«Дидактика» бөлімінің әдістемелік сипаттамасы.
Тақырып сипаттамасы:
Бұл сұрақты оқып-үйренудегі негізгі сәт оқыту процесін ақыл-ой әрекетінің қалыптасу кезеңі теориясы тұрғысынан психологиялық негіздеу болып табылады. Оқыту процесінің мәнін ашып көрсету студенттердің білімді меңгеруімен оқытушының дидактикалық міндеттерді шешуі арасындағы байланыс түсінігінен құрылады. (Сызба құру).
Содан кейін педагог және психолог көзқарасы бойынша білімді меңгеру сызбасын құру қажет.
Осы тақырыпта оқыту түрлерін ашып көрсету қажет: проблемалық, бағдарламалық, дифференциялық және алгоритмдеу.
«Оқыту принциптері және ережелері, заңдылықтары».
Берілген сұрақта «заң», «заңдылық», «ереже», «принцип» анықтамаларына және олардың өзара байланысы және тәуелділігіне басты назар аудару қажет.
«Оқыту формалары».
Көрнекі құрал жүйесін пайдалану әдістемесі автор позициясына сүйенеді, студенттердің көз алдында педагогикалық сурет түрінде тақтада сызба көрсетіледі. Бұл әдістеме дәлелденген және студенттердің білімді меңгеруінде тиімді нәтижеге жеткізеді.
«Оқыту әдістері» және т.б.
«Оқыту әдістері» тақырыбында оның жіктелуіне әр тұрғыдан келіп және олардың салыстырмасын сызбада көрсету қажет. Оқыту әдістері мен тәсілдеріне анықтама беру, олардың ұқсастығы мен айырмашылығын ашып көрсету керек. Оқыту құралдарының әдістер мен тәсілдерді пайдалану жүйесінде алатын орнын көрсету. Сонымен бірге оқыту әдістерін тиімді пайдалану шарттарын ашып көрсету маңызды.
Тәрбие теориясы тәрбие процесін педагогикалық ұжымның оқушылардың ата-анасымен байланыс жасай отырып оқу және оқудан тыс әрекет етуі барысында жүзеге асырылатын арнайы ұйымдастырылған іс-әрекет ретінде қарастырады.
Тәрбие процесінің негізгі сипаттамалары:
Ұжымды қалыптастыру проблемасын оқыту.
Аталған проблеманы оқытуда тәрбие теориясы бойынша оқу құралдары мен оқулықтарына сүйену қажет, келесілер қарастырылатын:
1 кезең: мұғалім талап қояды;
2 кезең: белсенді анықталады, және ол ұжымға талап қояды;
3 кезең: оқушылар мұғалім талабына сәйкес бір-біріне талап қояды;
4 кезең: өз-өзіне талап қою;
Көзқарасты қалыптастыру.
Көзқарас-бұл идеалдар, сендіру, көзқарастар жүйесі.
Берілген түсінік жеткілікті жоғары абстракция және оны студенттер әртүрлі мысалдар, белгілі адамдар өмірінен нақтылы дерекетр көмегімен ғана меңгере алады.
Осыдан кейін көзқарас адамның құндылықтар жүйесін, білімін, іскерлігін, шеберлігін, оның дүниеге, адамдарға, табиғатқа және жалпы қоғамға қатысын анықтайтындығын ашып көрсету қажет.
Содан кейін, кіші жастағы оқушылардың көзқарасын қалыптастыру ерекшеліктері мен формаларын, әдістерін, құралдарын, немесе бұл кезеңде аталған көзқарастар мен қатынастардың тек негізі қалыптаса бастайтындығын ашып көрсету қажет.
Адамгершілік, еңбек, дене, эстетикалық тәрбие.
Адамгершілік, еңбек, дене және эстетикалық тәрбие негіздерін оқыту бойынша жұмыс жүйесі мынадай: