ЖОО-да оқытудың курс және жыл бойынша ұстазды кәсіби-педагогикалық даярлаудың құрылымдық-мазмұндық моделі.
1 курс – жалпы педагогикалық және психологиялық даярлықтың кезеңі
Оқыту мақсаты – болашақ ұстаздарға кәсіби іс-әрекет негізін меңгеруге мотивациясын қалыптастыру.
Оқыту міндеттері – болашақ ұстаздарды кәсіби іс-әрекетке даярлау; ғылыми-зерттеушілік жұмысқа ұстаздардың кәсіби іс-әрекетінің құрамдас бөлігі ретінде кіріспе.
Бірінші курста ЖОО-да оқыту студентті білім беру философиясының мәнін ұғынуға, педагогикалық іс-әрекеттің әлеуметтік ролін, қазіргі білім беру кеңістігінде ұстаздың орны мен ролін, оқушы тұлғасын қалыптастыруда ұстаздың ролін ұғынуға бағдарлануы керек.
Үздіксіз психологиялық-педагогикалық тәжірибенің енгізілуіне ерекше көңіл бөлу керек. Ол «мектеп күні» формасында өтілуі керек. Аптасына бір рет екінші семестр бойына студенттер мектепте болулары керек, ол мына мүмкіндіктерді жасайды:
- студенттерде ұстаздар мамандығына деген қызығушылық және оң қатынасты тәрбиелеу;
- педагогикалық құбылыстарды бақылауды үйрену және оларды жазып отыру;
- студенттерді өзін-өзі бағалау, өзін-өзі тәрбиелеу процестеріне қатынастыру;
- сабаққа қатынасу және ұстаз бен оқушылар арасындағы өзара әрекет ерекшеліктерін бақылау;
- куратор көмекшісі ретінде тәрбиелік шараларды дайындау және өткізуғе қатынасу.
І курстың оқу жоспарының базалық компонентіне, «Кәсіби пәндер» цикліне келесілерді енгізу: «Мұғалім мамандығына кіріспе», «Психология негіздері», «Өзіндік қалыптасу технологиясы», «Педагогика тарихы».
2 курс – кәсіби-педагогикалық даярлықтың теориясын терең меңгеру кезеңі.
Оқыту мақсаты – кәсіби іс-әрекеттің негізгі теориясын меңгеру, педагогикалық процестің және оның жеке компоненттерін талдаудың алғашқы іскерлігін игеру.
Оқыту міндеттері – студенттерде тұтас педагогикалық процесті көруді қалыптастыру және келесі педагогикалық іскерліктердің негізін құру:
Педагогика курсын оқу процесінде студенттерде шығармашылық ғылыми-ізденушілік жұмысқа дайындығын қалыптастыру қажет. Курсты оқу барысында педагогикалық процесс пен пәнаралық позицияда әртүрлі құбылыстар байқалады: философия, әлеуметтану, педагогика тарихы, психология, физиология, т.б.
ІІ курстағы педагогикалық тәжірибе ЖОО-ның оқу бағдарламасына талаптары бойынша психологиялық-педагогикалық пәндерді зерттеумен сәйкес жүргізіледі. Келесі мүмкіндіктерге ие:
ЖОО-да екі жыл оқыған соң студенттің оқу-танымдық іс-әрекетінің нәтижелілігі аралық мемлекеттік тестілеу формасындағы сыртқы бақылау арқылы анықталады.
ІІ курста оқу жоспарының «Кәсіби пәндер» цикліне келесі пәндерді енғізу: «Даму психологиясы», «Педагогикалық психология», мектеп күні формасы ретінде психологиялық-педагогикалық тәжірибе (оқу жылы барысында).
3 курс – кәсіби-педагогикалық іс-әрекет технологиясын меңгеру кезеңі
Оқыту мақсаты – болашақ мұғалімдердің теорияны тәжірибелік әрекетке ауыстыру дайындығын қалыптастыру.
Оқыту міндеттері:
ІІІ курстағы оқу-өндірістік тәжірибе келесіні қамтамасыз етеді:
4 курс – мұғалімнің кәсіби даярлығының тереңдеу кезеңі.
Оқыту мақсаты – болашақ мұғалімдердің кәсіби іс-әрекет жекелеген аспектілерін терең меңгеруі.
Оқыту міндеттері:
4 курста оқу жоспарына міндетті арнайы курстарды енгізу («Педагогикалық менеджмент», «Жоғары мектеп педагогикасы») және таңдау бойынша арнайы курстар («Шағын комплектілі мектепте тұтас педагогикалық процессті жүзеге асыру теориясы мен технологиясы», «Профильді мектепте тұтас педагогикалық процессті жүзеге асыру теориясы мен технологиясы»).
Мемлекеттік педагогикалық тәжірибе тұтас педагогикалық процесті басқаруда педагогикалық білімдер, іскерлік және дағдыларды меңгеруге бағытталған. Мемлекеттік педагогикалық тәжірибе кезінде студенттер дипломдық жобамен жұмыс жасай береді.
Бұл кезеңде болашақ ұстаздарды дайындау сапасына бақылау Мемлекеттік Емтихан Комиссиясының құрамына басқа білім беру мекемелерінің өкілдерін қосу формасында өтеді.
Тұжырымдаманы жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер
Бұл Тұжырымдаманың жүзеге асырылуы келесі мүмкіндіктер береді:
Осы Тұжырымдаманы енгізудің алғышарты бүгінгі күнге дайындалған оның толық ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етілуі болып табылады:
Ұсынылған Тұжырымдама гуманистикалық сипатқа ие, оның орталығында – маман тұлғасы, оның рухани құндылықтары, оның қоғам тілегіне байланысты маман ретінде құрылуы.