Қазақстан Республикасында педагогикалық мамандар даярлаудың қазіргі күйі және оған кері әсер етуші факторлар.


Қазақстан Республикасында жоғары педагогикалық білім берудің дамуына кері әсер етуші негізгі факторларға мыналар жатады:

Педагогтың әлеуметтік статусының төмендеуі, жас мамандарда сәйкесінше нормативтік-құқықтық базаның жоқтығына байланысты әлеуметтік қорғанысының әлсіздігі. Жоғары педагогикалық мекемелерге оқуға түсуші абитуриенттердің жалпы дайындығының төмен сапада болуы. Кадрлар феминизациясының жоғары дәрежеде болуы, кадрлардың ескіруі. Мұғалім мамандығын таңдаушы және ЖОО-нын аяқтағаннан кейін мектепте жұмысқа қалушы түлектердің азаюы.

Арнаулы пәндер саласында жоғары білімге ие, сондай-ақ педагогикалық шығармашылыққа, белсенділікке, жаңаны қабылдай алуға қабілетті жоғары білікті педагогтарды даярлау сынды қоғамға қажет нәтижеге бағытталушы педагогикалық ЖОО-ның стратегиясының жоқтығы.

Университеттерде және педагогикалық институттарда оқу-тәрбие процесіне педагогикалық бағыттылық беретін педагогикалық циклдер пәндері мен арнайы пәндердің өзара байланысның жоқтығы байқалатын педагогикалық мамандықтар үшін оқу процесін ұйымдастыруға механикалық тұрғыдан келу.

Қазіргі талаптарға сай, болашақ мұғалімнің кәсіби даярлықтың мазмұнын анықтайтын негізгі құжат ретінде оқу жоспарының, типтік оқу жоспарларының, стандарттардың дұрыс деңгейде болмауы.

Болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлауды ақпараттық, материалдық-техникалық жағынан жеткіліксіз қамтамасыз ету (электронды тасымалдаушылардағы оқу материалдарының, мемелекеттік және орыс тілдерінде жаңа буынның ғылыми-әдістемелік және қазіргі заман оқулықтарының жеткіліксіздігі).

Оқытудың кредиттік жүйесі жағдайында ғылыми-зерттеушілік және оқу-әдістемелік жұмыспен оқытушыларға тиімді түрде айналысуға мүмкіндік бермейтін ЖОО-ның профессорлар-оқытушылар құрамының оқу жүктемесінің көптігі.

Мектеп, қоғам, мемлекет тарапынан жеке тұлғаға және қазіргі педагогтың кәсіби жан-жақтылық деңгейіне қойылатын талаптар мен қазіргі педагогикалық білім беру мазмұны арасындағы қарама-қайшылықтардың болуы, оқытудың пәндік сипаты Қазақстанның жоғары педагогикалық білім берудің терең дағдарысқа ұшырауына және өсіп келе жатқан ұрпақтың оқыту мен тәрбиесінің сапасына әсер етуі.

Мемлекеттік тапсырысты айтарлықтай қалыптастыруға мүмкіндік бермейтін педагогикалық кадрларға қажеттіліктер мониторингісінің жоқтығы.