Олар баланы бағалауды жақтады. Бұл дәуірде қолөнершілер мен сауда қызметкерлерінің балалары үшін ашылған қала мектептерінде оқу ана тілінде жүргізілді. XVI ғасырда бастауыштан жоғары латын мектептері және орта мектептер ашыла бастады (коллегиум, гимназия). Бүл мектептердің оқу мерзімі 8-10 жыл болды, оларда тек үстем таптың балалары ғана оқыды. Кейбір діни ұйымдар балаларға жаппай бастауыш діни білім беруді жүзеге асырды (Чехия).
Қайта өрлеу дәуірінде Англияның социал утописі Томас Мор педагогикалық ойдың көрнекті өкілі болды (1478-1535 жылдар). Басқа Европа елдеріне қарағанда Англияда капитализм тез қарқынмен дамыды. Тоқыма өндірісінің дамуына байланысты қой өсірудің кең етек алуы жерсіз калған шаруалар мен қолөнершілердің күйзеліске ұшырауына себеп болды. Томас Мор енбекшілердің тұрмысының нашар екендігін көрсетіп, Англиядағы қоғамдық құрылысты батыл сынады. Оның орнына социалистік коғам құруды ұсынды. Томас Mop қоғамдағы үстем таптың өкілдерінен құтылу керек деп санады. Ауыр жүмыстарды қолға түскен құлдар атқаруы керек деп есептеді. Mop тәрбиеге де үлкен мән берді, барлық балаларға коғамдык тәрбие, бастауыш білім беруді жақтады, оқудың ана тілінде оқытылуын қолдады. Мектепте оқуға, жазуға үйретумен қатар арифметика, геометрия, астрономия, музыка, диалектика, жаратылыс сабақтарының оқытылуын талап етті.
Мор дене тәрбиесіне үлкен мән берді. Алғаш рет еңбекке тәрбиелеуді ұсынды. Барлық балалар ауыл шаруашылығы мен колөнерінің бір түрімен шұғылдануы керек деп көрсетті. Жұмыстан бос уакытты кітапханада, мұражайда білім толықтыру үшін пайдалану кажет деп санады. Томас Мордың педагогикалық идеяларының педагогикалық пікірді дамытуда зор әсері болды. Ол жаппай бастауыш білім беруді, әйелдердің ерлермен бірдей білім алуын жақтады.
ҚОСЫМША Д. «Этнопедағоғика» курсын оқыту әдістемесі.
“Этнопедагогиканың” ғылым ретіндегі түсінігіне талдау жасау. Орта ғасыр данышпаны Әл- Фараби: «Адамға ең бірінші керегі білім емес, тәрбие беру керек. Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі» деп айтып өткен болатын. Ғұламаның бұл сөзінен туындайтын тағылым – тәрбиесіз, өнегесіз берілген білім – жетім, жастарды тәрбиелей отырып оқыту, білім беру ғана нәтижелі болмақ. Яғни, осыдан екеуін ұштастыра отырып жүргізгенде ғана адам қалыптасады деген қорытындыға келеміз.
Педагогика ғылымының негізгі қарастыратын мәселесі адам тәрбиесі екені белгілі. Осы кезге дейінгі дамуы барысында ол өзінің теориялық ауқымын кеңейтіп, жаңа мазмұнмен толықтырылуда және зерттеу бағыттарының күрделенуіне байланысты іштей ғылыми жіктелу үрдісі жүруде. Мұның нәтижесінде өзге жеке ғылыми салаларымен қатар оның этникалық педагогика деп аталатын білім саласы қарастырылады.
Халық педагогикасы қоғам дамуының белгілі сатыларынан өтіп, ғылыми педагогикалық дәрежеге жеткенше ұрпақ тәрбиесінің бастау бұлағы, педагогиканың алғашқы құралы және тәрбие жүйесі қызметін атқарып келді. Яғни, осыдан ғылыми педагогикамен халық педагогикасының тәрбие тәсілдеріндегі сабақтастығы, принциптік-идеялық үндестігі туындайды. Бүгінгі әлемдік аренаға жеткен ғылыми педагогика халық педагогикасынан бастау алып, оны ғылыми қажетіне жаратты. Осы қажеттіліктен халықтың эмпирикалық тәжірибесіне негізделген ұрпақ тәрбиелеу тағылымдары - халықтық педагогиканы ой – елегінен өткізіп, зерттеп тәрбие оқу- ісінің өзекті құралы етудің жолдарын және оның шығу, даму кезеңдерін, өзіндік ерекшеліктерін, басқа ғылымдармен байланысын зерттейтін педагогиканың ғылыми бір саласы этнопедагогика пайда болды.
Ал этнопедагогика дегеніміз – этникалық қауым педагогикасының дамуын зерттейтін педагогикалық білімдердің жаңа саласы, белгілі бір халықтың, тайпаның өзіне тән ерекшелігі бар дүниетанымдық, тәрбиелік мәдени мұрасы. Ол халықтың ұрпақ тәрбиелеудегі озат тәжірбиесінің мазмұны мен әдіс-тәсілдерін зерттейтін ғылыми педагогиканың құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады.
Халықтық педагогикаға келетін болсақ ол - белгілі бір халықтың жас ұрпақты тәрбиелеудегі өзіндік ерекшелігі бар ғасырлар бойы қалыптасқан іс –тәжірбиесі. Осы іс-тәжірибені ғылыми тұрғыдан саралап, зерттейтін ғылым-этнопедагогика. Олай болатын болса, этнопедагогиканы халық тәрбиесін зерттейтін ғылым ретінде қарастырамыз.
Халықтық педагогиканы теориялық, әдіснамалық, тарихнамалық проблемаларын зерттеуге өз үлестерін қосқан Г. Н. Волков., А. Рудьт., Е. Л. Христова., А. Е. Измаилов., А. Ш. Гашимов еңбектерін атауға болады. Бұлар «халықтық педагогика» және «этнопедагогика» ұғымдарының ара жігін ажыратып, зерттеу объектілерімен мазмұнын ашып көрсетті.
«Этнопедагогика» терминін алғаш ғылыми айналымға енгізғен чуваш ғалымы Г. Н. Волков1972 жылы болды. «Чуваш халық педагогикасы» және «Этнопедагогика» еңбектерінде ол халықтық педагогикасы проблемасын неғұрлым толық қарастырып, тәрбие пәніне, педагогикалық негіздеріне, әдістеріне, құралдарына анықтама береді. Педагогикалық әдебиетте тұңғыш рет «этнопедагогика» терминін қолдана отырып, оған «жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу жөніндегі халық бұқарасының тәжірибесі туралы отбасы, ұлыс және ұлт педагогикасы туралы ғылым, этникалық тарихи жағдайлардың әсерімен қалыптасқан ұлттық сипаттағы ерекшеліктерін зерттейді» деген анықтама береді. «Этнопедагогиканың», «халықтық педагогикадан» айырмашылығын көрсетіп, егер халықтық педагогика тәжірибеге және оның сипатына қатысты болса, этнопедагогика – теориялық ой, ғылым саласы деп түсіндірді.
Педагогикалық әдебиеттерде этнопедагогиканың маңыздылығын айқындайтын бірнеше анықтамалар бар:
Халық педагогикасын теориялық негіздерін зерттеуші ғалым Е. Л. Христова бойынша: «этнопедагогика»- белгілі бір этникалық қауымдастықты оның ерекшеліктерін есепке ала отырып, тәрбие мен оқытуды зерттейтін педагогикалық пән.
Г. М. Храпченков бойынша: «этнопедагогика»- ұлттық оқу-тәрбие мекемелерімен отбасында жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудің әдістері, тәсілдері, нысандары, мазмұны, міндеті, мақсаты , принциптері, маңыздылығы жайлы ғылыми-эмпирикалық білімдерді оқытатын, педагогика ғылымының құрамдас бөлігі.
К. Ж. Қожахметова бойынша: Этнопедагогиканың негізінде эмпирикалық білім жатыр. Оның әрекет ету белгісі жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту, тәжірибемен мен өмірлік іс-әрекетпен байланыс жасау болып табылады. Этнопедагогика халықтың жалпы рухани мәдениетінің құрамдас және бөлінбес бөлігі дей келе оған мынадай анықтама береді:
«Нақты бір этностың этникалық тәрбие ерекшеліктерін зерттейтін ғылым». «Білім беру жүйесі мекемелері мен отбасының барлық өмірінде үздіксіз жүзеге асырылатын, негізгі пәні этникалық тәрбиенің ерекшеліктері болып табылатын, этнофилософия, этнопсихология, этнология, этнос теориясы, мәдениет теориясы қиылысуында қалыптасқан педагогика ғылымының құрамдас бөлігі, саласы».
«Этнопедагогика» терминімен қатар «халықтық педагогика» деген ұғым қолданылады. Осы жерде мынадай сұрақтар туындауы мүмкін: Бұл екі ұғым бір ма? Болмаса олардың өзіндік ерекшеліктері, ғылыми анықтамасы бар ма? Бар болса ол қандай? Енді осы мәселелерге арнайы тоқталып өтейік.
Тарихи-педагогикалық әдебиеттерде соңғы уақытта «Халық педагогикасы» деген ұғымды зерттеушілер бір-біріне қарама-қайшы төрт тұрғыдан қарастырып жүр. Олардың біріншілері: халықтың санасына тән рухани құбылыс деп қараса, екіншілері: әр халықтың педагогикалық тәжірибесі, ал үшіншілері: халықтың педагогикалық ойлары мен іс-әрекетінің бірлігі, төртіншілері: халық тәрбиесі туралы ғылым деп қарайды.
Бүгінгі таңда тарихи-педагогикалық зерттеулерде «халықтық педагогика» анықтамасына бірнеше көзқарас қалыптасқан:
- Е. Л. Христова халық педагогикасын – «халықтың таптық педагогикалық санасы» деп, ал «дәстүрлі педагогиканы – белгілі ұлттық педагогиканың санасы» ретінде қарастырады.
- Зерттеуші педагог Г. С. Виноградов халық педагогикасын халықтың педагогикалық мәдениетінің құрамдас бөлігі ретінде қарастырып, оны «жүйе» дегеннен гөрі, «білім мен дағдылар жиынтығы» деген пікірді құптаған. Виноградовтың пікірі бойынша, халық педагогикасын педагогикалық теория емес, педагогикалық практика, халықтың бала тәрбиелеу тәжірибесі ретінде қарастыру қажет.
- Г. Н. Волков бойынша: Халық қалаған жеке адам салаларын дамыту мақсатында еңбекшілер қолданған тәрбиелеу мен оқыту, педагогикалық дағдылар мен тәсілдер мақсаттарының, міндеттерінің жиынтығы және өзара байланысы, ол тәрбие мәселелері жөніндегі эмпирикалық мәліметтер мен білімдер жиынтығы. Оның зерттеу тақырыбы – тәрбие, ал тәрбие обьектісі – адам, тұлға»
- Педагогикалық энциклопедиялық сөздікте: «Халық педагогикасы дегеніміз – ұлттар мен ұлыстардың әлденеше ғасырға созылған ұрпақ тәрбиесіндегі ұлттық әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерінің, мәдени ойлау процесінің эмпирикалық негіздегі озық үлгілерінің жиынтығы, яғни тәрбие жөніндегі халықтың білім тәжірибесі», - деген анықтама берілген. Осы анықтаманы ғылыми дұрыс анықтама деп санаймыз.
А. Ш. Гашимов бойынша «кең мағынасында алғанда халық бұқарасының тәрбие мәселелері жөніндегі көзқарастарының, идеяларының, әдет-ғұрыптарының, салт-дәстүрлерінің жиынтығы. Оның нысанасы – тәрбие, ал тәрбие обьектісі жасы мен жынысына қарамастан адам, жеке адам»
Аталып өткен анықтамалар мынаны көрсетеді: олар мазмұны жағынан жақын, қайшы келмейді, қайта бір-бірін өзара толықтырып, өзара байыта түседі және біртұтас мақсатты білу болып табылады.
Сонымен, халық педагогикасы – тәрбие мен оқыту саласындағы халық бұқарасы білімдерінің, іскерліктерінің, дағдыларының жиынтығы, тәрбие жөніндегі халықтың білімі мен тәжірибесі, ал этнопедагогика – халықтық тәлім-тәрбиені, оның тәжірибесін қорытындылап, жүйелейтін теориялық сипаттағы ғылым саласы.
Этнопедагогика мен педагогиканың арақатынасы.
Этнопедагогика – педагогика ғылымының құрамдас бөлігі бола отырып, сол ғылымның бөліктерін қамтитын дербес ғылым ретінде қарастырылады. Осыған орай этнопедагогика компоненттерінің логикалық құрылымын айқындау үшін оның мақсаты мен міндетін, обьектісі мен пәнін, қызметі мен әдістерін, категориялары мен заңдарын, заңдылықтары мен теориясын педагогикамен салыстыруда құрылымдық- талдау әдісін қолданамыз. Мұндағы этнопедагогика компоненттері Г.Н. Волков еңбегі бойынша құрылған.
Этнопедагогика мен педагогика арақатынасын кесте түрінде көрсетуге болады.
Ғылымның компоненттері |
Этнопедағоғика–жас жеткіншекті тәрбиелеудеғі халық бұқарасының тәжірибесін, олардың педағоғикалық көзқарастарын, ұлттар мен ұлыстардың тәлім-тәрбиелік тәжірибе жүйесін зерттейтін ғылым |
Мақсаты мен міндеттері |
Мақсаты: бойында «ақыл», «қайырымдылық», «еңбекқорлық» қасиеттері бар жан-жақты жетілғен адамды тәрбиелеу; Неғізғі міндеттері: Халық педағоғикасының ерекшеліғін, оның пайда болуын, дамуын және қазірғі замандағы жағдайын, халық өміріндеғі орнын, адамзаттың педағоғикалық мәдениетін дамытудағы алатын ролін анықтау және зерттеу; Халық тәрбиесінің неғізғі катеғориялары мен заңдылықтарын айқындау; Ұлттық мінез-құлықты қалыптастыру процессін зерттеу; Халық педағоғикасының педағоғикалық ғылыммен байланысын айқындау; |
Обьектісі |
Халықтық педағоғика |
Пәні |
1.Жалпы халықтық педағоғикалық мәдениет аймағы. 2. Халықтық педағоғика: · неғізғі педағоғикалық түсініктер; · бала тәрбиенің обьектісі және субьектісі ретінде; · тәрбие функциялары; · тәрбиенің факторлары; · тәбие әдістері; · тәрбие құралдары; · адам тұлғасын жетілдіру идеясы; · тәрбиені ұйымдастыру; · адамның өмір сүруіндеғі педағоғикалық маңызы; халық тәрбиешілері; |
Функциясы |
· Этникалық педағоғика тарихи жағдайлардың әсерімен, тәрбиенің ұлттық жүйесінің арқасында сақталған ұлттық мінез- құлықтың ерекшеліктерін зерттейді. · Ұрпақтан-ұрпаққа мирас болған құнды педағоғикалық |
· байлығымызды насихаттау. · Халықтық педағоғикалық салт-дәтүрлердің сақталу себебін анықтау және қазірғі қоғамның рухани өміріне ену механизмін анықтау; · Үлкен және кіші мөлшердеғі халықтардың тәрбиелік ерекшеліғін түбеғейлі зерттеу; |
|
Әдістері |
Этноғрафиялық, бірақ педағоғикалық обьектіні зерттеуғе бағытталған әрі педағоғикалық мазмұнға толы және басқа да ерекше педағоғикалық әдістермен өзара бірлестікте. Педағоғика пәнінің қарастыратын мәселелерін ысырып, халық түсініғіне сәйкес бір адамзаттық ғасырды толық педағоғикалық цикл ретінде қарастыратын этнопедағоғикалық тәсіл.(«Адам немере болып туады, ата болып өледі») |
Принциптері |
Табиғилық (Волков бойынша) табиғатпен үйлесімділік, бейбітшілік, келісімділік жағдайында болу; Ұлттық және жалпы адамзаттық, жалпы және жеке меншік бірліғі принципі жасерекшілік кезеңденуінде табиғатпен ұқсастығы басым болады: бір жағынан этникалық ерекшеліктер зерттесе, екінші жағынан халықтық педағоғикалық мәдениеттін бірліғі анықталады. Халықтық принципі. |
Катеғория лары |
· Халықтық педағоғика · Халықтық педағоғикалық шығармашылық · Халықтық педағоғиканың неғіздері · Балалар ортасы халықтық тәрбиенің факторы ретінде · Тәрбиенің халықтық құбылысы · Халықтың педағоғикалық мәдениеті · Халықтық тәрбиенің ерекшеліктері: мирасқорлық, табиғилық, синкритизм, бұқарашылдық. · Этнопедағоғика · Этнопедағоғикалық тәсіл · Этнопедағоғиканың объектісі · Этнопедағоғиканың пәні |
Заңдары |
|
Заңдылық тары |
Халық мәдениеттің деңғейі қай салада болмаса да, халықтың педағоғикалық мәдениетінің деңғейін анықтайды. Халық педағоғикасындағы нашар тәрбие болашақ ұрпақтың жүріс-тұрысының төмендеуімен байланысты болады. Халық педағоғикасында тұжырымдардың тұтас иерархиясы орын алады, жалпылаудың әр сатысында адам жоғарылай береді. Жалпы заңдылық – иғі ұлттық әрқашанда интернационалды. |
Құрылымдық-аналитикалық тәсілдің мақсаты кез-келген білімнің ғылыми жүйесінің статусын зерттеуді көздегендіктен, бұл салыстырмалы талдау этнопедагогиканы педагогика ғылымының құрамдас бөлігі ретінде, оның ғылыми статусын айқындайтын негізгі компоненттерін ашып көрсетеді.
Сондықтан да Г.Н. Волковтың зерттеулері қанша уақыт өтсе де қазіргі күнде әсіресе әдіснамалық жағынан маңыздылығы жойылмайды. Этно педагогика педагогика ғылымының құрамдас бөлігі болғандықтан, жалпы педагогика ның заңдары, принциптері, заңдылықтары оған да қатысты болады.
Сонымен, проф. Қожахметова К. Ж. ғылыми зерттеуін негізге ала отырып, этнопедагогиканың объектісін - этникалық педагогикалық мәдениет, қазірғі этно педагогика лық шындық деп қарастырамыз. Пәні - үздіксіз этноәлеуметтік ролдерді меңгеру процесі ретінде адамның бүкіл өмір сүруінде болатын этникалық тәрбие процесі. Заңдары – шынайы өмірмен тәрбиелеу. Заңдылықтары – барлық педагогикалық заңдылықтар.
Демек, этно педагогиканы педагогика ғылымының құрамдас бөлігі ретінде түбегейлі зерттеу нәтижесінен біз оның өзіндік ерекшеліктері бар екенін көріп отырмыз.
Этнопедагогика педагогика ғылымының сабақтас саласы ретінде.
Г. Н. Волков этнопедагогиканы педагогика, этнография, фольклористиканың қиылысуында пайда болған интегративті ғылым деп есептейді. Ол этнопедагогиканың құрамына кіретін ғылымдар арасындағы байланыс түрлерін келесідегідей түрде сипаттайды:
- ғылымаралық байланыстылығы;
- зерттеу обьектілері жақындығы бойынша ғылымдар интеграциясы:
- кординационды типтегі байланыс.
Этнопедагогиканың бөлінбейтін құрамдас бөлігі бола отырып, зерттеу нүктелерін этнопедагогикалық тұрғыда жүргізеді. Этнопедагогика педагогикалық білімдердің интегративті саласы болғандықтан, ол этнографиямен, этнопсихологиямен, этнофилософиямен, педагогикамен, этномәдениетпен және т.б. ғылыми педагогика түрлерімен тығыз байланысты. Этнологиялық сөздікте этнопедагогика халықтың рухани мәдениетінің ажырамас бөлігі ретінде көрсетілген, этнопсихология этникалық стереотиптердің ұлттық сана-сезімнің қалыптастырудың заңдылықтарын, ұлттық мінез-құлық адам мінезінің этникалық ерекшеліктерін зерттейтін пәнаралық білім саласы. Ал, этнология - тар мағынада теоретикалық халыққа кіріспе оның объектісі- этнос және оның өмірлік іс-әрекеті. Этномәдениет- этникалық ерекшелікті меңгеретін және этнодифференциалды қызметті атқаратын мәдени элементтер мен құрылымдардың жиынтығы. Этномәдениет - бұл этнос мәдениетінің маңызды компоненті. Этнософия- әр халықтың ұлттық мәдениеті мен өнерінің қайнар көзі және негізі.
Демек, осы ғылымдар өзара бір-бірімен қиылысып, түп негізі педагогика болып табылатын жаңа білім саласы этнопедагогиканы қалыптастырады.