ҚОСЫМША В. «Педагогика мамандығына кіріспе» курсын оқыту әдістемесі.
«Мамандыққа кіріспе» курсын оқыту объектісі болып «Педагогика және психология» мамандығы бойынша жалпы педагогикалық білім беру жүйесіндегі бағыт беруші модуль ретіндегі курстық мазмұны болып табылады.
Курс студенттерінің теориялық дайындығына бағытталған, олардың болашақ кәсіптік қызметінің негізі болатындай және студенттерді педагогикалық кәсіптің жалпы сипаттамасымен таныстыруда қарастырылған негізгі түсініктермен, кәсіптік қызмет, кәсіптік біліктілік, кәсіптік өзін - өзі тәрбиелеу т.б. лекцияларды өткізу кезінде жүзеге асырылады.
Лекцияларда алынған теориялық жаттығуларды тереңдету, кеңейту, сондай-ақ өз ойын дұрыс жеткізе білуді қалыптастыру, түп нұсқадан педагогикалық баспа сөздерден алынған білімді талдай және жүйелендіре білу студенттердің мұғалімнің басқаруымен өзіндік жұмыстарында жүзеғе асырылады.
Қоғамның тұлғаға деген талаптарының көбейіп отырған қазіргі заман жағдайында тәрбиешінің ролін асыра бағалау өте қиын. Біздің халқымыздың мәдениетінің тарихындағы жалпы орта білім беруге көшудің өз аналогі болмаған және әр мұғалімнің іс - әрекетін бағалауға деген талаптардың түпкілікті өзгеруіне деген қажеттіліктерді талап етеді.
Қазіргі замангы педагогтар зерттеуші ретінде 2 жақтан көрінеді. Бір жағынан мұғалім ұйымдастырушы, оқытушы, қоғам қайраткері, әдіскер, оқу – тәрбие процесінің жаңа технологияларын құрастырушы, тұлғааралық және ұжымаралық қарым – қатынасқа түзетулер еңгізуші ролдері ретінде бола отыра, екінші жағынан ол өзіне қатысты экспериментатор ретінде көрінеді. Ол өзінің мүмкіндіктерін зерттейді, өзінің мәдени – тұлғалық қасиеттерін кәсіби қажеттіліктерге бағындыра отыра дамытады.
В. А. Сухомлинский өзінің «Жас мектеп директорымен әңгіме» атты кітабында әр мұғалім зерттеуші болуы керек дейді. Оның кәсіби жол болушылықтары жалпы реттегі кең мәдениетпен, философиялық, психологиялық – педагогикалық және әлеуметтік – экономикалық заңдылықтарды білуіне тәуелді болады деген.
Осыдан мұғалімге бір жалпы мәдениеттің жеткіліксіз екендігі көрінеді. Арнайы білім мен біліктіліктер қажет, балаларды бақылауда біліктілік, олардың дамуындағы өзгешеліктерді анықтауға қажет біліктіліктер, бұл өзгешеліктерді қоғамда болып жатқан құбылыстармен салыстыру, олардың даму жолдары мен әдістерін анықтай білуі керек.
Сондықтан педагог – зерттеуші 2 бағытта қалыптасуы керек: идеологияны, қоғам мәдениетін тануда және кәсіби білімнің өзекті мәселелерін, білімдерін, біліктіліктері меңгеру.
Зерттеулер көрсеткендей педагогтың зерттеулік бастамаларының дамуында шешуші рольді оның қоршаған ортасы атқарады. Педагогикалық ұжымның микроклиматы да, оның өмір сүретін идеялары да, ол сақтайтын дәстүрлер де, оның бойындағы қарым – қатынас стилі де – осының барлығы әр педагогтың шығармашылық бағытының жемістілігін анықтайды.
Педагогикалық іс - әрекет - әр түрлі оқу – тәрбие мақсаттарын шешуге бағытталған күрделі жан – жақты процесс. Педагогикалық үрдісте мұғалімнің іс - әрекеті және оқушының іс - әрекеті, тәрбие мен оқудың мазмұны, оқушының тұлғасы мен мұғалімнің тұлғасы сияқты процестер әрекеттеседі. Сондықтан педагогикалық мамандарды даярлау да сәйкесінше мақсаттарға, міндеттер мен принциптерге сай жүретін күрделі процесс. Мұғалімді даярлау процесінің тиімділігі оның қоғам талабына сай жүргізілуіне тәуелді. Жалпы педагогикалық даярлықтың мақсаты – педагогикалық теорияны және жалпы педагогикалық біліктіліктерді меңгерген мұғалімді қалыптастыру. Жалпы педагогикалық дайындық студенттерге педагогикалық іс - әрекетті меңгеруге мүмкіндік береді, мұғалімнің сапасын көтеруге және ары қарайғы өзін - өзі дамытуына септігін тигізетін жалпы теоретикалық негіз салады.
Мұғалімнің жалпы педагогикалық даярлығының мазмұны экономикалық, әлеуметтік және психологиялық – педагогикалық факторлардың әсерінен үздіксіз өзгеріп отырған. Жоғарғы оқу орнындағы білім берудің мазмұны келесі шарттардың орындалуын талап етеді: ғылымның дамыған салаларын меңгеруге қажетті негізгі білімнің жеткілікті берік қалыптасуын, сәйкес ғылымның негізгі бағыттары мен идеяларын білуін, студенттердің ғылыми және жалпы дамуының деңгейіне белгілі бір талап қояды.
«Мамандыққа кіріспе» курсы студенттерді оқудың алғашқы жылында – ақ педагог мамандығының спецификасымен және оған даярлау жүйесімен таныстырады, олардың педагогикалық өзін өзі дамыту және өзін өзі тәрбиелеуін қалыптастырады, олардың жоғарғы оқу орнындағы оқу – тәрбие процесіне бейімделуіне көмектеседі. Курс мазмұнында келесі сұрақтар қарастырылған: педагогикалық мамандықтың негізі және мұғалімнің тұлғасына қойылатын талаптар, болашақ мұғалімдер жұмыс істейтін оқу мекемелерінің типтері, болашақ мұғалімдерді даярлау жүйесі, олардың кәсіби даярлануындағы өзін өзі тәрбиелеу мен өзін өзі дамытудың алатын орны. Яғни курстың екі жақты бағыты бар: студенттердің педагогикалық кәсіби бейімделуінің мақсаты және олардың жоғарғы оқу орнындағы білім беру жағдайына бейімделуіне негіз болады.
«Мамандыққа кіріспе» курсының көп жылдық тәжірибесін талдау оның маңызын жақсы жағынан бағалауға негіз болады.
Студенттің өзіндік жұмысының нысандары, педагогикалық әдебиеттерді, рефераттарды түсіндіру, конспектілеу, педагогикалық сөздіктерді толтыру, өзін - өзі тәрбиелеу күнделіктерін жүргізу.
«Мамандыққа кіріспе» курсы бұл – «педагогика және психология» мамандығы бойынша алғашқы кәсіптік – педагогикалық пән.
Оның негізгі мақсаттары мен міндеттері:
Болашақ педагогика – психология бакалаврының педагогикалық қызметінің ғылыми міндеттерімен таныстыру;
Жоғарғы оқу орнының есептік еңбек мәдениетін игеруге көмек көрсету;
Педагогика – психология бакалаврының кәсіптік бакалавры негізін қалау;
Кәсіптік қызметке қызығушылығын таныту;
Тұрақты және кәсіптік өздігінен жетілу қажеттілігін қалыптастыру;
Болашақ педагог – психологтар дайындау курсының ролі мынада – бұл курс студенттердің кәсіптік жеке дамуын іске асыруды қамтамасыз етіп, оларға жоғарғы оқу орны жүйесіндегі мектептен кейін оқуын қалыптастыруға көмек береді.
Бұл курсты оқыту процесінде болашақ педагог – психологтар кәсіпті игерудің алғашқы қадамынан бастап, педагогикалық қызмет мәнімен, оның құрылымымен танысу арқылы педагогтың заңды негізгі қызметі, сондай – ақ әртүрлі шығармашылық тапсырмалар арқылы кәсіптік қалыптастыру процесіне белсенді араласады.
1 тақырып. Жоғары кәсіптік білім берудің заңнамалық негіздері.
ҚР Конституциясы «ҚР білім беру туралы» Заңы. «Білім беру туралы» Заңда анықталған мұғалімнің құқықтары мен міндеттері. ҚР жоғары кәсіптік білім беру тұжырымдамасы. Мемлекеттік стандарттар.
Мектепке дейіңгі білім беру жүйесі: негізгі міндеттері мен мақсаттары, мектепке дейіңгі мекемелердің функцияларының принциптері. Педагогикалық ұжымның ерекшеліктері. Бастауыш орта мектеп. Орта – арнайы білім беру жүйесі. Жоғарғы оқ орнын бітіргеннен кейінгі дайындық. Оның даму перспективалары.
2 тақырып. Педагог мамандығының жалпы сипаттамасы.
Педагог мамандығының пайда болуы және қалыптасуы. Педагогтық азаматтық борышы. Өткен дәуірдегі көрнекті педагогтар. Педагог мамандығының ерекшеліктері. Педагог мамандығының гуманистік ұжымдық және шығармашылық сипаты. Педагог мамандығының болашақ дамуы.
3 тақырып. Педагогтың кәсіби іс-әрекеті және оның тұлғасы.
Педагогикалық іс-әрекетінің мәні: педагогикалық іс - әрекетінің мақсаты тарихи динамикалық құбылыс ретінде. Педагогтың жеке тұлғасы: негізгі кәсіби маңызды қасиеттері. Педагог пен оқушылар іс - әрекетінің тиімді критерийлері.
4 тақырып. Педагогикалық іс - әрекеттің құрылымы.
Н. В. Кузьминаның зерттеуі бойынша педагогикалық іс - әрекетінің компонеттері. А. И. Щербаковтың зерттеуі бойынша педагогикалық процесті жүзеге асыру сатысындағы педагогикалық іс - әрекеттің компоненттері. Н. Д. Хмельдің зерттеуі бойынша педагогикалық іс - әрекеттің компоненттері. Педагог педагогикалық іс - әрекеттің субъектісі ретінде: педагог позициясы, педагогтың әлеуметтік – кәсіби позициясы. Л. Б. Ительсонның зерттеуі бойынша педагогтың негізгі рольдік педагогикалық позициясының сипаттамасы. Педагогикалық іс - әрекетке кәсіби даярлық. Кәсіптену педагогикалық білім беру мақсатының бейнеленуі ретінде.
5 тақырып. Педагогтың кәсіби біліктілігі.
«Кәсіби біліктілік» ұғымы. Психологиялық – педагогикалық білімі. «Іскерлік» ұғымы. Педагогикалық іскерлік жиынтығы ретінде педагогтың педагогикалық біліктілігінің құрылымы. Педагогтың теоретикалық және практикалық даярлығының мазмұны. Педагогтың кәсіптік біліктілігі мен педагогикалық шеберлігі.
6 тақырып. Педагог тұлғасының кәсіби қалыптасуы мен даярлығы. Студенттердің оқу еңбегінің мәдениеті.
Педагогтың жалпы педагогикалық жағдайы, осы кезеңдегі кәсіби дайындыққа қойылатын талаптар. Болашақ педагогтың жалпы педагогикалық білім, іскерлік, дағдының қалыптасу деңгейлері мен кезеңдері. Педагогикалық пәндер бойынша оқу процесін ұйымдастыру. Педагогикалық мамандықты таңдау себептері мен педагогикалық іс - әрекет мотивациясы. Педагогикалық білім беру жүйесіндегі педагогтың жеке басының дамуы. Студенттің оқу еңбегінің мәдениеті. Болашақ педагог – студенттің кәсіби тұрғыдағы өзін - өзі тәрбиелеу, студент педагогтың өз бетінше білім алуының негізі.
7 тақырып. Педагогтың даярлық жүйесіндегі педагогикалық тәжірибесі.
Педагогикалық тәжірибе міндеттері. Педагогикалық тәжірибені ұйымдастырудың негізгі ерекшеліктері. Студенттерді педагогикалық тәжірибеге дайындау. Педагогикалық тәжірибе мазмұнының ерекшеліктері. Педагогикалық тәжірибеге басшылық жасау жүйесі. Педагогикалық тәжірибе кезіндегі іс - әрекетіне бақылау жасау түрлері мен формалары.
8 тақырып. Зерттеушілік іс - әрекет педагогикалық іс - әрекетінің компоненті.
Педагогикалық зерттеулердің жетекші принциптері. Ғылыми ізденістердің негізгі звенолары, олардың міндеттері, өзара байланысы. Педагогикалық зерттеуді құрастыру логикасының жалпы негіздері. Ғылыми еңбектердің түрлері: реферат, баяндама, хабарлама, рецензия, оқу құралдары, диссертация. Педагог тұлғасының қалыптасып дамуындағы зерттеушілік іс - әрекетінің ролі.
9 тақырып. Педагогикалық шығармашылықтың психологиялық – педагогикалық негіздері.
Педагогикалық шығармашылықтың даярлығы мен педагогикалық мұраты. Педагогикалық шығармашылықтың «алгоритмі». Шығармашылық процедура мен педагогикалық міндеттерді жүзеге асыру технологиясы. Шығармашылық ойлау.
10 тақырып. Педагогикалық қарым – қатынас шығармашылық процесі ретінде.
Педагог іс - әрекеті құрамындағы педагогикалық қарым – қатынас. Коммуникативтік міндет. Педагогикалық қарым – қатынасты жүзеге асыру кезеңдері.
Көпшілік педагогтың кәсіби – тұлғалық қасиеті ретінде. Кәсіби педагогикалық қарым – қатынас стильдері.