Дайындық бағыты бойынша кәсіби пәндерді оқытудың техникалық құралдары


Қоғамда болып жатқан оң өзгерістер жоғары оқу орнының білім беру жүйесінде де болашақ мамандарды даярлау ісіне деген қатаң талаптарды алға қойып отыр. Әлемдік аренада бәсекелестікке төтеп бере алатын мемлекеттің дәрежесіне жету үшін, қоғамның әр саласына еңбек ететін мамандар жоғары кәсіптік, зияткерлік құзырлықты, өз бетімен білім алуға қабілеттін, озық технологияларды жетік тек тұлға ретінде толық қалыптасқан, өз елінің азаматы болуы талап етіледі.

Қазір білім беруді ақпараттандырудың басты бағыттарының бірі оқыту мазмұнын, әдісі мен түрін компьютерлік оқыту технологиясын қолдану негізінде, атап айтқанда компьютерлік оқыту ортасын пайдалану аркылы жаңа сатыға көтеруге бағытталған. Мұндай орта жоғары оқу орнында білімалушыларға өз іс-әрекетінің субъектісі болатындай мүмкіндік туғызып, оқу әрекетін жоспарлауға, өз алдына мақсат қоюға үйретеді. Осы тұрғыдан алып қарағанда, жалпы әдістемелік ғылыми зерттеу жұмысының ішіндегі маңызды мәселенің бірі «студент-компьютер» ара қатынасын анықтау болса, бұл мәселе компьютерлік оқыту технологияларды қолданудың психологиялық ерекшіліктерін ашуды талап етеді.

Техникалық жоғары оқу орнында «Ақпараттық жүйе» мамандығының студенттеріне кәсіби меңгертуде компьютерлік оқыту технологияларды қолданудың тағы бір ерекшілігі - бұл мамандықтың таңдаған білімгерлердің ақпараттық технология саласынан басқа мамандықты игерушілерге қарағанда білім, дағды, іскерліктерінің әлдеқайда озық болуы. Оларға арналған оқулықтар да бағдарламалық тұрғыда білім алушылардың деңгейіне барлық жағынан сай келуі қажет. Біздің ойымызша, компьютерлік оқыту технологиялары арқылы білім меңгеруде бағдарлама жасауда әдіс-тәсілдерді мамандыққа сай тілдік материалды дұрыс іріктеумен қатар, әдіс-тәсілдерді таңдауда студенттердің психологиялық жеке тұлғалық ерекшіліктері де басты назар болуы тиіс.

Соңғы жылдары білім беруді компьютерлендіру мәселесіне арналған бірқатар ғылыми зерттеу жұмыстары пайда болды. Компьютерді қолданудың жалпы психологиялық негіздерін Е. И. Машбиц, А. Г. Кушниренко, К. З. Халықова және т.б. ғалымдар қарастырған. Қазақстан Республикасындағы бұл мәселеге арналған маңызды зерттеулер катарына А. Айтмұхамбетов, Б. Әбдікәрімов, С. Боранбаев, Д. М. Жүсібалиева, Ж. А. Қараев, А. К. Мыңбаева және т.б.

Жалпы тұлғаның қалыптасуы көпқырлы, ол көптеген сыртқы және ішкі орта факторларды есепке алуды қажет етеді. Көбінесе тұлғаның қалыптасуы оның мектепте алған біліміне байланысты болады. Сондықтан қазіргі кезде оқытуға негізделіп педагогикалық технологияларды, соның ішінде компьютерлік оқыту технологиясын қолдану жеке тұлғаны қалыптастыруға өз ықпалын тигізеді. Студенттің қазақ тілі пәніне деген қызығушылығын оятуға да компьютерлік оқыту технологиясын қолдану өз үлесін қосатыны анық. Студенттерді компьютерлік оқыту технологиясын меңгертуге жұмыстары олардың физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін, психиканың дамыту заңдылықтарын ескеру арқылы жүргізілетіні белгілі. Психология ғылымы ең алдымен студентке беретін білім білік пен дағдылардың мазмұнын айқындау кезінде аса маңызды рөл атқарады. Жоғары оқу орнында болашақ мамандарға техниканы үйрету барысында олардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескеру - оқу тиімділігін қамтамасыз етудің бір шарты? Оқытудың жаңа тұжырымдамаларына сәйкес білім беруде студент тек объект ретінде ғана емес, білім алудың белсенді субъектісі ретінде танылады. Жаңа ақпараттық технологиялардың оқу үрдісінде енгізілуі студент - оқушы - компьютер үштігінің ара қатынасын анықтауды қажет етеді. Студенттердің танымдық қызығушылығының жеделдеуі сияқты табиғи белсенділіктерін арттыру мақсатында, қоғам өміріне қатысуын қамтамассыз етуде компьютерлік оқыту технологиясының кейбір бөліктерін қолданудың маңызы зор. Мектеп бітіріп, жоғары оқу орнының бірінші курсына келген білім алушылардың көбінің қазақша сөйлеу тілінде мынадай ортақ кемшіліктер байқалады.

- біріншіден, студенттер өз ойын қазақ тілінде дұрыс жеткізе алмайды. Олар өзіне қажетті сөздерді дұрыс іріктеп, орынды қолдануға төселмегендіктен сөйлеу тілінде көптеген оқулықтар кездеседі;

- екіншіден, жүйемен сөйлеуге машықтанбаған. Кейде олардың сөйлемдерінің құрылысы нормадан ауытқып, бас-аяғы белгісіз болып кететін кездері де жоқ емес. Мүндай қателіктерді болдырмау үшін компьютерде әр түрлі жаттығу жұмыстарын, сөйлемдер құруға арналған тапсырма түрлерін, тестік тапсырмаларды орындату тиімді.

Осы кезеңде білімгерлерге компьютер арқылы өзіндік жұмыстарды орындаттыруға мол мүмкіндік бар. Өзіндік жұмыстарын компьютерлік оқыту технологиясын пайдалану арқылы ұйымдастыру кезінде студенттердің теориядан алған білімдерін қолдануды үш сатыда жүзеге асыруға болады:

  • жаңа білімді игеру және тыныс жағдайда пайдалану;
  • игерген білімді өңдеп, таныс емес жағдайда пайдаланады;
  • жаңа білімді шығармашылықпен қолдану.

Аталған сатылардың әрқайсысы білімді игерудің төрт деңгейіне:

а) білу;

ә) түсіну;

в) біліктеуіне сәйкес келеді.

Осы тұрғыдан қарағанда компьютерлік оқыту технологиясы жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуы үшін оқытудын әр түрлі әдістерін қолданумен тығыз байланыста жүргізіледі. Бұндай әдістер интенсивті ақыл-ой ізденістеріне ынталандырады, ойлау қабілетінің дамуына әкеледі, есте сақтау қабілеті мен дағдының қалыптасуына ықпал етеді.Сондықтан, компьютерлік оқыту технологиясының кейбір бөліктерін тиімді қолданып, қазақ тілін меңгертуді ұйымдастыратын оқыту әдістерін тыңдап алу, оларды дидактикалық мақсаттар мен оқу материалдарынын мазмұнына сай ету, сабақ үстінде студенттердің белсенділігін арттырып, ақыл-ойын дамытатын әдістерді кеңінен іріктеп алған жөн.

Жоғары оқу орнында оқытуда білім алушылардың тұлғалық дамығандағы психологиялық ерекшіліктерін ескертуде мол мүмкіндікке жол ашатын құралдарының бірі - компьютер. Осы орайда, біз оқытуды компьютерлендіру процесін студенттің жеке тұлға ретінде дамуына, оның субъективті көзқарастың қалыптасуына өзіндік танымының, шығармашылдық ізденісінің ашылуына түрткі болатын, жеке түлғалы-әрекетті қатынас шеңберінде қарастыру керектігін өз жұмысымызға арқау етеміз. Компьютерлік оқыту технологиясы белгілі бір мақсатты көздей отырып, пайдаланылғанда: ынталық, ақпараттық қарым-қатынасты дамытушьң бақылаушы және тағы басқа көптеген педагогикалық мүмкіндіктер жиынтығы жүзеге асырылады. Бұл компьютермен оқыту жағдайындағы студенттің дербес іс-әрекетін басқарудың маңызды бір аспектісі болып табылады.

Қазіргі уакытта ғалымдар іс-әрекет категориясының білім алуда методологиялық маңызды баса көрсетеді. А. М. Леонтьев, П. Я. Гальперин, Л. С. Выготский, т.б. ғалымдар еңбегінде жеке тұлғаның іс-әрекетінің дамуы, оны жүзеге асыру оның алдына қойған мақсаттарға жетудегі міндеттерді орындауға белсенділігімен байланысты болады деген пікір айтылады. Оқытуда компьютерді қолдану студент белсенділігін арттырады. Үйренуге берілетін тапсырмаларды өз бетімен орындауға, белгілі бір проблемалық жағдаяттарды шешуге деген талпыныс белсенділігін оятады. Білім алушының ойлау әрекетін жылдам меңгеруге қарай бағыттауда оқытудың нақты мақсаты айқын анықталуы қажет. Бағдарламалап оқытудың басты бөліктерін, яғни басқарылатын объект (студент) кезең-кезеңмен жүзеге асырылар бағдарлама, жүйелі кері байланыс, басқарудың оқу үрдісінде болуы білімгерлердің өз бетімен компъютер арқылы меңгерулерін қамтамасыз ете алады. Бұл ретте басты мақсат ретінде студенттің алдын-ала жоспарланған деңгейге біртіндеп жеті көзделеді. Ол үшін әр студенттің кезең-кезеңмен жүзеге асырылар әрекетінің бағдарламасы ойластырылады. Оқыту үрдісінің тиімділігі оқытушы мен студент арасында компьютер арқылы жүргізілетін кері байланыс арқылы қамтамасыз етіледі. Меңгеруге арналған ақпараттың өнделуі оқытушы назарынан тыс қалмауы тиіс. Студент әрекетінің өндеуінен өткен ақпарат оқытушыға жетіп, кандай да бір түзетулер немес бағалау, кеңес берулерге ұшырайды. Бағдарламалар оқытудың тағы бір ерекшілігі оқыту нәтижесінің диагностикалануымен сипатталады. Яғни, бағдарламадағы әр кезең студенттін белгілі бір нәтижеге жетуіне бақылау жасайды. Оның әрекетінің жоспарлы түрде бір мақсатқа қызмет етуін қамтамасыз етеді.

Белгілі бір мақсатқа жетуді көздеуде төмендегі жайттар ескерілуі қажет:

- студент әрекетін алдын-ала болжайтын тапсырмаларды ойластыру;

- студенттердің білім деңгейін анықтауға арналған әрекеттер;

- шұғыл кері байланысқа құрылған білім алу кезеңдерін бағдарламалау;

- нәтижелі диагностикалау әрекеттері.

Сонымен, компьютерді өзге тілді меңгеру құралы ретінде қарастырғанда, студенттің іс-әрекетінің дұрыс бағдарламалануы оқыту тиімділігіне әсер етеді. Психофизиологиялық тұрғыда компьютер студенттердің есту, көру, сөйлесу-қозғалыс мүшелерінің белсенді әрекет жасауына әкеледі. Компьютерлік оқыту технологияларын қолдану мидың қабығында қосымша тітіркенгіштердің пайда болуына ықпал етеді. Нәтижесінде, И. П. Павлов теориясы бойынша, оның қабылдағыштығы артады да, мұның өзі білімнің терең де берік болуына жақсы әсер етеді. К. Мухлис өз еңбегінде: «Компьютерде жазылатын түрлі дыбыстық тапсырмалар... акустикалық сигналдарды есту рецепторларын қоздырып, алғашқы есту нейрондарында белсенділік туғызу бастайды. Есту сенсорлық ақпараттарды ождан соң есту жүйесінің бірқатар бөлшектерінің өте келе, ми қабығының естуге байланысты аймағына қарай жөнелтіледі»,-деген тұжырымға келген. Компьютерді қолдану нәтижесінде адам санасында көру, есту, моторлы және тағы басқа бірнеше анализатордың жұмысымен байланысты сезімдік бейне қалыптасады. Студенттердің ойлау, қайта жаңғырту, байқағыштың қабілеттерін, сондай-ақ, ақыл-ой парасатын дамыту үшін оқу процесінде көру анализатордың іске қосудың маңызы зор. Бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін компьютерді қолдану өте тиімді.

Компьютер оқытуды жекелендіреді. Мұның негізінде кері байланыс орнайды, студенттердің өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі түзету жүзеге асады; оқудың мотивациясы күшейеді; рефлексияның дамуы қамтамасыз етіледі. Басқа құнды қасиеттеріне қоса, компьютер студенттердің жас және жеке психологиялық ерекшіліктерін ескеруге және олардын жеке тұлғалық қалыптасуына мүмкіндік береді.

Оқу үрдісін психология, педагогикалық тұрғыда жаңаша ұйымдастыру білім беруде жаңа компьютерлік оқыту технологиясының қолданылумен тығыз байланысты. Жаңа компьютерлік оқыту технологиясы осыған орай нені көздейді:

1) Білім философиясы - оқу-тәрбие ісінде мемлекетті, қоғамдық жеке тұлғаларды алға бастайтын, адастырмайтын және педагогика ғылыми мен жоғары оқу орны тәжірибесінін негізгі мәселелерін дұрыс тұжырымдауға жетектейтін шамшырақ. Білім философиясының керегесі болашақ маманды жеке тұлға ретінде ізгелікке, шындықка және еркіндікке баулитын.

2) Білім мазмұны - негізгі төрт тірегін танып білу, есте сақтау, қолдану мақсаттарына арналған ғылыми жетістіктерінен тұратын білім. Бұл білім өзге пәндерді кіріктіру мәселені дұрыс шешуге айкындалды. Жаңа компьютерлік оқыту технологиясының жүйесі пәндері кіріктіруге жол ашады. Бұл оқу жүктемелерін барынша жеңілдету пәнаралық байланыс арқылы табиғат қатынасын тұтас дүние ретінде таныту мәселесін шешеді. Жеке пәндердің саралау іске асады. Теориялық әрі практикалық маңызы төмен материалдар қысқартылады.

3) Білім игеру, оны ұзақ еске сақтау, қолдану уақытқа байланысты екені белгілі, оны шешу студенттің психикасының даму ерекшіліктерін, жұмыс қабілетін, білімді игеру қарқынын, денсаулығын ескере отырып, сабақтың ұзақтығын реттеу компьютерлік технолгия жүйесі арқылы толық іске асырылады.

4) Компьютерлік оқыту технологиясы - жаңа педагогикалық технология. Осы білімді игертудің барлық маңызды жүйелері мен әдістерді тиімді тәсілдері орын тепкен технология.

Бүгін компьютер күнделікті өмірде әбден табиғи көрінеді. Оны білімгерлер сабақта және оқудан тыс уақытта пайдаланылады, компьютер студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытумен қатар, оларды сергітетін жайлы әсер тудырады және де студентердің ойлау қабілеттерін жетілдіретін тиімді тәсілдердің бірі бола отырып, даралап оқытуға мүмкіншілік жасайды. Қазіргі заманда компыотер қолданушының барлық іс-әрекеттеріне, сұраныстарына сезімтал жауап бере алатын, оның тең серіктесі болып табылады. Төзімді жолдас, дана ұстаз, азаматтың ақыл-ойының биік жетістігі компьютердің қазіргі жастардың бос уакыттағы іс-әрекеттеріндегі психологиялық жағынан қалыптасуы және жеке тұлғалық дамуы үшін маңызы зор.Оқу үрдісінде компьютерлік оқыту технологиясының енуі оқытушы мен студент арасындағы кәсіби және психологиялық байланысты нығайта түседі.Сонымен, оқытудың жаңа технологияларды, соның ішінде жоғары оқу орны жүйесінде кеңінен қолданыс тауып жүрген компьютерлік оқыту психологиялық ерекшіліктеріне қарай таңдап пайдаланудың маңызы зор. «Студент-компьютер» жүйесіндегі ара қатынас мәселесін жан-жақты қарастырып, оқыту кезінде тиімді қолдану арқылы жоғары жетістіктерге жетуге болады. Мұғалім осы жүйенің негізгі, басты сегменті ретінде келесідей қасиеттерге ие болуы керек:

- психологиялық сәйкестілік;

- студенттердің ойлау қабілетіне ие дамушы тұлға ретінде тану;

- студентті сирек кездесетін қабілетке ие дамушы тұлға ретінде тану;

- сабақты әр студенттің қабілеті мен мүмкіндіктеріне сай диференциалды түрде құра білу.

Сонымен қатар ұстаз студенттерге білім берудің қазіргі кездегі жаңа технологияларды қамтитын әдебиеттерді оқып, өз тәжірибесінде ұтымды пайдалана білуі керек.Болашақ ұрпақ үшін білім беру мен тәрбиелеудегі тиімді ізденістер және әр елдің озық тәжірибелерімен жүзеге асырып, әлемдік педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту әр ұстаздың міндеті екені сөзсіз.