Форма (латынша – сыртық бейне, сыртқы көрініс) ғылымда қандай да бір мазмұнның сыртқы көрінісі ретінде сипатталады. Педагогикада оқыту формасы ретінде оқытушы мен оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыруды түсінуғе болады. Т. А. Ильина: «Ұйымдастырушы форма – оқушылардың өзінділігінің әртүрлі деңгейі, оларға оқытушының әртүрлі тәсілдер арқылы жетекшілік етуі, ұжымдық және жеке оқытудың әртүрлі үйлесімділігімен сипатталады».
Білім беру теориясы мен тәжірибесі әртүрлі көптеген оқыту формаларының пайда болуына жағдай жасайды. Оқытудың көне формасы жеке түрде, яғни оқытушы білім алушымен жеке жұмыс жасағанын айтады. Білім беруге деген қоғам талаптарына сай жеке-топтық форма пайда болды. Осыдан келіп білім алушылардың өзіндік жұмыстары мен оқытушының жетекшілігімен жасалатын жұмыстарды кезектестіріп отыру керек.
Жеке-топтық форманың дамуы сияқты оқытудың аудитория-сабақтық жүйесі пайда болады.
Ол нақты шектеулі жас ерекшелігі бар ділім алушылар тобымен, нақты бекітілген құрамы бар және класс деп аталатын топпен өткізіледі. Уақыттың қиылған бөлігі – сабақ деп аталады. Оның құрушысы Я. А. Коменский класс-сабақтық жүйесі мәселесімен айналысты.
ХVІІІ-ХІХ ғ-да өзара оқыту (белл-ланкастер жүйесі) жүйесі кең таралды. Ол бастауыш сыныптарда жүргізілді. Оның қолданылуы оқушыларға жоғары емес сападағы алғашқы білімнің берілуін көрсетті.
ХІХ-ХХ ғ-да оқытудың жаңа формалары пайда болды. АҚШ мектептерінде дальтон-план кең тарады. Оқу сабақтары жеке кабинеттерде, зертханаларда өткізілді.
Одан кейін кең тараған түрі – бригадалық-зертханалық әдіс. Оқушылар бригадаларға топтастырылды. Мұғалім оларға тапсырмалар дайындады. Әуелі кіріспе сабақтар, одан кейін оқушылар өз бетінше тапсырмаларды орындады. Оны орындау процесінде кеңес алу мүмкіндігі болды. Тапсырманың орындалуына бригадир жауапты болды.
Осы кезде жобалар әдісі қолданылды. Оқушылар мұғалімнің жетекшілігімен өз жұмыстарына қандай да бір жоба жасады, ал осы жоба төңірегінде олардың танымдық іс-әрекеті құрылды. Жобалар кездейсоқ сипатқа ие болды, яғни ғылыми білімнен алыста болды.
Оқытудың мұндай формаларын қолдану бірқатар кемшіліктерді көрсетті: оқу жұмысында ұйымдастырушылық нақтылық болмады, оқушы өзінің негізгі функциясын жоғалтты, яғни мұғалімнен кеңес берушіге айналды. Оқушылар ғылым негізі бойынша білімдер жүйесін ала алмады.
Одан кейін Трамп жоспары кең таралды. Ол оқу жұмысының үш формасын енгізді: жеке, топтық және лектік. Оқытудың бұл формасы меншік мектептерде орын алды, себебі оларда жағдай және құрал-жабдықтар болды. Бұл мектептерде арнайы лекциялық аудиториялар, топтық сабақтар үшін бөлмелер, жеке жұмыстар үшін студиялар болды.
Оқу процесінде семинарлық сабақтар кеңінен қолданылуда. Оқыту мен тәрбиенің сапасын арттыруға деғен қажеттілік жеке оқытуға алып келді. Оқытудың жекелендірілуі – жалпы білім беретін мектептерде оқу процесін жүзеге асырудың маңызды бағыты. Осыған байланысты жеке түрде оқытудың дидактикалық негіздерін өңдеуге қажеттілік туды. Оқытуды ұйымдастырудың көне формасы кеңінен таралған. Оның қазіргі білім беру жүйесінде қолданылуы адамға ғылымның жекелеген салаларын тереңірек зерттеуге, тұлғаның жеке ерекшеліктерін дамытуға мүмкіндік береді.
Оқытуды ұйымдастыру формаларын дамыту.
Қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуының әр кезеңіне мектеп мақсаттарының өзгеруін ескеретін, оқу процесін ұйымдастырудың белгілі бір идеясын көздейтін оқыту теориясының өз даму деңгейі сәйкес келеді. Білім беру мақсаты мен жағдайының өзгеруімен бірге тәрбие мақсаты мен жағдайы да өзгерді.
Әлеуметтік-экономикалық жағдайдың өзгеруімен қоғамның жаңа талаптарының пайда болуы, педагогикалық мақсаттарды кеңейтіп және күрделендіріп қоймай, оқыту мен тәрбиелеу процесіне де әсерін тигізді. Өскелең ұрпақтың шығармашылық деңгейін жеке тұлғаның эмоциональдық және адамгершілік белсенділігін жан-жақты дамыған адам тәрбиелеу мақсатына сәйкес дамыту кезек күттірмейтін мәселе болып отыр. Бұл мақсатқа оқыту ұйымдастыру формалары мен құралдары, әдістері, мазмұны сәйкес келуі қажет.
Оқытуды ұйымдастыру формалары оқушылардың танымдық әрекетін қалай ұйымдастыру қажет мәселесін қарастыратын дидактиканың бөліміне қатысты.
Ғылымда «форма» түсінігі лингвистикалық тұрғыдан және философиялық тұрғыдан қарастырылады.
С. И. Ожеговтің сөздігінде «форма» түр, тип, құрылым, бір нәрсенің құрылуы ретінде түсіндіріледі. Форма – белгілі бір тәртіп, бұл сыртқы түр.
Бір заттың, үдерістің, құбылыстың формасы оның мазмұны бойынша, күрделенген, өз кезегінде оған кері әсер етеді.
«Философиялық энциклопедияда» форма түсінігі «форма мазмұнды іштей ұйымдастыру... Форма пәннің тұрақты байланыс жүйесін қамтамасыз етеді» деп анықталады.
Оқытуға қатысты, форма – бұл оқыту процесінің арнайы конструкциясы. Бұл конструкцияның сипаты оқыту үдерісінің мазмұнымен, әдістерімен, тәсілдерімен, құралдарымен, оқушылар әрекетінің түрлерімен күрделенген. Оқытудың бұл конструкциясы белгілі бір оқу материалымен жұмыс кезіндегі оқушымен мұғалім қатынасы, мазмұнды іштей ұйымдастыру болып табылады.
Сонымен бірге, оқыту формасы ретінде әрекет тәсілдері мен оқу материалының белгілі бір мазмұнын меңгеру бойынша мұғалім мен оқушының өзара әрекетін жүзеге асыратын оқыту процесінің кезеңдерінің, бөліктерінің құрамы деп түсіну керек.
Оқытуды ұйымдастыру формалары (ұйымдастырушылық формалары) – бұл белгілі бір тәртіпте жүзеге асатын оқытушы мен студент әрекетінің сыртқы көрінісі. Олар дидактикалық жүйенің дамуымен байланысты жетілдіріледі және пайда болады, әлеуметтік күрделенеді.
Оқытуды ұйымдастыру формалары әртүрлі өлшемдер бойынша жіктеледі:
Бірінші өлшем бойынша көпшілік, ұжымдық, топтық, кішігірі топтық және оқытудың дербес формалары деп бөлінеді.
Оқу орны бойынша мектептік және мектептен тыс формалары деп бөлінеді.
Оқыту уақытының ұзақтығына қарай сабақ (90 мин.) қысқартылған сабақ (80 мин.) деп бөлінеді.
Практикалық және семинар сабақтары, лекциялар, конференциялар және диспуттар.
Практикалық сабақ ерекшелігі оқытушы мен студент әрекетін ұйымдастыру және міндеттері сипатынан тұрады. Практикалық сабақ міндеттері әрекеттің қолданбалы түрімен сипатталады. Оқытушы қызметі әртүрлі әрекетті көрсетуден, ұйымдастырудан және оны студенттердің орындауынан, олардың әрекеті барысында көмек көрсетуден, қорытынды шығарудан құралады. Қазіргі жоғарғы мектепте практикалық және семинар сабақтардың түрлері өте көп: сабақ фрагментін жүргізу және талдау, тәрбиелік сәттер және жағдайларды шешу, әртүрлі сұрақтар бойынша әнгімелер, есеп шешу, жұмыстық ойындар және т.б.
Жекелеген практикалық сабақтар студенттер шынайы педагогикалық процестің нақтылы жағдайлардын бақылай және талдай алу үшін мектепте жүргізілуі мүмкін.
Семинар (лат.тіл seminarium - рассадник) ғалымдардың білімінің белгілі бір аймағындағы ғылыми проблемаларды талқылауының алғашқы формасы болып табылады. Ғылыми әрекет аумағынан семинар біртіндеп оқу процесіне ендіріліп кеңінен таралды.
Қазіргі уақытта жоғары оқу орнында семинар сабақтарының үш түрі қолданылады:
Фронтальды семинар тақырып және сұрақтармен барлық қатысушылардың жұмыс істеуін қамтиды. Семинардың екінші түрі бірнеше баяндамалар аймағында жұмыс жүргізуді қамтиды. Семинардың үшінші түрі жұмыстың құрама түрін қамтиды, яғни, сұрақтардың бір бөлігін барлық студенттер әзірлейді, басқалары баяндама және хабарламалар әзірлейді.
Семинарды жүргізу жетістігі көбінесе оқытушының және студенттің оған даярлануына байланысты. Оқытушы даярлығына материалды меңгеру, әдебиеттер таңдауы, семинар жоспарын әзірлеуі жатады. Жоспарда тақырып және оны оқып-үйрену міндеттері, сұрақтары, әдебиеттер (негізгі және қосымша) көрсетіледі. Семинардың екінші түрі үшін баяндама тақырыптары мен олардың әрқайсынына әдебиеттер тізімі көрсетіледі. Әдебиеттер мазмұнымен барлық студенттер таныстырылуы қажет. Үшінші түрі оқытушының талқылауға арналған сұрақтар мен әдебиеттер тізімі көрсетілген баяндама тақырыптарын талап етеді.
Лекция практикалық және семинар сабақтарын жүргізу әдістемесі.
Лекция (лат. тілінде lectio - оқу) жоғарғы оқу орнында оқытуды ұйымдастыру формасы ретінде пайда болды. Бірақ біртіндеп білім берудің басқа түрінде пайдаланына бастады: ғылыми білімді жариялауда, үріттеу әрекетінде.
Педагогиканы оқытушы бүгін лекцияны пайдалану сұрағы бойынша белгілі бір жауап жоқ екендігін есте сақтауы қажет.
Жоғарғы оқу орнында оқытудың лекциялық формасын жақтаушылар да және қарсылық білдірушілер де бар. Қарсылық білдірушілер лекцияны оқулықпен, компьютермен жұмыспен айырбастау керек деп есептейді. Ал жақтаушылар лекцияның жоғарғы оқу орнында оқыту формасы және әдісі ретіндегі ерекшелігі мен тиімділігі мол екендін дәлелдейді. Лекция оқу материалын қысқа жүрделі баяндауға мүмкіндік береді. Оның аудиторияны ғылымның жаңа жетістіктерімен таныстыруда, сонымен бірге ғылымға кіріспе, оның ұғымдарын оқып-үйренуде де мүмкіндігі мол.
Лекция әсері лектордың жеке тұлғасына байланысты. Ғылымды терең меңгерген, лекторлық өнердің үлкен шебері, өз мамандығын сүйетін лектор пәнді қалай меңгеру керек екендігін студенттерге өз үлгісімен көрсетеді. Жақсы лекция – ғылыми ойлау мектебі. Оның барысында лектор тек материалды ғана баяндамайды, міндеттерді белгілейді, пікір таластырады, аудиторияны ғылыми ізденіске бағыттайды. Мұндай лекцияны оқулықпен айырбастау мүмкін емес. Ол студенттерді оқулық материалына бағдарлайды, оның ақпаратын толықтырады және байытады, оны нәтижелі меңгеру үшін жағдай жасайды.
Лекциялық оқыту жетістігі, лекцияның білімділік және тәрбиелік мүмкіндігін жүзеге асыру көбінесе лектордың аудиториядағы студенттермен қарым-қатынаына байланысты.
Байланыс жасауға әсер ететін шарттардың үш тобы жіктелген.
Бірінші топ лекцияның мазмұны мен құрылымын талдауға қатысты:
Шарттардың екінші тобы лектордың сапасына қатысты:
Шарттардың үшінші тобына жатады:
Педагогика бойынша оқу процесінде конференция және диспуттар кеңінен пайдаланады.
Педагогиканы оқытуда сабақты қолдану
Т. А. Ильина қазіргі сабақтың құрылымындағы келесі өзгерістерді, оның жекелеген элементтерінің бағыттылығын және олардың өзара қатынасын көрсетті:
- практикалық жұмыс көлемінің артуы.
Педагогиканы оқыту әдістемесінде оқу материалының (әңгіме, түсіндіру) түрлі әдістер арқылы берілу, әртүрлі жаттығулар орындау, оқулықпен жүйелі жұмыс жасау, педагогикалық әдебиеттерді қолдану мүмкіндігі кең пайдаланылады.
Тәжірибелі мұғалімдер сабақты әдебиетпен жұмыс арқылы көркейтеді, яғни директивті құжаттар, педагогика классиктерінің еңбектері, көркем шығармалар, т.б.
Оқушыларда әдебиетті қолдануға деген қызығушылықтарды ояту мақсаттары әртүрлі формада болады: цитата, жүргізілген зерттеулер жайлы әңгіме-хабар, мақала. Қайнар көздерді беру формалары плакат, оқу, қайта айту, хабарлама, рольдер бойынша оқу, т.б.
Студенттерді әдебиеттерді оқуға ұмтылдыру - өзіндік жұмысты ұйымдастырудың негізгі аспектілері. Педагогика оқытушылары оқушыларды конспектілеуге, жоспар мен тезис құруға үйретеді. Ғылыми еңбектің немесе баяндаманың қысқаша мазмұны ретінде реферат жайлы түсінік беру керек. Реферат – курстық жұмыстарды орындауға дайындық сатысы.
Бағдарламалық оқыту ерекшеліктеріне сүйене отырып, А. Полякова педагогиканы оқытудағы бағдарламалаудың қолдану тәсілдерін жүзеге асырды:
Кейінгі кезде педагогика сабақтарында педагогикалық міндеттерді шешу тапсырмалары көп қолданылып жүр. Педагогиканы оқытуда байқау мен педагогикалық тәжірибенің талдауы үлкен роль алады. Мұндай тәжірибенің үлгісінсіз педагогикалық іс-әрекетті жасау мүмкін емес. Педагогиканы оқытуда сабақ-байқаулар жүргізіледі. Олар базалық мектепте немесе оқу-тәрбие мекемелерінде өткізіледі. Мұндай сабақтың табысты өткізілуіне қажет жағдайлар: байқау мақсаты мен міндеттерін жасаудағы нақтылық пен айқындылық, байқау әдістері мен бағдарламаларының болуы; қорытынды жасау формаларын анықтау.
Педагогика сабағы екі түрлі функция атқарады: біріншіден, болашақ мұғалімдерді білім, іскерлік және дағдылармен қаруландыру, екіншіден, практикалық сабақтар, экскурсия, семинар, лекция сияқты оқыту формаларын қолдануға дайындау.
Практикалық сабақтар.
Байқау-сабақтары практикалық сабақтарды өткізуге дейінгі жолдар ретінде қарастырылады. Оқушылардың оған дайындығы сабақта жүреді.
Сабақтың қандай да бір бөлігі практикалық жұмыс немесе әртүрлі жаттығулар орындауға бөлінеді. Олар біртіндеп педагогиканы оқытудың өзіндік формасы бола бастады.
Практикалық тапсырмалар оқытушы мен оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру міндеттері сипатында құралады.
Практикалық сабақтар міндеттері қолданбалы болып келеді. Қазіргі тәжірибе көрсеткендей сабақтың әртүрлілігі көбейді: сабақ фрагменттерін өңдеудегі жаттығулар, әртүрлі сұрақтар бойынша оқушылармен әңгіме жүргізу.
Практикалық сабақтарда оқушылар іс-әрекетінің әртүрлілігі мүмкіндік алады: фронтальды, топтық, жеке. Бұл жеке оқушылармен жұмыс жасап, әртүрлі іскерліктер мен дағдыларды бекіту үшін жағдай жасайды.
Жоғарғы оқу орнындағы оқу-тәрбиесі үрдісін ұйымдастырудың негізгі формаларын қарастырайық:
Лекция (латынша - оқу) оқытуды ұйымдастырудың ЖОО-дағы формасы сияқты дамып қалыптасты. Лекцияға қарсы шығушылар оны оқулықпен жұмыс жасаумен алмастыру, ал техниканы дамытуды оқытудың техникалық құралдарын қолданумен алмастыру керек. Лекцияға қарсы шығушылардың бір аргументі болды: лектор белсенділігі, аудиторияның пассивтілігі. Мұны біліп, лекцияда оқушылардың белсенділігін арттыру керек.
Лекция оқу материалының жүйелілік және ұтымдылықпен беру мүмкіндігіне ие болды. Ол аудиторияны ғылымның жаңа жетістіктерімен таныстыруда, ғылымға кіріспе, оның категорияларын талдауда теңдесі жоқ.
Лекцияның әсері лектордың тұлғасына тәуелді. Ғылымды терең білу, лекторлық шеберліктің үлкен шебері, өз мамандығын сүйетін, лектор өз мысалдарымен пәнді қалай білу керектіғін көрсетеді.
Жақсы лекция – ғылыми ойлау мектебі. Оның барысында лектор тек қана материалды беріп қоймай, міндеттерді қойып, ой қозғайды, аудиторияны ғылыми ізденіске жұмылдырады.
Мұндай лекция оқулықпен алмастырылмайды. Ол оқушыларды оқулық материалына бағдарлап, толықтырып, оның ақпаратын байытып, оны табысты түрде меңғерудің жағдайын туғызады.
Оқытудың техникалық құралдарының дамуы арқылы лекцияны бейнежазбамен алмастыру ойы пайда болды. Зерттеулер көрсеткендей, бейнежазба лекцияның орнын баса алмайды, себебі ол жасандылық таңбасында жазылған және тек көмекші құрал ретінде ғана қолданыла алады.
Лекцияның оқу процесіндегі орны оқытудың басқа әдістері орындай алмайтын функцияларды атқарады. Сондықтан лекция оқу процесінде маңызды орынға ие.
Лекцияны қолдану үшін әуелі оқытушының оны қолдануға дайындылығы жүзеге асырылуы керек. Бұл дайындықтың маңызды бөлігі – педагогиканың әрбір бөлімінде оқытушыларды мамандандыру. Сұрақтарды терең игере отырып, оқытушы лекцияға дайындалып, оқуға мүмкіндік алады. Сондықтан оқытушылардың әістемелік бірлігі лекция тақырыптарын алдын-ала жоспарлап белгілейді. Келесі саты лекция сапасына байланысты оның әдістемелік өңделуі болып табылады.
Лекцияны қабылдауға дайындыққа үлкен мән беру керек. Лекторлық шеберлікті жүзеге асыру мақсатында жеке лекциялар конспектісін дайындап, ашық лекциялар жүргізуі тиіс. Лекцияны оқудағы жетістік, лекцияның білімділік және тәрбиелік мүмкіндіктері лектордың студентер аудиториясымен байланысына тәуелді.
Байланысты құруға әсер ететін шарттардың үш тобы қалыптасқан:
Екінші топ лектордың сапаларына жатады:
Студенттерге мейірімділік және талап қою қатынасын қалыптастыру мақсатында проблемалық лекциялар кең таралды. Лектор мәселені қарастырып, осы мәселенің шешімін табуда ізденіс жасау арқылы студенттердің тақырыпқа қызығушылығын арттырады.
Лекцияда студенттерді материалды белсенді қабылдау процесіне ендірудің әртүрлі тәсілдері бар: лектор міндет қояды, студенттердің ой-пікірін және ұсыныстарын тыңдайды, мысал мен дәйектерге баға беруді үйретеді.
Лекция - ол студенттерді оқуын ұйымдастырудың жүргізуші формасы болуын жалғастыратын процесс. Лекцияда бір - бірімен байланысты мақсаттардың жиынтығы жүзеге асырылады: студенттерге фундаментальды және қосымша білімді олардың теориялық анализі мен беру жүзеге асырылады. Әр түрлі көзқарастарды тәрбиелеу және дамыту жалғастырылады. Осыған байланысты оның көмегімен шешілетін оқу тәрбие тапсырмалар спектрі өте кең болуы мүмкін. Бұл оқытудың теориялық формасы, негізгі әдіс – ғылымның мазмұнын ауызша мазмұндау. Лекция оқулықты толық айтып, берумен негізделмеуі керек, ол оқытушының өзінің ғылыми педагогикалық шығармашылығы болуы керек. Лекцияға оқу материалының үлкен көлемі логикалық құрылымының дәлелдердің және жалпылаудың қиындығы тән. Ол бүкіл білімді қамтиды.
Кіріспе лекция - оқу пәніне кіріспе болып табылады. Онда курстың негізгі тапсырмалары жіктеледі. Оның мазмұны қысқаша көрсетіледі. Берілген ғылымның қазіргі кездегі деңгейі мен оның болашағы ашлылады. Жүйелік курс лекциясына тақырыптың оқу пәнінің мазмұнын мамандарды даярлаудағы оның орны мен ролін ашады.
Қорытынды лекцияларда көбіне мемлекеттік емтихандар алдында соңғы курстар оқылады. Сонымен қатар сырттай оқу бөліміндегі студенттерге соңғы кезде ғылымда пайда болған жаңа мәселелерді анализдеу қажет болғанда оқылады.
Нақтылау лекциялары – сырттай оқу бөлімінің студенттеріне оқылады. Олардың негізгі мақсаты студенттерді курстың мақсатынан оқу материалының көлеміне бейімдеу.
Оқу - танымдық іс-әрекеті ұйымдастырудың формасы ретінде лекция ежелгі Грецияда әйгілі философтар мектебінде пайда болған. Бірақ «лекция» сөзінің өзі латын тілінен шыққандықтан оны өзі классикалық түрінде ол орта ғасырлық университеттерде, мысалы Блондық, Сорбондық т.б пайда болған. Соңынан лекция барлық университеттерде және академияларда негізгі орын алды. Бұл жағдай Ресейде де болды, бірақ он сегізінші ғасырда жоғары оқу орнындағы оқу мұнда орыс тіліне ауысты, бұл студенттердің оқу жұмысын және профессорлардың лекторлық іс- әрекеті айтарлықтай жеңілдеді.
Орта ғасырлық университеттерде лекцияның бір түрі- классикалық түрі әйгілі болды. Олардың мақсаты- профессордың студенттерге ғылыми білімді тасымалдауға негізделген. Тура мағынасында бұл оқулықтан немесе конспектіден оқу болып табылады.Университеттік білім берудің дамуы оқу жұмысының лекциялық формасына үлкен өзгеріс енгізді.Ол ХІХ ғасырға тән. Қазіргі кездегі жоғары оқу орнындағы оқу – тәрбие процесін жүзеге асыруда оқытушылар лекцияның келесі типтеріне сүйенеді: классикалық, проблемалық, монографиялық, лекция- дискуссиялар, лекция - аудиовизуализация, екеулік лекция (немесе эксперттердің қатысуымен лекция), жоспарланған қателермен лекция.
Классикалық немесе дәстүрлі лекция оқу үрдісінің берілген формасының басты негізі және ең кең таралған түрі болып табылады. Ол енді лекция - диктон болмайды, өйткені қазіргі таңда әр студент оқулықтармен және басқа құралдармен қаруланған, осыған проблемалық сұрақтар, әңгімелерді кірістіру. Студенттерді жаңа ғылыми мағлұматпен қамтамасыз ете отырып, лекцияда шешілмеген сұрақтарды, гипотезаларды анықтауы керек, оқылып отырған пәнге қызығушылық тудырып, оқу ізденісіне және талдауға бағдар беруі керек.
Проблемалық лекция алғаш рет Америка университетінде пайда болды. АҚШ – тың профессорлары көбіне проблемалық лекцияны тақырыпқа арналған, алдын-ала даярланған сұрақтардан басталады және студенттердің жауаптарына сүйенеді. Отандық жоғары оқу орындағы проблемалық лекциялардың өзінің ерекшеліктері бар. Оқытушы өзінің барлық лекциясының барысына проблемалық сұрақтар сериясын қосады. Студенттер оларға жауап беруге шақырылады.
Проблемалық мазмұндау студенттерді белсендіруді, аналитикалық ойлауды дамытуға көмектеседі, лекцияны жандандырады. Проблемалық сұрақтар лекцияда Я. А. Коменскийдің негізінде қамтылған, бірақ бұл әдістің жүйелігі болмаған.
Монографиялық лекция өткізу әдісі бойынша классикалық лекция типіне ұқсас. Оның мақсаты- фундаментальды түрі бар белгілі бір нақты монографияны ашу әйгілі ғалымның бұл проблемаға көзқарасы. Монографиялық лекция екі - үш сұрақтарды қамтуы мүмкін.
Лекция - дискуссия жалғыз талқылау шешімі жоқ күрделі гипотезалық түрдегі тақырыптарға жүргізіледі. Лекция- дискуссияларды жүргізудің әдістемелік нұсқалары бар: 1-ші нұсқа студенттер лекцияның басында алдын-ала берілген тақырып бойынша оқытушыға сұрақтар қойылады.Ол оларға материалдың мазмұнын аша отырып жауап береді. Студенттер қосымша сұрақтар қою арқылы дискуссияға шақырады. Оқытушы материал қабылдануы үшін жағымды ахуал тудырады. 2-ші нұсқа дискуссия лекцияның бар уақытын емес тек оның бөлігін соңын ғана қамтиды. Оқытушы студенттерғе сабақ тақырыбы бойынша 2-3 сұрақтар береді, олар дискуссиялық формада студенттер алдыңғы біліміне сүйене отырып талқыланады.
Лекция – аудиовизуализация - жоғарғы оқу орынындағы оқытушыларының дидактикалық ізденіс нәтижесі, ХІХ ғасырдың екінші жартысында пайда болды. Алғашқыда лекция - визуализация пайда болғаннан, оқудың техникалық әдістердің көмегімен көрнекілік принціпін жүзеге асыруға деген талпыныс. (А. А. Вербицкий, В. П. Винченко) Лекцияның бұл түрі арнайы оқыту техникасымен жабдықталған аудиториясы бар жоғары оқу орындарында сұранысқа ие болған. Лекция аудиовизуализация - өткізу үшін оқытушы оқу материалын дискіге ауыстыруы керек, осыдан кейін оны аудиторияда қолданады. Бұл күрделі жұмыс оны кез - келген оқытушы жүргізе алмайды. Осындай құралды дайындауға студенттер де қатыса алады.
Лекцияны өткізу барысында оқытушы аудиовизуалды материалға сүйене отырып, олардың ашылған түсінігін жүзеге асырады.
Екеулік лекция өткізу әдісі өте жеңіл. Оны өткізуде оқытушыдан басқа сабақ тақырыбына байланысты 2-3 кәсіби эксперт қатысады. Бұл бірге жұмыс істейтін оқытушылар, ғалымдар болуы мүмкін. Олардың көзқарасының әр түрлі болуы өте маңызды, сонда проблемалық ситуация пайда болады. Олар сұрақтар қойып өзінің көзқарастарын ұсынады. Талқыланып отырған сұраққа өзінің қатысын білдіре отырып, екі жақтық дискуссиялық және біріккен ізденістік мәдениеті өзара қарым қатынас сақтағаны жөн. Екеулік лекция студенттердің мағлұматтты бір сенімді қайнар көзі болатын оқытушыдан алатын бұрынғы ұстанымды өзгертеді.
Жоспарланған қателермен лекция студенттер жеткілікті дәрежеде теориялық даярланған кезде жоғары курстарда қолдануы мүмкін. Оның мақсаты студенттерді белсендіру, лекция барысында оларды зергек ұстау, зейінділігін дамыту. Лекция соңында қателерді талдау болады. Нәтижесінде студенттер дұрыс мағлұматты меңгереді. Осы түрдегі лекцияны оның мақсаттылық бақылаушылық, диагностикалық қызметтерді бір уақытта орындайды. Алайда барлық педагогтар лекцияның бұл түрін қолдай бермейді. Олар студенттердің тура емес мағлұматты қабылдап, одан арыла қалмауынан сескенеді.
Лекцияның бірақ түрімен айналыса беруге болмайды. Оларды оқытушының кәсіби ойларын, дидактикалық мақсатын ескере отырып қолдану керек. Лекцияның кез-келген түрінің продуктивтілігі белгілі фактор ретіне тәуелді. Ол факторлар:
Арнаулы курстар автордың өзімен құрылады. Оның авторлық түрі бар. Арнаулы курстар жоғарғы курс студенттеріне, магистранттар, докторанттарға оқылады. Олар тыңдаушыларға басқа да белгілі бір ғылыми мәселелер бойынша терең бейне алуға мүмкіндік береді.
Жас оқытушыларға бірнеше әдістемелік ұсыныстар:
Көптеген оқытушылар ойынша лекцияның тиімлділігін оқытушылар өздері даярлап, әр студентке ұсынатын тірек конспектісін қолдану арқылы көтеруге болады. Тірек конспектісіне жүгіну оны әр лекцияда қолданған ғана мағынасы бар. Тірек конспектісі батыс Европалық және Америкалық жоғары оқу орындарында әйгілі. Ал біздің жағдайда оларды әлі жоғарғы оқу орнындарында бекітуі керек. Оқу іс -әрекетінің лекциялық формасы барлық жоғары оқу орындарында жалпы қабылданғанмен оны барлық оқытушылар белсенді пайдаланады. Бірақ, оның айналасындағы пікірталастар жүз жылдай аяқталмай келеді. Ғалымдардың басқа тобы оқу процессінің лекциялық формасын қолдайды. Біріншіден қазіргі таңда лекция әдістемелік жағынан өте әр қилы және оны шығармашылық түрде пайдалану керек. Екіншіден бұл оқу - тәрбие процессінің белсенді түрі. Одан басқа лекцияны оқыту әдісіне жатқызу заңды емес. Өйткені ол оқу процессін ұйымдастыру формасы. Оқудың басқа формалары мен технологиялар басқа да кезекті дамуына қарамастан лекция оқытушының студенттермен қарым-қатынасы тәсілі ретінде студенттерді кәсіби даярлауда өзінің жоғарғы дәрежесін сақтайды.
Семинарлық сабақтар . Семинар мақсаты студенттер оқыған әдебиетерді талдау оларды лекция материалдарымен сәйкестендіру, білімді қалыптастыру және білімнің қайнар көздерін шұғыл бағалау, студенттердің ізденіс, зерттеу қабілеттерін дамыту.
Қазіргі замандағы түрі мен формасын қабылдамас бұрын семинар дамудың ұзақ жолынан өтті. Оны Ежелгі Грециялық мектептерде, кейін орта ғасырлық университеттерде семинарлық сабақтар қызығушылықтар артты. Бұл форманы бірінші рет гуманитарлық пәндер оқытушылар қолданды. Жоғарғы оқу орнының кеңестік жүйесі семинарлық сабақтарды оқу процессінің бір формасы ретінде барлық пәндерден бірден заңдастырып алған. Бірақ оларға әдістемелік талаптар біртіндеп және көпсалалы жағдайда қалыптасқан. Бастапқыда семинар студенттердің лекцияда алған білімдерін бекітіп, тереңдету керек деп есептеген.
Кейін семинарлық сабақтардың функцияларының түрлері өзгерді. Жоғарғы оқу орнының қазіргі түрлерінде семинар сабақтарының келесі типі көп тараған:
Семинар сабақтарына келесі негізгі функциялар тән:
Семинар сабағының тиімділігінің көрсеткіштері:
Жас оқытушыларға берілетін әдістемелік кеңестер:
Мектеп реформасы жайындағы құжаттарда орта оқу мекемелерінде семинарлық сабақтарды қолдану ұсынылады. Оқу материалының сипаты және педагогиканы оқыту міндеттері жағымды жағдайлар туғызуда.
Сабақты өткізудің семинарлық формасы жоғары мектепке тән. Оның орта оқу мекемелеріне енгізілуі оқытушылардың бұл форманы меңгеріп, оқушыларды біртіндеп семинарда жұмыс жасауға дайындауды қажет етеді.
Семинар латын сөзінен шыққан. Ол ғалымдардың ғылыми мәселелерді талқылау формасы болып табылады. Ғылыми іс-әрекет сферасынан семинар оқу процесіне еніп, кең түрде қолданылды.
Қазіргі кезде тәжірибеде жоғары мектеп жұмысында семинарлық сабақтардың үш типі қолданылады: фронтальды, дайындалған баяндамалармен жүргізілетін семинарлар, аралас және комбинацияланған.
Фронтальды семинар оқушылардың тақырып және сұрақтары бойынша жұмыс жасауын көрсетеді. Семинардың екінші типі бірнеше баяндамаларды талдау жөнінде жұмыс жүргізіледі. Бұл формада баяндама дайындаушыларға көп көңіл бөлінеді. Семинардың үшінші типі жұмыстың комбинацияланған формалары үйлеседі, яғни сұрақтардың жартысын семинардың барлық қатынасушылары өңдейді, басқалары бойынша баяндама мен хабарламалар дайындалады.
Семинарды өткізу оның дайындығына байланысты. Оқытушының дайындығы материалды игеру, әдебиеттерді таңдау, семинар жоспарын талдауға байланысты. Жоспарда тақырып және оны оқу міндеттері, сұрақтар, әдебиеттер көрсетіледі. Егер семинар баяндама түрінде болса, онда баяндамалар тақырытары қалыптастырады.
Оқушыларды семинарға дайындауға олардың жоспармен танысу, міндеттерді бөлу, жеке көмек көрсету енеді.
Оқушылар дайындалған соң, семинардың өткізу уақыты басталады. Ол оқытушының сөзінен басталады. Қойылған сұрақтардың талдауы жүреді. Оқытушының ролі – семинардың негізгі міндеттерінен ауытқымау, оқушылардың назарын сабақ мазмұнындағы ең басты нәрсеге аудару. Пікір таластың соңында оқытушы қорытынды жасайды. Бірінші сабақтарда, яғни оқушылар әзірге семинарға үйрене қоймаған кезде қорытындыны тақтаға немесе дәптерге жазу керек.
Сабақ соңында оқытушы жалпы қорытынды жасап, семинар барысына баға беріп, оқушылардың белсенділігін бақылап, әрі қарай жалғастыруға сұрақтар қояды, қажет болған жағдайда әдебиеттер ұсынады.
Оқушыларды семинарлық формаға дайындау үшін оның элементтерін сабаққа енгізу керек. Бұл кезде әртүрлі тәсілдер қолдану керек: Негізгі және қосымша әдебиеттерді көрсете отырып, өзіндік зерттеуге сұрақтар дайындау, оқушылармен бірнеше хабарламалар жасау, сабақта оларды тыңдап, талдау керек. Бұл дайындықтың маңызды элементі оқушылардың әдебиеттермен жұмыс жасау іскерлігіне үйрету: мерзімдік басылымдар, анықтамалық әдебиеттер. Тәрбиеленушілер өз ойларын айта алып, жолдасының сөзін тыңдап, сұрақтар қойып, өз пікірін айту, оны дәлеледеу немесе жоққа шығару.
Кейінгі кезде зерттеулер мен тәжірибе көрсеткендей, оқу процесіне педагогикалық міндеттерді шешу, іскерлік ойындар мен студенттердің танымдық іс-әрекетін белсендіретін тәсілдерді кеңінен қолдануды көрсетеді. Педагогикалық міндеттер келесі жағдайларда тиімді болады, яғни оқыту жүйесінің ұйымдастырушы компоненті болса: лекция, семинар, практикалық сабақ, педагогикалық тәжірибенің барлық түрлері.
Семинарлық сабақтың мазмұнына педагогикалық міндеттердің шешілуін енгізу семинарды ұйымдастыру мен дайындауға өзгерістер енгізеді. Әдебиеттерді қарастыру арқылы студенттер тапсырмалар жинағын, ситуациялар қолданып, міндеттерді шешуде өз күштерін сынап көре алады. Олардың семинардағы ролінің сипаты өзгерді. Теориялық материалдың берілуін олар ситуациялармен бекітіп, талдап қорытынды шағарады.
Семинарда іскерлік ойындар үлкен орын алады. Олар көбінесе теориялық тұжырымдардың иллюстарциясы мен бекітуінде қолданылады. Ойын қатысушылары педагогикалық процестің әртүрлі ситуацияларын шығармашылықты түрде орындайды. Семинарды ұйымдастыру формасын өзгертуге болады: Біреуі мұғалім ролін ойнаса, екіншісі оқушыларды ойнайды.
Педагогикалық міндеттерді шешуді қолдану оқытушы функциясының өзгеруіне әкеледі. Ол міндеттерді шешу қатынасушысы болады.
Семинар – оқу процесін ұйымдастырудың жоғары тиімділікті формасы. Ол оқытушы мен оқушылардың жұмысын талап етеді. Семинарларды күнделікті сабақ кестесіне енгізуге болмайды.
Оқытудың лекциялық формасы. Жоғары оқу орнындағы оқу- тәрбие үрдісі белгілі бір формада анықталады. Білім берумен қатар студенттерді оқыту және олардың формасы тарихи өзгерді. Қазіргі таңда жоғары мектептің оқу үрдісін ұйымдастыру формаларының ғылыми мағлұмат берудің және қабылдаудың, болашақ мұғалімнің тұлғасының дамуының және педагогтың іскерлікті қалыптастырудың алуан түрі бар.
Оқу үрдісін ұйымдастыру формасы студенттердің белгілі бір саны мен құрамын болжайды. Осы факторға байланысты жоғарғы оқу орнының оқу іс әрекеті жалпы формада (лекция) топтың (семинарлық сабақтар) индивидуалды түрінде ұйымдастырылады. Осымен қатар оқытушы оқу үрдісін ұйымдастырушы білім көзі, консультант, бақылаушы, аналитик. Студенттерді оқыту формасын таңдау дидактикалық мақсатқа, оқу материалының мазмұнынына педагогикалық мәдениет деңгейіне және жоғарғы оқу орнының оқу іс әрекетінің келесі формалары қолданылады. Оларды 4 топқа бөлуге болады.
Теориялық (лекция, семинарлық сабақ, курстық жұмыс, дипломдық жұмыс, консультация, оқу саяхаттары).
Практикалық (лабораториялық-практикалық сабақтар, практикум)
Біріккен (педагогикалық және өндірістік тәжірбие).
Бақылау (коллоквиум, сынақ, емтихан)
Педагогика бойынша оқудан тыс жұмыс.
Дербес жұмысты кез келген оқытушы жүргізе алады: жаңадан келгені де және тәжірибелісі де. Оны әр түрлі міндеттерді шешуде пайдаланады: студенттерді педагогикалық әдебиеттерді оқуға қатыстыру, пәнге қызығушылығын ояту және бекіту, әр түрлі әрекеттерді ұйымдастыруда (әдебиеттерді талдау және оқу, озық іс-тәжірибелермен танысу, Бұл тәжірибені семинарда талдау – баяндама түрінде баяндау, пән бойынша үйірме сабағында, студенттер конференциясында және т.б.)
Студенттердің зерттеушілік жұмысы ереже бойынша оқытушының жеке кеңес беруін талап етеді. Мұнда «Ғылыми педагогикалық зерттеулер әдістемесі» курсы ерекше орын алады.
Үйірмелер – студенттердің пән бойынша оқудан тыс әрекетінің кең таралған формасы. Үйірмеге студенттер қатыстырылады.
Үйірме әрекетін ұйымдастыруға қойылатын жалпы талаптар:
Пән бойынша жұмыстың топтық формалары пәндік курстарда оқытылады, онда оның түрлері, ерекшеліктері, ұйымдастыру құралдары, өзара әрекет ету әдістері мен тәсілдері, оларды талдау және нәтижелері берілген.
Педагогикалық және өндірістік тәжірибе бірқатар факультеттерде студенттердің тәжірбиесі жоғарғы оқу орнынынң оқу тәрбиелік үрдісінің негізгі бөлігі болып табылады. Ол оқудан бөлек өйткені ол басқа оқу орнында өндірістік бөлікте жүреді және арнайы бағдарлама бойынша ұйымдастырылады.
Педагогикалық тәжірбие оқытудың бірінші формасы, ғылыми теориялық білімнің олардың тәжірбиеде қолдануын байланыстыратын мамандарды кәсіби даярлау тәжірбиенің мамандық деңгейіне байланысты өткізілуіне қарамастан оның өту негізінде студенттер барлық пән бойынша білімдер қолданады. Педагогикалық тәжірибе теориялық білімнің педагогикалық жалғасы.
Лабораториялық - практикалық сабақтар . Оқу іс-әрекетінің аталаған формасы барлық жоғары оқу орындарында кең тараған ол кейбір сабақтар бойынша негізгі болып табылады. Практикалық сабақтың мақсаты оқуды тереңдетіп және бекіту, интеллектуальды танымдық, еңбектік, кәсіби іс-әрекетінің біліктілігін қалыптастыру. Лабораториялық -практикалық сабақтар кабинеттерде, лабораторияда, шеберханаларда жүргізіледі және оқу құралдарын қазіргі замандағы электронды есептеу техникасын қолдануда қарастырады. Бұл жағдайда лабораториялық -практикалық сабақтар студенттерді тәжірбиелер мен эксперименттер жүргізуге үйретеді.
Әр лабораториялық практкалық сабақтар, оқу пәніне және сабақтың мақсатына байланысты өзінің жүргзу жоспары болады. Практикалық сабақтар тақырып лекцияда қарастырылғаннан соң жүргізілуі мүмкін. Бұл жағдайда ол оны білімінің қалыптасуына көмектеседі.
Қазіргі жоғарғы оқу орындарында лабораториялық-практикалық сабақтардың келесі формалары қабылданған:
Ұжымдық, топтық, индивидуалды. Сабақтың ұжымдық формасы бір тапсырманың барлық топпен бірігіп орындауға бағытталған. Сабақты ұйымдастырудың индивидуальды формасында әр студент өз бетінше индивидуальды тапсырманы орындайды.
Коллоквиум. Жоғары оқу орынның іс-әрекетіне коллоквиум кіреді. Оқудың тапсырма ролін шешуге бағытталған бұл форманы оқытушылар сирек қолданылады. Коллоквиум курстың оқу және ғылыми негізін біріктіреді. Студенттердің ғылыми сөздік қорының, жан- жақтылығының дамуына негіз салады.
Конференциялар мен диспуттар.
Педагогика бойынша оқыту процесінде конференциялар кеңінен қолданылады. Олар оқытушыдан және оқушылардан мұқият дайындықты талап етеді. Сондықтан жылына 2-3 реттен көп өткізілмейді. Конференция тақырыбы зерттелгеннің мазмұны емес, материалға проблемалық тұрғысынан келуді қарастырады. Дидактиканы оқуды аяқтай келе, келесі тақырыптарды ұсынуға болады: «Педагогикалық теорияда және алдыңғы қатарлы тәжірибеде оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіру», «Дамытушы және тәрбиелеуші оқыту және оларды жүзеге асыру жолдары».
Оқытушы оқушылармен бірге конференция тақырыптарын өңдеп, баяндамалар мен хабарламаларды таратып, оқу бөлімімен бұл шараның уақыты және ұзақтығы жөнінде келіседі. Конференцияға педагогикалық еңбектің жаңашыл ғалымдары, олардың конференциядағы ролі анықталады. Әрі қарай жұмыс баяндамалар, хабарламалар, қажет құрал-жабдықтармен қамтамасыз етумен байланысты.
Конференцияның семинардан айырмашылығы – бір оқу тобымен емес, бірнеше топтармен жүргізіледі. Топтардың бірігуі конференция мазмұнын байытуға, әртүрлі топтарда қойылған сұрақтың зерттелу деңгейіне түсінік береді, оқушыларды материалды жалпылап, айтуға үйретеді.
Конференцияны аша отырып, оқытушы оның тақырыбын қалыптастырып, оның міндеттерін анықтап, қатысушыларды жоспармен таныстырып, пікірталастың процесін басқарады.
Қорытынды шығару маңызды кезең. ЖОО-да және колледждерде конференцияның мазмұны мен формасы арасындағы айырмашылықтар:
Оқу процесіндегі диспут екі рольді атқарады: оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіру формасы ретінде және диспутты мектепте өткізудің үлгісі болып табылады.
Мысалға, «Ертеңгі ұстаз қандай болуы керек?» атты тақырыптағы диспут. Оны топ студенттері дайындауда. Олар өз араларынан жетекшіні таңдап, әдебиеттерді таңдап, сұрақтарды анықтап, олармен қалған стуенттерді таныстырады. Барлық топ тапсырма алады: қойылған сұрақ бойынша өз ойын айту, диспутқа дайындық әдістемесі бойынша негізгі әдебиеттермен таныстыру жүреді.
Диспут басталмас бұрын аудиторияда плакат, сызба, суреттер ілінеді. Диспутқа жауаптылар оны бір сағат уақытта жасайды. Екінші сағат шараны талдауға арналады. Студенттер тақырып таңдауға, диспут бағдарламасына, оның жетекшілерінің дайындығына, топтың жалпы дайындығына назар аударады.
Жұмыстың мұндай формасы көптеген жылдар бойы тәжірибеден өтуде, ол әрқашан студенттерде үлкен қызығушылықты тудырады, әрбір кезеңде диспуттың мазмұны мен оның ұйымдастырылуына жаңа бір нәрсе енгізіп отырады.