ҚОСЫМША Д. «Этнопедағоғика» курсын оқыту әдістемесі.
“Этнопедагогиканың” ғылым ретіндегі түсінігіне талдау жасау. Орта ғасыр данышпаны Әл- Фараби: «Адамға ең бірінші керегі білім емес, тәрбие беру керек. Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі» деп айтып өткен болатын. Ғұламаның бұл сөзінен туындайтын тағылым – тәрбиесіз, өнегесіз берілген білім – жетім, жастарды тәрбиелей отырып оқыту, білім беру ғана нәтижелі болмақ. Яғни, осыдан екеуін ұштастыра отырып жүргізгенде ғана адам қалыптасады деген қорытындыға келеміз.
Педагогика ғылымының негізгі қарастыратын мәселесі адам тәрбиесі екені белгілі. Осы кезге дейінгі дамуы барысында ол өзінің теориялық ауқымын кеңейтіп, жаңа мазмұнмен толықтырылуда және зерттеу бағыттарының күрделенуіне байланысты іштей ғылыми жіктелу үрдісі жүруде. Мұның нәтижесінде өзге жеке ғылыми салаларымен қатар оның этникалық педагогика деп аталатын білім саласы қарастырылады.
Халық педагогикасы қоғам дамуының белгілі сатыларынан өтіп, ғылыми педагогикалық дәрежеге жеткенше ұрпақ тәрбиесінің бастау бұлағы, педагогиканың алғашқы құралы және тәрбие жүйесі қызметін атқарып келді. Яғни, осыдан ғылыми педагогикамен халық педагогикасының тәрбие тәсілдеріндегі сабақтастығы, принциптік-идеялық үндестігі туындайды. Бүгінгі әлемдік аренаға жеткен ғылыми педагогика халық педагогикасынан бастау алып, оны ғылыми қажетіне жаратты. Осы қажеттіліктен халықтың эмпирикалық тәжірибесіне негізделген ұрпақ тәрбиелеу тағылымдары - халықтық педагогиканы ой – елегінен өткізіп, зерттеп тәрбие оқу- ісінің өзекті құралы етудің жолдарын және оның шығу, даму кезеңдерін, өзіндік ерекшеліктерін, басқа ғылымдармен байланысын зерттейтін педагогиканың ғылыми бір саласы этнопедагогика пайда болды.
Ал этнопедагогика дегеніміз – этникалық қауым педагогикасының дамуын зерттейтін педагогикалық білімдердің жаңа саласы, белгілі бір халықтың, тайпаның өзіне тән ерекшелігі бар дүниетанымдық, тәрбиелік мәдени мұрасы. Ол халықтың ұрпақ тәрбиелеудегі озат тәжірбиесінің мазмұны мен әдіс-тәсілдерін зерттейтін ғылыми педагогиканың құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады.
Халықтық педагогикаға келетін болсақ ол - белгілі бір халықтың жас ұрпақты тәрбиелеудегі өзіндік ерекшелігі бар ғасырлар бойы қалыптасқан іс –тәжірбиесі. Осы іс-тәжірибені ғылыми тұрғыдан саралап, зерттейтін ғылым-этнопедагогика. Олай болатын болса, этнопедагогиканы халық тәрбиесін зерттейтін ғылым ретінде қарастырамыз.
Халықтық педагогиканы теориялық, әдіснамалық, тарихнамалық проблемаларын зерттеуге өз үлестерін қосқан Г. Н. Волков., А. Рудьт., Е. Л. Христова., А. Е. Измаилов., А. Ш. Гашимов еңбектерін атауға болады. Бұлар «халықтық педагогика» және «этнопедагогика» ұғымдарының ара жігін ажыратып, зерттеу объектілерімен мазмұнын ашып көрсетті.
«Этнопедагогика» терминін алғаш ғылыми айналымға енгізғен чуваш ғалымы Г. Н. Волков1972 жылы болды. «Чуваш халық педагогикасы» және «Этнопедагогика» еңбектерінде ол халықтық педагогикасы проблемасын неғұрлым толық қарастырып, тәрбие пәніне, педагогикалық негіздеріне, әдістеріне, құралдарына анықтама береді. Педагогикалық әдебиетте тұңғыш рет «этнопедагогика» терминін қолдана отырып, оған «жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу жөніндегі халық бұқарасының тәжірибесі туралы отбасы, ұлыс және ұлт педагогикасы туралы ғылым, этникалық тарихи жағдайлардың әсерімен қалыптасқан ұлттық сипаттағы ерекшеліктерін зерттейді» деген анықтама береді. «Этнопедагогиканың», «халықтық педагогикадан» айырмашылығын көрсетіп, егер халықтық педагогика тәжірибеге және оның сипатына қатысты болса, этнопедагогика – теориялық ой, ғылым саласы деп түсіндірді.
Педагогикалық әдебиеттерде этнопедагогиканың маңыздылығын айқындайтын бірнеше анықтамалар бар:
Халық педагогикасын теориялық негіздерін зерттеуші ғалым Е. Л. Христова бойынша: «этнопедагогика»- белгілі бір этникалық қауымдастықты оның ерекшеліктерін есепке ала отырып, тәрбие мен оқытуды зерттейтін педагогикалық пән.
Г. М. Храпченков бойынша: «этнопедагогика»- ұлттық оқу-тәрбие мекемелерімен отбасында жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудің әдістері, тәсілдері, нысандары, мазмұны, міндеті, мақсаты , принциптері, маңыздылығы жайлы ғылыми-эмпирикалық білімдерді оқытатын, педагогика ғылымының құрамдас бөлігі.
К. Ж. Қожахметова бойынша: Этнопедагогиканың негізінде эмпирикалық білім жатыр. Оның әрекет ету белгісі жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту, тәжірибемен мен өмірлік іс-әрекетпен байланыс жасау болып табылады. Этнопедагогика халықтың жалпы рухани мәдениетінің құрамдас және бөлінбес бөлігі дей келе оған мынадай анықтама береді:
«Нақты бір этностың этникалық тәрбие ерекшеліктерін зерттейтін ғылым». «Білім беру жүйесі мекемелері мен отбасының барлық өмірінде үздіксіз жүзеге асырылатын, негізгі пәні этникалық тәрбиенің ерекшеліктері болып табылатын, этнофилософия, этнопсихология, этнология, этнос теориясы, мәдениет теориясы қиылысуында қалыптасқан педагогика ғылымының құрамдас бөлігі, саласы».
«Этнопедагогика» терминімен қатар «халықтық педагогика» деген ұғым қолданылады. Осы жерде мынадай сұрақтар туындауы мүмкін: Бұл екі ұғым бір ма? Болмаса олардың өзіндік ерекшеліктері, ғылыми анықтамасы бар ма? Бар болса ол қандай? Енді осы мәселелерге арнайы тоқталып өтейік.
Тарихи-педагогикалық әдебиеттерде соңғы уақытта «Халық педагогикасы» деген ұғымды зерттеушілер бір-біріне қарама-қайшы төрт тұрғыдан қарастырып жүр. Олардың біріншілері: халықтың санасына тән рухани құбылыс деп қараса, екіншілері: әр халықтың педагогикалық тәжірибесі, ал үшіншілері: халықтың педагогикалық ойлары мен іс-әрекетінің бірлігі, төртіншілері: халық тәрбиесі туралы ғылым деп қарайды.
Бүгінгі таңда тарихи-педагогикалық зерттеулерде «халықтық педагогика» анықтамасына бірнеше көзқарас қалыптасқан:
- Е. Л. Христова халық педагогикасын – «халықтың таптық педагогикалық санасы» деп, ал «дәстүрлі педагогиканы – белгілі ұлттық педагогиканың санасы» ретінде қарастырады.
- Зерттеуші педагог Г. С. Виноградов халық педагогикасын халықтың педагогикалық мәдениетінің құрамдас бөлігі ретінде қарастырып, оны «жүйе» дегеннен гөрі, «білім мен дағдылар жиынтығы» деген пікірді құптаған. Виноградовтың пікірі бойынша, халық педагогикасын педагогикалық теория емес, педагогикалық практика, халықтың бала тәрбиелеу тәжірибесі ретінде қарастыру қажет.
- Г. Н. Волков бойынша: Халық қалаған жеке адам салаларын дамыту мақсатында еңбекшілер қолданған тәрбиелеу мен оқыту, педагогикалық дағдылар мен тәсілдер мақсаттарының, міндеттерінің жиынтығы және өзара байланысы, ол тәрбие мәселелері жөніндегі эмпирикалық мәліметтер мен білімдер жиынтығы. Оның зерттеу тақырыбы – тәрбие, ал тәрбие обьектісі – адам, тұлға»
- Педагогикалық энциклопедиялық сөздікте: «Халық педагогикасы дегеніміз – ұлттар мен ұлыстардың әлденеше ғасырға созылған ұрпақ тәрбиесіндегі ұлттық әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерінің, мәдени ойлау процесінің эмпирикалық негіздегі озық үлгілерінің жиынтығы, яғни тәрбие жөніндегі халықтың білім тәжірибесі», - деген анықтама берілген. Осы анықтаманы ғылыми дұрыс анықтама деп санаймыз.
А. Ш. Гашимов бойынша «кең мағынасында алғанда халық бұқарасының тәрбие мәселелері жөніндегі көзқарастарының, идеяларының, әдет-ғұрыптарының, салт-дәстүрлерінің жиынтығы. Оның нысанасы – тәрбие, ал тәрбие обьектісі жасы мен жынысына қарамастан адам, жеке адам»
Аталып өткен анықтамалар мынаны көрсетеді: олар мазмұны жағынан жақын, қайшы келмейді, қайта бір-бірін өзара толықтырып, өзара байыта түседі және біртұтас мақсатты білу болып табылады.
Сонымен, халық педагогикасы – тәрбие мен оқыту саласындағы халық бұқарасы білімдерінің, іскерліктерінің, дағдыларының жиынтығы, тәрбие жөніндегі халықтың білімі мен тәжірибесі, ал этнопедагогика – халықтық тәлім-тәрбиені, оның тәжірибесін қорытындылап, жүйелейтін теориялық сипаттағы ғылым саласы.
Этнопедагогика мен педагогиканың арақатынасы.
Этнопедагогика – педагогика ғылымының құрамдас бөлігі бола отырып, сол ғылымның бөліктерін қамтитын дербес ғылым ретінде қарастырылады. Осыған орай этнопедагогика компоненттерінің логикалық құрылымын айқындау үшін оның мақсаты мен міндетін, обьектісі мен пәнін, қызметі мен әдістерін, категориялары мен заңдарын, заңдылықтары мен теориясын педагогикамен салыстыруда құрылымдық- талдау әдісін қолданамыз. Мұндағы этнопедагогика компоненттері Г.Н. Волков еңбегі бойынша құрылған.
Этнопедагогика мен педагогика арақатынасын кесте түрінде көрсетуге болады.
Ғылымның компоненттері |
Этнопедағоғика–жас жеткіншекті тәрбиелеудеғі халық бұқарасының тәжірибесін, олардың педағоғикалық көзқарастарын, ұлттар мен ұлыстардың тәлім-тәрбиелік тәжірибе жүйесін зерттейтін ғылым |
Мақсаты мен міндеттері |
Мақсаты: бойында «ақыл», «қайырымдылық», «еңбекқорлық» қасиеттері бар жан-жақты жетілғен адамды тәрбиелеу; Неғізғі міндеттері: Халық педағоғикасының ерекшеліғін, оның пайда болуын, дамуын және қазірғі замандағы жағдайын, халық өміріндеғі орнын, адамзаттың педағоғикалық мәдениетін дамытудағы алатын ролін анықтау және зерттеу; Халық тәрбиесінің неғізғі катеғориялары мен заңдылықтарын айқындау; Ұлттық мінез-құлықты қалыптастыру процессін зерттеу; Халық педағоғикасының педағоғикалық ғылыммен байланысын айқындау; |
Обьектісі |
Халықтық педағоғика |
Пәні |
1.Жалпы халықтық педағоғикалық мәдениет аймағы. 2. Халықтық педағоғика: · неғізғі педағоғикалық түсініктер; · бала тәрбиенің обьектісі және субьектісі ретінде; · тәрбие функциялары; · тәрбиенің факторлары; · тәбие әдістері; · тәрбие құралдары; · адам тұлғасын жетілдіру идеясы; · тәрбиені ұйымдастыру; · адамның өмір сүруіндеғі педағоғикалық маңызы; халық тәрбиешілері; |
Функциясы |
· Этникалық педағоғика тарихи жағдайлардың әсерімен, тәрбиенің ұлттық жүйесінің арқасында сақталған ұлттық мінез- құлықтың ерекшеліктерін зерттейді. · Ұрпақтан-ұрпаққа мирас болған құнды педағоғикалық
|
|
· байлығымызды насихаттау. · Халықтық педағоғикалық салт-дәтүрлердің сақталу себебін анықтау және қазірғі қоғамның рухани өміріне ену механизмін анықтау; · Үлкен және кіші мөлшердеғі халықтардың тәрбиелік ерекшеліғін түбеғейлі зерттеу; |
Әдістері |
Этноғрафиялық, бірақ педағоғикалық обьектіні зерттеуғе бағытталған әрі педағоғикалық мазмұнға толы және басқа да ерекше педағоғикалық әдістермен өзара бірлестікте. Педағоғика пәнінің қарастыратын мәселелерін ысырып, халық түсініғіне сәйкес бір адамзаттық ғасырды толық педағоғикалық цикл ретінде қарастыратын этнопедағоғикалық тәсіл.(«Адам немере болып туады, ата болып өледі») |
Принциптері |
Табиғилық (Волков бойынша) табиғатпен үйлесімділік, бейбітшілік, келісімділік жағдайында болу; Ұлттық және жалпы адамзаттық, жалпы және жеке меншік бірліғі принципі жасерекшілік кезеңденуінде табиғатпен ұқсастығы басым болады: бір жағынан этникалық ерекшеліктер зерттесе, екінші жағынан халықтық педағоғикалық мәдениеттін бірліғі анықталады. Халықтық принципі. |
Катеғория лары |
· Халықтық педағоғика · Халықтық педағоғикалық шығармашылық · Халықтық педағоғиканың неғіздері · Балалар ортасы халықтық тәрбиенің факторы ретінде · Тәрбиенің халықтық құбылысы · Халықтың педағоғикалық мәдениеті · Халықтық тәрбиенің ерекшеліктері: мирасқорлық, табиғилық, синкритизм, бұқарашылдық. · Этнопедағоғика · Этнопедағоғикалық тәсіл · Этнопедағоғиканың объектісі · Этнопедағоғиканың пәні |
Заңдары |
|
Заңдылық тары |
Халық мәдениеттің деңғейі қай салада болмаса да, халықтың педағоғикалық мәдениетінің деңғейін анықтайды. Халық педағоғикасындағы нашар тәрбие болашақ ұрпақтың жүріс-тұрысының төмендеуімен байланысты болады. Халық педағоғикасында тұжырымдардың тұтас иерархиясы орын алады, жалпылаудың әр сатысында адам жоғарылай береді. Жалпы заңдылық – иғі ұлттық әрқашанда интернационалды. |
Құрылымдық-аналитикалық тәсілдің мақсаты кез-келген білімнің ғылыми жүйесінің статусын зерттеуді көздегендіктен, бұл салыстырмалы талдау этнопедагогиканы педагогика ғылымының құрамдас бөлігі ретінде, оның ғылыми статусын айқындайтын негізгі компоненттерін ашып көрсетеді.
Сондықтан да Г.Н. Волковтың зерттеулері қанша уақыт өтсе де қазіргі күнде әсіресе әдіснамалық жағынан маңыздылығы жойылмайды. Этно педагогика педагогика ғылымының құрамдас бөлігі болғандықтан, жалпы педагогика ның заңдары, принциптері, заңдылықтары оған да қатысты болады.
Сонымен, проф. Қожахметова К. Ж. ғылыми зерттеуін негізге ала отырып, этнопедагогиканың объектісін - этникалық педагогикалық мәдениет, қазірғі этно педагогика лық шындық деп қарастырамыз. Пәні - үздіксіз этноәлеуметтік ролдерді меңгеру процесі ретінде адамның бүкіл өмір сүруінде болатын этникалық тәрбие процесі. Заңдары – шынайы өмірмен тәрбиелеу. Заңдылықтары – барлық педагогикалық заңдылықтар.
Демек, этно педагогиканы педагогика ғылымының құрамдас бөлігі ретінде түбегейлі зерттеу нәтижесінен біз оның өзіндік ерекшеліктері бар екенін көріп отырмыз.
Этнопедагогика педагогика ғылымының сабақтас саласы ретінде.
Г. Н. Волков этнопедагогиканы педагогика, этнография, фольклористиканың қиылысуында пайда болған интегративті ғылым деп есептейді. Ол этнопедагогиканың құрамына кіретін ғылымдар арасындағы байланыс түрлерін келесідегідей түрде сипаттайды:
- ғылымаралық байланыстылығы;
- зерттеу обьектілері жақындығы бойынша ғылымдар интеграциясы:
- кординационды типтегі байланыс.
Этнопедагогиканың бөлінбейтін құрамдас бөлігі бола отырып, зерттеу нүктелерін этнопедагогикалық тұрғыда жүргізеді. Этнопедагогика педагогикалық білімдердің интегративті саласы болғандықтан, ол этнографиямен, этнопсихологиямен, этнофилософиямен, педагогикамен, этномәдениетпен және т.б. ғылыми педагогика түрлерімен тығыз байланысты. Этнологиялық сөздікте этнопедагогика халықтың рухани мәдениетінің ажырамас бөлігі ретінде көрсетілген, этнопсихология этникалық стереотиптердің ұлттық сана-сезімнің қалыптастырудың заңдылықтарын, ұлттық мінез-құлық адам мінезінің этникалық ерекшеліктерін зерттейтін пәнаралық білім саласы. Ал, этнология - тар мағынада теоретикалық халыққа кіріспе оның объектісі- этнос және оның өмірлік іс-әрекеті. Этномәдениет- этникалық ерекшелікті меңгеретін және этнодифференциалды қызметті атқаратын мәдени элементтер мен құрылымдардың жиынтығы. Этномәдениет - бұл этнос мәдениетінің маңызды компоненті. Этнософия- әр халықтың ұлттық мәдениеті мен өнерінің қайнар көзі және негізі.
Демек, осы ғылымдар өзара бір-бірімен қиылысып, түп негізі педагогика болып табылатын жаңа білім саласы этнопедагогиканы қалыптастырады.