Кәсіптік пәндерді оқытушының оқу-әдістемелік кешенін жасаудың әдістемелік ұстанымдары


Педагогикалық мамандарды нарықтық экономика талаптарына сәйкес даярлау проблемалары.

Демократия және басқару процестерінің тереңдеуі мен кеңейтілуі, экономикалық және саяси реформалар проблемасын кеңейту, әлеуметтік қайшылықтарды жеңу көптеген құндылықтарды қпайта бағалауды талап етті, біздің жеке және қоғамдық өміріміздің барлық аймағында өткір сыншыл көзқараспен қарауға әсер етті. Білім беру жүйесі біздің қоғамдық – саяси қатардың органикалық бөлігі болып табылады, ол қоғамдық сананың барлық формалары мен қоғамдық қатынастар жағдайымен, экономикамен үздіксіз байланыста. Білім беру мен мәдениет құралдары арқылы жеке тұлға қоғамдық өмірді әлеуметтік аймақ және өндірісті қызығушылықпен ұйымдастыру, экономиканы, өзін-өзі және барлық қоғамдық қатынастарды жетілдіруге мүмкіндік алады.

Білім беру мәселесіне мемлекеттік – қоғамдық тұрғыдан келу негізінде әрбір жеке тұлғаның қызығушылығын қамтамасыз ету үшін, оның іскерліктері мен талаптарын дамыту, оның рухани-адамгершілік жағынан жетілуі және мамандық таңдауға даярлығы, нарықтық қатынас жағдайында өндіріске және қоғамдық өмірге белсене қатысуына жағдай жасалады.

Қазіргі мектептерді жаңартудың негізгі шарттарының бірі мұғалім проблемасы, оның даярлығы, рухани және материалдық жағдайы болып табылады. Мұғалім еңбегінде, тұрмысында материалдық жағдайында және қоғамдық өмірде өзгеріс болғанда өз ролін атқарады.

Мектеп өмірін жаңартудың шешуші шарты ретінде білім беруді басқаруды қайта құру, мектепті мемлекеттік басқарудан мемлекеттік-қоғамдық басқаруға көшу болып табылады.

Қоғамдық жаңарту жағдайында және болашақ оқытушыны даярлау мәселесін жүзеге асыруда, келесі әдіснамалық проблемалар көкейкесті болып табылады:

- үздіксіз білім беру мен тәрбиелеудің өндіріс күші мен өндірістік қатынастардың дамуымен өзара байланыс диалектикасы;

- баланың жеке тұлғасының тәрбиенің обьектісі және субьектісі ретінде қалыптасу диалектикасы.

- білім беру мазмұнының психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік, философиялық негіздері;

- жекелік пен қоғамдықтың сәйкестігі: жеке тұлғаның жан-жақты дамуы үшін бөлінген идеал ретінде жан-жақты даму идеясынан бас тартуы;

- педалогияға, оның баланы теориялық бағалауына қайта оралу;

- педагогиканың рухани шарттарына діннің адамгершілік догмаларын енгізу;

- үздіксіз білім беру, жаңа білім беру жағдайы, олардың сипатттамасы;

- оқу жоспарындағы пәндер санын қысқарту және техникалық пен көркем шығармашылықты, өнер мен кәсіпті меңгеруге уақыт жеткізу үшін жаңа оқулықтар және интегративті пәндер жасау;

- білім беруді ізгілендіру;

- оқыту мен тәрбие беруді өндірістік еңбекпен біріктіру;

- тұтас педагогикалық процесті оқыту;

- экстентивтіден интенсивті тәрбиеге көшу;

- тәрбиені мектеп аймағынан мектептен тыс мекемелерге және «формальды емес бірлестіктерге» шығару;

- жеке тұлғаның өзін-өзі қалыптастыруы, өзін-өзі дамытуы;

- мұғалімнің шеберлігі және педагогикалық шығармашылығы;

- мұғалімнің жалпы мәдени және теориялық-педагогикалық сауаттылығы және т.б.

Нарықтық экономика жағдайында әрбір нақтылы білім беру аймағында әрбір оқытушы міндетті:

- білім беру мекемесінің қаржы кірісін басқаруда оны тарату механизмін білу және пайдалана білу;

- білім беру мекемесінің бюджеті, шығыстың құқықтық нормаларын білу;

- оқытудың техникалық құралдарын, кабинет жабдықтарын және көрнекі құралдарды алу, сақтау және пайдалану;

- білім беру мекемесін шаруашылықпен қамтамасыз ету;

- білім беру мекемесін және оқытушылар бөлмесін рәсімдеу;

- білім беру мекемесін құжаттары (оқу-педагогикалық және қаржы-шаруашылық)

- білім беру мекемесіішілік жедел ақпарат;

- білім беру мекемесі және еңбек туралы заң негіздері.

  1. Педагогикалық әрекет түсінігі.

Педагогикалық әрекет күрделілігі және жіктемесі оқытушының білім алушының жеке тұлғасына барлық мақсатты бағытталған әсері оның санасына еніп, оның әрекеттерінен, тәртібінен және қарым-қатынас жасау сипатынан көрінетіндігінен құралады. Бәләм алушының жеке тұлғасындағы бұл ішкі өзгерістерді оқытушы –педагог пен тбілім алушы тығыз байланыста болатын жекелеген ситуациялармен барлық педагогикалық процестің зерттеу әдістерін тұтастай меңгергенде ғана көре алады.

Кез келген педагогтың өмірде кездесетін педагогикалық міндеттерінің ерекшелігі оның жан-жақтылығы. Ол әрбір жеке тұлғаның дербес сапаларымен және қасиеттерімен ерекшелінетіндігімен күрделенеді және ерекше тұрғыдан келуді талап етеді.

Педагогикалық әрекетте оқытушының жұмыс стажына, жасына, кәсіби даярлығына тәуелді барлық міндеттері аз немесе көп деңгейде оқушының жеке тұлғасын жобалауға бағытталған. Бірақ өз мазмұны мен шешу тәсілдері бойынша олар тең мағынада емес. Келесі деңгейлерге міндеттерді бөлу қабылданған:

  1. Жеке тұлға мен ұжымды дамытудың орта және қашық перспективаларын анықтайтын стратегиялық міндеттер. Олар ұзақ, тынымсыз және күрделі жұмыс істеуді, әр түрлі педагогикалық құралдарды пайдалануды, шешу стратегияларын әзірлеуді талап етеді.
  2. Жақын перспективалармен анықталатын міндеттерді шешу. (тактикалық).
  3. Жаңа туындаған ситуацияны шешуді талап ететін міндеттер (оперативті).

Педагог жұмысында әрекеттің мынадай маңызды түрлерін атап көрсетеді:

  1. Конструктивті
  2. Ұйымдастырушылық
  3. Коммуникативтік
  4. Гностикалық

Сонымен бірге педагог әрекетіндегі үш саты анықталған, олар: репродуктивтік, бейімдеушілік және моделдеуші. Олардың әрқайсысы оның кәсіби шеберлігімен біліктілігінің әр түрлі деңгейімен сипатталады.

Педагогика пәні оқытушысы әрекетінің ерекшеліктері.

Педагогика пәні оқытушысының ерекшеліктері арнайы зерттелінбегендіктен, оны анықтауда тәжірибеге сүйенуге болады.

Педагогика пәні оқытушысына қажетті сапалары:

  • педагогикалық эрудиция;
  • өз жұмысына терең берілу, онымен айналысу, өз үлгісімен басқа оқытушылар мен студенттерді жандандыра білу іскерлігі;
  • пәнді және оны оқыту әдістемесін терең білу;
  • мектеп жұмысында жаңаны, болашағын көре білу, оны кеңейту және үгіт-насихат жүргізу;
  • өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен оқытудың жаңа әдістерін меңгеру;
  • жоғары дамыған ұйымдастырушылық іскерліктер;
  • топтық шараларды жүргізуге көп адамдарды қатыстыра білу іскерлігі;
  • өз әрекетін талдай білу, кемшіліктерін көре білу және түзету іскерлігі.